Өзін -өзі тану сабағы Уақыт -мезгіл пернесі 10 сынып

Раздел Школьному психологу
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: УАҚЫТ - МЕЗГІЛ ПЕРНЕСІ

Мақсаты: «Уақыт» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

- «уақыт» ұғымын құндылық ретінде түсіндіру;

- жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

- уақытты бағалай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: аудиодиск,оқулық, оқушы дәптері.

1. Шаттық шеңбері. «Гүл шоғы»

2. Сөзжұмбақ

Сабақтың тақырыбын ашу.

1. Құс қанатының ұзын талшықтары не деп аталады. (қауырсын).

2. Әр шеңберді айналып, тұр қазықта байланып, қаға берер таңдайды әдетінен танбайды.(сағат).

3. Ашуланшақ мінезді адамдар қандай деп аталады (ызақор).

4. Адамдардың арасындағы ынтымақтастық (татулық).

5. Ежелден келе жатқан мәдени мұралар ата-бабадан қалған мирас қорлар не деп аталады (өсиет)

3. Әңгімелесу

Бүгінгі өтіліп отырған тақырып жайлы ойлануға мүм-кіндік туғызу мақсатында төмендегідей сүрақтар қойылып, балалардың жауаптары тыңдалады.

1.Адам өмірін уақытпен байланыстырудың мәні неде деп ойлайсыз?

2. Уақытты бағалай білесіз бе?

3. Өзіңізге уақытыңыз жеткілікті ме?

Мәтінмен жұмыс.

4.«Әріптер» ойын

Балалар, сендердің өмірге деген көзқарастарыңды , ойлау қабілеті анықтау үшін ойынға шақырамын.

1.Қалжыңды көтересін бе?

2. Қазақ тілі қандай тіл.

3.Бауырсақты қалай жасайды?

4. Уақытқа бағынамыз ба.

5. Мәтінмен жұмыс

Уақыт құңдылығының мәнін түсіну үшін Ә. Нүршайықовтың естеліктерінен алынған үзінді берілген. Бүл мәтін арқылы оқушыларды әрбір жас кезеңінде уақытты тиімді пайдалана алуға үйретіп, уақыттың өткінші құбылыс екендігін түсіндіру мақсаты көзделеді.

Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жүмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жүмсауы керек.

Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек.

Казіргі жастық шақ адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің үзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шүбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз түсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың.


  • "Уақытты мәнді өткізу" дегенді қалай түсінесіз?

  • Мәтіндегі ойлармен келісесіз бе?

  • Өзіңіз уақытыңыздың көбін неге арнап жүрсіз?

6.Оқу ақпараты

Өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын адам уақытын парасаты мен ақылын, жан дүниесін жетілдіруге, кемелдендіруге, ізденуге жүмсайды. Уақытты босқа өткізуге болмайды оны тиімді пайдалану керек. Мәдениетті адам өзіңнің де, өзгенің де уақытың үнемдейді

7. Уақыт жаулары неде деп ойлайсыңдар?

• Түсініксіз мақсаттар;

• Тыңдай білмеу;

• «Жоқ» деп айта алмау;

• Асығыс шешімдер;

• Бәрін бірден орындауға үмтылу;

• ¥мытшақтық;

• Толық ақпараттың болмауы;

• Өзіндік тәртіптің жоқтығы;

• Жоспарлай білмеу;

• Тосын шешімдер;

• Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу.

Біле білгенге уақыт - ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық.
«Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек. Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен.

8.Тапсырма

Балалар пікірлермен қаншалықты келісетіндігін анықтау

  • Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

  • Елу жылда ел жаңа.

  • Адамды заманы билейді.

  • Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

  • Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.

  • Жан жарасына уақыт емші.

9.«Инсерт» әдістемесі бойынша кестені толтыру

Не білдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?


10.Үйге тапсырма

Берілген ойды оқып, өз тұжырымыңызды ұсыныңыз.

Ұйықтар алдында өткен күніңді өзіңнің не істеп,

не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор

11.Жүректен жүрекке

Бізге берілетін уақыттың әрсекундына дейін өз уақытымызды қуанышымыз үшін өз орнымен жұмсауға міндеттіміз.

1 жылдың қадірін білгің келсе, сыныпта қалған оқушыдан сұрағайсың.

1 айдың қадірін білгің келсе, 8 айлық нәрестесін дүниеге әкелген анадан сұрағайсың

1 аптаның қадірін білгің келсе, апталық журнал шығаратын редактордан сұрағайсың.

1 сағаттың қадірін білгің келсе бір- бірін асыға күткен ғашықтардан сұрағайсың

1 минуттың қадірін білгің келсе, пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұрағайсың

1 секундтың қадірін білгің келсе, жол апатынан алдын алуға үлгермеген көлік жүргізушісінен сұрағайсың

1 мили секундтың қадірін білгің келсе, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жолаушыдан сұрағайсың.

Бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара.

Ең қиын жоғалту - уақытты жоғалту.

Ақша-қымбат,өмір-қымбаттырақ, ал уақыт-одан да қымбат.

Сезім мен күшке қарағанда, уақыт пен сабырлық көп нәрсе береді.

Ендеше әр сәтіңді ұтымды пайдалан. Ұмытпа!

Ешкімде уақыт диірменін тоқтата алмайды.

Г.Дәукенованың «Қайран уақыт» әнімен сабақ аяқталады.



© 2010-2022