Жаттығулар орындау. 8-сынып

 Сабақтың мақсаты: 1.       Білімділік: Оқушылардың сұраулы сөйлем және оның жасалу жолдары бойынша алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту. 2.       Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. 3.       Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту. Сабақтың типі: бекіту сабақ  Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау. Сабақтың көрнекіл...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1.Пән аты: Қазақ тілі.

  1. Сыныбы: 8

  2. Күні, айы, жылы:

  3. Тоқсан: І

  4. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар орындау

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың сұраулы сөйлем және оның жасалу жолдары бойынша алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: бекіту сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Сұраулы сөйлем туралы түсінік.

2.Қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі жөнінде эссе жазыңдар.

ІІІ. Бекіту сабағын өткізу.

  1. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

  2. Оқулықпен жұмыс.

21-жаттығу

Топ-топқа бөлініп жұмыс істеңдер.

  1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар. Ішінде негізгі сұрақ, жетекші сұрақ, анықтауыш сұрақтар болсын.

  2. Сұрақтарыңа келесі топтың оқушылары жауап берсін.

Бақыттың кіндігі - Отан

ХХ ғасыр аяқталды. Ал бұл ғасыр болса аласапыран ғасыр болды. Осы ғасырда біздің халықтың басынан өткерген қиямет-қасіреті мол. Бір шүкіршілік етер жай: қазақ халқы құрып кетуден аман қалды, шыққан тегін сақтады, тәуелсіздік алды, түркі халықтарының қатарына қосылды, әлемдік қауымға, терезесі тең халықтар қауымына мүше болды.

22-жаттығу.

1. Мәтіндегі сұрақтың түрлерін ажыратыңдар.

2. Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарын айтыңдар.

3. Абай мен Қиясбай әңгімесіндегі жарастық неде? Әдемі жарастықты туғызған көңіл күй қандай сөздер мен шылаулар арқылы жасалып тұр?

Қиясбайдың есебі

-Абай аға, сіз есеп білесіз бе?- деп сұрапты Қиясбай қасында шынтақтап жатып.

- Аздап білсеңіз, екі жүз ешкінің мүйізі қанша болады?

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.

ІV. Үй тапсырмасын беру.

23-жаттығу

VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VІІ. Сабақтың аяқталуы:



© 2010-2022