І жарты жылдық бойынша рефлексивтік есеп

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Т «№ 10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сінің ағылшын тілі пән мұғалімі Басбаева Айнурдың І жартыжылдық бойынша рефлексивтік есебі.

«Адам байлығының ең тамашасы -білім.

Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді».

Әбу -Райхан әл- Беруни.


І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша сабақ беретін сыныптарым бойынша ағылшын тілі пәнінің үлгерімі-100,

сапасы -51,7 болды. Бұл І тоқсанмен салыстырғанда 5 пайызға артқандығын көрсетеді.

ІІ тоқсанда да жоспар бойынша сабақ беретін сыныптарыма орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларымды уақытында жасақтап, жүйелі түрде оқушыларға бағдарламаның жеті модулін байланыстыра отырып сабақ өткіздім. Себебі күнделікті сабақтарымызда оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалану, бағалаудың түрлерін қолдану, жас ерекшеліктеріне сай білім беру, талант пен дарынды анықтау, оларды көшбасшы етіп тәрбиелеу заман талабы.

ІІ тоқсан барысында мектебімізде деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдермен ақылдаса отырып, арнайы жоспар жасақтап, Lesson study зерттеу сабағын әріптестеріммен бірге жүргіздік. Ол үшін ең алдымен өзім сынып жетекшілік ететін 6 «А» сыныбын таңдап алдық. Қазақ тілі пән мұғалімі Таңбаева Гүлшат І деңгей және орыс тілі пән мұғалімі Маканова Ақмарал ІІІ деңгей бағдармаламасын бітірген мұғалімдер. Әріптестеріммен ақылдаса отырып, зерттегу үш оқушыны таңдап алдық.

І жарты жылдық бойынша рефлексивтік есеп

А деңгейіндегі оқушы-Алуадин Ақжүніс, В деңгейіндегі оқушы-Довлетова Жансеп және С деңгейіндегі оқушы-Аметов Адайбек.

А деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебім: Бұл оқушы сыныптастарына қарағанда алғыр, зерек, ізденімпаз, білім алуға құштар, шапшаң ойлағыш барлық пәндерден үлгерімі жақсы.

І жарты жылдық бойынша рефлексивтік есеп

В деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебім: Бұл оқушы ортада көп ерекшеленіп көрінбейді, білімі орташа, мінезі тұйық, сабырлы, кейде қойылған сұрақтарға сенімсіздік танытып, өз ойын ашық айта алмайды.

І жарты жылдық бойынша рефлексивтік есеп

С деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебім: Күнделікті сабаққа кейде дайындықсыз және кешігіп келеді, білімге деген ұмтылыс-құлшынысы көңілге қонымсыз.

І жарты жылдық бойынша рефлексивтік есеп

Зерттеу барысында осы оқушылардың бойынан төмендегідей өзгерістерді көргім келді. Мәселен А. алған білімін басқа оқушылармен бөлісуге дағдыланып, өз бетінше ізденуге тобындағы оқушыларды тартса, білімқұмар дарынды оқушы болғандықтан дарындылық қабілетін одан әрі шыңдаса, төмен деңгейдегі оқушының жаңаша білім алуға бет бұруына өз септігін тигізсе.

В. оқушының өз-өзіне деген сенімділігі қалыптасып, ойын еркін жетілдірсе.

С. оқушының бойындағы құндылықтарды анықтау, кішкене де болса таланттың көзін ашса, өз ойын жинақтап еркін жеткізуге, топ мүшелері арасындағы қарым-қатынасы жақсарса, сыныпта жағымды ахуал орнатуға өз үлесін қосса.

Жоспар бойынша бірінші сабақты қазақ тілі пәнінен «Сан есімнің емлесі» тақырыбында Таңбаева Гүлшат сабақ өткізді. Үш оқушы үшін оқу нәтижелерін анықтап алып, сабақты өз деңгейінде өткізді. Сабақ барысында мұғалімдермен зерттеуге алған оқушыларды бірге бақылап, сабақтан кейін талқыладық. Оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы, диалогтік әдісті пайдалану негізінде сабақтың мақсатына, нәтижесіне жеткендігі аңғарылды.

Және де бұл сабақта оқушылар бірін-бірі бағалап, сабақ соңында мұғалім жиынтық бағалады.

