Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнері

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнері

Ақмола облысы, Ерейментау қаласы

Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі


Мұсабекова Айгүл Қызданқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 3 «ә» күні: 09.12.2015

Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау.

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік: Ойыншықтардың шығу тарихы мен қазіргі кездегі олардың алатын орны туралы түсінік беру. Ойыншық құрастыру

Ә) дамытушылық:

Теориялық білімдерін іс-жүзінде көрсетуге ықпал ету. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Ойлау қызыметін дамыту, білім-біліктерін жетілдіру, материалды есте сақтауға, талдау жасауға үйрету.

Б) тәрбиелік:

Эстетикалық талғамдарын арттыра отырып, оқушыларды көркемдік танымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:

Практикалық сабақ

Сабақтың әдістері:

Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, баяндау, практикалық әдіс.

Сабақтың көрнекілігі:

Плакат, оқулық, суреттер, түсті қағаз, желім,
Слайдтар, бейнефильм, интерактивті тақта, оқушылардың жұмыстарының көрмесі.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының дайындығын қарау;

1.Қызығушылықты ояту

2.Қайталау

3. Ойланып, жауап бер

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру



Слайд. Ертегілерді атау

Топқа бөліну.

Ұлдар ойыншығы

Қыздар ойыншығы

Спорттық ойындар

- Пропорция деген не?

- Осы көрсетілген ертегілерде қандай дене мүшелерінің пропорциялары сақталмаған?

Суретке қарап, бұлардың қайсысы ойыншық екенін айыру.

Ойыншық-балалардың ой-өрісін және қимыл-қозғалысын дамытатын ойын құрал болып табылады.
Ойыншықтардың тек өзіне ғана тән пропорциясы бар.
Барлығымыз білетін « Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» туралы ертегі естеріңде ме? Біз бұл ертегі кейіпкерлерін ерекше бітімдеріне қарап танимыз. Буратиноның ұзын мұрыны, Чебурашканың үлкен құлағы ерекшелігіне қарап танимыз. Мұндай ерекшеліге болмаса , ол қарапайым балаға ұқсар еді де, оның бейнесін біз жадымызда онша сақтай алмас едік.
Дизайнер-суретші-ол ойыншықтардың үлгісін салатын адам.
Ойыншық тарихи кезеңдерден ойынмен байланысты.
Ежелден пайда болған және белгілі ойыншықтың түрі бұл - қуыршақ. Ең көне мысырлық қуыршаққа 4 мың жылдай. Олар жұқа тақтайшадан істелінген. Қуыршақтардың бастары ағаш және жіптен істелінген моншақтардан жасалған жасанды шаштармен безендірілді.
Жаңа заманның класикалық қуыршағы балаға тән үйлесімділікке ие. Оның беті бал - бұл жайнап, үлкен көздерін ашып - жұмады. Оған баланың киімін де кигізеді «Барбидің» пайда болуымен қуыршақ әлемінде түбірлі өзгерістер болды. Ол әрбір қыздың арманы мен мұратына айналады. Барби көзді қызықтырады.
Барби қуыршақтарын сату басқа ойыншықтарды үлестірумен салыстырғанда ең жоғарғы деп есептелінеді.
Барби 1958 жылы пайда болды. Оны Руд Хендлер қызы Барбараның құрметіне «Барбиді» ойлап тапты. Және қыздар жаңа ойыншықты қуанышпен қабылдады, өйткені оның сырт киімі әдемілік пен әсемдікті тануды білдірді.
Елімізде ең алғаш рет өз қуыршақтарын дүниеге әкелген еліміздің танымал сазгері Қыдырәлі Болманов пен жұбайы әнші Қарақат Әбділдина. Cүйкімді қуыршақтар сәбилермен ана тілімізде сәлемдесіп сөйлеседі, ән айтып, би билеп еліміздің әнұранын айтады.

ІҮ. Жаңа материал бойынша

Практикалық жұмыс

Сергіту сәті

Топпен жұмыс

Ойыншықтарды атау

Таныстырылым слайд бойынша «Қағаздан піл құрастыру»

Жұппен жұмыс

Ойын: «Кім табады?» Жасырын тұрған ойыншықтарды біртіндер бөліктерін ашып отырып табу болды.

