Экологиядан өткізілген олимпиада сұрақтары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Экология пәні бойынша теориялық турдың тапсырмалары.

1. Экожүйе терминін 1935 жылы ғылымға енгізген:

А) А.Н.Северцев В) М.В.Ломоносов С) Ч.Дарвин Д) Аристотель Е) А Тенсли

2. Биосферада атом энергиясын пайдаланғанда:

А) Радиоактивті сәулелер жинақталады В) Көп мөлшерде оттегі сіңіріледі

С) Зиянды газдар жинақталады Д) Атмосфера құрамы ластанады

Е) Көмір қышқыл газының мөлшері азаяды

3. Қазақстанның эндемик өсімдігі:

А) Эвкалипт В) Қайың С) Қарағай Д) Баобаб Е) Дермене

4. Биотикалық экологиялық факторларды атап көрсет:

А) Жарық, температура В) Қысым С) Жыртқыштық

Д) Ғарыштық сәулелендіру Е) Желдің күші

5. Адам санының көбеюіне байланысты топырақ құнарлылығының кемуі қандай

апатқа әкеліп соғады:

А) Таза су кризисі В) Энергетикалық кризис С) Азық-түлік кризисі

Д) Топырақ кризисі Е) Жауабы жоқ

6. Қышқыл жаңбырдың жауатын себебі:

А) Күн радиациясының бұзылуынан В) Атмосферада СО2-нің көбеюінен

С) Атмосферада озонның көбеюінен Д) Атмосферада SO2 мен СО2нің бөлінуінен

Е) Атмосфераға ауыр металдар тұздарының көп бөлінуінен

7. Адамда әртүрлі ауру туғызатын, табиғи ортаның тірі ағзалармен ластануын қалай

атайды:

А) Радиоактивті ластану В) Биологиялық ластану С) Химиялық ластану

Д) Шумен ластану Е) Токсиндік ластану

8. Адамның қоршаған ортамен байланысы шегіне жетіп, тіршілік, шаруашылық

әрекеттері нашарласа не дейді:

А) Зат айналым В) Экологиялық кризис С) Экологиялық статус

Д) Табиғи ресурстардың тозуы Е) Өзін-өзі реттеу

9. Қоршаған ортаның антропогендік әсерін немен байланыстырып тұжырымдайды:

А) Табиғаттың өзгеруімен В) Табиғатты қорғаумен С) Экологиялық болжаумен

Д) Әрекет жоспарымен Е) Әрекеттің қорытындысымен

10. Табиғи экожүйеден агробиоценоздың айырмашылығы:

А) Өзін-өзі жаңартуға, реттеуге қабілеті жоқтығы В) Қоректің көптеген тізбектері

С) Энергия көзі - Күн Д) Қорек заттардың балансы сақталады

Е) Табиғи сұрыпталу әсер етеді, төзімділік туғызады.

11. Ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мақсатына арналған ландшафтық қорық бөлігі

қандай қорғауға алынған аймаққа жатады:

А) Заказдаушы В) Ботаникалық бақ С) Ұлттық парк

Д) Экологиялық тропа (сүрлеу) Е) Қорық

12. Атмосфераның күкіртті газдармен ластануынан:

А) Ормандар жойылады В) Оттегі азаяды С) Озон жұқарады

Д) Қорғасын жинақталады Е) Мыс жинақталады

13. Биосфералық қорықтары бар аймақтар:

А) Өзбекстан В) Алтай С) Қазақстан Д) Украина Е) Қырғызстан

14. Ауаның ластануы:

А) Топырақты тоздырады В) Өсімдікті азайтады С) Қуаңшылыққа әкеледі

Д) Оттегін азайтады Е) Қара дауыл соғады

15. Судың ластануы:

А) Табиғат тепе-теңдігін бұзады В) Қоршаған орта экологиясын өзгертеді

С) Табиғи бірлестікті бұзады Д) Климат ылғалдылығын өзгертеді

Е) Топырақ құрамы нашарлайды

16. Бұзылған аймақты қайтадан қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені қалай

аталады:

А) Рекреация В) Мониторинг С) Стагиация Д) Стратификация Е) Рекультивация

17. Биоценоздың кезекпен ауысуы қалай аталады:

А) Сукцессия В) Сублимация С) Стация Д) Гомеостаз Е) Динамика

18. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғат аймақтары туралы заң қашан

қабылданды:

А) 1997 ж В) 1990 ж С) 1986 ж Д) 1978 ж Е) 2000 ж

19. Флора мен фаунаның бірігуі нені құрайды:

А) Биогеоценозды В) Детритті С) Биотты Д) Популяцияны Е) Анвелингті

20. Тұрақты даму концепциясы ҰБҰ-ның (ООН) ресми айқындамасы ретінде қайда

қабылданды:

А) Стокгольмдағы ҰБҰ Конференциясында В) Хельсинкидегі ҰБҰ Конференциясында

С) Рио-де-Жанейродағы ҰБҰ Конференциясында Д) Венадағы ҰБҰ Конференциясында






Экология пәні бойынша практикалық турдың тапсырмалары.

I. Экологиялық есептер.

1. Бір тропикалық белдеуден екіншісіне өткендегі энергия алмасуын біле отырып (10%), құмайдың

биомассасын анықтаңыз. Өсімдік биомассасы 40 т. Өсімдік - шегіртке - бақа - жылан - құмай.

II. Экологиялық ой бөлісу.

«Егер мен табиғат қорғау министрі болсам, онда...» Осы тақырып төңірегінде өз ойыңды шығарма түрінде жаз. (Ойыңыздың экологиялылығы, ғылымилығы, нақтылығы, проблеманы шешу жолдары

ескеріледі.)


© 2010-2022