Тәрбие есебі2014-2015 оқу жылы 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2014-2015 оқу жылындағы / ІІ ж.жылдық/ 3«А» сыныбының тәрбие жұмысы бойынша есебі

3 «А» сынып оқушылары.өз беттерімен шешім қабылдай алады, барлық мектепішілік іс-шараларға белсене ат салысады. Бір-біріне деген қарым-қатынастары жақсы, бір-біріне қамқоршы .Әр уақытта сынып жетекшісіне қолқанат . Қоғамдық жұмыстардан , мектепішілік іс -шаралардан қалыспайды . Сонымен қатар 3 «А» сыныбының жетістігіне тоқталсақ : Сансызбай Әлібек «Ән байқауына» қатысып І орын алды ,Оңдасын Ақылбек «Мәнерлеп оқу», «Мұқағали оқуларына» қатысып І орын алды. Біздің сыныптың қоғамдық жұмысқа толық қатысатынын , белсенділіктері зор екенін айтуға болады .

Сыныпта екінші жарты жылдықта өткізілген іс-шаралар:

Патриоттық сананы қалыптастыру бағыты бойынша :

«Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз» мерекесіне балалар белсене қатысты. Өнер көрсетіп, наурыз көже таратты. Ата-аналар ұйымдасып дастархан жайды. Ата-ана комитеті Дойсенова Маруа балаларды, ата-аналарды ұйымдастыруға көп үлес қосты.

«Отан қорғаушы күніне» «Ұлы Жеңіске 70 жыл!» арнап тәрбие сағатын өткіздік. Оңдасын Ақылбек «Жеңіс» өлеңін мәнерлеп айтты. Әкелеріне, аталарына арнап өз қолдарымен сыйлықтар жасады. Сансызбай Әлібек «Майдангер» әнін орындады. Тоқтасын Дәмелі,Ибраимова Даяна,Талғат Арина , Өтеген Ұлжан,Саби Анэля өнерлерін ортаға сап би биледі.

«Қазақстан халқаның бірлігі күні» мектепішілік іс-шараға белсене қатыстық.Турік халқының салт-дәстүрін ,тағамдарын, әнін,биін көрсетіп І орын алдық. Сансызбай Әлібек түрікше ән орындап, бір топ қыздар Иноятова Қасиет, Сержан Динара, Сайлаубай Альбина ,Тоқмұрат Жанерке түрік халқының биін биледі.

Тәрбие есебі2014-2015 оқу жылы 3 сынып

Отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау бағыты бойынша:

«Отбасындағы менің міндеттерім» тәрбие сағатында балалар отбасы туралы шығарма жазды.Ата-анасының қамқорлығы ,отбасының бірлігі, бір-біріне мейірімділігі туралы жазған. Айбас Айберген,Сейсебай Мирас, Сейил Сұлтанның шығармалары тамаша жазылған.

«Аналар мерекесіне» балалар өнерін көрсетіп , оларға сыйлық жасады. Сансызбай Әлібек, Амангелді Айқын, Жүнісалы Мағжан ән айтып, би биледі.

«Әрбір іске жауапты , бала болам талапты» сынып сағатында балалардың қазіргі мақсаты: білім алу екені анықталды.

Рухани - адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында :

«Әдептілік-әдемілік» тәрбие сағатында оқушылар ойларымен бөлісті, пікірлерін айтты. «Білімділер» сайысында балалар үш топқа бөлініп өздерінің білімге құштарлығын көрсетті. Бірінші топтың көшбасшысы Тоқтасын Дәмелі, екінші топтың көшбасшысы Жетпісбай Даниат,үшінші топтың көшбасшысы Олжабай Ләйла сайысқа белсене қатысып отырды.

«Соңғы қоңырау» мектепішілік іс-шараға оқушылыр түгел қатысты.Жылдың соңында 8 үздік,9 екпінді болып аяқтадық. Ата-ана комитеті Дойсенова Маруа «Алғыс хатпен» марапатталды.

Тәрбие есебі2014-2015 оқу жылы 3 сынып

Құқықтық сананы қалыптастыру және дамыту бағыты бойынша:

«Қамқор болып өсемін», «Кім болғым келеді?» пікір алмасу, «Жақсыдан үйрен», «Өтірік өрге баспайды», «Тәртіпті болу өзіңнен» сынып сағаттарында оқушылыр белсене қатысты. Талғат Арина,Сейсебай Мирас,Айбас Айберген,Сержан Динара, Тоқмұрат Жанерке,Саби Анэля пікір алмасып, өз ойларын айтты.Мысалы келтіріп өмірмен байланыстыра білді.

Жалпы азаматтық қасиеттердің негізінде көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру бағыты бойынша:

«Дін-тәрбие діңгегі»,»Терроризмге қарсы күрес»,»Жан қазынасы- адамгершілік негізі»,»Діни экстремизммен біртіспес күресеміз»,» Терроризмге бой алдырмау» тәрбие сағаттарында оқушыларға бейнетаспа көрсетіп, адастырғыш басқа діннен аулақ болуға түсіндірдім.

Салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастырудың кешенді, үздіксіз және тұрақты жүйесін құру бағыты бойынша:

«Желден жүйрік,таудан алып» жарыс, « Денім сау болсын десең» жарыстарын ұйымдастырдым. Балалар жақсы қатысты. Жүлделі орындар алды. Сйылықтар берілді.

Тәрбие есебі2014-2015 оқу жылы 3 сынып

Ата-аналармен мынадай жұмыстар жүргізілді:

Ата-аналар жиналыстары:

3-тоқсан бойынша :« Отбасындағы ата-ананың ролі » /Сауалнама/

4- тоқсан бойынша : «Жанұямен баланың арасындағы қарым- қатыныс немесе тәрбие от басыннан басталады » атты баяндама оқылды Жиналысқа ата-аналар толығымен қатысып сауалнама , сұрақ жауап толық жауап беріп жиналысты қыздыра түсті .

1 . Сауалнама « Сіздін балаңыз қандай»?

2.Сіз өзініз қандай ата-анасыз ?

3. Сіздің балаңыздың мұғалімі қандай болу керек ?

4. Балаларды жазғы сауықтыру лагеріне қатыстыру туралы әңгімелестік. Ата-аналардан қолхат алдым. Әр түрлі мәселелер . Оқушылардың білім сапасын ,тәрбиесі ,оқу үлгерімі туралы толық ата -аналарға жеткізді. Тәрбие есебі2014-2015 оқу жылы 3 сынып Сынып жетекшісі : Сарсебаева Ғ.А.



© 2010-2022