- Преподавателю
- Иностранные языки
- Тесты по казахскому языку
Тесты по казахскому языку
Раздел | Иностранные языки |
Класс | - |
Тип | Тесты |
Автор | Стребкова Е.В. |
Дата | 30.12.2014 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
-
Көсемшені көрсетіңіз
-
Айтар
-
* Жазып.
-
Бару
-
Көрген.
-
Келмек.
-
Қазақ тілінде нешедауысты дыбыстар бар екенін көрсетіңіз.
-
* 12
-
10
-
14
-
11
-
16
-
-
Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз.
-
Қала, астана, аймақ.
-
Бау, бақша, егін.
-
Дәреже, абырой, көрнекті.
-
* Ас, тамақ, тағам, дәм.
-
Жоғары, төмен, аласа.
-
-
« Кейде» жалғаулық шылауы қай құрмаласқа тән екнін көрсетіңіз.
-
Себеп - салдар салалас.
-
Қарсылықты салалас.
-
* Кезектес салалас.
-
Ыңғайлас салалас.
-
Талғаулы салалас.
-
-
Қазақша аударылған кірме сөзді табыңыз.
-
Ақа.
-
Кебеже.
-
Хан.
-
Диалект.
-
* Тікұшақ.
-
-
Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.
-
Көрмес түйені де көрмес.
-
Көрмес түйені де - көрмес.
-
Көрмес - түйені де - көрмес.
-
Көрмес түйені - де көрмес.
-
* Көрмес - түйені де көрмес.
-
-
Төл сөздің анықтамасын табыңыз.
-
Біреудің сөзінің мазмұнын айту.
-
Біреудің сөзін өзгертіп айту.
-
Көп адамның сөзі.
-
Жеткізушің сөзі.
-
* Бір адамның өзгертілмей айтылған сөзі.
-
-
Толық мағыналы ең кем дегенде 2 сөз, бірі екіншісіне бағына байланысатын, қатынас негізінен зат, құбылыс жайында түсінік алушылыққа тән қатарды көрсетіңіз.
-
Буын.
-
Сөз тіркесі.
-
Сөз.
-
* Сөйлем.
-
Дыбыс.
-
-
Үтір қойылмайтын орынды көрсетіңіз.
-
Қаратпа сөздерге.
-
Құрмалас сөйлемдердегі жай сөйлемдер арасына.
-
Одағай сөздерге.
-
* Жалпылауыш сөздерге.
-
Қыстырма сөздерге.
-
-
Қатыстық сын есімді табыңыз.
-
Әдемілеу.
-
* Ашушаң.
-
Жаманырақ.
-
Қап- қара.
-
Жақсы.
-
-
Ілгерінді ықпалды табыңыз.
-
Теңізші.
-
* Итбалық.
-
Асқазан.
-
Есалаң.
-
Қызылорда.
-
-
Астарлы, бейнелі, экспессивті сөздер қолданылатын стильді табыңыз.
-
Ауызекі стиль.
-
Ғылыми стиль.
-
Публицистикалық стиль.
-
* Көркем әдеби стиль.
-
Ресми стиль.
-
-
Өздік есімдігінің септелген түрін көрсетіңіз.
-
* Өзіне, өзіңізбен.
-
Өзерің, өзіңсің.
-
Өздеріміз, өздеріңіз.
-
Өзі, өзіміз.
-
Өзім, өзіңіз.
-
-
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
-
Хат жазу.
-
* Ала өкпе болу.
-
Алтын күн.
-
Ағайыншыл адам.
-
Вокзал алаңы.
-
-
Күшейткіш үстеулі тіркесті табыңыз.
-
* Тым биік.
-
тез келді.
-
Ертең барады.
-
Ілгері жүр.
-
Онша жараспайды.
-
-
Еліктеу сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
-
Ұлпан бүгін көілді.
-
Көшеде біреу кетіп барады.
-
Қызық еді Аянның мінезі.
-
* Көлбең-көлбең етеді.
-
Шыдай алмай далаға шығып кеттім.
-
-
« Қауқар» сөзінің мағынасын табыңыз.
-
Әлсіз, нәзік.
-
Үлкен, зор.
-
Іші-сырты.
-
Суық, ызғар.
