СӘЛЕМ БЕРЕМ ІЗЕТПЕН

Мақсаты:   Үлкендермен амандасуға, бір-бірімен сәлемдесуге үйрену, бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсете білу.Әдептілік,сыпайылық,ізеттілік ұғымдарын түсіну,әдеп талаптарын орындай білу,ізетті,сыпайы,тәртіпті болуға үйрену. Мұғалім:Қымбатты ұстаздар,оқушылар,ата-аналар! Міне, бүгін біз «Өзін-өзі тану» пәнінен «Сәлем берем ізетпен«атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Ендеше ,бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық. «Той«деп бүгін көңіл шіркін тасады, Ән мен күй көңіл сырын ашады. «Той»,деп қонақтарға мың рахмет! Ақ жаулықты аналар-той шашуын шашады. (Әжелер шашу шашады) 1-оқушы.Бауыржан. Шашу шашты әжелер, Сылдыратып теңгелер. Тойымыздың шашуы, Сәт сапарға тең келер. 2-оқушы.Ақбота. Тану үшін бабаңды, Тану үшін анаңды, Тану үшін ғаламды- Мектеп керек адамға! 3-оқушы.Саят       Көшелерден біз өткен, Ата көрсем,жақын кеп. Сәлем берем ізетпен, Ассалаумағалейкүм!-деп.
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


СӘЛЕМ БЕРЕМ ІЗЕТПЕН.

Мақсаты: Үлкендермен амандасуға, бір-бірімен сәлемдесуге үйрену, бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсете білу.Әдептілік,сыпайылық,ізеттілік ұғымдарын түсіну,әдеп талаптарын орындай білу,ізетті,сыпайы,тәртіпті болуға үйрену.

Мұғалім:Қымбатты ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!

Міне, бүгін біз «Өзін-өзі тану» пәнінен «Сәлем берем ізетпен»атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Ендеше ,бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.

«Той»деп бүгін көңіл шіркін тасады,

Ән мен күй көңіл сырын ашады.

«Той»,деп қонақтарға мың рахмет!

Ақ жаулықты аналар-той шашуын шашады.

(Әжелер шашу шашады)

1-оқушы.Бауыржан.

Шашу шашты әжелер,

Сылдыратып теңгелер.

Тойымыздың шашуы,

Сәт сапарға тең келер.

2-оқушы.Ақбота.

Тану үшін бабаңды,

Тану үшін анаңды,

Тану үшін ғаламды-

Мектеп керек адамға!

3-оқушы.Саят

Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем,жақын кеп.

Сәлем берем ізетпен,

Ассалаумағалейкүм!-деп.

4-оқушы.Аружан.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем кеп әдейілеп.

Сәлем берем сол тұста,

Есенсіз бе,әжей!-деп.

Хор: «Сәлем саған мектебім».

5-оқушы.Аяулым.

Сақтау үшін арыңды,

Сатпау үшін жаныңды,

Өсіруге танымды-

Мектеп керек адамға!

6-оқушы.Нұрдәулет.

Қатарыңа қарасаң,

Өзіңді-өзің танисың.

Өзіңді-өзің танысаң,

Жақсылыққа жорисың.

7-оқушы.Серікболсын.

Бар байлықты басқарып,

Оқу-білім тұрады.

Кітапты көп оқыған .

Білімді боп шығады.

Қазақ биі (қыздар биі)

8-оқушы.Ақбота.

Әдеп,ізет, иба да-

Шарайнасы жаныңның.

Әдептіні сыйла да,

Тәңіріндей табынғын.

9-оқушы.Ерасыл.

Әдеп-алтын сабырың,

Жетелейтін мұратқа.

Әдеп-талап,жалының,

Ақ желкенін құлатпа.

Хор:Бақытты балалар әні.

10-оқушы.Аққу.

Құрметтеп ата-анамды,

Ардақтап әпке,ағамды,

Қамқор боп сіңлі-ініме,

Сыйлымын үлкен-кішіге.

11-оқушы.Жасұлан.

Бәрін де жақсы көремін,

Үнемі көмек беремін.

Үлкенді сыйлау-кішілік,

Үлгілі мінез-кісілік.

12-оқушы.Ақбота.

Жақсылықты үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Нақыл сөздер:

Аға әдепті болса, іні әдепті,

Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

Хор(Қыздардың орындауында) «Айгөйлек»әні.

13-оқушы.Гүлфайрус.

Жақсы болу-өзіңнен,

Жаман болу-өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла.


© 2010-2022