Химия пәні Сыныптан тыс жұмыстар

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Химия пәні Сыныптан тыс жұмыстар



Химия пәні Сыныптан тыс жұмыстар

Сыныптан тыс жұмыстар



Химия пәні Сыныптан тыс жұмыстар



Кіріспе

Мектепте химия пәні оқытудағы мақсат - күнделікті тұрмысымызда, өндіріс пен өнеркәсібімізде, ауыл шаруашылығында және ғылым салаларында кездесетін химия ғылымына қатысы бар білім, біліктіліктерді оқушыларға меңгерту.

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты - мектептегі басқа да оқу, тәрбие жұмыстары тәрізді еңбек, адамгершілік, экономикалық, эстетикалық, экологиялық т.б тәрбиелерді кешенді түрде жүргізумен бірге химия пәні бойынша терең білім беріп, оқушының жалпы білімін дамыту болып табылады.

Химиялық білім жас жеткіншектер санасын қоршаған орта туралы, ондағы заттар мен олардың өзгерісі жайлы және оларды өмірде, өндірісте, ғылымда пайдалану жолдары туралы түсінікпен толықтырады.

Химиялық білім мектеп оқушыларын келешекте қандай да бір мамандық алуға икемдеп, өмірден өз орнын табуға бейімдейді.

Осыған орай әрбәр оқушының мектеп қабырғасында жүріп - ақ қоғамымыздың экономикалық күш - қуатын арттыратын бірден - бір сала - химия ғылымы бойынша тиянақты білім алуын көздеу қажет.

Химиядан қазіргі заман талабына сай терең әрі тиянақты білім алғысы келетін жас ұрпақты оқыту үшін қалыпты жағдайдағы химия сабағы мен оқулықтағы материалдық аздық етеді. Осыған сай химияны оқыту әдістемесіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды.

Химия пәнін оқытудың әдістемесін, химия сабағында жаңа технологияларды пайдалану жолдарын жетілдірумен бірге, химия пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды өткізу іс-шараларының да оқушыларға берер пайдасы мол.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білім негіздерін терең игеруіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруға және болашақта қандай да бір мамандықты таңдауына игі әсерін тигізеді.

Мектепте сыныптан тыс жұмыс жүргізудің өзіндік ерекшелігі - оқушы сабақтан тыс жұмыста алған теориялық білімін толықтырады және оны іс жүзінде сынақтан өткізе алады. Сондықтан да оқушылар сыныптан тыс уақытта білімдерін өз бетінше толықтыруға мүмкіндік алады.

Сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір мақсатқа бағытталып, арнайы бағдарламамен жүргізіледі. Ұстаз оқу-тәрбие жұмысы барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмысты өзара тығыз байланыстыруы тиіс. Алынған теориялық білімді пысықтау үшін қоғамдық пайдалы еңбек пен, бұқаралық, қоғамдық, көпішілік іс - шаралармен айналасуы, танымдық ойын үлгілерін өткізу арқылы оқушылардың қиялына қозғау салуы әрі пәнге қызықтыруы қажет.

Сонымен химия сбағындағы сыныптан тыс жұмыстың мақсаты - оқушыларды қызығушылығына , бейімділігіне қарай түрлі химиялық үйірмелерге қатыстырып, қоғамдық жұмыстарға (кеш, ғылыми - практикалық конференция, онкүндік, викторина, КТК, экскурсия т.б) белсене қатысуға тәрбиелей отырып, шығармашылық ізденістерге (олимпиада, ғылыми жоба қорғау, мақала жазу т.б) үйрету.



«Химия кабинетіне саяхат»

Сиқырлы ғылым ғажаптары

Оқушылардың химия ғылымына қызығуын арттыруға жағдай жасау мақсатымен өткізген сыныптан іс - шараны «Химия кабинетіне саяхат» деп атадық. Тақырыпқа арналған қабырға газеті әзірленді, химиялық реактивтер: Бертолле тұзы, қант ұнтағы, күкірт қышқылы (концентрлі), тұз қышқылы (концентрлі), аммиак ерітіндісі (25%), хлорлы темір ерітіндісі, калий роданидінің ерітіндісі, аммоний бихроматы, калий йодидінің 3% ерітіндісі, қорғасын ацетатының 4% ерітіндісі және фарфор ыдыстар, шыны түтікшелер, құтылар, металл парақтар, спиртшам, К.Брюлловтың «Помпейдің күйреуі» картинасының көшірмесі, музыка пайдаланылды.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сендер мектебіміздегі ең таңғажайып кабинетке келіп отырсыздар. Саяхатқа 11-сынып оқушылары жетекшілік етіп, сендерді Химия деп аталатын тамаша ғылыммен таныстырады.

Қай - қайсысымыз да бала кезімізде ертегі оқығанды, тыңдағанды жақсы көретінбіз, ертедегі құдыретті пері қыздары мен қайырымды сиқыршылар небір ғажайыптарды жасайтын еді. Әрқайсысымыз өмірде бір рет болса да сиқырдың күшін меңгеріп, сиқыршы рөлінде өзіміз болғымыз келгені анық. Бірақ, әттең... Бұл дегеніміз өмірде ғажайыптар болмайды дегенді білдіре ме? Тіпті олай емес! Біздің заманымыздың нағыз сиқыршысы - ғылым. Ғажайыптарға толы ғылымдардың ішінде химияның алатын орны ерекше. Оны көбінесе қайырымды сиқыршы деп атайды. Ол адамның табиғи шикізаттан өзге заттарды алуына, бірінен бірі өткен ғажайып, табиғатта кездеспейтін, бірақ адамға өте қажет заттарды алуына көмектеседі. Химияның арқасында сәбилерге сүт, түрлі - түсті ойыншықтар, оқушыларға оқу құрал - жабдықтары дайындалады. Химиясыз металды балқыту, кеме жасау, автокөлік жасау, үйдің тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз ету, денсаулықты сақтау мүмкін емес. Химия көмірді - бояу мен дәрі - дәрмекке, мұнайды - отын мен жанармайға, ағашты - қағаз бен жасанды талшықтарға айналдырады.

Сендердің әр қайсыларың күн сайын үйлеріңнен шықпай - ақ химиялық реакцияларды жүзеге асыратындарыңды өздерің де білмей қаласыңдар: сіріңкемен газды жағу, ас пісіру. Адам ағзасының өзі - үлкен химиялық фабрика, оның ішінде көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады.

1 - оқушы. Балалар, елестетіп көрейікші, бәріміз алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүреміз дейік. Алғашқы адамдар оттың өзінен қорыққан. Олар найзағай түскен ағаштың жанып кеткенін көзімен көрген. Қазір сендер «Алаудың жануы» тәжірибесін көресіңдер.

Тәжірибенің сипаттамасы. Фарфор ыдысқа Бертолле тұзы мен қант ұнтағының тең бөлігін қосып себеміз де, оны ағаш жаңқаларымен бүркеміз. Ыдысты темір қаңылтырдың үстіне қоямыз. Шыны түтікше арқылы қоспаға концентрлі күкірт қышқылын тамызамыз - «алау» лап етіп тұтанады.

2 - оқушы. Орта ғасырларда кейбір адамдар шағын зертханадан шықпай, әр түрлі заттрады зерттеумен өмірін өткізген. Олар алхимиктер еді. Олар металды алтынға айналдыруға тырысты. Патшалар мен корольдар өздеріне алтын жасап беру үшін алхимиктерді сарайында ұстады. «Алтын алу» тәжірибесіне куә болыңыздар.

Тәжірибенің сипаттамасы. Калий йодидінің 3% ерітіндісі мен қорғасын ацетатының 4% ерітіндісін бірдей көлемде әзірлейміз. Тәжірибе алдында ерітінділерді қайнауға дейін жеткізіп, ыстық күйінде құтыға араластырып құяды. Суыған кезде ыстық суда жақсы еритін, ал суық суда аз еритін қорғасын йодиді тұнбаға түседі. Алтын түстес, жарыққа шағылысатын жұқа қабыршақтар түріндегі тұнба пайда болады. Олардың көлемі тұну жылдамдығына байланысты, ерітінді неғұрлым баяу суыса, кристалдар да ірірек болады.

3 - оқушы. Балалар! Қалай ойлайсыздар, отсыз түтін бола ма? Мен сіздерге «Отсыз түтін» деген тәжірибені көрсетейін.

Тәжірибенің сипаттамасы. Құрғақ әрі тазағ аузы кең, 200 мл құтыға 5 - 10 мл көлемінде концентрлі тұз қышқылын ққұяды. Құтыны айналдыра отырып, ыдыстың ернеулерін қышқылмен шаяды да, қалған қышқылды төгіп, тығынмен мықтап жабады. Дәл сондай екінші құтыға осы әдіспен аммиак ерітіндісін (25%) құйып алады. Тәжірибе кезінде құтыларды ашып, ернеулерін бір-біріне тигізеді де осы күйінде 180 градусқа бұрады. Құтылардың іші қою түтінге толып кетеді.

4 - оқушы. Балалар! Мен сіздерге «Жазаның жазылуы» деп аталатын тәжірибені көрсеткім келеді. Қан аққаннан қорықпайтын оқушы болса тақтаға шықсын.

Тәжірибенің сипаттамасы. Тақтаға шыққан оқушының жеңін түріп, дезинфекция үшін деген сылтаумен «йодты» (хлорлы темірдің әлсіз ерітіндісі) молынан жағады. Осыдан кейін тәжірибені көрсетуші оқушы жіңішке түтікке калий роданидінің ерітіндісін алып, түтіктің ұшын майланған жерге тигізеді (әсерін күшейту үшін өтпейтін пышақты пайдалануға болады) . Теріде «қанаған жара» пайда болады, оны сумен оп - оңай жуып, орамалмен құрғатып сүртіп тастайды.

