Ғлыми жоба Құмырсқалардың адамға ұқсастығының беймәлім тұстары

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қостанай облысы Қарабалық ауданы №3Қарабалық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумабаева Жұлдызай Қожахметқызы Тақырыбы:» Құмырсқаның адамға ұқсас, беймәлім тұстары» Дайындаған: 3 сынып оқушысы Арғынбай Әсия 1. Мақсаты: Табиғаттың сырларын ашу, құмырсқалар тіршілігінің адам өмірімен байланысын, ұқсастығын анықтау 2. Міндеттері: Құмырсқаның тіршілігімен танысу; Құмырсқаның адам өмірімен байланысын, ұқсастығын анықтау Құмырсқаның адам денсаулығына пайдасын анықтау; 3.Өзектілігі: Құмырсқадардың тіршілігі туралы білім алу және адамның іс-әрекетімен салыстыру, ұқсастығын және байланысын ұғыну. Құмырсқа күнделікті өмірде ауылды жерде болсын,қалалы жерде де жиі кездесетін жәндік. Бірақ құмырсқалардың басқа жәндіктерден қандай ерекшеліктері бар екендігін біле бермейміз. Жәндіктің бұл түрі жер бетінде қанша жыл өмір сүрсе де, анатомиялық өзгерістерге қарамастан, бұрыңғы күйінен еш өзгермей тіршілік жасап келе жатқандығы қызықтырды, сондықтан құмырсқалар туралы ізденіп ,жоба жазуға бекіндім. Алдымен, құмырсқа деген не? сұрағына жауап іздедім. Кітапханаға барып инциклопедиялармен жұмыс жасауды жоспарладым Нәтижесінде мынадай ақпараттарға қол жеткіздім. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Құмырсқаның денесі басынан, көкірегінен және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық - құмырсқа қышқылы деп аталады. Бірінші мазалап жүрген сұрағыма жауап алып, басқа да қызықты мәліметтерге ие болдым. Мәселен құмырсқалардың қашан пайда болғаны.Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік құмырсқа болып табылады. Олардың физикалық қуаты орасан болғаныҒлыми жоба Құмырсқалардың адамға ұқсастығының беймәлім тұстары соншалықты, өздерінен жүз есе үлкен затты еш қиналмай тасымалдай береді. Күнделікті өмірде құмырсқаны жиі көреміз, бірақ осы жәндіктер туралы білгенімізден,білмегеніміз көп екендігіне көзім жетті.Жыл өткен сайын ғалымдар құмырсқалардың бізге беймәлім, адамзаттың тұрмыс тіршілігіне ұқсас тұстарын ашуда. Мен осы ашқан жаңалықтарымды сіздерге ұсынып отырмын.
Мысалы құмырсқалар илеулерде ғана емес, ағаш діңдерінде де, гүл сабақтарында да тіршілік етеді. Ал енді көшпелі тропиктік құмырсқаларда ешқандай тұрақты баспана болмайды. Олар орман арқылы, бұлақтарды бойлай бірінің соңынан бірі жосиды, ұрғашы - «ханым» құмырсқаны ортаға алып жүреді, личинкалар мен одан шыққан жас құмырсқаларды тасиды. Мұндай құмырсқалар жолында кездескен тірі нәрсенің бәрін жайпап кетеді.Ғлыми жоба Құмырсқалардың адамға ұқсастығының беймәлім тұстары Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 - 100 мыңға дейін), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, "жұмысшы" және "жауынгер" құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары - жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі. Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар - феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары болып табылады. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды.