-
* Күш, қуат.
-
-
Жақсыз сөйлемді табыңыз.
-
Досын көрді.
-
Жүзін шырамытатын сияқты.
-
Күн жылына бастады.
-
Боран да басылды.
-
* Жәрдемшіге хабар айтуға болады.
-
-
Еліктеу сөзден болған қайталама қос сөзді табыңыз.
-
Ұзынды-қысқалы.
-
Сұлу жүзді.
-
* Жарқ-жұрқ.
-
Емін-еркін.
-
Жапа-тармағай.
-
-
Қаратпа сөзді табыңыз.
-
* Пұшайт-пұшайт, қозым,қоңырым.
-
Сенің ойыңша,келешек туралыойламау керек пе?
-
Бәсе, бұл -соның ісі.
-
Біріншіден, айтатын ойыңызды сралаңыз.
-
Әуелі адамды түсіне білейік.
-
-
Жалпы есім қатарын анықтаңыз.
-
* Қала, көше.
-
Айна, Гүлдария.
-
Әйгерім, Батыр.
-
Көпір, Ертіс.
-
«Жас Алаш», «Парасат».
-
-
Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
-
* Биік.
-
Тұсаулы.
-
Табыскер.
-
Білгіш.
-
Шаруақор.
-
Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз.
Алтынсары қадалған.........., оның кескіні құбыла бастады.
-
Таман.
-
Туралы.
-
Қарай.
-
* Сайын.
-
Тарта.
-
Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді көрсетіңіз.
-
Бір.
-
Тоғыз.
-
Төрт.
-
* Жүз.
-
Сегіз.
-
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді көрсетіңіз.
-
Арманды.
-
Ертегіміз.
-
Үшінші.
-
* Қарашашпен.
-
Балаға.
-
Етістіктің нақ осы шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.
-
Тұрасың.
-
Тұратынсың.
-
Тұрғанмын.
-
Тұрарсың.
-
* Тұрмын.
-
«Көзді ашып-жұмғанша» тұрақты сөз мағынасын белгілеңіз.
-
Әдемі.
-
Жай жүру.
-
* Лезде.
-
Алыс жер.
-
Момын.
-
Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
-
Қос нүкте.
-
Көп нүкте.
-
Үтір.
-
* Сызықша.
-
Дефис.
-
Себеп -салдар салаластың шылауларын табыңыз.
-
* Өйткені,сондықтан, сол себепті.
-
Сондықтан, және, әрі.
-
Өйткені, сол себепті, бірақ.
-
Дегенмен, әйтсе де, ал.
-
Немесе, бірде, кейде.
-
Төл сөздің алдынан автор сөзі келсе, қойылатын белгіні көрсетіңіз.
-
Нүктелі үтір.
-
* Қос нүкте.
-
Көп нүкте.
-
Үтір.
-
Нүкте.
-
Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.
-
Өзек.
-
От.
-
* Кітап.
-
Қазы.
-
Шаш.
-
« Бас-басына», « өзді-өзі» - қос сөздерінің білдіретін мағынасын табыңыз.
-
Мәндес сөздер.
-
Жинақтау мәні.
-
Көптік мәнді.
-
* Бөлшектеу, саралау.
-
Қайшы мәнді.
-
Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары қалай жазылатынын белгілеңіз.
-
* Бөлек.
-
Бірге.
-
Қосарлану арқылы.
-
Дефис арқылы.
-
Қайталану арқылы.
-
Қаратпа сөзді табыңыз.
-
Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз?
-
Сөйтіп, ол Домалақ ана аталды.
-
Немене, риза емеспісің?
-
Амал қанша, осылай болды.
-
* Алма, алманы әкел.
-
Сөйлеушінің біреудің сөзін ешбір өзгертпей беруінің атауын табыңыз.
-
Автор сөзі.
-
Қыстырма сөз.
-
* Төл сөз.
-
Төлеу сөз.
-
Қаратпа сөз.
-
Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қандай тыныс белгісі қойылатынын табыңыз.
-
Үтір.
-
* Сызықша.
-
Қос нүкте.
-
Нүктелі үтір.
-
Дефис.
-
Бейнелеуіш сөзді көрсетіңіз.
-
Үлкен - қіші.
-
Ала жаздай.