5 - оқушы. Кездесуіміздің соңында мен «Жанартаудың атқылауы» деген тәжірибені көрсетейін. Әрине, сіздер жанартаудың атқылауы қандай ғаламат көрініс екенін білесіздер. Ерте заманда Везувий жанартауы Помпей қаласын басып қалған. Оқушы К.Брюлловтың «Помпейдің күйреуі» картинасының көшірмесін көрсетеді. Музыка ойнатылып, тәжірибе жасалады.

Тәжірибені сипаттамасы. Тұрғыға бекітілген металл қаңылтырға немесе асбест торға (фарфор ыдысты да алуға болады) аммоний бихроматын сеуіп, спиртшамның жалынына қыздырады. Бірнеше минуттан кейін экзотермиялық реакция басталып, азот, су буы және көп мөлшерде «күй» - хром (ІІІ) оксиді бөлініп шығады. Үрдіс ұшқын ату арқылы жанартаудың көрінісін әсерлі түрде қайталайды.

Мұғалім: Міне, біздің химия кабинетіне саяхатымыз осымен аяқталды. Саяхат сіздерге ұнады ма? Біраз өскеннен кейін сіздер де осында келіп, химия деген қызықты ғылымды оқып үйренесіздер. (Музыка естіледі).

Интеллектуалдық марафон

«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды марафонына әр сыныптан озып, іріктеліп шыққан білімді, алғыр оқушылар қатысты.

Жүргізуші: - XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Отанымыздың саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтеретін білімдіде, мәдениетті, парасатты, денсаулығымыз мықты болып өссек, егемен елімізді әлемге танытарымыз анық.

ХХІ ғасыр - химия ғасыры.

Ақын Құланбай Көпішев:

Химия - ырыс бұлағы

Шалқыған байлық, мол дәулет

Аялап күтіп тұр алда

Болашағымыз - нұр сәулет.

Аялдама алға ұмтыл,

Құдыретті біздің ой!

Сенде байлық, сенде ырыс

Сенімен өмір сәнді ғой, - деп жырлайды.

Сонымен ХХІ ғасыр білгірлерін, құрметті ойыншыларымыызды ортаға шақырып, қарсы аламыз.

Сайысқа қатысушылар ойын бөлімдерімен, шарттарымен таныстырылады (әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)

І Бәйге.

1. Атомның планетарлық моделін ұсынған қай ғалым? (Резерфорд)

2. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым? (С.Аррениус)

3. Азот молекуласындағы химиялық байланыс түрі. (ковалентті полюсссіз)

4. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (йод)

5. Металдардың бұзылуы. (коррозия)

6. Заттың құрамы мен қасиеті сақталатын ең кіші бөлшегі. (молекула)

7. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиеті. (аллотропия)

8. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады? (силикаттар)

9. Қазақстанның қазба байлықтарының картасын жасаған кім? (Қ.Сәтбаев)

10.Ауа құрамында оттектің қанша пайызы бар? (21%)

11.Ең ауыр металл. (осмий)

12.Сұйық металл. (сынап)

13.Зат массасының сақталу заңын кім ашты? (Ломоносов)

14.Электр тогын өткізетін қышқыл, тұздар ерітінділері қалай аталады? (электролиттер)

15.Бейэлектролиттер дегеніміз не? (электр тогын өткізетіндер)

Бұл сайыстан барлығы келесі сайыстың бөліміне өтеді.

Келесі әр сайыстың бөлімінде ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

ІІ. Полиглот. (екі бөлімнен тұрады)

1 - ші бөлім. Жеті жұрттың тілін біл. (химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек.)

1. Өзім газбын менімен демаласың,

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. (оттек, кислород, оксигениум)

2. Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды. (күкірт, сера, сульфур)

3. Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан бастау алады. (сутек, водород,гидрогениум)

4. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады. (қорғасын,свинец,плюмбум)

5. Машина мен трактордың жануы

Қара металлургияның наны. (темір,железо,феррум)

6. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді

Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. (күміс, серебро, аргентиум)

7. Өзі жылтыр күмістей

Жұмсақтығы тағы бар

Жеңілдігін ескерсең

Пайдаланар жері табылар. (алюминий, алюминиум)

2 - ші бөлім. Жұмбақ жасырылады, табылған заттың атын, формуласын атайды.

1. Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,

Кім бар ортада оны білмес. (ас тұзы -NaCl )

2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,

Шыдаау қиын бұл затсыз екі күнге. (су -H2O)

3. Ес- түссіз адам талып қалса кейде,

Иіскетсең есін жияр ол лезде. (мүсәтір спирті - NH4OH)

4. Адаммен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктің торына ілігеді. (көмірқышқыл газы - CO2)

5. Жер бетін күннің ультракүүлгін сәулесінен қорғайды,

Өзін оттектің үш атомы құрайды. (озон -O3 )

6. Аяғыңның астында жататын зат,

Тауға айналып, тас болып қататын зат. (кремнезем,құм -SiO2)

7. Құрғақ жерде сақтайсың,

Онсыз тамақ татпайсың (ас тұзы -NaCl)

ІІІ. «Ғажайып жетілік»

Сайыстың бұл бөлімінде сұрақтың күрделісіне қарай ұпай саны әр түрлі болады.

1.20 Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар?

(темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)

2.30. Табиғатта сом күйінде кездесетін металдар.

(мыс, күміс, алтын, платина)

3.20. Халькогендер деп нені айтамыз және халькогендерге қандай металл жатады?

(оттек, күкірт, селен, теллур)

4.30. Табиғатта таралуы бойынша бірінші орында тұрған металл.

(алюминий)

5.20. Галогендер деп нені айтадыз? Қандай элементтер жатады?

(фтор, хлор, бром, йод, астат)

6.30. Темірдің қанша саламен байланысы бар? Ол қандай салалар?

(8, ғарыш,биология,инабат негіздері, медицина,физика,тарих,география, халықтық педагогика)

7.20. Неліктен темір - аспан тасы деп аталған?

(себебі метеориттің құрамында бар)

Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

IV. «Жорға» (тікелей сұрақтар) Бұл сайыс жылдамдықты, алғырлықты талап етеді.

Бірінші оқушыға:

1.Na - сілтілік металл

2.Сутек - газ

3.Фенолфталеин, метилоранж, лакмус - индикатор

4.H2SO4 - қышқыл

5.NaOH -сілті, күйдіргіш натр

6.Ең жеңіл металл - литий

7.Ас тұзы - NaCl

8.Марганцовка - KMnO4

9.Тұ тудырушы - галогендер

10.Алтын - күміс тас екен, арпа - бидай ас екен.

Екінші оқушыға:

1.Ауа құрамында оттек неше пайыз - 21%

2.Мыс кенін тудырушы - халькогендер

3.Периодтық жүйені жасаған кім? - Менделеев

4.Галогендер - тұз тудырушы

5.Ауаның құрамын алғаш анықтаған кім? - Лавуазье

6.Авогадро тұрақтысы - 6,023*10 23

7.Сутекті алғаш алған - Кавендиш

8.Металдардың керену қатарын кім жасады? - Н.Бекетов

9.Элемент атомының ядро құрамы - протон, нейтрон

10.Ас содасының формуласы - NaHCO3

V. «Егер сіз өз өлкеңіздің табиғатын бақылайтын болсаңыз не істер едіңіз?» тақырыбына қысқа әрі нұсқа ғылыми негізделген жауап қайтару керек.

Жүргізуші. Оқушылардың білімдері сыналып, жеңімпаздар анықталды. Алдағы уақытта жоғары дәрежеде көрініп, алда жүре берулеріне тілек айтып, Мұзафар Әлімбаев ағамыздың мына бір өлең жолдарымен сабақты аяқтаймыз.

Туған жерді сүю - парыз,

Сүю үшін білу - парыз.

Қасиетін ұғу - парыз

Күзетінде тұру - парыз.

Химиялық көңілді тапқырлар кеші

Жүргізуші: - Сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылармен таныстырып шығайық.

Көңілді тапқыштар білімділер

Бар өнерін алдарыңа салады

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күннің жеңімпазы болады

Әр топ басшысы өздерінің топтарымен таныстырады

Жүргізуші:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер

Жастықтың оты қайдасың

Жүректі түртіп қозғамай

Ғылымның біліп пайдасын

Дүниенің көркін болжамай

Әр топқа 10 сұрақтан қойылады, дұрыс жауапқа бір балл беріледі.

1 - топ.

1.Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылады. (гелий)

2.Қандай элементтер қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі (бром)

3.Қандай элементтер материктердің атымен аталады (европий, амерций)

4.Ағашты отсыз қалай көмірлендіруге болады? (H2SO4 концентрациясында)

5.Суды қалай жандыруға болады (сілтілік металдар арқылы, натрий,калий)

6.Планетамызда көп таралған элементтер (сутек,гелий)

7.Сіріңкесіз қалай от жағуға болады (ақ фосфор арқылы)

8.Жұмыртқаның қабығын қалай сындырмай аршуға болады (сұйытылған қышқылға салып)

9.Әрі химик, әрі музыкант ғалым (А.П.Бородин)

10.Алып элемент (титан)

2 - топ.

1.Ресей елінде алғаш химия зертханасын ашқан кім(М.В.Ломоносов)

2.Қандай жыланда сынап көп (фараон жыланында сынап (ІІ) роданиді)

3.Футбол терминінде кездесетін элемент (гольми)

4.Табиғи талшықты зат (асбест)

5.Мыстың табиғи қосылысы (малахит)

6.Сүт қанты (лактоза)

7.Темекінің құрамындағы алкалоид (никотин)

8.Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді (мыс)

9.Топырақты құнарландыратын элемент (азот)

10.Үш түрлі күйде кездесетін зат (су)

3 - топ.

