Тіктөртбұрыштың ауданын табу Өтілген материалды бекіту

Раздел Математика
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 3 «Ә»

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалдарды бекіту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тіктөртбұрыш ауданын табу, ауданның өлшем бірліктер жүйесінің кестесін қолдану,санның үлесін және үлес бойынша санды табуға арналған есептер шығару дағдыларын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабіллеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, өз беттерімен жұмыстана білуге, шапшаң есептеуге дағдыландыру.

Сабақ типі: білімді бекіту, бір жүйеге келтіру

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, қайталау

Көрнекіліктер: слайдтар, оқулық,

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дене шынықтыру,

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық. Слайд-1

Матаматика - керек әр күнге,

Математика қажет өмірде.

Математиканы оқимыз,

Миымызға тоқимыз.

- Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!

2. Үй тапсырмасын тексеру. №7 (107 б) Әр суреттің дұрыс жауабын жазу. Жауабы: а) S= 36 м кв. ә) S= 6 м кв. б) S= 30 м кв.

3.Қызығушылықты ояту. Тірек білімдерін белсендіру. Слайд -2

1) 1см қанша миллиметрге тең? (1см - 10мм)

2) 1 дм қанша миллиметр бар? (1дм - 100мм)

3) 1 метрде қанша миллиметр бар? (1м - 1000мм)

4) Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз? ( ұзындығын еніне көбейтеміз, а*в)

5) Шаршы ауданын қалай табамыз? (ұзындығын өзіне - өзін көбейту керек. а*а)

Жаңа сабақ. Өтілген материалдарды бекіту (107 б)

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. Слайд -3

Математика - ермек емес балалық,

Математика - көрегендік, даналық.

Математика - құрметтеуге лайық,

Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық! -дей отырып бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

-Балалар , біз сендермен бірнеше қазақтың ұлттық ойын түрлері туралы білеміз. Қане еске түсіріп көрейікші: ақсүйек, қыз қуу, бәйге, асық, көкпар, теңге алу т.б

-Бұл ойындар жылдың қай мезгілінде ойналады? (көктем, жаз, күз мезгілдерінде)

-Ал қыс мезгілінде қандай ойындар ойналады? (аққала соғу, коньки тебу, шаңғы тебу, хоккей ойыны, мұз айдынында мәнерлеп сырғанау, шанамен сырғанау)

-Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы қысқы ойын түрлерін бізде сабақ үстінде ойнайтын боламыз. Әр ойынның бізге әкелген тапсырмасы бар. Біз сол тапсырмаларды дұрыс шеше отырып, ойынды ойнаған болып есептелеміз. Артынан мақалдар оқимыз. Слайд - 4

Кел, балалар, ойнайық!

Ойнайық та ойлайық.

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық.

№1 Аққала соғу. Екі әріптен тұратын өрнектердің мәнін тап. (Амалдардың орындалу ретін еске түсіру)

1000- (205+88) =707 1000-(79+16) = 905 1000-(457+53) = 905

1000- (288+109) =603 1000-(413+14) = 573

Мақал: «Спорт - жігер, спорт - бірлік»

№2 Коньки тебу. Есептер бойынша өрнек жазу.

а) (d х b) - r ә) (185-69) +185 б) (b х n) + b в) b: n

Мақал: «Шынықсаң - шымыр боласың»

№3 Шаңғы тебу. Бос орындарды тиісті сандармен толтыр.

68мм + * мм =1дм 8мм + * мм = 1см

96мм + * м = 1км 6дм + * дм = 1м

29см + * см =1м 5дм + * дм = 1м

Мақал: «Дене қимылы - дәрісіз ем, шыныға жүріп дертті жең»

Сергіту жаттығуы. Слайд-5

Ал, достарым, келіңдер, Слайд-6

Біріңе - бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Амалды орындап көріңдер.

№4 Хоккей ойыны. Есепте.

1км - 650м = 5дм - 36см = 6м + 23 см =

9см -28мм = 3см5мм +24мм = 98мм + 49мм =

Қане тәртіп сақтайық Слайд-7

Тез есептеп аттайық.

Алға қадам басқанда,

Батылдықпен аттайық.

№5 Мұз айдынында мәнерлеп сырғанау. (ауызша) Слайд -8

Бір қыштақтаның ауданы - 1дм кв.

а) S= (6х8) + (4х3) = 48+12=60 дм кв.

ә) S= (6х9) + (2х4) =54+8= 62 дм кв.


№6 Шанамен сырғанау. Баған түрінде есепте. Тексеруді орында.

454+299 =753 459+391 = 850 258+ 499 = 757

1000 - 69 = 931 1000 - 59= 941 1000 - 49= 951

Сабақ қорытындысы: №7 (ауызша)

«Кім жылдам?» ойыны. Слайд - 9

а) 550-450 = 100 бос орын қалды

ә) 550-350 = 200 350-200 = 150 -ге артық

б) 700-300 = 400 оқушы артық

в) Р = (300+200) * 2 =1000

г) а*в

Үйге тапсырма: №9, 109 бет. Өздік жұмыс дәптерінен тапсырма орындау (қосымша)

Білімді бағалау. Спортпен үнемі шұғылданып жүрейік.

























© 2010-2022