-
* Жалт қарады.
-
Көкпеңбек.
-
Он бес.
-
Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз.
« Бурабай көклінің ығындағы кішкене қаланы сол көл атымен « Бурабай» дейді.
-
Толымсыз.
-
Жақты.
-
Атаулы.
-
* Жақсыз.
-
Жалаң.
-
Сөйлемдердің арасында қандай тыныс белгісі қойылмаған, дұрысын белгілеңіз.
Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берікболмақ керек екінші - сол нәрсені көргенде я естігенде ғибраттану керек көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғыну керек үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек төртінші- ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
-
Үтір.
-
* Нүктелі үтір.
-
Нүкте.
-
Көп нүкте.
-
Қос нүкте.
-
Техникалық әдебиетті қай қатарға жатқызамыз?
-
Публицистика тілі.
-
Ауызекі тіл.
-
* Ғылыми тіл.
-
Көркем әдебиет тілі.
-
Ресми тіл.
-
Антоним сөзді табыңыз.
-
* Жуан-жіңішке.
-
Анда- санда.
-
Майдан -соғыс.
-
Сарт-сұрт.
-
Моншақ -моншақ.
-
-
Ашық дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.
-
Ү, А, Ө, Э.
-
О, Ы,Э,І.
-
* А, Ә,Ө,Е.
-
У,Ә,І,Ұ.
-
Е, И,І, О.
-
-
Үнді дауыссыздан басталып, үнді дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.
-
Біз.
-
Сіз.
-
* Мен.
-
Олар.
-
Сен.
-
-
Етістіктің шағы қанша түрге бөлінетінін көрсетіңіз.
-
9.
-
2.
-
8.
-
7.
-
* 3.
-
-
Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз.
-
Асыл, жасық, сасық.
-
Қайшы, қайшылау, қайыр.
-
* Азайту, алу, кеміту, шегеру.
-
Қама, қала, қалың.
-
Оңтістік, солтүстік.
-
-
« Әлде» сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын көрсетіңіз.
-
Әлде ( адам), әлде (мал).
-
Әлде( кісі).
-
Әлде( он), әлде ( жиырма).
-
Әлде (көп), әлде (аз).
-
* Әлде(кім), әлде (қашан).
-
-
« Мыс», «міс» -шылауларының мағынасын анықтаңыз.
-
* Болжалдық.
-
Күшейткіш.
-
Шектік.
-
Сұраулық.
-
Лепті.
-
-
Тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралық сипат беретін атауын табыңыз.
-
Күрделі сөз.
-
Дара сөз.
-
* Бағыныңқы сөз.
-
Буын.
-
Басыңқы.
-
-
Төл сөз азат жолдан басталғанда қойылатын тыныс белгісі.
-
Дефис.
-
* Сызықша.
-
Көп нүкте.
-
Қос нүкте.
-
Тырнақша.
-
-
Көңіл-күй одағайын табыңыз.
-
Кә-кә.
-
Рас.
-
Әрине.
-
Демек.
-
* Әттеген-ай.
-
Азот, оттегі, масса, лексикология терминдері қай стильде кезедседі?
-
Іс-қағаздар.
-
Көркем әдебиет.
-
* Ғылыми.
-
Ауызекі.
-
Публицистика.
-
Омоним сөзі бар сөйлемді табыңыз.
-
Бір кезде Әбіш Тәкежанды сұрады.
-
Жамбыл аулының малы.
-
* Айтыста мектеп оқушылары айтысты.
-
Биік тау алыстан көрінеді.
-
Ол шешесінен хат алды.
-
Сауатты жазуды ретке келтіретін сөздікті табыңыз.
-
Терминологиялық сөздік.
-
Аударма сөздік.
-
Орфоэпиялық сөздік.
-
* Орфографиялық сөздік.
-
Синонимдік сөздік.
-
Атаулы сөйлемді табыңыз.
-
* Сайын дала.
-
Баламен ойнады.
-
Жарыс жалғаса берді.
-
Бізге уақытты ұту керек.
-
Ауа желсіз екен.
-
Еліктеуден жасалған етістікті көрсетіңіз.
-
Есірке.
-
Жомарт.
-
Жазғыш.
-
* Жалпай.
-
Ақша.