Жанұя тобы: аналық, аталық, жұмысшы және солдаттық құмырсқалардан тұрады. Жұмысшы құмырсқалар ғана өз бетінше қоректенеді. Олар өсімдіктен шыққан құрғақ органикалық қалдықтар мен, көбіне шөп жейтін жануарлардың қиымен қоректенеді. Қалған топтарды жұмысшы құмырсқалар сілекей безінің өнімдерімен қоректендіреді. Сонымен қатар олар жылу сүйгіш, көлеңкелі жерлерді де ұнатады. Илеулерінің негізгі бөлімі жер астында салынып, үстіңгі жағы 0,5м биіктікке мұнара тәрізді көтеріледі. Бір қызығы жер бетіндегі күмбездің ішіндегі микроклимат өзгермейді, яғни біздің тілімізбен айтар болсақ желдеткіш орнатып қойғандай. Тіпті жазғы құрғақшылық кезінде айналадағы өсімдіктер құрғап қалса да термит күмбезіндегі ауа ылғалдылығы 96,2 проценттен өзгермейді, сырттағы температура бұл кезде 30 градус ыстық шамасында болады. Ғлыми жоба Құмырсқалардың адамға ұқсастығының беймәлім тұстарыҒлыми жоба Құмырсқалардың адамға ұқсастығының беймәлім тұстары Құмырсқа үйіндісінің жер асты сарайының төрінде қарны қампиып кеткен аса ірі термиттердің жататын орны бар. Олар ханша құмырсқа. Оның айналасында қызмет ететін көптеген нөкерлер қарбаласып жүреді. Нөкерлердің арасында құмырсқалардан басқа сырттан келген қонақ жәндіктер, яғни ұсақ қоңыздар, қанатсыз шыбындар, масалар, өрмекшілер, сияқты жәндіктер де бар.Құмырсқалар «Қонақтарына»қонақ асын ұсына отырып, олардың денесінен өзінің дамуына қажетті заттар алады. Америка шатырлы құмырсқалары бірнеше минут ішінде-ақ үп-үлкен ағашты жапырақтан түк қалдырмайды екен. Олар жапырақты дөңгелетіп қиып алады екен да, илеулеріне қарай алып жүреді. Жапырақты жеу үшін емес, олар өздерінің жер асты галереяларының түкпірінде бұл жапырақтарға ерекше бір саңырауқұлақ ұрығын өсіреді. Ол шатырлы құмырсқаның сүйікті асы болып табылады. «Бағбан» құмырсқалар бұл өсімдікке қандай температура мен ылғал қажет болса, тура сондай жағдай жасайды. Адамдар, мәселен, ондай саңырауқұлақты арнайы лабораторяларда бірде-бір рет өсіре алмаған екен. Ал балды құмырсқа қайың жапырағына жабысып тұратын өсімдік битінің, яғни жұлдызқұрттардың шырынын жинайды. Құмырсқалар оған жақындап келіп мұртшаларымен биттің бүйірін сауған сияқты қимыл жасап қыдықтай бастайды. осы кезде бит денесінде жинаған тәтті сөлді бөліп шығарады, ал құмырсқа оны жемсауытына жинай береді. Құмырсқаның битті саууының мәні, ол жапырақ сөлін сорады. Бит ішінде қорытылып үлгермеген сөл құрамына кіретін ферменттің әсерінен сөл тәтті шырынға айналады. Тәулік ішінде бит өз салмағынан бірнеше есе артық тәтті шырын жасап шығарады. Ал жақын маңда құмырсқа болмаған жағдайда тәтті сөл тамшы болып жауады. Жапырақ бетінеҒлыми жоба Құмырсқалардың адамға ұқсастығының беймәлім тұстары тамса ол лак жаққан сияқты жалтырап кетеді. Құмырсқалар өздерінің «сауын сиырлары» үшін ағаштың үстіне ұзын үңгірге ұқсас етіп топырақтан «қора» жасап береді де, аузына күзет қояды. «Қораны» құмырсқалар өсімдік тамырларына да жасап, оның бір жағын жер асты жолдар арқылы өзінің илеуімен байланыстырып қояды. Жұлдызқұрт өсе келе қораның тар тесігінен сыртқа шыға алмай қалады. Бұл кезде оны құмырсқа жас жапырақ әкеліп беріп қоректендіреді. Бұл жерде «құмырсқа не үшін сонша әуре боп жүр?»- деген сұрақ туады. Себебі, құмырсқа жұлдызқұрттың өсуі кезінде оны үздіксіз сауып, одан сөл, шырын алып отырады.