- Преподавателю
- Школьному психологу
- Психология Жетістікке жету өз қолыңда
Психология Жетістікке жету өз қолыңда
Раздел | Школьному психологу |
Класс | 11 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Мауэнова А.Е. |
Дата | 22.02.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Тақырыбы: Жетістікке жетудің кілті өз қолыңда!
Тренинг ережесі:
-
Тыңдай білу
-
Сөзді бөлмеу
-
Белсенділік
-
Шығармашылық
-
Төзімділік
Сыйластық
Мақсаты:оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен өзін өзі көрсете алу дағдыларын қалыптастыру. Алдына қойған мақсатына жетуге деген тілегін қалыптастыру.
Тренинг міндеттері:
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
- топтағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
- топта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;
Өтілу барысы:
-
Кел танысайық жаттығу. 5 мин
-
«Жетістік қадамы» жаттығуы. 7 мин
-
«Жетістікке жетудің кілті өз қолыңда » видеосы. 7мин
-
«Бес саусақ » жаттығуы. 10 мин
-
«Ризамын» релаксациясы. 10 мин
-
«Рахмет саған !» рефлексиясы. 6 мин
-
Кел танысайық жаттығуы.
Мақсаты: оқушыларды бір-бірімен амандасуы.
Шарты: жүргізуші алқанын соғады,оқушылар бір -бірінің қолын қысады. жүргізуші қоңырау соғады,оқушылар бір -бірінің арқаларын сипайды.
жүргізуші сылдырмақты сылдырлатады,оқушылар мұрындарымен амандасады.
Талдау: сізге қай қимылды көрсеткен қиын болды? Қай қимыл сізге ұнады?
-
«Жетістік қадамы» жаттығуы
Мақсаты: үлкен жетістіктерге кішкене қадамдар арқылы жете алатындарын түсіндіру.
Шарты: оқушылар біраз күн бұрын жасаған жетістіктерімен бөліседі.
Талдау: еске түсіру қиын болды ма? жетістікке жету жолы қиын ба?
-
« Жетістікке жетудің кілті өз қолыңда» видеосы.
Мақсаты: жетістікке жетудің жолдарын түсіндіріп, көрсету.
Талдау: видеоден не түйдіңіз?қандай әсер алдыңы?айтылған ойлармен келісесіз?
-
« Бес саусақ» жаттығуы
Мақсаты: жетістікке байланысты құндылықтарды тұлға бойына қалыптастыру.
Шарты: оқушыларға бес саусақтың суреті беріледі,әр саусаққа оқушылар өз қалаулары бойынша жетістікке жету жолдарын жазады.
Талдау: жетістікке жету жолдарын жазу қиын болды ма? сіздің ойыңызша жетістікке жетудің басты құндылығы не?
-
«Ризамын» релаксациясы
Мақсаты: оқушыларды тыныштандырып,ойларын бір жүйеге келтіру.
Шарты: Барлығымыз денемізді бос ұстап, өзімізді еркін сезінейік. Тынышталамыз.
Көзімізді жұмайық, ішімізден 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-ға санаймыз. Бүкіл болмысымызбен өзімізді тыңдаймыз. Айналамызды қоршаған орта - орман, көл, тау, бұлт, жарқыраған күннің нұры бізді шуағына бөлеп тербейді. Қоршаған әсем табиғатқа зер салып, үңілейік. Мөп-мөлдір көлдің суына үңілсек, өзімізді көреміз, таудың аппақ ұшар басы біздің көңіліміздей аппақ, аспандағы ақ мамық бұлт бізді қол бұлғап алдағы армандарыма шақырады.
-
Бір сәтте бұлттың үстіндемін.
-
Мен өзімнің арманыма қол жеткіздім!
-
Мен ризамын, мені дүниеге әкелген ата-анама!
-
Мен ризамын, маған алғаш қолыма қалам ұстатқан ұстазыма!
-
Мен ризамын, мені қоршаған достарыма, ұстаздарыма!
-
Мен ризамын, орман, көл, тауларға, ақ мамық бұлттарға!
-
Мен ризамын, кешегі күніме!
-
Мен ризамын, бүгінгі күніме!
-
Ризамын, мен бәріне, бәріне, бәріне!
-
Мен сенімдімін ертеңгі күніме!
-
Ризамын, мен бәріне, бәріне, бәріне!!!
Енді ішімізден 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1-ге дейін ішімізден кері санаймыз!
Көздерімізді ашамыз, жинақталамыз!!!
Талдау: қандай әсер алдыңызы?көз алдыңызға елестете алдыңыз ба?қандай сезімде болдыңыз?
-
« Рахмет саған!» рефлексиясы
Мақсаты: бүгінгі тренингден алған әсерлерін жазып және айту.
Шарты: тақтаға гүлдің суреті ілінеді,әр оқушы өз пікірлерін көбелекке жазып гүлдің үстіне орналастырады.