Ана-өмір шуағы тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№14 орта мектеп-гимназиясы Талдықорған қаласы

Бастауыш сынып мұғалімі Нуртазина Карлыгаш Сейфолдина

Тақырыбы: «Ана-өмір шуағы»

Мақсаты:

8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының

берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік

жанды қыздарды сыйлауға үйрету;

Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу;

Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға

деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Құттықтау сөздері жазылған плакаттар,слайд, гүлдер, шарлар, магнитофон, үнтаспа.

Барысы: Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Мұғалім: Құрметті ақ жаулықты әжелер, асыл аналар, қадірлі ұстаздар, қымбатты қыздар! 8-наурыз - мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бұл күн тамаша мереке, көктем мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі. Ең жылы сезімдер - қайырымдылық пен кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді. Осы тамаша күнге орай ұйымдастырылған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады:

1. «Ана - өмір шуағы»

2. «Наурыз аруы»

І бөлім «Ана - өмір шуағы»

Ортаға жүргізушілер шығады.

1 - жүргізуші: Ана деген - жүректегі асыл ән,

Ана - бақыт деген сөзге қосылам.

Анаға арнап айта берсең сөз жетпес

Ол дегенің - өмірдегі асыл жан!

2 - жүргізуші: Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы

арулар! Сіздерді 8 - наурыз «Халықаралық әйелдер» күні мерекесімен құттықтаймыз!

1 - жүргізуші: Бізді өсірген анашым,

Еңбегің де зор екен.

2 - жүргізуші: Құтты болсын, анашым,

Құтты болсын мерекең!

Олай болса салмақты әжелерге, ардақты аналарға арналған « Ана - өмір шуағы» атты бөлімді бастайық.

1 - оқушы: Ана деген - адамзаттың данасы,

Ана деген - сәбилердің панасы.

Ана деген - жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген - қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген - өмірдегі қамқорың,

Ана деген - сүйенерің жан құрбың!

2 - оқушы: Ана десе сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бір адамға берсе ана мейірім,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

3 - оқушы: Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

1 - жүргізуші: Ән «Анашым». (хор)

4 - оқушы: Тосып тәтті дәмдерін,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін, әндерін.

Біздің үйде осындай,

Әжетайым бар менің!

1-жүргізуші: Бізге жарық өмір сыйлаған, бізді дүниеге әкелген анамыз бен әкеміз болса, сол ананың анасы, әкенің анасы бізге әже болады.

2-жүргізуші: Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтпаған.

Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән «Сағындым әже, сағындым»

1-жүргізуші: Дүниедегі барлық өмірдің сарқылмас бұлағы - ана. Ақын да,

батыр да анадан туады. Ана - үйдің берекесі, қыз баланың

өнегесі, отбасының темір қазығы, шаруаның несібесі.

2-жүргізуші: Ананың көзінен төгілген нұр жан - жағына шуағын шашады, олай болса,

- Достар, бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?

Бәрі: - АНА!

5 - оқушы: Ана деген - бастауы ұлылықтың,

Ұлжан Ана деген - рәмізі сұлулықтың.

Ана деген бір жыр бар шырқалатын,

Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

6 - оқушы: Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген - қуанышы өмірдің.

Ана деген - әрбір үйдің жылуы,

Ана деген - гүлі туған өмірдің.

1-жүргізуші: Ән «Аналар алтын». Орындайтын ұлдар тобы.

7 - оқушы: Құрметтейік, о, адамдар аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

8 - оқушы: Ана деген - ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да

Тек анаңа жақынсың!

9 - оқушы: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде,

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Бірге: «Құттықтаймын ана, мерекеңізбен!»

Аналар мен әжелерге дайындаған сыйлықтарын таратып беру.

2-жүргізуші: Ән «Ақ мама».

10 - оқушы: Барша ана,құтты болсын мерекеңіз,

Жібек Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

11 - оқушы: Өмірде ана бұлақ, ана пана,

Рахат Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

12 - оқушы: Сегізінші наурызда,

Құттықтаймыз ананы.

Теңеп оны жұлдызға -

Сый тартамыз бағалы!

1-жүргізуші: Би «Астанам».