-
Толықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді табыңыз.
-
* Әдептіге елікте.
-
Әдепті сөйле.
-
Әдепті екен.
-
Әдепті бала.
-
Сөзі әдепті.
-
Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуіш сөзді сөйлемді табыңыз.
-
Асығып тез аттандық.
-
Баяғы жартас бір жартас, қаңқ етер, түкті байқамас.
-
Дала жым - жырт.
-
Ырғалып қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.
-
* Қазандағы ет бүлк - бүлк қайнады.
-
Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
-
Балалық шақ...
-
Ойымдағыны айтпақшы едім, ол кетіп қалды.
-
Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.
-
Бүгін жаңа ай туды.
-
* Қазір сабағыңды жақсылап оқысаң, ертең «5» аласың.
-
Үтір қайсысына тән, табыңыз.
Менің ойымша, бағытыз дұрыс.
-
Бірыңғай мүше.
-
Одағай.
-
Қаратпа.
-
* Қыстырма.
-
Төл сөз.
-
Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс, табыңыз.
-
Есіктің киізін олай итерем - былай итерем, ашылмайды.
-
Есіктің киізін олай итерем; былай итерем; ашылмайды.
-
* Есіктің киізін олай итерем, былай итерем, - ашылмайды.
-
Есіктің киізін олай итерем: былай итерем, ашылмайды.
-
Есіктің киізін олай итерем, былай итерем, ашылмайды.
-
Қосарлану арқылы жасалған сөзді табыңыз.
-
Қазақтың тілі.
-
* Құрбы - құрдас.
-
Жезтырнақ.
-
Ашудас.
-
Көкшіл.
-
Күрделі зат есімдерді белгілеңіз.
-
Оқушы, білім.
-
Ауыл, арба.
-
* Өнеркәсіп, қызыл отау.
-
Көрме, теңіз.
-
Көңіл, күлкі.
-
Жинақтық сан есімді анықтаңыз.
-
Үштен бір.
-
Үштік.
-
Үш -үштен.
-
* Үшеу.
-
Үшінші.
-
«Гөрі, үшін, сайын» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.
-
Жалғаулық.
-
Тәуелдік.
-
Жіктік.
-
Демеулік.
-
* Септеулік.
-
Архаизм сөзді табыңыз.
-
Саяжай.
-
Бетеге.
-
Маржан.
-
* Адырна.
-
Шаңырақ.
-
Сөз жасаушы жұрнақтың дұрыс қолданылған түрін көрсетіңіз.
-
Білімсек.
-
Білгер.
-
Білек.
-
Білгек.
-
* Білгіш.
-
Болымсыздық есімдігін табыңыз.
-
* Ешкім.
-
Қайсыбір.
-
Әлдекім.
-
Кімдер.
-
Кімде - кім.
-
Ресми стильге жататын қатарды көрсеріңіз.
-
Қоғамдық - саяси әдебиет.
-
Көркем шығарма.
-
Газет - журнал тілі.
-
Ғылыми шығармалар.
-
* Өтініш, сенімхат, қолхат.
-
Антоним сөзі бар мақал - мәтелді табыңыз.
-
* Ақылың аз, ашуың көп болса - қор боласың.
-
Адал достық алтыннан да қымбат.
-
Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
-
Ашуың келсе, қолың тарт.
-
Татулық - табылмас бақыт.
-
Дауысты дыбыстардың үндесуін не дейміз, белгілеңіз.
-
Екпін дейміз.
-
Орфоэпия дейміз.
-
Дыбыс үндестігі дейміз.
-
Орфография дейміз.
-
* Сингармонизм дейміз.
-
Бастауыштың қимыл әрекетін білдіріп, онымен қиыса байланысатын сөйлем мүшесін табыңыз.
-
* Баяндауыш.
-
Айқындауыш.
-
Толықтауыш.
-
Пысықтауыш.
-
Анықтауыш.
-
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
-
Рабиға біресе маған, біресе Әмірге, қарады.
-
Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады.
-
* Рабиға біресе маған, біресе Әмірге қарады.
-
Рабиға біресе, маған біресе Әмірге қарады.
-
Рабиға біресе, маған, біресе, Әмірге қарады.