1.Қандай металл болашақтың металы деп аталады (алюминий)

2.Лимон қышқылын қайдан алады (қанттан не мелясиден)

3.Сутек қай затта жақсы ериді (балқытылған темір, никель, палладийде)

4.Қандай жай зат ең жоғары температурада балқиды (графит 380 градус С)

5.Қандай элемент жер қыртысының 75% -ын құрайды (оттек 49%, кремний 26%)

6.Ауа газдар қоспасы екенін алғаш айтқан ғалым (Л.Да Винчи)

7.Адамға таза, дистилденген су ішуге пайдалы ма (жоқ)

8.Фосфор элементі қашан ашылды, кім ашты (Гамбург химигі, Г.Бранд, 1699ж)

9.Грек тілінде ай деген мағынаны білдіретін элемент (селен)

10.Әлемдегі ең алғаш мұнай айдау зауыты қашан және қай жерде салынды (1745ж. Ухта өзені бойында)

Жүргізуші:

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Біреуінің қатты істейтін миы бар

Кезекте сөзжұмбақтарды шешу. Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары.

1.Химияның арнайы бөлігін құрайтын элемент (көміртек)

2.Шпатта алғаш табылған элемент (барий)

3.Улы ұшқыш қосылыс (Арсин)

4.Қытай, Бирма, АҚШ-та көп кездесетін металл кен орны (Вольфрам)

5.Скандинавия жарты аралындағы мемлекет (Швеция)

6.Мұхит суында кездесетін элемент (марганец)

7.Құймаларды қызуға төзімді ететін металл (молибден)

8.Көбіне галлит, сильвинит, карналлит тұздары құрамында кездесетін элемент (хлор)

9.Майларды гидролиздеу нәтижесінде алынған элемент (глицерин)

Көлденеңінен:

3.Қазақ халқының алғашқы акамедиктерінің бірі, фосфор тұздары маманы (Бектуров)

5.Химиялық элементтердің рентгендік спектрін зерттеген ағылшын ғалымы (Мозли)

7.Ұшқыш компонеттерінен ректиаикациялау арқылы тазаланған спирт ашымасы (Барда)

8.Флогистон теориясының негізін қалаушы неміс ғалымы (Шталь)

11.Анестезия үшін қолданылатын препарат (новокаин)

Тігінен:

1.Металдарды зерттеген араб химигі (Турки)

2.Органикалық қосылыс (спирт)

3.Катализдік мультиплет теориясының негізін қалаушы орыс химигі (Баландин)

4.Орта ғасырдағы Еуропа химигі, сульма мен мышьякты алғаш зерттеген кім (Валентин)

9.Кремнеземнің табиғатта көп тараған түрі (кварц)

10.Кальций сульфатының кристаллогидратының бір түрі (ғаныш)

1. Қазақтың химик-органигі, негізгі еңбегі өсімдіктер химиясы болып табылады (Шомбалов)

2.Түрлі заттарды ерітетін қоспа (еріткіш)

3.Тұңғыш рет химия ғылымының докторы атағын алған қазақ химик-органигі (Әзербаев)

4.Тұз қышқылының аммоний тұзы (мүсәтір)

5.Ерте кезде қазақ халқы қолданған металдардың бірі (мырыш)

6.Қазақ халқының акамедик -химигі, жоғары молекулалы қосылыстар маманы (Жұбанов)

7.Үй тұрмысында көп қолданылатын, қазақ халқына ертеден таныс металл (қалайы)

8.Радиоактивті сәулелерді өткізбейтін металл (қорғасын)

9.Мыс тұзының кристаллогидраты (тотияйн)

10.Қазақ халқының химия саласындағы алғашқы академиктерінің бірі (Бектұров)

Жүргізуші:

Химия - ырыс бұлағы

Шалқыған байлық мол дәулет

Аялап күтіп тұр алда

Болашағымыз - нұр сәулет

Аялдама, алға ұмтыл

Құдыретті біздің ой

Сенде байлық, сенде ырыс

Сенімен өмір сәнді ғой

Кезекте әр топ тәжірибе көрсетеді.

  1. «Судан сүт алу»

  2. «Жанбайтын орамал»

  3. «Отсыз жұмыртқа пісіру»

Жүргізуші:

Тағы келді сыналар шақ айналып

Тереңіне білім теңіз байланып

Кім шешеді сол сайыста ұшып тұр

Есеп шешер кезегі келіп тұр

Ендеше әр топтың алдына түрлі есептер беріледі, шығарылған есептің жауабы дұрыс болса пирамидаға жапсырады . Нәтижесінде қай топ қанша есеп шығарғанын пирамидаға жапсырылған үшбұрыш қиық арқылы балдарын санаймыз. Әрбір дұрыс есепке 5 балл қойылады.

Соңынан бірінші кезеңнен бастап барлық балдар есептеліп, жеңімпаз топ жарияланып, топтар марапатталынады.

«Зерделілер» мен «Зейінділер»

І кезең. Сәлемдесу

а) Таныстыру

ә) команда эмблемасы

б) ұран

в) қарсыластарына сәлем

г) әділқазы алқасына сәлем

ІІ кезең. «Қалауың білсін» (таңдалып алынған тапсырма)

ІІІ кезең. «Қателеспе» (формула біліктілігін тексеру)

ІV кезең. «Қапы қалма» (топтарға есептер тапсырылады)

V кезең. «Капитандар сайысы»

VI кезең. «Үйтапсырмасы»

1-жүргізуші:

Уа, халайық!

Бәріңе бірдей жар салайық

Химия тілін үйренем деушілерге

Химия тілін білмек ойлы балаларға

Химия құмарлығын арттыруға, талпынушыларға

Бүгін болатын кешімізді арнаймыз.

2-жүргізуші:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ер жеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп Абай атамыз айтқандай уақытында химия сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда химия ғылымымен әрі қарай сырласып, кейбіреулермен мұңдасып қалу үшін өткізілгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға бүгінгі «Зерделілер мен Зейінділер» атты сайысқа қатысушыларымызды шақырамыз.

І топ - 10 сынып оқушылары

ІІ топ - 9 сынып оқушылары

ІІІ топ - 8 сынып оқушылары

Жүргізуші:

Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!

Сайысымызды әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер

Бірінші сайыс: «Сәлемдесу» әр топ өздерінің атымен, ұранымен, қарсыластары мен әділқазылар алқасына сәлем жолдайды.

Екінші сайыс: «Қалауың білсін!» әр топ бір-бір қатысушыны ортаға шақырамыз, ұсынған ұяшықтардың біреуін таңдайды. (кубик 1,2,3,4)

1

2

3

41 - ұяшық сұрақтары

1. Бір ълементтің бірнеше жай зат түзу қасиеті (аллотропия)

2. Индекс, коэффициент дегеніміз не? (индекс атом саны, коэффициент - молекула саны)

3. Ас содасының формуласы (NaHCO3 - натрий гидрокарбонаты)

4. Оттектің сұйылту температурасы қандай? ( сұйық (О2)= -180 градус С)

5. Жер бетіндегі тіршілік атырабы (биосфера)

6. Д.И.Менделеев ескерткіші қай қалада қойылған (Тобольск, Мәскеу, Ленинград)

7. 61 жас неше мүшел (5 мүшел)

8. Ауада неліктен алма сарғаяды ( темір(ІІ) ионы темір (ІІІ) ионына айналады)

9. Ылғал тартқыш қышқыл ( H2SO4 - күкірт қышқылы)

10. Тоңазытқыштарда қолданылатын газ (NH3 - аммиак)

2 - ұяшық сұрақтары

1. Гидрлену реакциясы дегеніміз не? (сутектің қосылу реакциясы)

2. Ломоносов «корпускула» деп нені атаған (молекула)

3. Бактериоциттік қасиеті бар қай металл (күміс)

4. Судың агрегаттық күйлерін ата (мұз, сұйық, бу)

5. Қай орыс ғалымы химик, белгілі музыкант болған (А.П.Бородин)

6. Сутекті ашқан ғалым (Г.Кавендиш)

7. 70-80 аралығын қалай атаған (қария, қарт, ақсақал)

8. Патша сұйығы деген не (1 көлем азот қышқылы мен 3көлем тұз қышқылы қоспасы)

9. Тұздар мен су арасындағы реакция (гидролиз)

10. Х.Колумб Американы қай жылы ашты (1492)

3 - ұяшық сұрақтары

1. Заттың құрамы мен қасиеті сақталатын ең кіші бөлшегі (молекула)

2. Фосфор деген сөз қандай мағына береді (жарық тасушы)

3. Теңіз капустасы - ламинария қандай элементке бай (йод)

4. Иммунитет дегеніміз не (ағзаның жұқпалы ауруға қарсы тұру қасиеті)

5. Қай бұлшықет өте күшті (ауыз бұлшықеті)

6. Жердің терең қабатындағы балқыған зат (магма)

7. «Белоксыз тіршілік жоқ, азотсыз белок жоқ» сөздерінің авторы (Ф.Энгельс)

8. Алғашқы орыс профессоры, химик (М.В.Ломоносов)

9. Индекс нені көрсетеді (атом санын)

10. Қайсы артық 1кг мақта, әлде 1 кг темір (бірдей)

4 - ұяшық сұрақтары

1. Судың қатты күйі (мұз)

2. Батыс Қазақстан облысындағы ұлы өзен (Жайық)

3. Дүниедегі ең үлкен жеміс (асқабақ)

4. Күнге ең таяу айналатын планета (меркурий)

5. Денесіндегі қышқылы бар жәндік (ққұмырсқа)

6. Дүние жүзіндегі ең үлкен қорық қай жерде орналасқан (Африка)

7. Оттекті ашқан ғалымдар (Ағылшын ғалымы Пристли және Швед.К.Шееле)

8. Дүние жүзіндегі тұңғыш әйел профессор кім (М.Складовская)

9. Күннің көзі жылына неше рет шығады (365)

10.Миллионда неше голь бар (6)

ІІІ кезең. «Қателеспе»

1 - жүргізуші. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

2 - жүргізуші.

Химия ырыс бұлағы,

Шалқыған байлық, мол дәулет.

Аялап күтіп тұр алда,

Болашағымыз - нұр дәулет.

Бұл сайыста тез арада формулаларды қателеспей табу керек (топпен жұмыс)

  1. Салыстырмалы атомдық масса

  2. Массаның атомдық бірлігі

  3. Зат мөлшері

  4. Мольдік масса

  5. Авогадро саны

  6. Газ тәрізді заттардың көлемі

  7. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі

IV кезең. «Қапы қалма»

Есеп, есеп, есеп - ай

Есеп білмес есек - ай

Есеп білмес баланы

Еркелетпес ешкім - ай.

Топтарға есептер таратылады. Есептерді шығаруға 10 мин уақыт беріледі. Есептер шығарылғанша жанкүйерлер сайысы өткізіледі.

Жанкүйерлермен жарыс (әр команданың жанкүйерлерінен жеті оқушыдан алға шықсын)

1 - топ. «Г» әрпімен басталатын жеті химиялық сөздерді атаңыздар. (газ, галоген, гидрокарбонат, гомолог, гидратация, глюкоза, графит)

2 - топ. «К» әрпінен басталатын жеті химиялық сөздерді атаңдар. (карбонат, кристаллогидрат, көмірсулар, күкіртсутек, крахмал, каучук, көмірсутек)

3 - топ. «М» әрпінен басталатын жеті химиялық сөздерді атаңдар. (мұнай, метилоранж, молекула, метан, металл, мұз, майлар)

Бесінші сайыс. «Капитандар сайысы»

Қай команданың капитаны көрсетілген өзгерісті тез жүзеге асырады:

Мысалы: N2 - NO - NO2 - HNO3 -

«Үй тапсырмасы». Капитандар жазған кезде топ мүшелерін зейін мен зерделіліктерін тексеру үшін тапсырма беріледі.

Үй тапсырмасы кроссворд, чайнворд, анаграммалар құрастырып келу. Тапсырманы бір парақ қағазға жазып, айтып беріңіз. Үш топ тапсырмаларын әділқазы алқасына тапсырады.

1 - жүргізуші:

2030 - дың барысымыз

Болашаққа бастайды әр ісіміз.

2 - жүргізуші:

Егемен елімізді көркейтетін,

Білім шыңына шығу - парызымыз, - дей отырып, бүгінгі сайысымызда мәресіне жетті.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.

«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы

Армысыңдар, бүгін «XXI ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келдіңіздер!

Қатысышулар мен әділ қазыларды таныстыру.

І кезең. «Бәйге»

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, - деп келе біз келесі кезең - бәйгені бастайық.

  1. Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған үш сұрақ қойылады

  2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай иеленеді

  3. Ойлануға уақыт беріледі

1 - ойыншы

1. Фотосинтез үрдісі нәтижесінде өсімдіктер бөлетін газ (оттек)

2. Теріс және оң зарядталған атомдар (иондар)

3. Ұйқы безінен бөлінетін гормон (инсулин)

2 - ойыншы

1. Қанның құрамындағы элемент (темір)

2. Ең жеңіл металл (литий)

3. Күнбағыс қай тұқымдасқа жатады (күрделі гүлділер)

3 - ойыншы

1. Адамның дене жасушаларының хромосома саны (46)

2. Қанттың химиялық аталуы (сахароза)

3. Қан беруші адам (донор)

4 - ойыншы

1. Ұйқы ауруын тудыратын Африкалық шыбын қалай аталады (цеце)

2. Оң зарядталған ион (катион)

3. Тұқым қуалайтын өзгергіштік (мутация)

5 - ойыншы

1. Периодтық жүйедегі элементтердің көлденең қатары (период)

2. Жүректің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым саласы (кардиология)

3. Дені сау адамның асқазанында қандай қышқыл болады (тұз қышқылы)

6 - ойыншы

1. Адам ағзасында қандай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды (фтор)

2. Қай галоген бактерияларды өлтіріп, денсаулықты қорғайды (хлор)

3. Жасушаны зерттейтін ғылым саласы (цитология)

7 - ойыншы

1. Өмір мен ойдың элементі (фосфор)

2. Йод тапшылығынан болатын ауру түрі (жемсаулық немесе зоб)

3. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл (күріш)

8 - ойыншы

1. Теріні үльтракүлгін сәулесінен қорғайды. Өзін оттектің үш атомы құрайды (озон)

2. Суда еритін негіздер қалай аталады (сілтілер)

3. Муфлоннан үй жануарының қайсысы шықты (қой)

ІІ кезең: «Дода»

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын, - деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.

Бірінші кезеңде жиналған ұпай екінші кезеңде сақталады.

  1. Қатысушыларға 2 пәннен 10, 20, 30, 40 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы пәнді және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші кезеңде жинаған ұпайларына сәйкес ең көп жинаған ойыншыға беріледі.

  2. Сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына балдар қосылып отырады. Ойыншы сұраққа жауап бере алмаса басқа ойыншыларға да жауап беру мүмкіндігі беріледі.

  3. Екі кезең барысында барынша көп ұпай жинаған 4 ойыншы үшінші кезеңге шығады.

10

30

20

40

10

30

20

40

10 ұпай Биология. Бұл өсімдік ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда егілген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті ресейге ең алғашқы рет І Петр әкелген . Қандай өсімдік туралы айтылуда? (картоп)

20 ұпай Биология. АҚШ-та ақбас бүркітті, Ресейде қоңыр аюды, қазақ халқы аққу мен үкіні қасиетті санайды, ал Үндістанда қай жануарды қасиетті санайды ? (сиыр)

30 ұпай Биология. Бұл құс түйеқұстардың ішіндегі ең кішкентайы. Денесінің ұзындығы 50-80 см, салмағы 2-4 кг. Қорегін көбіне иіс сезу арқылы табаны. Басқа түйеқұстардан басты ерекшелігі түнде белсенді тіршілік етеді. Олар құрттармен, жәндіктермен, жидектермен қоректенеді. 1921 жылдан бері қатаң қорғауға алынған. Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» тіркелген. Бұл құс Жаңа Зеландияның ұлттық символы. (Киви)

40 ұпай Биология. Аяқсыз жылан тәрізді кесіртке, ұзындығы 1-2 м жыланнан айырмашылығ қасы болады және көзін жыпылықтата алады. Күндіз белсенді тіршілік етеді. Ол зиянсыз бауырымен жорғалаушылар, бау-бақшалардағы зиянкестерді жеп пайда келтіреді. Қазіргі кезде сирек кездесетін кесіртке, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген қай бауырымен жорғалаушы туралы айтылуда? (сары жылан немесе сары бауыр)

10 ұпай Химия. Табиғатта таралуы бойынша бірінші орында тұрған металл? (алюминий)

20 ұпай Химия. Неліктен темір - аспан тасы деп аталған? (себебі метеориттің құрамында бар)

30 ұпай Химия. Бұл заттың 0,9 % ерітіндісі физиологиялық етірінді деп аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Ол затты тұрмыста тамақ дайындауға қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай (натрий хлориді)

40 ұпай Химия. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)

ІІІ кезең: «Тіл өнер»

Келді кезек жұмбақты шешуге

Жауаптарын беруге үш тілдерде

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз

Жақсы баға шәкірт саған несібе

Жасырылған жұмбақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек. Химия пәніне қойылған сұрақтардың жауабы қазақ, орыс, латын тілінде берілуі қажет. Әр ойыншыға екі сұрақтан қойылады. Ойыншы жауап бере алмаса, қарсыластарына жауап беру құқығы беріледі.

  1. Халқымыз жеңіл ауру санайтын қатерлі дерт. (тұмай-грипп-Flu)

  2. Таяқ еттен өтеді, Сүйек ....... өтеді (сүйек -кость-bone)

  3. Жазда тұрып жоғары, Күзде жерге қонады (жапырақ - листья - leaves немесе leaf)

  4. Негізі сутек пен гелиден тұратын қызған алып шар.(күн - солнце - sun)sun

  5. Өзі ауыр металға жатады, емшілер қорықтық құюға қолданады (қорғасын - свинец - плюмбум)

  6. Сұйық металл (сынап - ртуть - гидраргирум)

  7. Ел іші ...... бесік (алтын - золото - аурум)

  8. Батыр майданда шыңдалады, ........... қайнауда шыңдалады (темір- железо - феррум)

IV кезең: «Ұлы тұлғалар» Бұл кезеңде химия және биология ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар туралы болады. Қойылған сұраққа ең бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді, берген жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарсыластары да өз жауаптарын айтуына болады.

  1. Америкалық эмбриолог, генетик. Генетикалық зерттеулерді ең алғашқы болып жеміс шыбыны дрозофилаға жүргізген. Осы жұмыстарының нәтижесінде ол шәкірттерімен бірге тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашты. Генетика ғылымының дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуды? (Т.Морган)

  2. Қанайналым және ас қорыту саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығын алған алғашқы орыс ғалымы. Оның шартты рефлекстер туралы теориясын тірі ағзалардың сыртқы ортамен байланысын және олардың сыртқы әсерлерге көрсететін реакцияларын түсіндіруге септігін тигізіп, физиологияның дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуды? (Иван Петрович Павлов)

  3. Зат массасы мен энергиясының сақталу заңын ашқан ғалым. «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химияның ғажайыптары», «Химия келешекте адамзатқа құшағын кеңінен жаяды» - деп көрегендік танытқан ғалым. (М.В.Ломоносов)

  4. Электролиттік диссоциациялану теориясын негізін қалаған швед ғалымы. Сонымен қатар физиканың көптеген саласында, иммунохимия саласында жұмыстар жүргізген. Химия ғылымының дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуда? (Сванте Аррениус)


«Жас химиктер» білім сайысы

Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі кезде оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығы төмен екені белгілі. Бұл жағдайды 11 - сынып оқушыларының ұлттық бірыңғай тестіні тапсыру кезіндегі 4 - пәнді таңдауына байқауға болады. Осы сеьептерге байланысты оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Химия» апталығында 8-9 сыныптар арасында қызықты сайыс сабағы өткізіліп тұрады.

