Мен және менің міндеттерім тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мен және менің міндеттерім, құқықтарым»

Мақсаты:
1) адамзаттың басты құндылықтарын айыра білу;
2) дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын ашу;
3) оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Барысы.
1. Кіріспе.
Қысқаша шолу. «Бүгін сабақта»
Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.
ҚР Конституциясы.
Өмір, денсаулық, бостандық.

2. «Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап береді)
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?

3. «Бәріміз бірге!» ойыны (қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)
а) Біздің мемлекет - ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз - әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда - Астана.
г) ҚР кім басқарады? - Президент.
Мұғалім: - Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол - конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы - Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол - сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.

4. Пікірталас.
- Адамға не қымбат? - Өмір
15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
29 бап. 1.ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
1. Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға хұқылы.

- Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».
Олай болса, біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы.

Оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман-тоғай елімізді.
Сабақты қорыту.
- Сендердің қазіргі міндеттерің? - Адамзаттың басты құндылықтарын ата.

Тақырыбы: Менің құқығым мен міндетім.

Мақсаты: Жастардың жеке құқығы мен міндеттері меңгеруінен тұратын құқық негізін жасау, ерекше жағдайларда қорғау, жұмыс әрекеттерін құқығы мен міндеттері негізінде белгіленген норма бойынша іске асыру және әлеуметтік нормаларды ретке келтіру.

Жүргізуші: Қоғамның басты байлығы - адам. Ендеше оның игілігі мен мүддесі үшін қызмет етуде конститутциямыз лайықты қызмет атқаруда. Біз өмір сүріп отырған қоғамның мақсаты кемелетке толмаған жасөспірімдер мен жас жеткіншектердің тәрбие мәселесі мәнінде шешу. Олардың келешегіне заман талабына сай жол салу. Бұл салада жасөспірімдер арасында теріс әрекеттердің алдын - алу мақсатында ҚР предиденті 1995 жылдың маусымының 25 - інде қабылданған «Жалпыға бірдей құқықты қорытуды жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысының негізінде
Қала мектептерінде оқушылар арасында құқықтық тәрбие беру туралы лекциялар, әртүрлі әдіс - тәсілдер арқылы іс шаралар жүргізіліп келеді.
Сіздердің алдарыңызда осы іс - шараларды жүргізетін «Ақиқат» үгіт бригадасын шақырамын.

1. Ақиқатым, аңсағаным, өзіңсің,
Бірлік, шындық, қасиетті сөзімсің.
Өзгеруін бұл заманның халқына,
Ұғындырар ақиқатын өзіңсің.

2. Болу керек әркім зерек білімде,
Қорғау керек өз құқығын әлінше.
Ата - заңын, туған жерін, әдет - ғұрпын, дәстүрін,
Барлығының ұмытылмай сақталуы үшін де.

3. Тарихын өткен жалын өшірмейді,
«Ақиқат» тәуелсіз ел - көгершін.
Қашанда артық тұтар Ата - заңым,
Ұланы ынтымақты өсер елдің.

Ұран: Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
(Абай)

Ата заң

«Оқы да, білім ал деген»,
«От бол да, мәңгі жан» деген -
Ата заңым менің.
«Еңбек ет, еркін жүр» деген,
«Асыр сап, ойнап күл» деген,
Ата заңым менің.
Қорғасын аспан күнімді,
Қолдасын бостандығымды,
Ата заңым менің.
Құптаған көңіл қоштығын,
Ұлттардың берік достығын -
Ата заңым менің.
Тәуелсіз еркін ел бүгін,
Талай жыл күткен теңдігім -
Ата заңым менің.
Санама құйған таң нұрын,
Бақытым, бағым, тағдырым -
Ата заңым менің!

© 2010-2022