- Преподавателю
- Начальные классы
- Ф дыбысы мен әрпі (1сыныптар үшін)
Ф дыбысы мен әрпі (1сыныптар үшін)
Раздел | Начальные классы |
Класс | 1 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Туменбаева А.И. |
Дата | 11.09.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Поделитесь с коллегами:
Әліппе Сабақтың тақырыбы Ф дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Білімділік мәні: Ф дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.Сөйлем ішінен ф әрпі бар сөздерді тауып жазу,ф дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіру,басқа дыбыстардың айтылуымен салыстыру,дыбыстық талдау жасату. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын,тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін дамыту,сауатты,көркем жазу дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұқыптылыққа,дұрыс оқуға,білімді,дарынды,озық ойлы болуға тәрбиелеу. Спортпен шұғылданып, денелерін шынықтыруға үйрету
Әдіс тәсілі:Сатылай кешенді талдау,мәнерлеп оқу,түсіндіру,сұрақ жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың көрнекілігі: Ф әрпінің баспа,жазба түрі,сызбалар,суреттер.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру: а)Психологиялық дайындық ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
«5»болсын алар бағамыз. Біліммен бақыт табамыз Өнерменен өрістеп Өсе берсін санамыз Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбек ету. -Жарайсыңдар,балалар,көңіл-күйіміз жақсы болса,көңілді отырып сабағымызды бастаймыз. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. -Оқушылар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар? -В дыбысы мен әрпі және «Вокзал»мәтінін оқып келу. -В дыбысы қандай дыбыс?(оқушылар жауабы) -«Вокзал»мәтінін тізбектей оқыту. ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру. -Дыбыс дегеніміз не? -Дыбысты таңбалап жазсақ не болады? -Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді? Ойын «Әріптер әлемі» Шарты: өткен әріптерді пысықтап олармен сөз,сөйлем ойлату.Тақтада бірнеше әріптер берілген ,осы әріптерді қатыстырып сөз,сөйлем
ойлаймыз. Х,ю,һ,в. Хат,ою,жиһаз,вокзал. Ағам хат жазды.Әжем ою ойды.Біз жиһаз алдық.Вокзал үлкен және әдемі. ІҮ. Жаңа сабақ -Оқушылар жұмбақ шешкіміз келе ме?
Қыста дем алып,жазда тынбайды, Көкке атылып,жерге құлайды. (фонтан)
Өңкей сығай екі топта, Таласып жүр бір допқа. (футболшы)
-Фонтан,футболшы сөздері қандай дыбыстан басталған? -Ф дыбысынан -Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ф дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ф Бұл-дауыссыз дыбыс.Себебі созылып айтылмайды. Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс.Орыс тілінен енген дыбыс Ф дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта болады да тіске тимейді,иек сәл төмендейді,астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады.Тіл ауыз қуысында еркін жатып,дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса Ф дыбысы жасалады. -Ф дыбысын хормен айту. -Қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыс -Қандай текшемен белгігейміз? -Көк дөңгелекшемен Тақтамен жұмыс.(Суретпен жұмыс жүргізу) -Оқушылар тақтаға назар аударамыз. Мынау Ф әрпінің баспа түрі.Оны оқулықтардан,газет журналдардан көреміз. Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.
-Мынау не? -Фонарь (дыбыстық талдау жасау) -Буынға бөлеміз,неше буын бар?фо-нарь -Екі буын демек неше дауысты дыбыс бар екен? -Екі дауысты дыбыс бар. -Суретке назар аударайық.Кімдерді көріп тұрсыңдар? -Балаларды .Олар қандай ойын ойнап жүр? -Футбол -Футбол сөзін буынға бөлу. Фут-бол -Неше буын бар? -Ф дыбыс сөздің қай буынында айтылады? -Футбол ойыны туралы не білесіңдер? (оқушылардың жауаптарын тыңдау) Бағандағы сөздерді оқып,мағынасын ашып түсіндіру. Ферма- шаруашылық орталығы Фирма-мекеме,жұмыс орындары Фото-сурет Факс- телефон арқылы жіберілетін хат Телефон-сөйлесу құралы Телеграф-телефон соғу орталығы. Футбол-доппен ойнайтын ойын түрі Әлфараби-адамның аты
Ф дыбысы сөздердің қай жерінде келеді? Басында,ортасында,аяғында келеді,демек барлық буындарда айтылады.Ф орыс тілінен енген әріп,сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды. Футбол өлеңін оқып беру. Футбол деген ойынға Барлық бала құмар-ақ. Бірақ жолдың бойында Доп теппеңдер қуалап. Сіздерге футбол ойыны ұнай ма? -Оны қалай ойнаймыз? -Екі топқа бөлініп Футболды қай жерде ойнау керек? -Арнайы футбол ойнайтын алаңда -Допты көшеге жақын жерлерде ойнауға бола ма? -әл-Фараби өлеңін оқып бері,түсіндіру. -әл-Фараби -ғұлама,данышпан,ғалым. Бала болсаң талапты, Біліп өскін Фарабты. Әбу Насыр қаланың Әлемге атын таратты.
Ү Оқулықпен жұмыс 4 топқа бағандағы сөздерді,футбол,әл-фараби өлеңдерін оқыту. Сергіту сәті: Көбелек тұрды ертемен, Күлімсіреп керілді, 1-шықпен бетін жуды, 2-шыр айналып бұрылды, 3-еңкейіп жерге жетті, 4-дегенде ұшып кетті.
ҮІ Дәптермен жұмыс: Дәптерімізді ашайық, Салақтықтан қашайық, Қолға қалам алайық, Әдемі етіп жазайық. Ф әрпінің бас әрпі мен кіші әрпін жазу. Ф әрпін ауада жазып көрсету.
ҮІІ Шығармашылық тапсырма. 1 топ «Сөз ойла,тез ойла» (берілген әріптерден сөздер ойлау,жазу.) 2 топ«Адасқан буындар»(берілген буындардан сөздер құрау) 3 топ»«Қай әріпті жоғалттым?»(көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою.) 4 топ «Кім шапшаң сөйлем құрайды?»(берілген суреттерге сөйлем құрау.)
ҮІІІ Сабақты қорыту -Не үйрендік? Не білдік? -Қандай дыбыспен,әріппен таныстыңдар? -Ф дыбысы қандай дыбыс? -Ф дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар. -Оқушылар тақтада сандар қатары берілген ,сандарды тура санасаңдар құпия сөзді табасыңдар. -Оқушыларбүгінгі сабаққа барлығыңызда өте жақсы қатыстыңдар.Сондықтан да жарайсыңдар дегім келеді.
ІХ Үйге тапсырма -Бағандағы сөздерді оқу,«Футбол»,«әл-Фараби»өлеңдерін жаттау
Х Бағалау -Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау