Мәтіндік редакторды оқыту әдістемесі

Қазіргі кезде дербес компьютер құжаттар мен мәтінді даярлауда кеңінен пайдаланылады. Компьютер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды даярлау үрдісінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді:  1) Компьютердегі мәтінді түзетуге, оған мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әртүрлі құжаттарды бір-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарын экранның ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша данасын болсада шығаруға болады.  2) Әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.  3) Мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде орналастыруға болады.  4) Қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды сканер арқылы өткізіп, танымдық бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.  5) Стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК











БАЯНДАМА



Тақырыбы: «Мәтіндік редакторды оқыту әдістемесі»





























2013-2014 оқу жылы

Автор: Әділбекова Ә.А. - «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің» РМҚК оқытушысы

Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-2 отырысында қаралып талқыланды

Хаттама №_____ «____»____________________2014 ж.

Циклдық комиссия төрағасы__________ Амежанов Ж.Ж.











МӘТІНДІК РЕДАКТОРЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Қазіргі кезде дербес компьютер құжаттар мен мәтінді даярлауда кеңінен пайдаланылады. Компьютер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды даярлау үрдісінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді:

1) Компьютердегі мәтінді түзетуге, оған мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әртүрлі құжаттарды бір-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарын экранның ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша данасын болсада шығаруға болады.

2) Әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.

3) Мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде орналастыруға болады.

4) Қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды сканер арқылы өткізіп, танымдық бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.

5) Стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

Бұл айтылғандарды жүзеге асыру үшін, мәтіндік редакторы қолданылады. Мәтіндік редактор қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға пайдаланылады.

Мәтіндік редакторды оқытудағы ең басты көрнекілік компьютер болып табылады. Мәтіндік редакторды іске қосып, оның функцияларын практика арқылы іс жүзінде көрсету. Оқушы мәтіндік редактордың функцияларын толық игеріп болғанда біз оқыту мақсатына жетеміз.

Мәтіндік редакторды оқытудың мақсаттары:

1) Оқушыларды ЭЕМ-ді пайдаланудың қарапайым әдісі - мәтінмен жұмыс істеуді орындауға дайындау, тыңғылықты жұмыс істеу дағдысын қалыптастырыу;

2) Мәтіндерді компьютерлік өңдеудің артықшылықтары жайлы болжам қалыптастыру;

3) Мәтінмен жұмыс барысында өзінің әрекетін ойша реттеу іскерлілігін, яғни алгоритмдеуін қалыптастыру;

4) Қандай да бір әрекетті саусақпен орындаудан бұрын ойлау дағдысын бекіту.

Жалпы мәтіндік редакторды оқытудағы мақсат оқушыларды мәтіндік редактордың функцияларын игерту. Осы мақсатта оқушылардың өз бетімен жұмыс жасай білу дағдыларын дамытуға, шығармашылық қабілетін арттыруға көмек жасау. Осы арқылы оқушыларды шапшаңдыққа, ойлау қабілетінің дамуына, ізденімпаздққа, өзіндік ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Мұғалім ең алдымен өтілетін тақырыптың оқу бағдарламасына көрсетілген сағат санына назар аударып, төменде келтірілген кестедегідей күнтізбелік тақырыптық жоспарын құру керек.

Жалпы мәтіндік редакторларға арналған әртүрлі сабақ жоспарлары және оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында келтірілген тест сұрақтары да «Информатика негіздері» журналында көптеп кездеседі. Дегенмен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегі тапсырмаларды берсек артық болмас деп ойлаймын:
1) Дұрыс жауаптарды жасыл түспен, қате жауаптарды қызыл түспен бояңдар (Сөйлемдерді өздері теріп жазады).
2) Сурет салу «Рисование» панелін қолданып «Автофигура» режимінде келесі пішіндерді салыңыз.

«Информатика» пәні бойынша төл оқулықтарымыз алғаш 2003 жылдан бастап шыға бастады. 2007 жылы екінші рет 7-сынып «Информатика» оқулықтары (оқу құрал, дидактикалық материалдар, әдістемелік құрал) қайтадан басқа авторларымен жарыққа шықты.

Авторлары Н.Т.Ермеков және Н.Ф.Стифутина болған 2004 жылы басылым көрген 8 сынып «Информатика» оқулығында 9 бөлім «WORD МӘТІНДІК ПРОЦЕССОРЫ» тақырыбы 5 кіші тақырыптарға бөлініп көрсетілген. Ондағы әр бір тақырыптың мазмұндары көп болған. Кейбір атаулар мен командалар Microsoft Word бағдарламасындағыдай орыс атауларымен алынған. Ал, авторлары Е.В.Шевучук және Н.С.Кольва болған 2008 жылы басылым көрген 8 сынып «Информатика» оқулығында 7 бөлім «WORD МӘТІНДІК ПРОЦЕССОРЫ» тақырыбы 8 кіші тақырыптарға бөлініп көрсетілген. Әр тақырып қысқа да нақты түсіндірілген. Онда кейбір атаулар мен командалар қазақшаға аударылған және жүйелі деп айтуға болады, сонымен қатар әр бір қазақша атаудың жанына Microsoft Word бағдарламасындағыдай орыс тіліндегі баламасы көрсетілген.
Мәтіндік редакторларды оқытуда оқулықтағы материалдар мазмұнының жаңару ғана әсер етпейді, сонымен бірге сабақ жоспарын құрғанда әдіс тәсілдерді тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігін қажет етеді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Байжұманов М. Қ., Жапсарбаева Л. Қ. Информатика. Астана - 2004
2. Байшоланова Қ. С. Ақпараттық жүйелер теориясы. Алматы - 2002
3. Балпанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. Алматы - 1999
4. Балпанов Е. Қ., Бөрібаев Б., Мадиярова Г. Жаңа ақпараттық технологиялар. Алматы - 2000
5. Ермеков Н., Ермеков М., Ноғайбаланова С. Информатика. Алматы: «Жазушы» - 2002
6. Исаев С. Ә., Мұхамади А. Н., Ахметова О. С. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум. Алматы - 2000
7. Кушниренко А. Г., Лебедев Г. В., Сворень Р. А. информатика мен есемтеуіш техника негіздері. Алматы - 1998
8. Хакимова Т. Компьютерлік өңдеудің әдістемелері. Алматы: «Ғылым» - 2002
9. Халықова К. З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы: «Білім» - 2000

© 2010-2022