Сайыс барысы.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді: «Ойшылдар», «Зеректер», «Білімділер». Топқа бөлінген оқушылардың білім-білігін әділ-қазылар бағалайды.

Сайыс 11 кезеңнен тұрады:

  1. Оқушылар ізденісінен

  2. Химиялық бәйге

  3. Жұмбақтар сыры

  4. Сиқырлы сандар

  5. Дода

  6. Электронды оқулық

  7. Алтын қақпа

  8. Тіл сындырайық

  9. Кім жылдам

  10. Химиялық эстафета

  11. Есептер сыры

1 кезең: «Оқушылар ізденісінен». Бұл кезеңде оқушылар химия пәніне байланысты әңгіме оқу, өлең жаттау, ертегі айту, жұмбақ жасыруға болады.

2 кезең: «Химиялық бәйге». Бұл кезеңде оқушылар тақтадағы бірнеше сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

«Ойшылдар» тобына:

1. Химия қаны - H2SO4 (иә)

2. Озонның формуласы - О3 (иә)

3. Судың формуласы - SO3 (жоқ)

4. Темірдің атомдық салмағы - 56 (иә)

5. Көмір қышқылының тұзы - сульфат (жоқ)

6. Айдахар бейнесіне ұқсайтын элемент - S (иә)

7. Сұйық металл - сынап (иә)

8. Химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым - Бутлеров (иә)

«Зеректер» тобына:

  1. Атомдық салмағы 16 - S (жоқ)

  2. Фосфор қышқылының формуласы - H2SO4 (жоқ)

  3. Үйге жарық беретін элемент - Fe (жоқ)

  4. «Аспан тасы» аталатын элемент - Fe (иә)

  5. Сүйек құрамында сынап бар (жоқ)

  6. Адам шашында алтын бар (иә)

  7. Күміс қасық қараяды (иә)

  8. Металдар коррозияға ұшырайды (иә)

«Білімділер» тобына:

  1. Күкірт қышқылының формуласы - SO3 (жоқ)

  2. Ас тұзының формуласы - NaCl (иә)

  3. Металл қорғасын құйған сақамен атады (иә)

  4. Адам тыныс алатын газ - Н2 (жоқ)

  5. Период саны - 3 (жоқ)

  6. Ең жеңіл металл - литий (иә)

  7. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл - йод (иә)

  8. Атом - молекулалық ілімді ашқан ғалым - Ломоносов (иә)

3 - кезең: «Жұмбақтар сыры» . Бұл кезеңде оқушыларға химия пәніне байланысты жұмбақтар жасырылады.

1. «Ойшылдар» тобына

А) Өзім газбын, менімен демаласың

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың

Б) Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге

2. «Зеректер» тобына:

А) Ең жеңіл элементсаналады

Периодтық жүйе осыдан басталады

Б) Ол болмаса астың дәмі кірмейді

Кім бар екен әлемде оны білмейтін

3.«Білімділер» тобына:

А) Машина мен трактордың шикізаты

Қара металлургияның негізгі наны

Б) Өзі ауыр металға жатады

Балалар осы металл құйған сақамен атады.

4 - кезең: «Сиқырлы сандар». Бұл кезеңде 3 топқа жылдар жасырылады, оқушылар сол жылдарда қандай жаңалық ашылды соны айтады.

1. 1669жыл (Х.Бранд фосфорды ашты)

2. 1772 жыл (Д.Резерфорд азотты ашты)

3. 1774 жыл

4. 1776 жыл

5. 1785 жыл

6. 1869 жыл (Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі ашылды)

5 - кезең: «Дода» Бұл кезеңде оқушылар сөзжұмбақ шешеді.

Х


И

М


И



Я


  1. Дезинфекция үшін қолданылатын элемент?

  2. Медицинада қолданылатын элемент?

  3. Тұрмыста қолданылатын элемент?

  4. Біреуі оттегі болып келетін, екі элементтен тұратын зат?

  5. Элементтің түр өзгерісі қалай аталады?

6 - кезең: «Электрондық оқулық». Бұл кезеңде оқушылар электрондық оқулықты тамашалай отырып, реакция теңдеуін жазу керек.

7 - кезең: «Алтын қақпа». Бұл кезеңде оқушылар тор көздегі сандарды таңдай отырып, сонда берілген сұрақтарға жауап береді:

1. Ас содасының формуласы - (натрий гидрокарбонаты)

2. Тамақтан уланғанда қабылдайтын қара дәрі (активтелген көмір)

3. Қарағанды фитохимия институтында алынған қатерлі ісікке қарсы қолданылатын дәрі (арглабин)

4. Сүйекті қаптайтын элемент (Са)

5. Адам бойының өсуіне әсері бар элемент (Zn)

6. Жүйкені тыныштандыратын дәрі құрамына кіретін элемент (Br)

8 - кезең: «Тіл сындырайық». Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады, оқушылар соның жауабын тауып 3 тілде айту керек: қазақша, орыысша, латынша.

1. Нені қызған кезде соқ?

2. Нені көрсе періште жолдан таяды?

3. Ауаның негізгі құрам бөлігі?

9 - кезең: «Кім жылдам?». Бұл кезеңде оқушылар реакция теңдеуіндегі бос оырнды толтырады:

1. Zn + H2SO4 = ……

2. HCl + ……= NaCl + H2

3. Na + H2O = ……

10 - кезең: «Химиялық эстафета». Бұл кезеңде оқушылар бір элементке екінші элементті қосып, реакция теңдеуін жазу.

«Ойшылдар» тобына: Cu - CuO - CuCl3 - Cu(OH)2

«Зеректер» тобына: S - SO2 - SO3 - H2SO4

«Білімділер» тобына: Zn - ZnO - ZnSO4 - Zn(OH)2

11 - кезең: «Есептер сыры»

Тағы келді сыналар шақ айналып

Тереңіне білім теңіз байланып

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр

Есеп шешер кезегі келіп тұр.

Бұл кезеңде 3 топқа есептер беріледі, сол есептердің шешімін оқушылар тақтаға жазады.

«Ойшылдар» тобына: 20г суда 10г қант еріді. Ерітіндінің массалық үлесі қанша?

«Зеректер» тобына: CuSO4 - 80г, CuSO4*H2O - ерітіндінің массасын тап.

«Білімділер» тобына: 70г суда 20г ас тұзы еріді. Ерітіндінің массалық үлесі қанша?

Қорытынды: Әділқазылар шешімімен жеңімпаз топ анықталып, «Жас химиктер» деген атпен марапатталады.

Химия әлемінде ( тәрбиелік іс - шара)

Оқушыларға химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы, қосымша материалдардан мағлұмат беру, өздігінен ізденуге, ттоптасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу, тапқырлыққа үйрету қажет.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, NaOH, H2SO4, ииндикатор лакмус қағазы фенолфталеин, метилоранж 10 дана элементтер, тор Н2О формуласы, сөзжұмбақтар.

Жоспар:

І. Кіріспе. Құрметті ұстаздар, оқушылар, қош келдіңіздер!

ІІ. Таныстыру. Екі топтың атын анықтау үшін көрініс.

Көрініс. Аррениус, Усанович екі ғалым кіреді.

  • Міне ғажап, бір жерге тап болдық

  • Мына қонған ауылдар, кімнің ауылы болды екен!

  • Бір құпиясы бары анық, қалай анықтаймыз?

  • Бір жолын таптым; қоржыннан құралды шығарып, қазір тәжірибе жүргіссем бе деймін: H2SO4 лаксум салады. Сонда қағаз қызыл түске боялады. Демек қышқылдар ауылы болды ғой.

  • Жарадыңыз. Енді екінші ауылды мен анықтап көрейін: NaOH + лакмус = көк түске боялады. Бұл негіздер ауылы екен.

  • Біз химия еліне келіппіз. Армысыздар оқушылар!

  • Қош келдіңіздер құрметті ғалымдар! Химия елін табу қиынға соқты ма?

  • Әзер таптық.

  • Сайысқа «Қышқылдар» мен «Негіздер» ауылы қатысады.

І -бөлім. Сұрақ - жауап (ұпай)

«Қышқылдар» ауылына:

  1. Өсімдік жапырақтары неге жасыл, ол жапырақтарға түс беретін қандай элемент бар? (өсімдік жапырағына түс беретін хлорофилл, онда магний металы болады)

  2. Кір сабында болатын қышқыл (стеарин қышқыл)

  3. Адам мен жануардан бөлінеді, өсімдіктің торына ілінеді (СО2)

  4. Өзі ауыр металға жатады. Балалар осы металды құйып сақамен атады (қорғасын)

  5. Оң заряды бірдей ядросы бар атомдардың белгілі түрі (химиялық элемент)

«Негіздер» ауылына:

  1. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр (коэффициент)

  2. Дені сау адамның асқазанында қандай күшті қышқыл болады (тұз қышқылы)

  3. Жанбайтын қандай зат сумен сөндіріледі (әктасты сумен қосу, әктасты сөндіру деп аталады)

  4. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент (Zn)

  5. Германиядағы облыс атауымен аталатын элемент (магний)

ІІ - бөлім: Экспериментатор: тәжірибе көрсету. Қызықты тәжірибе түсіндіру.

