Сөйлесе білу де - өнер

Раздел Обществознание
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану. 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлесе білу де өнер.

Сабақтың мақсаты: балалардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-сөзді түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

-адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау, іскерліктерін дамыту;

- өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Шаттық шеңбері

Бір ауыз сөз.

Сөзі: Қ. Салықовтікі,

Әні: Ш. Әбілтаевтікі

Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,

Бір ауыз сөз айықпас дерт жыяды.

Бір ауыз сөз әлемге әйгі өткізсе,

Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.

Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,

Бір ауыз сөз ұран болып самғайды.

Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,

Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.

Әңгімелесу

  • Адамдармен қалай тез табысуға болады?

  • -Бейтаныс адамдармен жолыққанда сөзді қалай бастап, қалай аяқтаған жөн деп ойлайсыңдар?

  • -Жақындарың мен достарың сені түсіне ме?

  • Өзіңді ешкім түсінбеген жағдайда қалай сезінесің?

Мәтінмен жұмыс.

Сөз және мағына

М. Жұмабаев.

Күндердің бірінде бір адам алыс сапарға шықпақшы болады. Үйінде тұрған екі қап бидайды өзі келгенше сақтап қоюға көршілеріне қалдырады.

Сұрақ:

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бидайды көршілері қалай сақтауы мүмкін?

Көршілердің бірі бидайды үйдің астыңғы қабатындағы қойманың бір бұрышына сақтайды. Екіншісі қаптың аузын ашып, тұқым ретінде егістікке себеді.

Адам сапардан қайтып оралған соң бидайын алу көршілеріне барады.Бірінші көршісі сақтаған бидайын қоймадан алып шығады.Сыртынан бүтін көрінген қапты ашқанда жартысының бұзылғанын, қалған жартысына құрт түскенін көреді.

Ешқандай пайдаға жарамайтын бидайды не істесін?

Қатты ашуланып, екінші көршісіне барып бидайын сұрайды. Көршісі қолынан ұстап: -Менімен бірге жүр. Саған бидайыңды көрсетейін,-деп, адамды егістікке ертіп апарады. Жайқалып тұрған егінді көріп:

-Міне, бидайың, үйде тұрса шіритін еді. Оны тұқым қылып сеуіп, егін ектім. Егін піскен кезінде қолымызда қаптар толы бидай болады,-дейді.

Адам риза болып күлімсіреп:

-Иә, Аллаға шүкір, көп нәрседен хабары бар, түсінігі мол досымның болғанына.Арғы көршім сөзімнің мағынасын түсінбеді. Оның астарына көңіл бөлмеді.Келесі досым сөзімнің шын мағынасын түсінді.

- Әзіз досым! Жазда егін жиналғаннан кейін, маған бидайдың екі қабын ғана жібер.Қалғаны өзіңде қалсын.Саған қалдырған бидайды ең бегіне қайтарған ризашылығым деп қабыл ал. Саған көп рахмет айтамын,-деді ол.

-Қай көршісі адамның айтқанын дұрыс түсінді?

- Сөзді әр кез тура мағынасында қабылдау қажет пе?Неге?

-«Сөз астары» дегенді қалай түсінесіңдер?

Дәптермен жұмыс.

Тапсырма: берілген сөз тіркестерін оқы. Ауыспалы мағынасын түсіндір.

Сөзі мірдің оғындай.

Тілі балдай.

Сөз сүйектен өтеді.

Сөзден жығылды.

Сөзбен шағып алды.

Сөзі майдай ерітті.

Сөзі түйеден түскендей.

Сөйлеу әдептері.

М. Көшімов.

Тіл адам баласының көңіліндегі ашу, махаббат, жұмсақтық, қаттылық, әдеп сияқты алуан түрлі құбылысты көрсетеді. Сол үшін тіліңіз шындықтан басқаға қозғалмасын.Біреуге тіл тигізіп, сөз тасып, өсек айтпаңыз. Білмеген нәрсеге кіріспеңіз. Біреу жаңылысса, сөкпей, жаймен түзетіңіз. Өзіңіз қателессеңіз, мойындаудан ұялмаңыз. Біреудің сұрағына жауап бере алмасаңыз- кешірім өтінсеңіз, айып емес. Түсінбеген сөзді әдеппен қайта сұрап, әңгімелесіңіз. Өзің сөйлегенде ойыңды анық жеткіз. Ант ішіп сөйлеме, ол өтірікшінің әрекеті. Болымсыз әңгімемен уақыт өткізбе. Заманға лайық іс қылып, халықтың жайын ойла.

Рөльдік ойын- жаттығу «Сөйлесе білейік!»

1. Оқушы мен ата-анасы арасындағы қарым-қатынас.

-Балам сен, менің айтқан тапсырмамды орындамапсың?

Бұның қалай?

-Менің балам бәрін біледі. Ақылы көп. Жұрттың барлығы білсін ақылды екеніңді. Жұмыста да, көршілерге де, достарыма да айтып мақтанып жүрмін.

2. Оқушы мен дәрігер.

-Кел, кіре ғой қандай шағымың бар?

3. Оқушы мен ата-әжесі

-Балам, сен маған жақсылап бір батырлар туралы жыр оқып берші.

- Күнделігіңді әкелші, көрейін. Іші толған бестік баға екен.Немереме зейнетақымнан теңге беріп қояйын. Ботақаным тағы 5 алсаң, теңгені көбірек беремін.

4. Оқушы мен кітапханашы арасындағы қарым-қатынас.

-Қай кластың оқушысың? Қандай тақырып бойынша кітап керек? Босқа барлық сөредегі кітаптарды ақтарма!

Шығармашылық тапсырма.

«Сөйлесе білудің алтын ережелері» құру.

Жүректен жүрекке.

Досым, сөйлескенде әрдайым есіңнен шығарма.

Оқушылар өзара тілек айтады.

© 2010-2022