13 - оқушы: Ана - біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы - Отанды да,

Ана деп біздің халық текке айтпаған

14 - оқушы: Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

15- оқушы: Алтын адам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан үйге шаршап келгенімде,

Бал сөзі жаным деген сая маған. .

2-жүргізуші: Ән «Ана, әке».

16-оқушы: Ақыл құйған санама,

Алғыс айтам анама.

Күн алыста, ал анам,

Үнемі менің жанымда.

17-оқушы: Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

18-оқушы: Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың,

Еңбегіңді ақтайын,

Аман болшы анашым!

19-оқушы: Ана деген - асқақ ән,

Орындайтын әрқашан.

Анадай қымбат сыйлықты,

Таба алмайсың ешқашан.

2-жүргізуші: Ән «Бақыттымыз бәріміз»

ІІ бөлім. «Наурыз аруы»

1-жүргізуші: Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз - дей келе қыздарымызға арналған сайысымызды бастаймыз. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен танысалық.

1.___________________________

2.___________________________

3.___________________________

2-жүргізуші: Біздің қыздар білімді,

Меңгерген бар ілімді.

Біздің қыздар елгезек,

Алады тез тіліңді.

Сыныбымыздағы ақылды, білімді, ару қыздарымыз алдарыңызда өнерлерін ортаға салмақшы. Қарсы алыңыздар!

Шыққан қыздарды бір - бір ұлдар алып шығып таныстырады

1-жүргізуші: Кішкентай арулар келіп жетті танысуға,

Махамбет Бойындағы бар дарынды танытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен танысуға.

2-жүргізуші: Таныстырсын өздерін,

Тамылжытып сөздерін!

І кезең. Таныстыру (Әр сайыскер өзін таныстырады)

1-жүргізуші: Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Қыздар шығып ортаға

Би де билеп, ән де салып береді.

ІІ кезең. «Өз өнері» (Өз өнерлерін көрсетеді)

2-жүргізуші: Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір,

Өнер болар ұрпақпыз - дей келе келесі сайысымыз - қол өнері.

ІІІ кезең. «Қол өнері» (ою қию)

ІV. Ширату сұрақтары

1 - жүргізуші: «Ширату сұрақтары» сайысында әр сайыскер қыздарымыз

ортаға шығып, бір әріпті таңдайды. Берілген сұраққа сол

әріптен басталатын сөздермен жауап береді.(уақытқа)

Ойын

1. Аналармен. « Әндер сақинасы» (бір ана ән бастайды келесі ана жалғастырады)

2. Ер балалармен. «Жүрекке жылы сөздер» (ұлдар анам қандай? деген сұраққа жауап болатын сөздер тізбегін айтады) мейірімді, ақылды, әдемі,

сабырлы, әйбат, т. б

2-жүргізуші: Сырымен қарап барлық сымбатына,

Қызды жұрт қылығымен әсем деген.

Бүгінгі мерекеде біздің қыздар ерекше киім үлгісін жасап көрсетеді.

V. Ерекше киім үлгісі

Слайд. Бейнеклип.

1-жүргізуші: Көңілді көтердік біз мерекеде,

Әжелер, аналар мен қыздар үшін.

Қаттырақ соғайықшы алақанды,

Келгенде алдымызға қыздар біздің!

2-жүргізуші: Ару - қыздарымызды марапаттау сәті туды.

Келесі кезек - әділ қазылар алқасы, сіздерде!

(Әр қызға мадақтау қағаздары тапсырылады, сыйлықтар беріледі.)

1-жүргізуші: Ең жақсы сөз АНА!

Өсіп жатса бала.

Ана оған пана,

Аман болсын ана!

2-жүргізуші: Ата-аналық үлкен сын,

Бала өсіру ұлы өнер.

Жақсылардың соңынан,

Жарқын қыз бен ұл өсер.

Мұғалім: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүл - аналар,

Ана деп бас иеді бүкіл күллі халық!

Құрметті аналар, мерекелеріңіз мерекеге ұлассын! Білімді де сүйкімді, өнерлі де сымбатты қыздарыңыз бен ұлдарыңыздың қуанышына тоймай, ұзақ өмір сүріңіздер!

Назарларыңызға рахмет!









© 2010-2022