Қышқылдар: «Барлық гүлдер гүлденсінші»

Қазір сіздердің көз алдарыңызда мына гүлдер шығады, күн көзіндей сендердің жүректеріңді жылытады.

Орындаушы. Фенолфталеин сіңірілген қағаздан жасалған гүлдер тұрады, ас содасы ерітіндісі толтырылған пульверизатордан гүлге шашады, көз алдымызда барлық гүлдер таңқурай түсіне ауысады.

Оқушы сөзі. Фенолфталеин индикаторы қатысында ас содасы таңқурай түске боялады.

Негіздер: «Сиқырлы жылан»

Ақ қағаздың бетіне H2SO4 - ң ерітіндісіменжазу жазыңыз. Қағаз кепкен кезде жазу ғайып болады. Содан соң 15 -18 см ара қашықтықта май шамның жалынына ұста. Біраз уақыт өткеннен кейін қағаз бетінде қара түсті жазу пайда болады.

Түсіндіруші: қағаздың H2SO4 - да көмірге айналу нәтижесінде түзіледі.

2 Күл. «Қанттың жануы» қысқыштың көмегімен бір бөлік қантты жанып тұрған газ плитасына ұстаңыз. Қанттың үстіне шамалы темекі күлін сеуіп, жалынға қайта апарамыз:

Сұрақ: Күл қандай қызмет атқарады?

Түсндірме: кейбір заттар өздері реакцияға түспесе де, екінші бір заттың реакцияға түсуін тездетеді. Күл катализатор қызметін атқарады.

3. «Жұмыртқаның қабығын сындырмай, қалай аршуға болады?» Піскен жұмыртқа, НСІ, стақан су.

Орындалуы: стақандағы тұз қышқылына піскен жұмыртқаны салғанда жұмыртқа алғашқы кезде НСІ -ң біресе астына түссе, біресе үстіне шығып, қозғалыста болады.

а) жұмыртқаның сыртындағы қабығы СО2 (СаСО3) тұз қышқылында ериді.

ә) түзілген СО2 -ң қысымының әсерінен жұмыртқа қозғалысқа түсті (1 жұмыртқа)

ІІІ - бөлім. «Тормен су әкелу» ойыны

2 топ оқушыларына металдан немесе жіппен тоқылған тор беріледі. Суды төкпей, жылдам әкелу керек. Қалай әкелуге болады? Жауабы: торға Н2О формуласын жазып салады да әкеліп береді. 2 торкөзге ас тұзын толтыру Na - 10 дан, СІ -10 дана, басқа элемент 10 дана.

IV - бөлім: Биогендік элементтер.

2 топқа бірдей аталған мүшелерінде кездестіретін элементтерді атаулары қажет:

«Қышқылдар» тобына:

Өкпеде - Li, Na

Қанда - Fe, Na, Li, Ca, K

Қалқанша безде - J, Zn, Br

Тісте - F, Ca, Mg, P

Гипофизде - Zn, Br, Mn, Cr

«Негіздер» тобына:

Мида - Na, Mg, K

Шашта - Al, As, Cl

Жүректе - Ca, K

Ұйқы безінде - Mg

Бауырда - Li, Se, Mo, Zn, Ca, Mn, K, Cu

V - бөлім: Капитандар сайысы.

1. Бір қағаз бетінде прибор салынған, ал екінші қағазға салардың реакциясын жазылған. Осы приборға қандай реакция сәйкес келетінін табу керек.

а) CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2CO3

ә) 2NaOH + H2SO4 = Na2SO4 +H2O

б) Zn +2HCl = ZnCl2 + H2

в) ZnCl2 + 2KOH = Zn(OH)2 + 2KCl

VІ - бөлім. Есеп шығару «Алтын сандық»

Есептер сыры.

Тағы келді сыналар шақ айналып

Тереңіне білім теңіз байланып

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр

Есеп шешер кезегі келіп тұр.

Қышқылдар тобына: Массасы 200г шаймен бірге адам судың қанша молекуласын ішетіндігін табыңдар. Бір шөлмек 0,5 л. Минералды су ішкенде ше?

Негіздер тобына: Қыз бала тамақ пісіріп жатқанда абайсызда массасы 15г бір ас қасық қантты С12Н22О11 жерге шашып алды. Ол қанттың қанша молекуласын шашып алғанын есептеңдер.

Қорытынды: Аррениус, Усанович мырзалар сый-сияпаттарын береді.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сен жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, - деп осымен тәрбиелік шараны аяқтаймыз.

«Білімді мыңды жығар» химия кеші

Мақсаты:

1. Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру, олардың пәнді игеруге деген қажеттіліктерін туғызу, ынтасын арттыру.

2. Химия ғылымының қоғамдағы космосты игеру, атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдану, жасанды заттарды синтездеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, жаңа энергия көздерін табу, табиғи шикізат көздерін игеру, тұрмыста, медицинада т.б жерлерде қолданылатын химия өнімдерінің маңызын оқыту.

3. Химия пәнінің қажеттілігі мен өзектілігін, маңызын айтып, оқушылардың химиялық білімдерін дамыту.

Сайыстың кезеңдері:

1. Сәлемдесу

2. «Біліміңді сына» сұрақ-жауап

3. «Кім жылдам?» жылдамдық сайысы

4. Жарнама «Химия айналамызда»

5. Топ басшыларының сайысы

6. Қорытынды

Химия кеші «Мектебім» әнімен ашылады.

1. Мектебім - білім ордасы-ай, 2. Мектебім білім кемесі -ай,

Балалар білім алған - ай. Мектебім орда киелі -ай.

Арнаймыз әнімізді - ай, Әртүрлі ғылым саласын

Шәкірттер білім алған- ай. Оқытып тәрбиелейді.

Мектебім жайнап тұрған - ай, Сүйікті ұстаздарым - ай,

Жастары сауық құрған - ай. Ақылды ұстаздарым - ай.

Білімді бізге үйретер Қуантсын оқушыларың

Ұстаздар аман болың- ай. Шетінен болып дарынды-ай

Қайырмасы: Жайнаған сәнімсің,

Айтатын әнімсің.

Мектебім сүйікті

Қаламның сәнісің.

Мектебім менің

Мектебім менің

Сүйікті мекенім.

І бастаушы: - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, жиналған қауым!

ІІ бастаушы: -Сәлеметсіздер ме, қымбатты сайысқа қатысушылар!

І бастаушы: -Бүгін сіздер мектебіміздегі химия-биология апталығының аясында өтіп жатқан

«Химия айналамызда» кешінің куәсі болмақсыздар.

ІІ бастаушы: Бұл кеште мектебіміздің 9 сынып оқушыларынан құралған 4 топ өз білімдерін сарапқа салып, бақтарын сынамақшы. Ендеше сайыскерлерді шақыруға рұқсат етіңіздер.

І бастаушы: 9 а сыныбының __________________________тобы

ІІ бастаушы: 9 ә сыныбының__________________________ тобы

І бастаушы: 9 б сыныбының__________________________ тобы

ІІ бастаушы: 9 в сыныбының __________________________ тобы

І бастаушы: Әр топтың сайысқа қатысатын кезегін анықтау үшін нөмір суыруларыңыз сұралады. (нөмір суырып болғаннан кейін сол рет бойынша тұрғызылады.)

ІІ бастаушы: Сайыстың әділ бағасын беріп, сайыскерлерімізді бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар

1. ____________________________________________________

2. ____________________________________________________

3. ____________________________________________________

І бастаушы: Сәлем беріп отырған жалпыңызға,

Беріктігін білдіріп салтымызға.

Жеңіс деген біздерге сол емес пе,

Үлгі, өнеге қалдырсақ артымызға.

ІІ бастаушы: Жоқ ешкімнің шатасы,

Үлкендердің батасы.

Топ басшысы таныстыр

Сәлем - сөздің атасы.

Бүгінгі сайыстың бірінші кезеңі Сәлемдесу

І бастаушы: Химия ғылымдардың бұл төресі,

Оза алмайды жарыста тар өресі.

Біліміңді көрсетер кезің келді

Басталмақшы кезеңіміз келесі

Сайыстың екінші кезеңі «Біліміңді сына . Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылып, жауап сұралады.

ІІ бастаушы: Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,

Дән өсті туған өлке сауырында

Ішсең ас, кисең киім, үй жиһазы,

Химия дәру болған болған сауығуға.

Жарыстың үшінші кезеңі «Кім жылдам?» Бұл кезеңде әр топтың оқушылары берілген тапсырма бойынша жауаптарын іздеп табады. Тапсырмалар сандық және сапалық есептер түрінде болады. Ойынды барлық топ бір мезгілде бастап, бірге аяқтайды. Бәріне ортақ 5 минут беріледі. (Берілген торкөздер бөлек-бөлек қиылып, оқушыларға араласқан күйде беріледі, олар жұптастыру керек)


HNO3

(диссоциациясы)

АІ(NO3)3

(диссоциациясы)

AI(ОН)3

(диссоциациясы)

BaCI2

(диссоциациясы)

H2SO4

(диссоциациясы)

Ең ауыр металл

Н+ + NO-3

АІ3++ 3NO-3

AI3++3ОН-

Ba2++2CI-

2H+ + SO42-

Осмий

KNO3

(диссоциациясы)

ZnCO3

(диссоциациясы)

NaHCO3

(диссоциациясы)

CaSO4

(диссоциациясы)

Ең қатты металл

Ең жеңіл металл

К+ + NO-3

Zn2++CO2-3

Na++H++CO2-3

Ca2++SO2-4

Хром

Литий

КОН

(диссоциациясы)

Na2CO3

(диссоциациясы)

NaCI

(диссоциациясы)

H2SO3

(диссоциациясы)

Ең қиын

балқитын металл

Ең иілімді металл

К+ + ОН-

2Na+ + CO2-3

Na++CI-

2H+ + SO32-

Вольфрам

Алтын

І бастаушы: Химия - жыр, әніміз, шаттанамыз,

Табысын пайдаланып, мақтанамыз.

