Тәрбие сағаты Адам еңбегімен көрікті

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Адам еңбегімен көрікті

Мақсаты: кез-келген еңбек маңызды екенін ұғындыру, ата-аналарының және басқа адамдардың еңбегін көріп, бағалай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

1)топта жұмыс жасау арқылы әлеуметтік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;

2)оқушыларды еңбекті сүюге, жігерлі, төзімді болуға, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеп, «адал еңбек мұратқа жеткізеді», «адам еңбегімен көрікті » деген ой қорыту; сыни тұрғысынан ойлауға тәрбиелеу.

Қолданылатын ресурстар: презентация, суреттер, фотолар,А3, стикерлер, аудиожазба « Қыпшақ Сейітқұл », видеожазба «Слепи сам свое счастье», оқушылардың шығармашылық жұмыстары(бейнежазба, слайд, суреттер, әңгімелер).

Күтілетін нәтиже:

1)кез-келген еңбек маңызды екенін ұғынады;

2)әлеуметтік қарым-қатынас дағдысы қалыптасады;

3)шығармашылық қабілетін шыңдайды.

Тәрбие сағатының кезеңдері

Уа

қыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдас

тыру:

1.Суреттермен жұмыс.

Суреттер арқылы кейбір маман иелерінің құрал - жабдықтары туралы білімін кеңейту және топтың аты мен топ басшысын сайлау .

1.Суреттерді қарап, алынған деректерді жинақтайды, бірлесіп талқылап бір шешімге келеді, басқа топтармен ой бөліседі.

Топтар: 1)«Жазушылар мен операторлар»;

2) « Суретшілер»;

3) « Таныстырушылар»

2.Ата-аналарды 1,2,3 сандарын таңдату арқылы үш топқа бөлу.

Ата-аналар оқушылармен бірге топта жұмыс жасайды

Ой қозғау

Топтастыру тәсілі

Мұғалім: Балалар, сіздер түрлі маман иелерінің еңбек құралдарымен жұмыс жасадыңыздар. Ендеше, топтастыру тәсілін қолдану арқылы мынадай сұрақтарға жауап қарастырайық.

1)Еңбек дегенді қалай түсінесіз?

2)Еңбек адамға не үшін қажет?

3)Еңбектің пайдасы қандай?

Бірлесіп талқылап, өзара түсіністікке және қорытындыға қол жеткізіп, А3 парағына өз ойларын түсіреді. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып топтың идеясын қорғайды.

Мағынаны

ұғыну

25м

1.«Тұлғаны таны» фотосурет және фактілермен жұмыс

Үш топқа фотосуреттер беріледі ( Билл Гейтс, Балұлы Бақыт және «Ана мен бала»). Көзбен көрген айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

2. «Ұқсастық және даралық » Венн диаграммасы бойынша жұмыс жасату арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытады.

3.Қыпшақ Сейітқұл туралы әңгімені аудиожазбадан тыңдату, тапсырмалар беру.

1.Берілген суреттер бойынша бірлесіп пікір алмасу, интернеттен , кітаптардан мәлімет қарау ой бөлісу. Суреттегі адамның еңбегі туралы ой озғау.

2.Үш суреттегі адамдардың еңбегі туралы алған білімдерін Венн диаграммасына түсіріп салыстырады және жинақтайды, ұқсастық және дара жерлерін анықтайды.

3. Қыпшақ Сейітқұл туралы әңгімені тыңдау

- Қандай мамандықтар туралы айтылған?

- Әңгіменің идеясын анықтау.

-Қыпшақ Сейітқұл қандай адам?

Ой қорыту

10м

1.Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау,көру

1.Топтар бірін-бірі бағалайды.

Рефлексия

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісін қолданады

Тәрбие сағаты туралы өз пікірлерін стикерге жазады

Қорытынды

1.«Слепи сам свое счастье » бейнежазбасын көрсетіп, адамның бақыты өз қолында екенін ұғындыру.

-Адам өмірі тіршілігінің мәні де, сәні де - еңбек. Еңбек адамның ойлау қабілетін дамытады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей әр адам қаншалықты еңбек етсе, соншалықты соның жемісін көреді. Адам еңбекпен есейіп, оның өмірге деген танымдық көзқарасы қалыптасады. «Еңбектің наны - тәтті, жалқаудың жаны - тәтті» дегендей адамның өз еңбегімен тапқан «наны», «асы» адал болады. Мамандық түрі де көп, ал құралдар одан да көп. Сіздер болсаңыздар біреулерің мамандық туралы ойлансаңдар , біреулерің ойланған жоқсыздар.Бірақ бірнеше жылдан соң өз таңдауларыңызды жасайсыңдар. Сендердің басты құралдарың -жүректерің, бастарың мен қолдарың. Жүрек қаласа ,қол жасаса сендер кез-келген мамандықты игересіңдер! Мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет қажет. Білім алуға барлық күш-жігерімізді жұмсап, жұмыстанайық дегім келеді. Егеменді еліміздің ертеңі - болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені даусыз.



© 2010-2022