Факультатив сараптамасы Қызықты грамматика

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

3асыныбының Қазақ тілінен «Қызықты грамматика» факультативтік курсының ІII тоқсан бойынша атқарылған жұмыстарына сараптама


«Қызықты грамматика» бағдарламасы арқылы оқушылардың шығармашылық қиялы , әсемдік пен сұлулықты сезіне білу қасиеті, тіл шеберлігі дамиды. Берілген тақырыптар оқушыларды ойланып жауап беруге, байланыстыра сөйлей білуге жетелейді.

Мақсаты: Оқушылардың өз тілінде сауатты сөйлеп, елінің мәртебесін асқақтататын азамат болып өсуіне мүмкіндік беру, халқымыздың әдеби қазыналарының сырын ашып, оларды қажетінше оқып білу. Сондай-ақ мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді, нақыл сөздерді, ертегілерді, аңыз-әңгімелерді оқыту арқылы тілін дамыту.

Міндеттері: Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығы артады, байланыстыра сөйлеу арқылы тіл байлығы дамиды; шығармашылық жұмыспен айналыса отырып, өз ойын жинақтауға, қорытынды жасауға үйрету.

Бастауыш мектепте балаға сурет салдырудан да, есеп үйретуден де, табиғатты танытудан да өзі сөйлеп жүрген ана тілін оқыту қиын. Тілден алатын білім көбінесе абстракциялы ережелер мен тілдік заңдарға негізделген материалдарға сүйенеді. Материалдардың көлемі, балаларға берілетін білім мөлшері олардың жас ерекшеліктерімен, материалдарды қабылдай білу қабілетімен тығыз байланысты болады. Осы тұрғыдан, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық және тіл дамыту материалдарын меңгертудің дұрыс әдісін табуда көп мән бар. Қазақ тілін оқытудың мақсаты тек баланың сауатын ашу, ана тілі пәнің ғылыми негізін білдіру ғана емес, сондай-ақ оларды Отанның патриоты етіп тәрбиелеуге, еңбек сүйгіштікке, мәдениеттілікке, достыққа тағы басқа да өнегелі игі қасиеттерін бойына сіңіруге тиіспіз.

«Қызықты грамматика» курсы - аталған міндеттерді шешудің бастапқы, көмекші құралы ретінде қарастырылады.

III тоқсанда өтілген материалдар: «Сөз таптары»(10 сағат).

Курс жоспары бойынша III тоқсанда оқушыларға жұмбақтар, ребус шешу, бейнелі жазу, сызба жасау, талдау, сахналау, ұқсас тапсырмалар құрастыру, ұйқастар іздеу, мысал, ертегілер жазу, т.б. тапсырмалармен жұмыс жасалды. Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды.

Атқарылған жұмыстардың аралық нәтижесі ретінде қазақ тілі пәні бойынша білім сапасының 72%-дан (ІI оқу тоқсаны) 76%-ға (ІІI оқу тоқсаны) артқанын айтуға болады.

Факультатив жүргізуші: Зейнгереева А.Х.


© 2010-2022