Кең байтақ кенге толы Қазақстан

Қойнауы алтын - күміс, жатқан аңыз.

Төртінші кезең Жарнама «Химия айналамызда» Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.

Тұрмыста қолданылатын әр түрлі заттардың біреуіне химиялық құрамын, қолданылуын жарнамалайды.

ІІ бастаушы: Ойхой, шіркін, мына заман аламан,

Аламанға шын жүйріктер жараған.

Дода жарып, алға шыққан ерекше

Еңбегіңді біз ерлікке балаған.

Келесі кезең «Топ басшыларының сайысы» Ортаға әр топтың топ басшыларын шақырамыз. Әр топ басшысына бөлек-бөлек лездік сұрақтар оқылады. 30 секундта 10 сұрақты тыңдап, жауап беріп үлгеруі керек. Қойылған сұрақтың жауабын білмесе «келесі» деген сөзді айту арқылы келесі сұрақты тыңдауына болады.

1-капитанға

1. Сулы ертінділері, балқымалары электр тогын өткізетін заттар (Электролиттер)

2. Зарядталған атомдар немесе атомдар тобы (ион)

3. Оң зарядталған иондар (катион)

4. Күкірт қандай валенттіліктер көрсете алады? (ІІ, ІҮ, ҮІ)

5. Өткір иісті, ауадан 2 есе жеңіл, тұншықтырғыш газ, 200С - та 0,85 МПа қысымда сұйылады (аммиак)

6. Азот қышқылының тұздары қалай аталады? (нитраттар)

7. Жылу, электр тогын өткізгіш, жылтыры бар, иілімді заттар (металдар)

8. Ең қиын балқитын металл (Вольфрам)

9. Заттың көрінбейтін ең кіші бөлшегі (атом)

10. ІІ топтың негізгі топшасының элементтері (сілтілік жер металдар)

2-капитанға

1. Сулы ертінділері немесе балқымалары электр тогын өткізбейтін заттар (бейэлектролиттер)

2. Диссоциацияланғанда гидроксотоп иондарын бөліп шығаратын заттар (негіздер)

3. Теріс зарядталған иондар (аниондар)

4. Күкірт қышқылының формуласы ( Н24)

5. Азоттың маңызды оксиді (NO2)

6. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері (графит, алмаз)

7. Ең ауыр металл (осмий)

8. Сұйық металл (сынап)

9. Қазақстанның кендер картасын жасаған ғалым (Қ.И.Сәтбаев)

10. Қышқыл, сілті ертінділерінде түсін өзгертетін заттар (индикатор)

3-капитанға

1. Электролиттердің иондарға ыдырау процесі (диссоциация)

2. Диссоциацияланған кезде сутек иондарын бөліп шығаратын заттар (қышқылдар)

3. Тұздардың сумен алмасу реакциясына түсуі (гидролиз)

4. Күкірт (ҮІ) оксидінің формуласы (SO3)

5. HNO3 қандай заттың формуласы (азот қышқылы)

6. Ортофосфор қышқылының формуласы ( Н3РО4 )

7. Ең жеңіл металл (литий)

8. Электр тогын күшті өткізетін металдар ( күміс, мыс, алюминий )

9. Металдардың сыртқы электрон қабатында қанша электрон бола алады? (1-3)

10. Химиялық реакциялардың жылдамдығын арттыратын, реакция соңында жұмсалмай қалатын заттар ( катализаторлар)

4-капитанға

1. Электролиттік диссоциациялану теориясын кім ашты? (С.Аррениус)

2. Диссоциацияланған молекулалар санының ертіндідегі жалпы молекулалар санына қатынасы (диссоциациялану дәрежесі)

3. Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері (кристалдық, аморфты)

4. Бұл элемент ауа құрамында 78% болады (азот)

5. Күкірт қышқылының тұздары қалай аталады (сульфаттар)

6. Кәдімгі құмның формуласы қандай? (SiO2)

7. Ең қатты металл (хром)

8. Қоршаған орта әсерінен металдардың бүлінуі (коррозия)

9. І топтың негізгі топшасының элементтері (сілтілік металдар)

10. Реакция кезінде сіңірілетін немесе бөлінетін жылу мөлшері (жылу эффектісі)

І бастаушы: Жұлдызды боп туғандар аз өмірде,

Болғанымен әркімнің де көңлінде.

Дарындылық адамзатқа жарасқан,

Ұтып алған алқа тұрса өңірде

«Білімді мыңды жығар» кешінің қорытындысын айту үшін сөз қазылар алқасына беріледі. (Әділ қазылар құттықтап болғаннан кейін)

ІІ бастаушы: Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,

Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.

Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан

Ала берің жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз.

ӘН: «Өркенде, шалқы химия» («Ұстазым» әнінің әуенімен)

Өркенде, шалқы химия

1. Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,

Табысын пайдаланып, мақтанамыз.

Кең байтақ кенге толы - Қазақстан

Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Беделің артып өркенде

Аймақты қамтып химия,

Өркенде, шалқы химия!

2. Химия - ел ырысы, ғасыр үні,

Ғылымға қазіргі зор басын иді.

Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған

Ашылды табиғаттың жасырыны

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Молшылық көзі-химия

Апат та өзі - химия,

Тылсым ғылым бұл - химия!

3. Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,

Дән өсті туған өлке сауырында.

Ішсең -ас, кисең - киім, үй жиһазы

Химия дәру болған сауығуға.

Иіткен тас, саз, құмды да,

Сенен зор, өктем туды ма?

Соғысқа сорға, қатерлі жолға

Жұмсалмасын химия

Жұмсалмасын химия

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Беделің артып өркенде

Аймақты қамтып химия.

І бастаушы: Бүгінгі химиялық кешіміз осымен аяқталды,

ІІ бастаушы: Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне

ізденіс-саяхат сабағы

Сабақтың типі:

Интегративті ізденіс - саяхат сабағы (химия, биология, география).

Оқытуды ұйымдастырудың формасы:

Ұжымдық және топтық.

Озық тапсырма:

Қосымша әдебиеттермен ізденіс жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік.

Периодтық кесте, Периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу; пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін терендету.

  • Дамытушылық.

Интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзара белсенділігін, ой-өрісін, өздік әрекет атқару қабілетін дамыту.

  • Тәрбиелік.

Белсенді әрекет ұйымдастыру арқылы бір-бірінің пікірін сыйлау, өзара көмек көрсету, өз жұмыстарына әділ баға беруге тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар:

Интерактивті тақта, Периодтық кесте, Қазақстанның табиғи ресурстар картасы. Тәжірибеге қажетті реактивтер: металдық натрий, су, индикатор, химиялық ыдыстар.

Сабақтың барысы:

  • Сынып оқушыларын топтарға бөліп, отырғызу (ядро, электрон, протон, нейтрон). Әр топта химик, биолог, географ және топ жетекшісі болады.

  • Химиялық ой жинау (активтендіру сұрақтары)

  1. Д И Менделеев қай жылы, қай жерде дүниеге келді (1834ж Тобольск қаласы.)

  2. Периодтық заңды Д.И. Менделеев қай жылы ашты (1869ж)

  3. Периодтық заңның тұжырымдамасы (элементтермен олардан түзілген жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массасына периодты тәуелділікте болады.)

  4. Периодтық кестеде элементтер неше топқа бөлінген (металдар және бейметалдар).

  5. Екі дайлы қасиет қандай заттарға тән (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді, мырыш оксиді, мырыш гидроксиді, берилий оксиді берилий гидроксиді).

  6. Период дегеніміз не, неше период бар (Период дегеніміз- сілтілік металдан басталып, атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан, инертті элементтен аяқталатын элементтердің көлденең қатары.)

  7. Табиғи ұялас элементтер тобын ата (сілтілік металдар, галогендер).



  • Негізгі бөлім:

Қосымша әдебиеттер мен реактивтерді пайдаланып жаңа тақырыпты меңгеру.

1. Топтардың жұмыс жоспары:

«Химик»:

  • Химиялық элементтің периодтық жердегі орыны;

  • Атом құрылысы;

  • Металл ретінде химиялық қасиеті;

  • Оксидтер мен гидроксидтерінің сипаттамасы;

«Географ»:

  • Элементтің табиғатта кездесуі;

  • Колекциямен жұмыс;

  • Қазақстанның табиғи ресурстары картасымен жұмыс;

«Биолог»:

  • Адам ағзасындағы маңызы

Осы жоспар бойынша әр топ берілген элементтерге толық сипаттама жасады.

Электрон тобы: Натрий.

«Химик»:

Элемент натрий ІІІ период І топта орналасқан

Атом құрылысы: +11 2е--- 1s2 2s2 2p6 3s1

Натрийдің сумен әрекеттесуі:

Натрий белсенді, жұмсақ металл. Сумен әрекеттесіп сілті түзеді

2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

Na2O - негіздік оксид, NaOH - сілті

«Географ»:

Натрий жер қыртысында мөлшері массасы бойынша 2,64% тең. Табиғатта көбіне тұз құрамында кездеседі. Натрий көптеген силикаттар құрамында, сондай-ақ ол еріген күйінде көл, теңіз және мұхит суларында болады. Қазақстанда ас тұзы ащы көлдерде шөгінді түрінде кездеседі .

