Поурочный план урока в 11 классе Темір жол

Раздел Иностранные языки
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Әуежай мен теміржол бекетінде

Сабақтың мақсаты:

Теміржол бекеті туралы түсінік беру; себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді еске түсіру

Сабақтың міндеттері:

Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру;

сөздік қорларын дамыту;

темір жол ережелерімен таныстыру

Сабақ типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, өздік, топтастыру.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру

Амандасу, оқушыларды түгендеу.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сөйлеу сәті. Лексика

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

«Әлем әуежайлары» тұсаукесер қорғау

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сөздер

Пойыз бағыты

Ауысу

Жеңілдік жүрдек пойыз (экспресс)

Жайлы, ыңғайлы

Айырбастау пункті

Жөнелту, жіберу

синоним, антоним табу

  1. мағынасын ашу

  2. сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру

  3. синоним, антоним табу

  4. дәптерге жазу

Тақтамен жұмыс.

«Әлем әуежайлары мен теміржол бекеттері» тақырыбына тұсаукесер тамашалау. Әңгімелесу

Оқылым. Кітаппен жұмыс

Қазіргі кезде Астана стансасы 52 жолаушы пойызын қабылдап, жөнелтіп жүр. Оның 10-ы - халықаралық бағыттарға, ал 24-і облысаралық бағыттарға жүретін жолаушылар пойыздары.

Вокзал кешенінде 4 күту залы, бір қонақ үйі, 3 жүк сақтайтын орын, 2 қызмет көрсету орталығы, 10 банкомат, валюта айырбастайтын пункт, дәріхана, намазхана, және т.б. да көптеген орындар жолаушыларға қызмет көрсетіп тұр. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтайтын полиция қызметкерлері мен көші-қон полициясы, әскери комендатура, санитарлық эпидемиялық станса күндіз-түгі жұмыс істеуде.

Пойыздардың түскен және пойыздарға отыратын жолаушыларға арнайы жабдықталған екі отырғызу платформасы қызмет көрсетеді.

  1. мәтінді оқу

  2. таныс емес сөздерді теріп жазу

  3. мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, жауап беру

ІІІ Бекіту

Тақтамен жұмыс

Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құрастырыңдар. Синтаксистік талдау жасаңдар.

  1. саяхатқа/ кемемен/ шықты / жолаушылар

  2. кеденде/ өткізді/ құжатымызды / тіркеуден

  3. мекенжайын/ қонақүйдің/ анықтама бюросынан/ сұрадым

  4. жерлерді/ жазғы/ араладық/ тарихи/ демалысты

  5. таныстырды/ қаланы/жол көрсетуші/туристерге

Жағдаят

Астана - Алматы бағытымен жүретін жүрдек пойызға кешігіп қалдың. Енді саған билетіңді қайта өткізіп, келесі пойызға билет сатып алу керек. Кассаға барып, менеджермен сөйлес. Келесі пойыздың алматыға дейін неше сағаттан кейін жүретінін сұрауды ұмытпа.

Тіл дамыту. Үлгі бойынша диалог құрастыру.

  • Маған Ақтөбеге дейін купелі вагонға билет беріңізші

  • Сізге билетті қай орынға берейін?

  • Маған жоғарғы орыннан беріңізші

  • №7 пойызға отырғызу басталды ма?

  • Иә, басталды

  • Екінші платформаға қалай баруға болады?

  • Тоннель арқылы өтуге болады.

  • Пойыздың жүруіне қанша уақыт қалды?

  • Сізге ауысып отыруға тура келеді

  • Билетті алдын-ала сатып алуыма болады ма? Мен билетімді өткізіп, құнын қайтарып ала аламын ба?

  • Сіздің билетіңіз плацкартқа ма? Плацкарттың құны төленбейді.

  • Қалаға шығар жолды айтып жіберіңізші?

ІV Қорытынды

5 жолды өлең

Саяхатшы

VІ Үйге тапсырма

Мәтінді мазмұндау, жаңа сөздермен 5 салалас құрмалас сөйлем құрастыру

V Бағалау

Оқушылардың білімін нәтижелеу.


© 2010-2022