-
Төл сөздің төлеу сөзге айналып тұрған түрін көрсетіңіз.
-
Жүзі бал - бұл жанып ол былай деді: - Мен сізге қонаққа келдім.
-
Жүзі бал - бұл жанып: - Мен сізге қонаққа келдім, - деді ол.
-
- Мен сізге қонаққа келдім, - деді ол түрі бал - бұл жанып.
-
- Мен, - деді ол түрі бал - бұл жанып, - сізге қонаққа келдім.
-
* Жүзі бал - бұл жанған ол өзінің қонаққа келгенін айтты.
-
Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.
Бұл үйден ешкіні, лақты, шыбышты, тушаны - бәрін көруге болады.
-
Айқындауыш.
-
Оқшау сөз.
-
* Бірыңғай толықтауыш.
-
Құмалас сөйлем.
-
Қымтырма сөз.
-
Қандай тыныс белгісі жетпейтұр, белгілеңіз.
Отыз алтыға бөлінеді.
-
Қос нүкте.
-
Дефис.
-
Үтір.
-
Нүктелі үтір.
-
* Сызықша.
-
Үстеу қатысқан есімді тіркесті табыңыз.
-
* Қазір жалғызбын.
-
Бәріміздің өміріміздің басталуы осылай еді.
-
Ол қайтйа-қайта қарады, бірақ танымады.
-
Мұнда бір салқындық бар.
-
Жаздың көркі енеді жыл құсымен.
-
Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.
Оның құлағына гүріл естілді.
-
Пысықтауыш.
-
Баяндауыш.
-
Анықтауыш.
-
* Бастауыш.
-
Толықтуыш.
-
Жатыс жалғаулы есімшенің шартылық мәндегі қатарын табыңыз.
-
Айтылған сөз - атылған оқ.
-
Сен туғанда қуандық.
-
* Сен жақсы оқығанда, бес алып кетер едің.
-
Мен келгенде жоқ болдың.
-
Жазған - есімше.
-
Төмендегі аралас құрмалас сөйлем қай қатарғатән екенін белгілеңіз.
Өздері елеп шақырмаған соң, Бақтыбайлар да біраз уақыт өкпелі боп үнсіз жатып алып еді, қыз алған жақ одан сайын тоң-теріс сыртын беріп, қарым-қатынасты біржола үзді.
-
* Бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
-
Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
-
Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
-
Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы, бағыныңқы.
-
Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы.
-
Қалау райлы етістікті табыңыз.
-
Әкелмессің.
-
Әкелді.
-
Әкелерсің.
-
* Әкелгейсің.
-
Әкелсін.
-
Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қандай тыныс белгісі қойылатынын белгілеңіз.
-
Үтір
-
* Сызықша
-
Қос нүкте
-
Нүктелі үтір
-
Дефис
-
Қарсылықты бағыңқы сабақтас құрмаластың сұрағын анықтаңыз.
-
Не еткен соң ?
-
Қайткендіктен ?
-
Қалай ?
-
Қашаннан бері ?
-
* Не еткенше ?
-
«Мы», «мі», «бы», «бі», «пы», «пі» болып өзгеріп қалатын шылауды көрсетіңіз.
-
менен, пенен
-
* ма, ме, ба, бе, па, пе
-
я, яки, не, немесе
-
-ақ, -ай, -мыс, -міс
-
мен, бен, пен
-
Бағыныңқы үстеуден болатын етістіктің тіркес түрін белгілеңіз.
-
* Жанасу
-
Қабысу
-
Меңгеру
-
Қиысу
-
матасу
-
Жай сөйлемдер арасына қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз.
Күн бесіндіге келген кезде Көркемтайдың ауылы астан-кестең болды кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып жастар тұрды.
-
Үтір, сызықша
-
Нүктелі үтір
-
Сызықша
-
Үтір
-
* Қос нүкте
-
Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.
-
Баланың кітабы
-
Оқуды бітірді
-
* Көпір арқылы өту
-
Менің оқушым
-
Хатқа жауап
-
Диалогтің көбіне қай стильге тән екенін белгілеңіз.
-
Ғылыми
-
* Ауызекі сөйлеу
-
Іс-қағаздар
-
Құжаттар
-
Публицистикалық
-
Сен келіп қойғанбысың?
