Corel Drаw графикалық редакторының арнайы эффектілерімен жұмыс

Corel Drаw графикалық  редакторының арнайы эффектілерімен жұмыс       Иілткіш эффектісі. Интерактивті иілткіш (интерактивная огибающая) құралы фигураны пішіні тіптен басқа фигураға айналдырады. Иілткіш құралын таңдағаннан кейін белгіленген фигура жиегінде қызыл үзік сызықты тік төртбұрыш пайда болады.  Сондағы  түйіндерді созу немесе керу  арқылы керегінше иілтеміз. Қасиеттік тақтада орналасқан дайын иілткіш формаларды пайдаланып әртүлі формалар алуға болады. Иілткіш құралының эффекттері барлық обьектілерге қолдануға болады. Егер қолданушыға иілткіш құралымен жұмыс қиын болса, онда дайын фигураның иілуін пайданылады. Ол үшін қасиеттік тақтадағы “иілуді мынадан жасау”(создать контур из....) батырмасын қолданады. Бірінші иілетін фигураны иілткіш құралмен белгілеп, “иілуді мынадан жасау” батырма...        Деформация эффектісі. Деформация эффектісі көбінесе табиғат обьектілерін ұқсатып салуға қолданылады. Интерактивті деформация құралы 3 режимде: итер-тарт, зигзаг, айландыру бола алады. Бұл режимдер кезінде қасиеттік тақтада деформацияның амплитудасын, жиілігін және тағы басқаларын келтіруге болады.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Corel Drаw графикалық редакторының арнайы

эффектілерімен жұмыс

Иілткіш эффектісі. Интерактивті иілткіш (интерактивная огибающая) құралы фигураны пішіні тіптен басқа фигураға айналдырады. Иілткіш құралын таңдағаннан кейін белгіленген фигура жиегінде қызыл үзік сызықты тік төртбұрыш пайда болады.

Сондағы түйіндерді созу немесе керу арқылы керегінше иілтеміз. Қасиеттік тақтада орналасқан дайын иілткіш формаларды пайдаланып әртүлі формалар алуға болады. Иілткіш құралының эффекттері барлық обьектілерге қолдануға болады. Егер қолданушыға иілткіш құралымен жұмыс қиын болса, онда дайын фигураның иілуін пайданылады. Ол үшін қасиеттік тақтадағы "иілуді мынадан жасау"(создать контур из....) батырмасын қолданады. Бірінші иілетін фигураны иілткіш құралмен белгілеп, "иілуді мынадан жасау" батырмасын басып, бағыттауышымен иілу формасы керек фигураны бассаңыз жеткілікті. Ал дайын иілу формасын басқа фигураға қолдану үшін " иілу қасиеттерін көшіру" батырмасы қолданылады. Ол үшін иілткіш құралымен дайын иілу формасын белгілеп, "Иілу қасиеттерін көшіру" батырмасын басқаннан кейін бағыттауышымен керекті фигураны белгілесек, керекті фигура дайын иілу формасын қабылдайды.

Деформация эффектісі. Деформация эффектісі көбінесе табиғат обьектілерін ұқсатып салуға қолданылады. Интерактивті деформация құралы 3 режимде: итер-тарт, зигзаг, айландыру бола алады. Бұл режимдер кезінде қасиеттік тақтада деформацияның амплитудасын, жиілігін және тағы басқаларын келтіруге болады.


© 2010-2022