Ақпарат, оның мазмұны және түрлері

Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ақпарат, ақпарат және басқару туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту

  6. Үйге тапсырма

Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылар шаттық шеңберін құрып амандасады.

Үйге берілген тапсырманы тексеру

Жаңа түсініктер:

Ақпарат

Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "іпforтаtіо" сөзінен шыққан. Сонымен ақпарат, бұл - айналадағы дүние туралы анықталмағанды (белгісізді) анықтайтын мәліметтер. Олар сақтау, түрлендіру, беру және пайдалану объектісі болып табылады.

Кибернетиканың "атасы" Ноберт Винердің "Ақпарат- сыртқы дүниеден біздің оған бейімділуіміздің және біздің сезімдеріміздің бейімделуінің процесінде алынған мазмұнды көрсету" деген. Ақпарат көздері символдық, мәтіндік, графикалық тәсілдермен берілуін тудырады. (құжаттар, аудио жазбалар, түрлі құжаттар, фотосурет, схема).

Ақпарат, оның мазмұны және түрлері

Ақпарат қасиеттерін үш аспектіде қарастыруға болады:

- техникалық тұрғыдан - дәлдік, сенімділік сигнал беру жылдамдығы;

- семантикалық - мәтіннің мағынасын кодтар көмегімен беру;

- прагматикалық - объектінің мінез-құлқына қаншалықты тиімді әсер етуі.

Ақпаратты беру сақтау және өңдеу процестері ақпараттық процестер деп аталды.

Адам ақпараттысезім мүшелері арқылы алады:

Көру - 81%

Есту - 10%

Иіскеу - 4%

Дәм сезу - 3%

Сезу - 2%

Ақпарат, оның мазмұны және түрлері

Практикум арқылы орындайтын тапсырмалар. 7-тапсырма 16-бет

Сабақты бекіту мақсатында тест:

1. Адам ең көп ақпаратты ненің қөмегімен алады?

А) сезу және көрудің

В) иіскеу мен естудің

С) есту мен көрудің *

Д) көру және дәмін тату арқылы.

2. Сендер электронды хатта көрген фильмдерің туралы баяндадыңдар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?

А) есту

В) сезу

С) көру*

Д) жазбаша.

3. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

А) қағазды

В) дискіні

С) тасты

Д) суды.*

4. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?

А) биді

В) суреттерді*

С) қимылды

Д) дыбысты.

5. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жіткіземіз?

А) кітап

В) радио*

С) журнал

Д) плакат.

6. Қайсысы ақпараттың қасиеттеріне жатады?

А) объективтілігі және толықтығы

В) барлық жауап дұрыс*

С) жеткіліктігі

Д) қолжетімділігі және өзектілігі.

7. Ақпаратты сақтау үдерісін көрсет:

А) Теледидар көру

В) Дәптерге жазу*

С) Кітап оқу

Д) Телефонмен сөйлесу.

8. Әдеттегі қойын дәптерді қолдану мақсаты:

А) Ақпаратты өңдеу

В) Ақпаратты сақтау

С) Ақпаратты жеткізу

Д) Ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу*.

11. Адам үшін ұялы телефон - ол:

А) Ақпарат көзі

В) Ақпарат қабылдаушы

С) Ақпаратты өңдеу құралы

Д) Байланыс құралы.*

10. Ақпаратты жеткізу мысалы бола алатын үдеріс:

А) Кітапханадан кітап іздеу

В) Телефон арқылы сөйлесу*

С) Музыка тыңдау

Д) Табиғат құбылысын бақылау.

Үйге тапсырма:

Оқулықтан ақпарат тақырыбын мазмұндау

© 2010-2022