«Менің Отаным - Қазақстан» (танымдық сайыс)

«Көк тудың желбірегені» әуенімен балалар қолдарына ту ұстап, залға кіріп, бәріміз әнұран орындадық.  «Тәуелсіздік елдің білімді ұрпақтары» атты танымдық сайысқа қатысушыларды таныстырып, әділқазыларды тағайындап алдық. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрды: І кезең «Бәйге» (Бұл кезеңде ұяшықтардан ашылған  сұрақтарға балалар тез және нақты дұрыс жауабын беру керек.) ІІ кезең «Жеті жұрттың тілін біл» (Бұл кезеңде жұмбақтар жасырылып, оның шешуін балалар үш тілде айту керек.(Қазақша, орыс, ағылшын)) ІІІ кезе...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан» (танымдық сайыс)
Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Балаларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға, ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жек тұлға етіп тәрбиелеу.
Жүру барысы:

(«Көк тудың желбірегені» әуенімен балалар қолдарына ту ұстап ішке кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін балалар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Менің Отаным -Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысымызды бастамас бұрын бәріміз әнұран орындап жіберейік.

Әнұран орындалады.

Ортаңғы «Балапан» тобы балаларының білім додасын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысушыларды қарсы алайық.
Сайысымызды бастамас бұрын сарапшылар алқасын сайлап алайық (әрбір кезең бойынша балалардың алған ұпай сандарын санап отырады)
Жүргізуші:
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын күшті тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің барда! - деп сайысымызды бастаймыз.

Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
І кезең «Бәйге»
ІІ кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
ІІІ кезең «Сиқырлы пішіндер»
ІV кезең «Тапқырлық кезеңі»
V кезең «Жүзден жүйрік»

Әр кезеңнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.

Алдымен сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін.

Таныстыру.
1- кезең: «Бәйге»
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт - деп, бәйге сайысына кезек береміз.
Қарап тұрмай бәйгіге еріңіз,
Шәкірттерге әділ баға беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Бұл кезеңде ұяшықтардан ашылған сұрақтарға балалар тез және нақты дұрыс жауабын беру керек. Сарапшылар назарына әр дұрыс нақты жауап үшін 5 ұпайдан беріледі. Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз. Дайынбыз ба?
1. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)
2. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл.)
3. Бір аптада неше күн бар? (жеті)
4. Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана)
5. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
6. Біз қай қалада тұрамыз? (Оралда)
7. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)

8. Ұлтымызды, дінімізді ата.

9. Қ. Р. Президенті? (Н. Ә. Назарбаев)

10. Тудың түсі қандай? (көк)

11. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)

12. Рәміздеріміздің авторларын ата.
2 кезең. «Жеті жұрттың тілін біл».
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте» - деп Қадыр Мырзәлі атамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.
Келді кезек жұмбақты шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт соған несібе.
Бұл кезеңде жұмбақтар жасырылып, оның шешуін балалар үш тілде айту керек.
(Қазақша, орыс, ағылшын) Жұмбақ шешуін екі тілде айтқан бала - 5 ұпайға ие болады, ал үш тілде айтқан бала - 10 ұпайға ие болады. Бұл сарапшылардың қатеріне береміз. Ал бастаймыз, мұқият тыңдаңыздар! Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1. Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады (аю - медведь - bear)
2. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе - верблюд - camel)

3. Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады. (мысық - кошка - cat)
4. Жұдырықтай қызыл шар, тілді үйірген шырын бал. (алма - яблоко - apple)
5. Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды. (балық - рыба -fish)

6. Жеті қазынаның бірі - адамды күзетіп жүретін досы. (ит - собака -doq)

3 - кезең: «Қызықты тапсырмалар»
Таным қабілеттерін анықтауға түрлі тапсырмалар.

Би: «Жаса, Қазақстан» (ұлдар мен қыздар)
4- кезең «Тапқырлық кезеңі»

Бұл кезеңде сіздердің алдарыңызда берілген құрастырмалы ойыншықтарды пайдаланып, ой ұшқырлықтарыңызды, шығармашылықтарыңызды танытасыздар. (әуен қосылып тұрады, әуен аяқталғанда жұмыстарыңызды аяқтайсыздар)

Жасаған жұмыстарын әңгімелеп береді.


5- кезең «Жүзден жүйрік»

«Қызықты ұйқастар»
1. Өрмекші құрды тұзақ
Менің ұлтым... /қазақ/
2. Аман болсын қарттар
Суықты болар.../қаңтар/
3. Құт - береке жауғыз,
Келе жатқан.../наурыз/
4. Ашытылған қамыр
Мерекелі... /мамыр/
5. Суда жүзер сазан
Айдың бірі... /қазан/
6. Биіктеуде жас қала,
Бас қаламыз... /Астана/
7. Менің досым салмақты
Бұрынғы астанамыз.../Алматы/
8. Партаның бетін жырма
Күзде басталады.../қырман/
9. Тынықтырар түн
Қуаныш сыйлар.../күн/
- Ұйқастарды шешу барысында қандай сөзді шығарып алдық?
-«Қазақстан»


-Әділ қазылар балалардың білімдерін саралағанша туымызды жоғары көтеріп ән шырқайық.

Ән: «Көк тудың желбірегені»


- Балалар , Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай айтамыз?
- Отанымыз.
- Отан туралы кім мақал - мәтел айтады
1 - бала: Отан - елдің анасы.
2 - бала: Отан - алтын бесік.
3 - бала: Отан - оттан да ыстық.
4- бала: Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

5 - бала: Туған жерді сүю парыз.
Сүю үшін білу - парыз,
Қасиетті білу - парыз.
Күзетінде тұру - парыз.


Би: «Алға, қазақ жігіттер» ұлдар биі

Кімдер күшті, кім алғыр,

Әділ қазы көріңіз.

Қара қылды қақ жарып,

Әділ баға беріңіз.

Әділқазылар балалардың білімдерін бағалап, марапаттайды.

Қорытынды:

-Балалар, болашақтың іргесін қалайтын, Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматша сендерсіңдер. Мерекеміз «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні» құтты болсын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, деніміз сау болсын! Сендерге әрдайым сәттілік тілейміз!


© 2010-2022