Кітап графикасы тақырыбына сабақ жоспары

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Кітап графикасы.

Білімділік мақсаты: Оқушыларды сурет салуға дағдыландыру, олардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, талғампаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша сурет салу арқылы өзіне деген сенімі артып, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру, сауатты сурет салуға үйрету, бейнелеу өнері туралы теориялық білім беру.

Көрнекілігі: Слайдтар, кітаптар, қолдан жасалған жұмыстар,, сөзжұмбақтар.

Пәнаралық байланыс: Математика, геометрия, әдебиет.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын бағалау.

3. Тест сұрақтары.

4. Жаңа сабақ.

5. Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

6. Үй тапсырмасы.

Жаңа сабақ: Кітап графикасы.

График - суретшілер кітаптың құрылымын ойластырады, яғни графикалық және мәтіндік материалдарды толықтырып. Кітаптың макетін жасайды.

Кітап графикасы - кітапты графикалау, безендіру мен құрылымын үйлестіруден тұратын графиканың бір саласы.

Кітап графикасының дамуына біршама үлес қосқан қазақстандық график - суретшілер: Ә. Қастеев, Қ. Қожықов, Е. Сидоркин, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Машрапов, Қ. Төреқұловтар сынды өнер қайраткерлері бар.

Кітаптың сыртқы мұқабасын жасау үшін сол кітаптың ішіндегі мәтіннің мазмұнын жақсы білу керек. Кітап мазмұнына сәйкестендіріліп, мұқабасы көркемделеді. Ол нақты суретпен немесе көркем жазумен әшекейленеді.

Кітаптың алғашқы бетін ашқанда форзацты көреміз. Форзац - кітап мұқабасы мен негізгі беттерін біріктіретін екі қабатты парақ. Ол ақ, түрлі түсті, тақырыпты, сюжетті және сәнді болуы мүмкін. Содан кейін пішінді таңдап алып, мазмұнға сәйкес сурет салынады. Сурет қарындашпен, бояумен орындалады. Салынған сурет композициясы, кітаптың аты, авторлардың аты - жөні, баспаның аты, жарық көрген жылы жарасымын тауып тұруы шарт.

Кітапты мәтінмен қоса жүретін иллюстрациялардың маңызы зор. Олардың әсем безендірілуі оқырманды өзіне тартып, қызықтырады. Сондықтан да суретшілер мәтіндерді дұрыс орналастыру, қаріптерінің ерекшеліктері, сурет пішіні мен өзгешелігі, олардың мәтінмен байланысы арқылы оқырманға кітап мазмұнын жақсы түсінуге көмектеседі.

Халық ауыз әдебиетінің кейіпкері - Алдар Көсе ертегіне жасалған иллюстрация және кітап графикасының көркем безендірілуін көрдік. Бүгінгі сабағымызда осы кітаптың форзацын жасап көрейік.

Қорытындылау: Жаңа сабақ түсініктерін оқушылар жадына қайта түсіріп, бекіте түсу мақсатында бірнеше сұрақтар қойып өтемін:

  • График терминінің мәнісі.

  • Кітап графикасының дамуына үлес қосқан қазақстандық график- сурешілер.

  • Форзац дегеніміз не?

  • Форзацта салынған суреттер немен орындалады?

  • Иллюстрациялардың қандай маңызы бар?

Сөзжұмбақ «Графика»

1.


Г


2.

Р


3.


А

4.

Ф


5.

И

6.

К





А



7


  1. Линолеумге орындалған гравюраның атауы.

  2. Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған жазу-сызу құралы.

  3. Кітаптың негізгі беттерімен сыртқы мұқабасын қосып ұстап тұрушы қосар бет.

  4. Металға орындалған гравюра.

  5. Гравюраны көшіріп, көбейту мақсатында қолданылатын әдіс түрі.

  6. Ағашқа орындалған гравюра.

  7. Тасқа орындалған гравюра.






© 2010-2022