Құмырсқа дене тұрқы өздерінен екі-үш есе үлкен жәндікті қулыққа құрылған айла-тәсілімен оп-оңай қолға түсіреді. Олар үлкен-үлкен өсімдік жапырағының талшықтарын қиып алып, олардан іші қуыс кішкене үйшік жасайды. Үйшікті құрастырып болған соң ішіне көп жауынгер жасырынып жатып алады. Бірнеше ұсақ құмырсқа басын ғана қылтитып, жемтігін шақырады. Әлгі жердегі өсімдіктің шырынына жиналған ара, шегіртке немесе қоңыз ол үйшікті өсімдіктің жапырағы немесе сабағы деп ойлайды. Олжасын күтіп отырған құмырсқалар ұйымдасқан түрде қорегіне күтпеген жерден тарпа бас салады. Мұндай шапшаң шабуыл күтпеген қоңыз, шегіртке, дәуіт не болғанын түсінбей, тапырақтап қалады. Сол сәтті күтіп жатқан жауынгерлер жан-жақтан лап береді. Біреуі тобықтан, біреуі бақайдан, енді біреуі кеудеден келіп қайшы тісті шақырлатып салғанда, дөңкиіп тұрған қоңыз, шегірткең шатқалақтап қалады. Көзі қарауытып, есеңгіреп қалған бейшара жәндік денесін ұйытып, дызылдатып бара жатқан құмырсқа уына шыдай алмай, ақыры «гүрс» етіп құлайды. Көзді ашып-жұмғанша «бақытсыз» жәндікті жіліктеп, турап тез арада түгін қалдырмай тасып әкетеді.Ғлыми жоба Құмырсқалардың адамға ұқсастығының беймәлім тұстары Құмырсқалар шашылып қалған шөп-шалам мен дәнді дақылдың бәрін ұқыппен жинап, ұясындағы құрғақ қоймаға әкеліп сақтайды. Қоймадағы қызметшілер даладан жиылған әр алуан дәнек, шопақты тазалап, сұрыптайды. Жиналған астықты жемес бұрын қауызынан аршып, тазартып, ұн қылып ұнтақтайды. Дастарханға жауапты аспазшы құмырсқалар ұнтақ ұнды сілекей суларына араластырып, қамыр илеп, быламық жасап, құндақта жатқан «бөпелердің» ауызына апарып салады. Сондықтан тіршілік кепілі болған дәнді ұзақ мерзімге дұрыс сақтау үшін жанкешті еңбек етеді. Нөсер жауыннан соң «ас-ауқаттары» дымқыл тартып қалса дереу оларды далаға шығарып, кептіріп, құрғатып, ішке қайта тасиды. Ғалымдар құмырсқалардың тек сөйлесіп қана қоймай, олардың тіпті санай алатын қабілеттері бар екенін анықтаған.Олар қосуды,алуды,тіпті қарапайым есептерді шығаруды да біледі екен.Зерттеу нәтижесі қарапайым.Бір үлкен тығыздыққа шытырман (лабиринт) орналастырып ,оның ішіне дымқылданған мақталар орнатады. Ал оның біреуін тәтті сиропқа малып қояды. Содан соң , сол шытырманға барлаушы құмырсқа келіп,қай жерде қандай азық бар екенің анықтайды. Құмырсқа илеуіне қайтып келіп ,мұртшаларын тигізу арқылы ,азықтың қай жерде тұрғанын басқа құмырсқаға хабарлайды. «Осы жолмен тіке жүресің, сегізінші бұрылыстан кейін оңға бұрыласың, содан соң қайта солға екі рет бұрыласың».Шамамен осылай хабарлайды олар бір біріне. Содан соң құмырсқалар сол азыққа ұмтылып,еш қатесіз азығын табады екен. Құмырсқалар басқа бір типке үнемі шабуылдар жасап тұрады. Ол үшін олар ересек құмырсқаларын өлтіріп, жұмыртқаларын алып кетеді.Кейін сол алып кеткен жұмыртқалар өсіп шығып ,олардың құлдарына айналады. Сол құл құмыртқалар қожайындарының жұмыртқаларын бағып қағып ,асырап, оларды қауіптен қорғап жүретін көрінеді. Құмырсқалар империясында ең статусы төмені - бала бағушылары. Олар таңның атысы, күннің батысы аналық патшаның жатырынан тоқтаусыз туылып жатқан шақалақ тұқымдарды мәпелеп, аялап, жылы орынға жайғастырумен әуре. Ұлық патшайым ұзынынан созыла жатып, бала туумен ғана айналысады. Күтушілер оның ауызына тамақ тосып, тапқан таянғанын Ұлы ананың таңдайына тамызудан жалықпайды. Құмырсқалардың адамға пайдасы. Қазақ халқы құмырсқа қылықтарымен ауа райының өзгерісін алдын ала болжап, білген деседі. Күзде құмырсқалар илеу үйіндісін өте биіктетсе, сол жылы қыс қатайып, қар көп жауып, суытатын болады. Ал егер олар ұясына жәй жиналып жатса, онда қыс жайдары, жақсы болатынының белгісі болмақ. Сонымен қатар құмырсқа адам денсаулығында да маңызды роль атқарады. Мысалы 1.Жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін қара құмырсқа мен кәріқыз құртын қосып талқандап, суға езіп, ісінген немесе жараланған жерге таңса жара жазылады екен. 2.Аяққа жара шыққанда да кептірілген қара құмырсқаны талқандап жараның аузына таңуға болады. 3.Сонымен қатар оның илеуі де ем болады екен.Балалардың қолқа безінің ісінуінде немесе басқа да ісіктерді асқындырмау үшін мына емді есте ұстаңыз. Таңертең ерте, күн шықпас бұрын құмырсқаның илеуінен алып, суға шымырлатып қайнатып алып, су әбден суыған соң илеуді шүберекке орап, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады. 4.Медицина ғылымында құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады екен. Менің ойымша, әр қайсымыз құмырсқаларды зерттеуіміз қажет. Олар төрт тұжырымдамадан тұратын, таңғажайып пәлсапаға ие. Бірінші, құмырсқалар ешқашан берілмейді.Егер құмырсқалар бір жаққа беттесе, сіздер тоқтатуға тырыссаңыз да, олар міндетті түрде басқа жолын табады. Белгіленген жерге жету үшін кез-келген амалды қолданады. Екіншіден, құмырсқалар қысты жаз бойы ойлайды. Жаз өмір бақиға созылмайды. Сондықтан да құмырсқалар қысқа арналған азығын жазда жинайды. Үшіншіден, құмырсқалар жаз туралы қыс бойы ойлайды. Бұл да өте маңызды. Қыс бойы олар өздеріне: «Қыс өмір бақи болмайды, біз жақын арада мына жерден шығамыз» деп өздерін сабырға шақырады. Егер тағы да суытса, олар тығылады, жылынса, сыртқа шығады. Олар әр кез өзгерістерді жақсыға балап өмір сүреді.Ғлыми жоба Құмырсқалардың адамға ұқсастығының беймәлім тұстары Төртіншіден, қысқа дайындалу үшін қанша құмырсқалар қаншалықты жұмыс істей алса, соншасы жұмыс істейді.

















Құмырсқалар мен адамдардың ұқсастығы
Құмырсқа Ғлыми жоба Құмырсқалардың адамға ұқсастығының беймәлім тұстары Адам Ғлыми жоба Құмырсқалардың адамға ұқсастығының беймәлім тұстары 1 Илеу салады Үй салады 2 Әр құмырсқаның жүктелген қызметі бар ( аналық, аталық, жұмысшы және солдаттық) Отбасында әр отбасы мүшесінің атқаратын өз міндеттері бар (ата,әже,ана,әке,бала) 3. Илеуінің микроклиматы өзгермейді, яғни біздің тілімізбен айтар болсақ желдеткіш орнатып қойғандай (ауа ылғалдығы 96,2% сақталады 30˚ыстықта) Ыстықта кондиционер орнатады 4. Ханша құмырсқаның жанында көптеген нөсерлер оған қызмет етеді Байлар және олардың үй қызметшілері 5 Илеуінің ішінде бағбан құмырсқалар саңырауқұлақ өсіреді және оның өсуіне қажетті жағдай жасайды. Бұл олардың сүйікті асы болады. Бағбан жеміс жидек өсіреді, оны күтіп, баптайды. 6. Жұлдызқұртты тамақтандырып, үздіксіз сауып, одан сөл, шырын алып отырады. «сиырына» топырақтан «қора» салады, оған күзетшілерді қояды.
Сиыр, шылқы,ешкі,түйе сауады, оларды қорада ұстайды, асырайды,қорғайды. 7. Жауынгерлер үлкен жәндікті қулыққа құрылған айла-тәсілімен оп-оңай қолға түсіреді Адам мергендігімен, ептілігімен, қулығымен аңшылық етеді. 8. Дақылдарды ұнтақтап ұн жасайды, сілекеймен араластырып қамыр илеп, быламық жасап, құндақта жатқан «бөпелердің» ауызына апарып салады. Бидайды тартып, ұн қылады. Ұнды илеп нан пісіреді. 9 Бала бағушы құмырсқалар. Олар таңның атысы, күннің батысы аналық патшаның жатырынан тоқтаусыз туылып жатқан шақалақ тұқымдарды мәпелеп, аялап, жылы орынға жайғастырумен айналысады. Балабақша тәрбиешілері ата-анасы жұмыстан келгенше балаларды бағады,тәрбиелейді, күтеді. 10 Құмырсқалар сөйлесіп қана қоймай,олардың тіпті санай алатын қабілеттері де бар. Адам сөйлейді, санайды.
