- Преподавателю
- Начальные классы
- Сабақ жоспары: Сұраулы сөйлем 2 сынып
Сабақ жоспары: Сұраулы сөйлем 2 сынып
Раздел | Начальные классы |
Класс | 1 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Таутанова А.К. |
Дата | 14.11.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
-Сені өсірген баптап кім?
Аққу неткен аппақсың?
-Таза ауада жүремін,
Тұнық суда жүземін.
-Бұл өлең жолдарының соңында қандай тыныс белгілер бар?
-Сұрақ белгісінен аяқталып тұрған өлең жолдарын оқыңдар?
-Сұрақ белгісінен аяқталып тұрған сөйлемді қандай сөйлем деп атаймыз?
Ереже:
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
Оқушылардың өздеріне мысалдар келтірту.
Оқулықпен жұмыс:
176-жаттығу. Мәтінді оқып,сұраулы сөйлемдерді көшіріп жазу.
-Көке, мынау не төбешік?
-Илеу деген не?
-Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?
-Олар тату тұра ма?
Шығармашылық тапсырмалар:
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
Әкем шаңғы әкелді.Толқын кітап оқыды.Ажар гүлді суарды.Асан балық аулады.
178-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы.
-Бұлттар қайда қонады?
-Бұлттар - таудың қонағы.
-Құстар қайда қонады?
-Құстар-талдың қонағы.
-Қаңбақ қайда қонады?
-Қаңбақ-сайдың қонағы.
-Қармақ қайда қонады?
-Қармақ-судың қонағы.
«Адасқан сөздер» ойыны
Қалың,жауды,қар,ма?
Үсен,оқыды,сабақ,ма?
Әжем,келді,ме,ауылдан?
Тиісті тыныс белгісін қой:
Қалың қар жауды
Қыс мезгілі қандай тамаша
Саған қыс мезгілі ұнайды ма
Балалар далада қармен ойнап жүр
Алақай, қар жауып тұр
Қалың қар түсті
Қардың түсі қандай
Семантикалық карта толтыру.
мәтін
хабарлы сөйлем
сұраулы сөйлем
Аққу- киелі құс.Ата - бабамыз аққуды ерекше қадірлеген. Оны атуға болмайды.
Жазда атам Астанаға барды. Әсем мектепке барды.
Сен неше жастасың? Қай пәндерді сүйіп оқисың?
ВЕНН диаграмма толтыру:
Сөйлем сөздерден құраладыХабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем Бір оқиғаны хабарлап тұрады. Соңына нүкте қойылады.
Жауап алу мақсатымен айтылады.
Соңына сұрақ белгісі қойылады.
Үйге тапсырма: 176-жаттығу 67 бет Бағалау:оқушылардың білімдерін бағалау