Ана тілі Тақырыбы: Түйе. Бота

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Күні: 22.01.2015 жыл Пәні:Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Түйе. Бота Сабақтың максаты: Білімділік:Қазақ халқының ең қадірлі малы түйенің ерекшеліне тоқталады.Оның еті,сүті,жүнімен қатар,күш көлігі ретінде қолданылатынын түсінеді. Дамытушылық:Оқушылар сөздік қорын молайтады,мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіреді,төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтеді. Тәрбиелілік: Оқушыларды таза,көркем,шапшаң жазуға төселдіру.Бір-бірін сыйлауға, бауырмалдыққа баулу.
Сабактың түрі: Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері: сұрақ жауап, түсіндіру, әнгімелеу. Көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері,слайдтар ,ойын түрлері,смайликтер,құрт Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі .1. Оқушыларды түгендеу,зейінін сабаққа аудару. 2.Оқушыларды шеңбер боп тұрғызып,төрт түліктердің түрін таңдау арқылы оқушыларды төрт топқа бөлу. топ 1-топ. Лақ 2- топ .Қошақан 3- топ. Құлыншақ 4 -топ.Бұзауқан Психологиялық дайындық. Аспан түрді түндігін, Жерге сәуле жайылды. Неткен ашық күн бүгін, Қайырлы күн ,қайырлы. 2.Үй тапсырмасын сұрау «Төлді қалай шақырады?» өлеңін 4 топқа мәнерлеп оқыту. 19-жаттығуды тексеру.Қарамен жазылған сөздердің дыбыстарын сандықшаға топтастыру «Оз орнына орналастыр» ойыны Шопаната,Зеңгібаба,Қамбарата,Сексекаталарға төрт түліктерді жаңылыспай орналастыру. Бағалау.Бағдаршам
-Балалар ,енді қандай төрт түлікті көрмей тұрмыз? -Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақ Кезекті бір жануар Үстінде екі тауы бар /түйе/ -Мен түйемін ,сендер мен жайлы не білгілерің келеді? - Қане кім сұрақ қояды? -Балалар біз төрт түлік малдарды жақсы білеміз,енді соның ішінде түйе жайлы білімімізді шыңдаймыз. Түйе киелі жануар.Ол шөл мен аштыққа шыдамды.Оны ертеде ата-бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды.Оның баласы бота. Ол сүйкімді жануар .Ол ботасын 12 ай көтереді.Түйенің екі түрі бар. Інген- екі өркешті.Аруана - жалғыз өркешті,сүті мол түйе.Ол жантақ,алабота,ащы қурайларды жейді.Оның терісі, жүні,сүті өте пайдалы.Оның жүнінен түрлі киімдер тоқиды,еті ем ,сүті , шұбаты шипа.Түйе сүті түрлі дәрумендерге бай.Одан құрт -май,балқаймақ,ірімшік жасалады.Еліміздің Маңғыстау,Қызылорда секілді облыстарда түйе шаруашылығы ертеден тамырланып, қазір де іргелі қожалықтар жұмысын жүйелі жүргізіп отыр.
Оқулықпен жұмыс -мәнерлеп оқу -екі оқушыға толығымен оқыту -тізбектеп оқыту Дәптермен жұмыс 20-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөздердегі дауыссыз дыбыстардың астын сызу. Түйе боталайды. Сиыр мөңірейді.Қой маңырайды.Жылқы кісінейді. Бағалау. Смайлик
21-жаттығу Сәйкестендіру арқылы орындау «Қай мал қайтеді?» Туйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі. Қоздайды,құлындайды,боталайды,бұзаулайды,лақтайды. Бағалау. Смайлик Сергіту сәті « Кім жылдам?» Топтық жұмыс 1-топ .Түйенің қандай пайдасы бар? 2-топ .Дауысты дыбыстарды ата 3-топ.Дауыссыз дыбыстарды ата. 4-топ.Төлдерді қалай шақырады? -Балалар, ата-әжелерің ,ата-аналарың сендерді қалай еркелетеді? -Ботам,ботақаным /балалардың жауабы/ -Неліктен деп ойлайсыңдар?/жауап тыңдалады/ Бағалау.Бағдаршам
Толықтырып түсіндіру Себебе бота сүйкімді,әдемі,көздері улкен,мөлдір қара,тартымды төл.Сендерде сол сияқтысыңдар,сондықтан да сендерді үлкендер осылай айналып-толғанып еркелетеді.
«Кім тапқыр?» Төрт түлік малдардың дыбысын тыңдау арқылы оқушылар өздері ажырату керек. Бағалау .Бас бармақ
Үйге тапсырма: «Түйе» ,«Ботақан» өлеңдерін түсініп,мәнерлеп оқу.«Сүйкімді бота» тақырыбында екі сөйлемнен шағын әңгіме жазып келу. Бағалау - Балалар сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға өзімнің және ата-аналарыңнын еркелеткенде айтатын жылы сөздері жазылған құрт өнімімен бағалаймын.



© 2010-2022