Сұраулық шылаудың түрлену түрін анықтаңыз.
-
Көмектес септікте
-
Көптік тұлғасында
-
Септелді
-
Тәуелденді
-
* Жіктелді
-
Тырнақшаның қойылу себебіне байланысты дұрысын белгілеңіз.
Қоян «батыр» қорыққанынан зыта жөнелді.
-
Жалқы есім атауы
-
Жеке ұғым атауы
-
* Кері мағынадағы сөз
-
Әдет-салт аты
-
Ерекше объекті етіп алынған сөз
-
Мақсат бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
-
Ол сабағын жазып отыр, бірақ ойынан бүгінгі жайсыздық шықпайды.
-
Ол жеткенше, Қанабек тықыршып тұр.
-
Кең даланы сұлу сағым басты.
-
* Әңгімені басынан бастамақ болып, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.
-
Қыруар уақыт өткенмен, жаңбыр басылмады.
-
Қос нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.
Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмән жоқ еді.
-
Кезектес салалас
-
Ыңғайлас салалас
-
* Себеп-салдар салалас
-
Талғау мәнді салалас
-
Қарсылықты салалас
-
Стильдің қай түріне жататынын белгілеңіз:
Ешкімге де азаптайтын, қатал немесе қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер мен жаза қолданылмауға тиіс.
-
Ауызекі сөйлеу стилі
-
* Көркем әдебиет стилі
-
Ресми іс-қағаздар стилі
-
Публицистикалық стиль
-
Ғылыми стиль
-
Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
-
Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.
-
Аттылар жақындаған сайын, Төлегенннің жүрегі орнына түсе бастады.
-
Маған жақындап келгенде ғана, өзімнің шәкіртім екенін таныдым.
-
* Табиғаттың тұла бойы тұнған сыр, оның тілін білсең, ешқашан қор болмайсың.
-
Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты.
-
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек.
Стильдің қай түріне жататынын көрсетіңіз.
-
Көркем әдебиет стилі
-
* Публицистикалық стиль
-
Ресми іс-қағаздар стилі
-
Ауызекі сөйлеу стилі
-
Ғылыми стиль
-
Жалпылауыш сөзге тән тыныс белгілерін көрсетіңіз.
-
* Қос нүкте, сызықша
-
Тырнақша, жақша
-
Нүкте, дефис
-
Үтір, сұрақ белгісі
-
Нүктелі үтір, леп белгісі
-
Еш, әр, кей, бір, әлде сөздерімен келген есімдіктердің жазылу тәртібін табыңыз.
-
Қосарлы түрде
-
Бөлек түрде
-
Қысқарған түрде
-
Тіркес түрде
-
* Бірге
-
Көп нүкте қай жерге қойылмайтынын табыңыз.
-
Оқиға толық айтылмай тоқталса.
-
* Ой белгілі себеппен бөліп-бөліп айтылғанда.
-
Ойға өте алшақ нәрсе қосылып кетсе.
-
Ой санамалап айтылса.
-
Ойдың бас жағынан, арасынан, соңынан сөз қалдырылса.
-
Төл сөздің жетпеген (қойылмаған) тыныс белгісін табыңыз.
Аты Төлеген екен, Жібегін іздеп жүрген көрінеді, - деп, күлісті құрбылары.
-
* Сызықша
-
Үтір
-
Қос нүкте
-
Дефис
-
Нүктелі үтір
-
Ілгерінді ықпалды белгілеңіз.
-
Қарасу
-
Сенбілік ұйымдастыру
-
Жақсы-жаман
-
* Бірқыдыру
-
Кендебай
-
Жайылмалы әрі өз ішінде үтірлері бар бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.
-
Нүкте
-
Қос нүкте
-
Үтір
-
* Нүктелі үтір
-
Көп нүкте
-
«Дейін, шейін, таман» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.
-
* Септеулік
-
Жалғаулық
-
Болжалдық демеулік
-
Демеулік
-
Шектік демеулік
-
Сөйлемнің қай мүшесі бірыңғайласып тұрғанын көрсетіңіз.
Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып таратамын.
-
Бірыңғай толықтауыш
-
* Бірыңғай анықтауыш
-
Бірыңғай бастауыш
-
Бірыңғай пысықтауыш
-
Бірыңғай баяндауыш
-
Жіктік жалғауында тұрған сөзді белгілеңіз.
-
* Ауылданбыз
-
Табалдырығы
-
Санатың
-
Кеншілеріміз
-
Достарың
-
Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
-
Барлығы, түгелі
-
Әлдеқайда, кейде
-
Солардың, осыларға
-
Кейбір, біресе
-
* Ешқайсысы, ешкімі
-
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
-
Малдың тұяғын да іске асыруға болады.
-
Алыстан дүрсілдеген ат тұяғының дыбысы естілді.
-
Артында қалған бір тұяқ бар еді.
-
Омардың ірілі-ұсақты он бес тұяғы бар.
-
* Жұт тігерге тұяқ қалдырмады.
-
Тыныс белгісі дұрыс қойылған нұсқасын белгілеңіз.
-
Елге мойнымды созам: көрінбейді.
-
Елге мойнымды созам - көрінбейді.
-
* Елге мойнымды созам, - көрінбейді.
-
Елге мойнымды созам; көрінбейді.
-
Елге мойнымды созам, көрінбейді.
-
Сан есімді лайықты сөзімен тіркестіріңіз
Бір шөкім ...
-
Тұз
-
* Бұлт
-
Нан
-
шай.
-
қант
-
Стиль түрін ажыратыңыз.
Тіл - тіліп түсер наркескен, сөз - өткір жебе тау тескен.
-
Ресми
-
Ғылыми
-
Публицистикалық
-
* Көркем әдебиет
-
Ауызекі сөйлеу
-
Ауызекі сөйлеу стилінің түрін көрсетіңіз.
-
* Полемика, сұхбат, баяндама
-
Ақпар, мәлімет, анықтама, есеп
-
Мақал-мәтелдер, терминдер, эллипсис сөйлемдер
-
Ұғымдар, түсініктер, нормалар
-
Эмоционалдық, экспрессивті сөздер, тұрақты тіркестер
-
Тырнақша не үшін қойылған, дұрысын белгілеңіз.
"Қалауын тапса, қар жанар" деген мақал - үлкен философия.
-
Диалог
-
Төл сөз
-
* Объекті етіп алынған мақал
-
Объекті етіп алынған сөз
-
Дәйексөз
-
Дефис дұрыс қойылған орынды белгілеңіз
-
Ежелгі дос
-
Турсын- заде
-
Алты аласы - бес бересі
-
Жүре сөйлеу
-
* Микро-биология
-
"Ешқандай, ешқайдан" сөздері тән қатарды белгілеңіз
-
Үстеуші есім
-
Өздік етіс
-
Белгісіздік есімдігі
-
Болымсыз етістік
-
* Болымсыздық есімдігі
-
Тырнақша қойылмайтын жерді көрсетіңіз.
-
* "Мемлекеттік опера және балет театры"
-
"Арман" кинотеатры
-
"Абай жолы" романы
-
"Слушаш", "Батыр Баян" поэмалары
-
"Қазақстан әйелдері" журналы
-
Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.
-
* Әпер
-
Ешқашан
-
Кейбір
-
Мұратәлі
-
Алатау
115. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
-
Қонақ үйде әзілдесіп отырдық.
-
Мейіріммен сүйеді ол бар адамды.
-
Ол ғұмырды келеді бір-ақ тепкім!
-
* Толқыны тулаған көк теңіз.
-
Ана тілімізді қадірлеу - бәрімізге міндет.
116. Стильдің қай түріне жататынын белгілеңіз
Міне, мен кішкене өмірімді тағы бір шолып, әр күнімді тексеріп, алыстан бастап, дәл бүгінгі түнге жеттім.
-
Ғылыми стиль
-
Ауызекі сөйлеу стилі
-
* Көркем әдебиет
-
Ресми іс қағаздары
-
Публицистикалық
117. Ашық дауыстылар қатарын толықтырыңыз: А, ә, о, ө, …
-
Ұ
-
И
-
Ы
-
* Э
-
Ү
118. Тыныс белгісі дұрыс қойылғанын белгілеңіз.
-
Бірақ шынында, олай емес-ті: Асқар адастырмайтын.
