Мен ғарышкер боламын (Тіл дамыту)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мен ғарышкер боламын


  • Мақсаты:

Ғарыш әлемі жайлы түсінік беру.

Аспан әлемі - ғарыш, ғарыш айлағы - Байқоңыр туралы білім беру.

Ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын

Қалыптастыру.

Нағыз достарды тани және бағалай білуге тәрбиелеу.


  • Алдын ала жұмыс (ата-аналарға хат жіберу).

Құрметті Ақеркенің ата-анасы!

Бізге сіздердің көмектеріңіз өте қажет болып тұр!

Бүгін кешке балаңызбен бірге бес-он минутқа далаға шығып, түнгі аспанды, ай, жұлдыздарды көріп, қысқаша әңгімелескендеріңізді сұраймыз. Біз балаларды «ғарыш әлемімен» таныстырайық деп отырмыз.

Алдын ала көп рахмет!


  • Жылулық шеңбері

Балалар қолдарынан ұстап шеңбер бойымен тұрады.

-Балалар біздің тұратын жеріміз - Жер планетасы деп аталады екен. Төбемізде әдемі аспан әлемі бар. Бұл аспан әлемі ғарыш. Біз өзіміздің Жер планетасында өте тату тәтті өмір сүреміз. Мейірімді достармыз.

Қане, бәріміз Жерімізбен, Аспанымызбен, бір-бірімізбен амандасайықшы!

Амансың ба, Аспан- Ата! Амансың ба, Жер -Анам!

Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем қуанамын!


  • С.Оспанов. «Сәруар» ертегісі. Оқу. Талдау. Жандандыру.

-Сәруар ғарышқа не үшін ұшқысы келеді?

-Сәруар ғарышқа өзімен бірге ұшуға кімді шақырды?

-Неге аю, түлкі, қоян Сәруармен ғарышқа ұшуға келіспеді?

-Сәруардың бірге ұшуға келіскен нағыз достарын атаңдар. Сендерде нағыз дос бар ма? Сендер кіммен бірге ұшар едіңдер?

  • «Ұшақ» ойыны.

«Балалар ұшаққа отырып, ұшып көрейікші. (Бөлмеде баяу әуен ойналады).

Алдымен, жылдамдықты алу үшін моторды қосайық!

(балалар жұдырықтарын жұмып, екі қолын айналдырады).

«Ұштық!» - дегенде екі қолдарын артқа-төмен жіберіп жүгіреді.

Әуен тоқтағанда балалар орындарына келіп жайғасады.


  • Әңгімелесу

-Біз немен аспанға ұшып көтерілдік? - Ұшақпен.

-Ұшақтар қай жерден ұшады? - Әуежайдан.

-Ал,тағы да өте биікке, айға дейін ұшатын қандай ауа көлігін білесіңдер? - Зымыран, ғарыш кемесі.

Жұмбақ

Аспанда бір алып құс,ызғып ұшып барады.

Қарап тұрсаң ғажайып,соңында із қалады.

(Зымыран)

-Зымыран бізге не үшін қажет? Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз?

Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы (космодром) деп атаймыз.

Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан.


  • Е.Ерботин. «Байқоңыр» өлеңі.Оқу.Жаттау.

Көкпен жерді жалғаған,космодром - Байқоңыр

Корабльдер самғаған,космодром - Байқоңыр

Қанаттылар мекені - қазақ жері Байқоңыр

Қай жер саған жетеді, ғажап жерім, Байқоңыр!

«Көк пен жерді жалғаған», «Қанаттылар мекені» - дегенді қалай түсінесіңдер?

Неге Байқоңырды Е.Ерботин «ғажап жерім» - деп сипаттаған?


  • Жапсыру.Ұжымдық жұмыс. «Түнгі аспан»

Балалар қара түсті қағазға қиылған зымыранның, айдың, жұлдыз пішінді планеталардың суретін қойып, жапсырады.


  • «Күн мен Ай» сергіту сәті

Балалар жұлдыздарға айналып, шеңбер құрады. Күн мен Айдың бетпердесін киген балалар ортада тұрады.

«Күндіз күннің жарығынан жұлдыздар көрінбейді» деген сөздер айтылғанда «ай» мен «жұлдыздар» отырады.

«Кеш батып, түн болды» дегенде «ай» көтеріліп, әуен дыбысы арқылы «жұлдыздар» өздерінің жарық сәулесін түсіре бастайды (балалар орындарынан тұрып билейді)

Әуен біткенде күн көтеріліп, ай мен жұлдыздар орындарына отырады.


  • «Үйде, ата-аналары және жақындарымен бірге»

Үйде үлкендерімен бірге өз қалауларынша ертегі желісі бойынша сурет салып, әркім өз жұмысын әңгімелеу. Ата-аналарға балаларымен бірге түнгі аспанды бақылату,түнгі аспан ғажайыптарының сырын ашу, әңгімелесу.


  • «Біз не білдік?»

  • Ғарышқа ұшу үшін көп оқу керек!

  • Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан.

Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Сендерге рахмет! Енді жылулық шеңберін жасап, «Біз өмірдің гүліміз» атты әнді қонақтарымызға шырқап берейік!

  • Жылулық шеңбері.

  • «Біз өмірдің гүліміз» әні.


© 2010-2022