«Ата-ана +бала+мұғалім = жақсы оқу-тәрбие» атты ата-аналар жиналысының өткізу жоспары

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ата-ана +бала+мұғалім = жақсы оқу-тәрбие» атты ата-аналар жиналысының өткізу жоспары.2сыныпта «Ата-ана +бала+мұғалім = жақсы оқу-тәрбие» атты ата-аналар жиналысының өткізу жоспары.


Мақсаты:

-Ата-аналарды балаларымен бірге жұмыс істеуге баулу,оқуға деген

қызығушылықтарын арттыру.

-Үй тапсырмасын орындауда қойылатын гигиеналық талаптармен ата-аналарды таныстыру. Ата-аналардың үй тапсырмасын орындау барысында балаларға көрсететін көмегін және үй тапсырмаға деген көзқарастарын анықтау.

-Өз бетімен жұмыс істей білуге.баланың өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру жөнінде нұсқаулықтар беру.

Қатысушылар:2сынып оқушылары мен ата-аналары,сынып жетекшісі,пән мұғалімдері.

Әдіс-тәсілі: дәстүрлі емес

Көрнекіліктер:

  • Сабақ кестесі

  • тапсырма салынған конверттер (қилы-қилы ойлар)

  • доп,шахмат,тоғызқұмалақ

Барысы:

Ата-аналар комитетінің мүшесі жиналысты ашық деп жариялап,күн тәртібімен таныстырады.Сөз кезегін сынып жетекшісіне береді.

Сын.жет.:

Сабақ кестесі -Математика

Қазақ тілі

Ағылшын тілі

Музыка

Бейнелеу өнері

Дене шынықтыру

Еңбекке баулу

І. Мектептегі оқу,үй тапсырмасын орындау- бұл баланың негізгі жұмысы.Кейде оқушы-бала үлкен адам сияқты қолы бос болмай кетеді.Ал кейде кішкентай сәби секілді үлкендерден көмекке зәру болып қалады.Міне, біз бүгін өз балаларыңызбен бірге отырып,сабақ орындаймыз.

1 сабақ Математика сабағы

2 сабақ Қазақ тілі сабағы

3сабақ Ағылшын тілі сабағы -пән мұғалімі Азамат Р. өткізеді.

4сабақМузыка сабағы-пән мұғалімі Кадирбек Ж. өткізеді.

5сабақ Бейнелеу өнері сабағы

6сабақ Дене шынықтыру сабағы -Сергіту жаттығуларын орындау

Доппен сегіздік жасау.

7 сабақ Еңбекке баулу сабағы- Ақ қағаздан алақан жасап,бір-біріне сыйлау.

II. балаларды сыныптан көмекші мұғалім алып кетеді.

III. "Өз балаларымыз туралы сөйлесейік")

Сын.жетекші сөзі.

Үй тапсырмасын қалай орындаған дұрыс деген сұраққа жауап іздейік.

«Менің балам үйде 2-3 сағат сабақ оқиды.Өзі сондай еңбекқор.Мектеп бітіргенше осындай болса екен.-деп мақтаныпты бір ата-ана.Мұны естіген ұстаз бұл баланы бақылайын деп бекініпті.Сөйтіп баланың үйіне барып,бақылайды.Бала сабақ оқуға отырады.Алайда сөмкесінде қаламы жоқ болып шықты.Күнделігіне қарап еді, үй тапсырмасын жазуға ұмытып кетіпті.Телефонмен досынан сұрауға тура келді.Ал уақыт болса зымырап кетіп жатыр.Әйтеуір барлығы дайын.Енді сабаққа кірісуге болады.Бір кезде ол шөлдеп кетті.Ас бөлмеге барып,су ішті.Келе жатып басқа бөлмеде отырған үлкендердің сөзіне құлақ түріп біраз тұрып қалды.Орнына келіп отырғанда көмекші дәптері жоқ екендігі есіне түсті.Сөйтіп жүргенде 1сағат уақыт өтті де кетті.Жаза бастап еді,есіне сүйікті мульфильмі есіне түсіп кетіп,теледидар пультін іздеп ,мультфильм басталғанын тексерді.

Міне ,сабақтарын орындап болды.Ол терезеге қараса,кеш болыпты.Сабақ оқуына қанша сағат кетіпті?Бұл дұрыс па?»

-Ата-аналар жауабын тыңдау.

-Ғалымдар жүргізген зерттеулерге жүгінсек.Бастауыш сынып оқушысы үй тапсырмасын белгілі бір уақытта ,белгілі бір орында орындау керек екен.Бөлме іші жылы,жарығы жақсы және ең негізгі талап бала үй жұмысын тыныштықта орындау керек.

Үй тапсырмасын мектептен келгесін 1 немесе 1,5 сағаттан кейін оқу керек.

1 сыныпта-1 сағатқа дейін

2сыныпта-1,5 сағатқа дейін

3 сыныпта -2 сағатқа дейін орындау керек.

25 минуттан кейін 5-10 минут демалу керек.Ауырдан жеңілге немесе жеңілден ауырға көшіп орындауды бала өзі таңдай алады.Ең негізгісі баланы мақтауды ұмытпаңыздар.

V. Практикалық тапсырмалар

№ 1 тапсырма

Біз жолдасымыз екеуіміз келісіп алдық.Баланың оқуына араласпаймыз.Қандай баға алса да , ол оның -өз еңбегі.

  1. Осындай ата-аналардың іс-әрекетін қалай бағалайсыз?

  2. Балаға үйде көмектесу керек пе?

  3. Егер бала екі алса, сіз не істейсіз?

№2 тапсырма

Біздің отбасымыз да баламыздың оқуына көп көңіл бөлінеді.Біз сыныпта өтетін барлық іс-шараларға қатысамыз.Баламыз не әкесінсіз ,не анасынсыз үй тапсырмасын орындауға отырмайды.Баламыз жақсы баға алса,бірге қуанамыз.Егер нашар баға алса, баламызға сөйлейміз.

  1. Осындай ата-аналардың іс-әрекетін қалай бағалайсыз?

  2. Бала үйде тек қана ата-ананың көмегімен сабақ оқу керек пе?

  3. Егер бала екі алса, сіз не істейсіз?

№3тапсырма

1.Күніне балаңызға қанша уақыт бөле аласыз?

2.Бос уақытта балаңызбен не істегенді жақсы көресіз?

3.Балаңызбен бірге соңғы көрген кинофильмізді атаңыз?

4.Өз балаңызды мақтан тұтасыз ба?

№4 тапсырма

1.Балаңыздың қандай қылықтары сізге ұнайды?

2. Балаңыз үйде қандай жұмыс істейді?

3.Осындай еңбегіне сіз оған не бересіз не болмаса не сатып әпересіз?

4.Балаңыздың қандай қылығы сізге ұнамайды?

№5 тапсырма

1.Сыныпта өткен қандай іс-шаралар сізге ұнады?

2.Сыныпта не мектепте болған қандай іс-шара сізге ұнамады?

3.Болашақта қандай іс-шара ұйымдастырылғанын қалайсыз?

3.Сынып жетекшісіне айтарыңыз ....

Сөз кезегін мектеп әкімшілігіне беру.

VI. Ата-аналар жиналысының шешімі:

1. Баланың оқу құрал жабдықтарын түгендеуді ата-аналар өз тарапынан қадағалауға алсын.

2.Үй тапсырмасын ата-аналар тексеріп отырсын.

3.Баланы мақтап мадақтауды ұмытпасын.Орындаушы -баланы үнемі мақтап, орындалған жұмыстың қана кемшіліктерін айтып отырсын.



© 2010-2022