Екінші сабақты орыс тілі пәнінен Маканова Ақмарал Словосочетание. Предложение тақырыбында өткізді. Әр сабақта үш баланы үнемі бақылауда ұстап, сабақтан соң талқылау болып отырды. Бізге топпен оқыту әдісінің тиімді екені белгілі болып, келесі сабақты оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрінде өткізуді жоспарладық.

Ал үшінші сабақты мен ағылшын тілі пәнінен өткіздім.

Тақырыбы: The school day in England.

Мақсаты: Англияның мектептері туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже: оқушылар өтілген тақырыпты меңгереді, сөздік қоры молаяды, сыни тұрғыдан ойланады, топпен және жұппен жұмыс жасай алады.

Ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды мектепке байланысты сөздерді қолдану арқылы екі топқа бөлдім.

Үй тапсырмасында өтілген тақырыптың жаңа сөздерінің аудармасын екі топтан жарыс түрінде сұралды.

Қызығушылығын ояту бөлімінде оқулықта берілген суреттерді берілген сөйлемдермен сәйкестендірді.

І жарты жылдық бойынша рефлексивтік есепІ жарты жылдық бойынша рефлексивтік есеп

Мағынаны тану бөлімінде Англияның мектептері және мектеп формалары туралы таныстырылым көрсетілді.

Ой толғаныс бөлімінде оқушылар екі елдің мектептерін салыстырды. Бұл сабақта мен критериалды бағалауды жүзеге асырдым. Оның критерийлерін оқушылармен ақылдаса отырып, анықтап алдық. Кері байланысты бес саусақ арқылы жүргіздім. Оқушылар бес саусақтың ішіне сабақтан алған бес түрлі әсерлерін жазды.

І жарты жылдық бойынша рефлексивтік есепІ жарты жылдық бойынша рефлексивтік есеп

І жарты жылдық бойынша рефлексивтік есепІ жарты жылдық бойынша рефлексивтік есеп

Әрбір өткізілген сабақта әрбір мұғалімге белгіленген оқушыны бақылап, нәтижелерін жазып отыру тапсырылды. Бұл сабақта біз алдыңғы сабақтармен салыстырғанда оқушылардың өзгере бастағанын байқадық. А деңгейіндегі оқушы топпен бірге жұмыс жасап, өзгелерге көмек беріп, топта көшбасшылық танытты. В деңгейіндегі оқушы алғашқы сабақта өзін көрсете алмаған болса, соңғы сабақта белсенділік таныта бастады, бірақ оның бойында әлі де сенімсіздік байқалды. Үшінші оқушы С деңгейіне келетін болсақ алғашқы сабақтан -ақ өзіне көңіл бөліне бастағанын байқап, белсенді түрде сабаққа араласа бастады. Соңғы сабақта оның барынша берілген тапсырманы бар ынта жігерімен орындап, сабақ соңында 4 деген бағамен бағаланды. Ол үй тапсырмасында қателіктер болса да, ол толық орындауға дағдылана бастады.

ІІ тоқсан қорытындысы бойынша Ақжүніс 5- ке шықты, Жансеп 4-ке шықты ал Адайбек 3-ке шықты. Себебі ол әлі тест жұмыстарын және сөздік диктанттарды қате орындайды. Алдағы уақытта бұл оқушымен жұмысты күшейту керек деп ойлаймын.

Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландыра бастадық.Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және С дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап,В дәрежесіне жеткізуге, ал В дәрежесіндегі оқушыны А дәрежесіне жеткізуге тырысамыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге жұмыстанамыз.

Сонымен қатар өз тәжірибеммен бөлісу мақсатында БАҚ беттерінде мақалалар жарияладым.

Олар infourok сайтына қысқа мерзімді жоспар жібердім.

Аудандық Мұнайлы газетінде «Мектептегі оқу үдерісіндегі өзгеріс» атты мақалам жарық көрді.І жарты жылдық бойынша рефлексивтік есеп

І жарты жылдық бойынша рефлексивтік есепІ жарты жылдық бойынша рефлексивтік есеп

Ғұлама ғалым А. Эйнштейн: «Мен өз шәкірттерімді ешқашан үйреткен емеспін, тек олардың үйренуіне жағдай жасап отырдым»- деген екен. Сол айтқандай, мен де алдағы уақытта оқушыларымның өз бетінше білім алып үйренуіне барынша жағдай жасауға тырысамын.

© 2010-2022