-
Бірақ шынында, олай емес-ті, Асқар адастырмайтын.
-
Бірақ, шынында, олай емес-ті; Асқар адастырмайтын.
-
* Бірақ, шынында, олай емес-ті: Асқар адастырмайтын.
-
Бірақ, шынында, олай емес-ті - Асқар адастырмайтын.
119. Төмендегі жұрнақтардың қайсысы көсемше жасамайтынын көрсетіңіз.
-
-қалы, - келі
-
- ғалы, - гелі
-
- ып, -іп, -п
-
- а, - е, -й
-
* - атын, -етін
120. "Бағыныңқы", "басыңқы" үлгісіндегі байланысы жоқ, өз мағынасынан айырылған сөздерді табыңыз.
-
Он екі бала
-
Еңбекті сүйе біл
-
* Бетімнен отым шықты
-
Адал еңбек
-
Мен бармақпын
121. Қалау рай сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын көрсетіңіз.
Осыдан кейін жаман жаппасын Ақбаланың жерқазбасының жанына тігіп алғысы келеді.
-
Толықтауыш
-
* Баяндауыш
-
Бастауыш
-
Пысықтауыш
-
Анықтауыш
122. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
-
Оқта-текте, ләм-мим
-
* Қоқан-лоқы көрсету, қорқыту
-
Жас, жастық, жастан
-
Сағыну, сағынбау
-
Жанын жалдау, көлік жалдау
123. Омоним болатын сөзді табыңыз
-
Күндіз
-
Кірпік
-
Көктем
-
* Кеш
-
Керемет
124. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, екі сөйлем арасына не қойылатынын белгілеңіз.
-
Үтір, дефис
-
Нүкте
-
* Үтір, сызықша
-
Үтір
-
Қос нүкте
125. Мына сөйлемдердің қайсысы ғылыми стильге жататынын анықтаңыз.
-
Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады.
-
Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады.
-
Президент республика халқын жаңа жылмен құттықтады.
-
Қайдан келуші ем ? Сендерді іздеп келдім.
-
* Күнге бәрінен де жақын бірінші шеңбер жолында Меркурий тұрады.
126. Қандай тыныс белгі жетпей тұрғанын белгілеңіз.
Кімде-кім жеңіл еңбекке үйренсе, ол жалқау болады кімде-кім жалқау болса, ол - өмірі оңбайды.
-
Қос нүкте
-
Көп нүкте
-
* Нүктелі үтір
-
Нүкте
-
Үтір
-
Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
-
* Жабаевта
-
Жабаевтің
-
Жабаевте
-
Жабаевті
-
Жабаевіңіз
-
Қандай тыныс белгісі қойылмағанын көретіңіз.
Тұрайын деп еді тұра алмады.
-
Үтір, көп, нүкте
-
* Үтір, сызықша
-
Нүктелі үтір
-
Көп нүкте, үтір
-
Сызықша, қос нүкте
-
Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз.
-
ИЛ -86 мен
-
см.ден
-
Смге
-
Газ -51 ге
-
* см-ден
-
Бағыныңқысы үстеуден болатын етістіктің тіркес түрін белгілеңіз.
-
* Жанасу
-
Меңгеру
-
Қиысу
-
Қабысу
-
Матасу
131. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
-
Ол да, ол тұрған село да жас еді.
-
Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде бөкен желіс.
-
Саят өте еңбекқор еді.
-
* Пайда, мақтан - бәрі тұл.
-
Қар суы да, жаңбыр суы да - соның ырысы.
132. Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс, табыңыз.
-
Сөйледі Жамбыл, бәріңе; жасың менен кәріңе.
-
Сөйледі Жамбыл бәріңе, жасың менен кәріңе.
-
Сөйледі, Жамбыл, бәріңе: жасың менен кәріңе.
-
Сөйледі Жамбыл: бәріңе - жасың менен кәріңе.
-
* Сөйледі Жамбыл бәріңе: жасың менен кәріңе
133. Сөйлемнің қай стиль түріне жататынын анықтаңыз.
Түу, ит -ай … Сонша ұмытпай жүр бәрін.
-
Публицистикалық
-
* Ауызекі сөйлеу
-
Ғылыми стиль
-
Іс-қағаздар стилі
-
Көркем әдебиет стилі