Сонымен қорытындылай келе, құмырсқалар жәндікткрдің ішінде ең ғажайып деп санаймын, өйткені оларда тек адамға тән қасиеттері бар. Тынымсыз еңбек етіп, биік шыңдарға жететін, батыл да, батыр да, ақылды, ұйымшыл, бір-біріне қайырымды жәндіктер. Осы жәндіктің аз болсада сырын ашып, адаммен көптеген ұқсастығын байқадым. Осы мені таңғалдырды. Бұрынғыдай құмырсқаны көрсем , жанынан жай өтіп кете алмаспын, міндетті түрде басымды иіп,жол беремін. Кіп -кішкентай болғанымен ол үлкен еңбек етеді, оның бір минут бос уақыты болмайды. Әр адам құмырсқадан үлгі алса, көптеген жеңістерге жетер еді деп ойлаймын. Адамзат, құмырсқаларды қорламайық,оларды қорғайық! Пайдаланылған әдебиеттер: Балалар Энциклопедиясы 2 том, Алматы, 2009ж; Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 6 том, Алматы, 2004ж; Қ.Сыбанбеков «Биология ғажаптары», Алматы, Қайнар, 1993ж; Биқұмар Кәмәләшұлы «Ауа райының» қазақи дәстүрлі болжамдары», Алматы, Өнер, 2006ж;

Аннотация «Құмырсқаның адамға ұқсас, беймәлім тұстары» тақырыбындағы ғылыми жобасында оқушы өз өлкесіндегі жәндіктер тіршілігіне алғаш ізденіс жұмыстарын жүргізуде. Тек құмырсқаның тіршілігін зерттей қоймай, оқушы жәндікті зерттеп, оның адам іс-әрекеттерімен ұқсастығын іздеп, анықтап, зерттеу нәтижесімен бөлісіп отыр. Сонымен қатар оқушы салыстырмалы кесте құрып, нақты құмырсқамен адамның ұқсастығын көрсеткен. Құмырсқаның іс-әрекетімен адамның іс-әрекетінің қаншалықты ұқсас екендігін дәлелдеп ,нақты белгілерін ұсынған..Құмырсқаның әр адамға бейтаныс сырларын, ғажайып жәндіктер тіршілігінің құпияларын осы жобада байқауға болады. Сонымен қатар құмырсқаның адамға пайдасын, әсіресе ауа райын болжауға, емдік қасиеттеріне тоқталып кеткен. Жобасын қорытындылай отырып , құмырсқа тіршілігіне саяхат жасап, оның құпияларына куәгер болып, жәндіктің ақылдылығын, күштілігін, сана-сезімін, инлеллектуалдығын анықтап көрсетуде. Және оқушы құмырсқадан нені үйренуіміз керек? Құмырсқа сияқты тыным таппай еңбектенсек , ертеңгімізді алдын ала ойласақ, іс-әрекетімізді жосрпарласақ, бір-бірімізге қайырымды болсақ- біз көптеген шындарға жетер едік деген пікірді ұсынады.


























«Құмырсқаның адамға ұқсас беймәлім тұстары» тақырыбында

жазылған жобаның тезисі


«Құмырсқаның адамға ұқсас, беймәлім тұстары» тақырыбындағы ғылыми жобасында оқушы өз өлкесіндегі жәндіктер тіршілігіне алғаш ізденіс жұмыстарын жүргізуде. Тек құмырсқаның тіршілігін зерттей қоймай, оқушы жәндікті зерттеп, оның адам іс-әрекеттерімен ұқсастығын іздеп, анықтап, зерттеу нәтижесімен бөлісіп отыр. Сонымен қатар оқушы салыстырмалы кесте құрып, нақты құмырсқамен адамның ұқсастығын көрсеткен. Құмырсқаның іс-әрекетімен адамның іс-әрекетінің қаншалықты ұқсас екендігін дәлелдеп ,нақты белгілерін ұсынған..Құмырсқаның әр адамға бейтаныс сырларын, ғажайып жәндіктер тіршілігінің құпияларын осы жобада байқауға болады. Сонымен қатар құмырсқаның адамға пайдасын, әсіресе ауа райын болжауға, емдік қасиеттеріне тоқталып кеткен. Жобасын қорытындылай отырып , құмырсқа тіршілігіне саяхат жасап, оның құпияларына куәгер болып, жәндіктің ақылдылығын, күштілігін, сана-сезімін, инлеллектуалдығын анықтап көрсетуде. Және оқушы құмырсқадан нені үйренуіміз керек? Құмырсқа сияқты тыным таппай еңбектенсек , ертеңгімізді алдын ала ойласақ, іс-әрекетімізді жосрпарласақ, бір-бірімізге қайырымды болсақ- біз көптеген шындарға жетер едік деген пікірді ұсынады.

© 2010-2022