- Преподавателю
- Начальные классы
- Әлемдік білім беру кеңістігіндегі желілік қоғамдастықтың орны (баяндама, тәжірибемен бөлісу)
Әлемдік білім беру кеңістігіндегі желілік қоғамдастықтың орны (баяндама, тәжірибемен бөлісу)
Раздел | Начальные классы |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Долдина С.К. |
Дата | 21.12.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Әлемдік білім беру кеңістігіндегі желілік қоғамдастықтың орны
Баяндама,тәжірибемен бөлісу.
Дайындаған: Долдина С.Қ.
бастауыш сынып мұғалімі
Әлемдік білім беру кеңістігіндегі желілік қоғамдастықтың орны Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша оқуға педагог кадрларды белсенді тарту болып табылады. Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен менторинг үдерісі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік педагогикалық қоғамдастық қызметі 21 ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдануға дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні оқыту сипатына жаңаша қарап, оқушылар өздерінің тану ерекшеліктеріне неғұрлым сәйкес келеді деп есептейтін тиімді оқыту стильдерінің жаңа тұжырымдамалары оқытудың іргетасын қалауға тиіс деген пікір кеңінен таралған. Осы қағидаттарға негізделген оқыту тәсілдері бүгінгі күнгі танымдық және метатанымдық ғылымға сәйкес әзірленген оқыту үдерісінің және білім мен түсінік алудың қазіргі негіздемелерінің нәтижелері мен рөлін неғұрлым нақты көрсетеді». Білім беру желілері біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады. Білім беру желілері арқылы мектептер арасында ынтымақтастық орнату ұлттық және халықаралық деңгейде қолдау тауып отырғаны белгілі. Бірақ Лейтвуд және Левин білім беру желілері өздерінің жұмысы тиімді әрі сенімді екендігіне жұртшылықтың көзін жеткізу үшін өздерінің нәтижелеріне ерекше көңіл бөлу керек екендігін еске салады. Табысты желіні дамыту жігерлі әрі табанды жұмысты талап етеді. Желіге тартылған адамдар бастапқы кезеңде желіде жұмыс істеу қызықты болғанымен, қиын екендігін ашық айтады. Құрылу кезінде құрылым құру, қарым-қатынастар орнату, жалпы мақсаттарды айқындап, құндылықтарды біріктіру сияқты бірқатар әрекеттерді орындау қажет болады. Фуллан атап өткендей, желілер «барлық аурулардың жалғыз емі» емес, әрине, және білім беру жүйесіндегі барлық проблемаларды шеше алмайды. Алайда ол барлық балалардың жетістігін құрайтын жоғары стандарттарға және теңдікке қол жеткізу әдістерінің бірі болып табылады. Желі жетістікке жетуі үшін оның шын мәнінде қажет екендігінің анық әрі нақты себебі қажет. Желі қандай да бір заттарды қалай істесе, жақсы болатындығының жолдарын ұсынып, сынақтан өткізілген және тексерілген оқыту үдерістерінің құндылықтарын ұлғайтуға тиіс. Табысқа қол жеткізген білім беру желілері туралы деректерді зерделеу оларды құру идеясы моральдық құндылыққа негізделу қажеттілігін көрсетті - желінің құрамындағы барлық мектептерде бірлесіп жұмыс атқарсақ, балаларға барынша терең білім береміз деген сенім болуға тиіс. Тиімді білім беру желілерінің ешбір шаблоны болған емес. Олардың құрылымы өздері кіретін мектептердің саясатына және оқушыларының қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс. Тиімді желінің ең басты ерекшелігі сенімділік болып табылады. Бірлесіп жұмыс істеген кезде желіге қатысушылар сенімділікке негізделген қарым-қатынас құрудағы мүмкіндіктерін ұлғайтады. Желіге қатысушылар бұл болашақ оқыту үшін, өзінің мүддесінде, сондай-ақ желінің мүддесінде инновациялық тәсілдерді құру үшін аса қажет деп есептейді. Бастапқы кезеңдердегі іс-әрекеттер неғұрлым көп топтардың қатысуын қамтамасыз ете отырып, ортақ мақсатты дамытуға арналуға тиіс және жай ғана бастамашыл адамдардың шағын тобы болып қана қоймай, қарқын алып дами беруі керек.
Көшбасшылық, команда құру және басты рөлдер Желідегі көшбасшылық басқа мектептермен жүргізілген ынтымақтастық оларға пайда әкелетініне сенетін мектеп басшыларына байланысты. Мектеп директоры үнемі көшбасшы бола бермейтінін мойындау маңызды. Бұл жерде басқа адамдардың көшбасшылығына жағдай жасап, серіктестікке сенім білдіру туралы сөз болып отыр. Зерттеу нәтижелері желіні ұйымдастыруда сәтті құрылған серіктестіктің оң ықпал ететіндігінің көптеген негізгі факторлары бар екенін растады.
Табысты желілер реформа жүргізу жөніндегі көптеген жұмыс топтарын құру арқылы жұмыс істейді. Басшылық етуші топтар реформа жүргізу бағытында орындалатын жұмыстарды бағыттайды, басқарады және бақылайды. Басшылық етуші топтар әдетте желіні жақсарту жөнінде жоспар құру үшін жауапты болады. Сондай-ақ бұл топтар желілік қорлардың бөлінуін және пайдаланылуын бақылайды әрі мүдделі адамдарды тартады. Үйлестіруші топтар желінің әртүрлі бөлімдері арасындағы қызметті реттейді. Үйлестіруші топтар мектептер арасындағы және желі ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайды. Дамытушы топтар желінің даму жоспарларында басым сала ретінде белгіленген салаларда оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру әдістеріне назар аударады. Дамытушы топтар оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқытудың жаңа стратегияларының қабылдануына қолдау көрсету арқылы желіні дамытуға өз үлестерін қосады. Желілік қоғамдастық - оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер. Желіде жұмыс істеу:
- мұғалімдерді білім алуға және біріктіруге арналған мүмкіндіктер;
- көптеген жағдайларда бір шешімге келмейтін проблемаларды талқылау;
- мектептен тыс басқа мектептермен жұмыс істеу мүмкіндіктері.
Бұдан күтілетін нәтиже
-
бірлесіп оңтайлы жұмыс істейді;
-
оқыту жағдайлары жақсарады;
-
алға қойған міндеттер шешіледі;
-
инновациялық әдістер дамиды;
-
оқушылар жоғары көрсеткішке жетеді.