«


Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнеріАлуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнеріАлуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнеріСуретті жалғастыр». Берілген фигураларды жалғастырып, ойыншық бейнелерін құрастыру.

Ү. Сабақты бекіту

Жаңа сабақтан сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.
1. Қуыршақ ойлап тапқан еліміздің танымал сазгері кім?
2. Жануарларды бейнелейтін жанр? (Анималистік жанр)
3. Ең алғаш пайда болған ойыншық? (Қуыршақ)
4. Барысқа ұқсас жануар? (Мысық)
5. «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» мәтіні әдебиеттің қай жанрына жатады? (Ертегі)

ҮІ. Үйге тапсырма

Оқушылар үйден әр түрлі материалдармен ойыншықтар жасап келеді.

74-75 бет

ҮІІ. Оқушы білімін бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысымы мен жұмыстарын талапқа сай орындауына қарай бағалау. Үздік жұмыстарды, суреттерді көрмеге қою. Суретке мінездеме беру.

Рефлексивтік есеп

ІІ - деңгейлі, бастауыш сынып мұғалімі Мусабекова Айгүл Қызданқызы 9 желтоқсан айында бейнелеу өнері сабағынан ашық сабақ өткіздім. Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау. Сабақтың мақсаты: Ойыншықтардың шығу тарихы мен қазіргі кездегі олардың алатын орны туралы түсінік алу. Ойыншық құрастыру. Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнеріСабақты оқушыларды қызығушылықтарын арттыру мақсатында қай ертегіден көрсетілген сурет екенін анықтау тапсырмасынан бастадым. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылғаннан кейін оқушылар үш топқа бөлінді. І топ «Ұлдар ойыншығы», ІІ топ «Қыздар ойыншығы», ІІІ топ «Спорттық ойындар құралы». Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнеріАлуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнеріАлуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнеріАлуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнеріАлуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнеріАлуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнеріӨткен сабақты қайталадық: - Пропорция деген не? «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегі кейіпкерлерінен, Буратинодан және Чебурашкадан қандай дене мүшелерінің пропорциялары сақталмаған? -деген сұрақтарға балалар дұрыс жауап берді. Одан өткен сабақты жақсы түсінгендерін білдім. Жаңа сабақты ойыншықтың шығу тарихынан мағлұмат беруден бастадым. Ең көне ойыншық біздің заманымызға дейінгі III мыңжылдықтың ортасында Ежелгі Мысыр елінде тіркелген жайлы және Руд Хендлер қызы Барбараның құрметіне «Барбиді» ойлап тапқаны жайлы, елімізде ең алғаш рет өз қуыршақтарын дүниеге әкелген еліміздің танымал сазгері Қыдырәлі Болманов туралы мағлұматтар бердім. Жаңа материал бойынша жұмыстарды берілген суреттерден ойыншықтарды атау тапсырмасын орындадық. Практикалық жұмыста піл ойыншығының моделін қағаздан құрастыру болды. Таныстырылым слайд бойынша көрсетілді. Балалар жұппен жұмыс жасады. Бұл жұмыста жауапкершілікпен жасауға тырысты. Оқушыларды шығырмашылық қабілеттері де көрінді. Құрастырған пілдері көрсетілген үлгідегідей ұқыпты шықты. Бірақ уақыттарын үнемдеп жұмыс істемегендіктен кейбір жұптар жұмыстарын аяқтай алмады. Сергіту сәт кезінде «Кім табады?» ойының ойнадық. Жасырын тұрған ойыншықтарды біртіндер бөліктерін ашып отырып табу болды. Келесі тапсырма топпен жұмыс болды «Суретті жалғастыр». Берілген фигураларды жалғастырып, ойыншық бейнелерін жасады. Сабақты қорыту бөлімінде берілген сұрақтарға жауап берді. Кері байланыс парақтарына ертегілерді еске түсіргендері, «Кім тапқыр?» ойыны, әсіресе пілді жасағандары өте қатты ұнағандарын жазыпты. Оқушылардың алған әсерлерінен сабағымның мақсатына жеткені және жақсы өткені көрінді. Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнеріАлуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнері



Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнері

Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнері

Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнері



Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау 3 сынып бейнелеу өнері







© 2010-2022