«Биолог»:

Натрий адам ағзасына қажетті элемент, қан қысымын су алмасуын, жүйке және бұлшық ет талшықтарын реттеуге қатысады. Ағзада негізгі қышқылдық тепе-теңдіктің сақталуын, жүректің жұмысын реттеп, ағзадағы суды ұстап тұру қызметтеріне қатысады. Натрийді адам көп қажет ете бермейді - күніне 1 грамдай ғана керек. Егер натрий иондарының адам ағзасындағы мөлшері артық болса ағзадағы судың тепе-теңдігін бұзады, қан қоюланады.

Химия пәні Сыныптан тыс жұмыстарХимия пәні Сыныптан тыс жұмыстарХимия пәні Сыныптан тыс жұмыстар

Топ жетекшісі:

Біз бүгін «Электрон» тобы натрий элементіне толығымен сипаттама бердік деп ойлаймын. Натрий және натрий қосылыстары көп жерде қолданылады. Көшедегі фонарьларда натрийдің мөлшері көп. Ал бұл фонарьлар басқа фонарьларға қарағанда энергияны азырақ қажет етеді және тұманды мұнарлы күндерде жарық түсіре береді.

Натрийді сабын жасауда да пайдаланады. Ол теріге терең сінген кірді кетіру үшін мол көбік шығарады. Сондай-ақ автокөліктердің қауіпсіздік көпшіктерінде бар. өрт сөндіргіш құралдарда болады. Көбіктің ағысын сыртқы екпіннен шығаратын химиялық үдеріс үшін қажет және қыста дала тайғақ болғандықтан мұздың үстіне тұз себеді, өйткені тұз мұзды ертеді

Химия пәні Сыныптан тыс жұмыстарХимия пәні Сыныптан тыс жұмыстарХимия пәні Сыныптан тыс жұмыстар

Протон тобы: Алюминий.

«Химик»:

Элемент алюминий ІІІ период ІІІтоптың негізгі топшасында орналасқан.

Атом құрылысы: +13 2е---

1s2 2s2 2p6 3s2 3p1

Алюминий белсенді металл. Екідайлы қасиет көрсетеді. Ол қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттесуге қабілетті. Al2O3 - екідайлы оксид, Al(OH)3 - екідайлы гидроксид.

Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O

Al(OH)3 + NaOH = Na[Al(OH)4]

Алюминий тұздарын сілтілермен сапалық реакция бойынша анықтауға болады. Бұл кезде алюминий гидроксидінің қоймалжың тұнбасы түзіледі. Тұнба сілтінің артық мөлшерінде ериді. (интерактивті тақтада виртуалды зертхана арқылы көрсетеді)

«Биолог»:

Адам ағзасында алюминий - 0,001 гр. Ол бауырда, сүйекте кездеседі. Судан адам ағзасына 5-8%, ал шай жапырақтарынан 100-200есе артық алюминий беріледі. Алюминиден жасалған ыдыстарды жиі пайдалануға болмайды, себебі ол тамақтың құрамына өтіп адам ағзасына артық мөлшерде енеді. Алюминий мөлшері ағзада артып кетсе адамның жүйке жүйесін зақымдайды.

«Географ»:

Белсенді болғандықтан алюминий табиғатта бос күйінде кездеспейді, ал қосылыстар құрамындағы алюминий - табиғатта ең көп таралған металл. Жер қыртысындағы жалпы мөлшері шамамен 9%. Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты - боксит. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік шығысында, Ақмола облысымен Торғай үстіртінде. Қазақстан алюминий өндіруден ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.

Топ жетекшісі:

Алюминий техникада және тұрмыста кеңінен қолданылады. Жеңіл және бағалы қасиеттері бар құймалар алынатындықтан, оның авиациялық өнеркәсіпте, автокөлікте, электротехникада электр сымдарын жасау үшін, сонымен қатар жарылғыш заттарды алуда, химиялық аппаратураларды дайындауда, ғимараттарды салуда, жиһаздарды, ыдыстарды және т.б. жасауда маңызы өте зор. Алюминийлі жұқа фольга конденсаторлар жасау үшін қолданылады. Алюминийді кабель, қаңылтыр жіне айна өндірісінде пайдаланады. Алюминий тозаңын «күміс сияқты» түс беру үшін бояу ретінде қолданады. Алюминиймен темір бұйымдардың бетін қаптайды, бұл оларды жемірілуден қорғайды.

Нейтрон тобы: магний.

«Химик»:

Магний ІІІ период ІІтоптың негізгі топшасында орналасқан.

Атом құрылысы: +12 2е---

1s2 2s2 2p6 3s2

Магний белсенді металл. Егер ауада магний ұнтағын немесе жұқа магний лентасын жақса, көз қаратпайтын ұшқынмен жанады.

2Mg + O2 = 2MgO

Бұрын магнийдің бұл қасиетін фотографияда қолданған, қазір жарық шығаратын зымырандарда, әскери техникада қолданады. (интерактивті тақтада бейне фрагмент көрсетіледі).

«Биолог»:

Магний біздің организмде ең көп таралған элементтің төртіншісі және ол ағзамызда жүретін 300-ден астам үрдістерді жүзеге асырады. Магний атомы жасыл өсімдіктердің хлорофилінің құрамды бөлігі. Магнийдің қатысуынсыз фотосинтез процесі жүрмейді. Бұл ғаламшарда тіршілік болмайды деген мағынамен тең. Адам организміне магний өте қажет. Ол жеткіліксіз болғанда жүрек бұлшық етінің жұмысы бұзылады.

«Географ»:

Магний табиғатта таралуы бойынша сегізінші орында, оның жер қыртысындағы массалық үлесі 1,9%. Ол 200-ге жуық минералдың құрамына кіреді.

Ақ мәрмәр - Алматы облысында, Екпінді кен орнында өндіріледі.ТМД бойынша ең ірі асбест кен орны - Жітіқара біздің республикамызда орналасқан. Магнийдің көп мөлшері - мұхит, теңіз және тұзды көлдердің суларында бар. Магний шикізаты жоқ кейбір елдерде теңіз суынан магний өндіру жолға қойылған.

Топ жетекшісі:

Біз нейтрон тобы магний элементіне толық сипаттама бердік. Грекияның Магнезиум деген жерінен табылғандықтан сол жердің құрметіне магний деп аталған. Магний заводы 1965жылы Шығыс Қазақстан облысының Согра деген жерде Үлбінің жоғарғы жағында ашылған. Жоғарғы технологиялы жарыс велосипедтерін ешқандай бұрандамарларсыз және тегірлерсіз магнийдің тұтас кесегінен жасалған корпуспен шығарады. Осындай велосипедтер жеңіл, мықты және ең бастысы өте жүрдек. Жеңіл және аса төзімді металл болғандықтан магнийді күнделікті пайдаланатын заттарды қаптау өндірісі үшін пайдаланады.

Ядро тобы: темір.

«Химик»:

Элемент темір ІҮ период ҮІІІ топтың қосымша топшада орналасқан.

+26 2е-- 14е-- 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

Темір ауыспалы валентілік көрсетеді - 2 және 3. FeO - қара түсті ұнтақ, суда ерімейді. Негіздік қасиеттер көрсетеді. Fe2O3 - күрең, қоңыр түсті ұнтақ, суда ерімейді. Бұл оксидке екідайлы қасиет тән. Fe(OH)2 - темір ІІ гидроксиді, Fe(OH)3 - темір ІІІ гидроксиді.

«Биолог»:

Темір тірі организмдерде болады. Үлкен адамның денесінде 4-5г темір болады, оның 65%-і қанның гемоглабинінде. Гемоглабин қанға қызыл түс береді және химиялық элементтер қызметіндегі кіп-кішкентай пошташылар сияқты, қан құрамындағы темір атомдары біздің өкпеміздегі оттекті жүрегімізге және миымызға жеткізеді де, содан кейін көмір қышқыл газын өкпемізге әкеледі. Темір иондары көптеген ферменттердің қалыпты қызметіне, қан түзілу процесіне және организмде зат алмасу процесі жүру үшін қажет. Қанда темірдің жетіспеуі адамның денсаулығына әсер етеді, қаназдық ауруы пайда болады.

«Географ»:

Темір - табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде «аспан» немесе «жұлдыз» тасы деп атаған. Елімізде темір кендерінің үлкен қоры - Торғай темір кені бассейнінде және Орталық Қазақстанда бар. Темір минералды сулардың құрамында сульфат және гидрокарбонат түрінде кездеседі. Темір тұздары теңіз суларында бар, мұхит түбінде темірге бай табиғи шөгінділер кездеседі.

Топ жетекшісі:

Темір қазіргі техниканың маңызды металы. Бұл орташа белсенді металл. Темір табиғатта үлкен роль атқарады. Таза темірді шеге, тез магниттелу және магнитсізделу қасиетіне байланысты электромагниттік құралдардың бөлшектерін және т.б. жасау үшін қолданады. Көбінесе, темірдің құймалары шойын және болат көп қолданылады. Бұлар қазіргі техниканың басты конструкциялық материалдары. Дүниежүзінде темір мен оның құймаларын қалған барлық металдарға қарағанда 20 есе артық өндіреді. Марстағы топырақ соның салдарынан қызыл түсті болған темірдің қосылысы да Жердегі тот басқан велосипедтер мен машиналардың құбылысымен бірдей.

Енді сөз кезегін басқа саяхатшыларымызға берейік.

Саяхатшы географ:

Бүгінгі саяхат-сабақтарыңызға қатыса отырып, мен географ ретінде біраз ойымды қосайын. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтерінің

90 %-ы біздің Қазақстанымыздың жер қойнауында кездеседі.

Мыстың аса бай кен орындары - Жезқазғанда. Қазақстан дүние жүзінде мыс өндіруден алдыңғы қатардағы орындардың бірінде. Полиметалл Шығыс Қазақстанда Кенді Алтайдағы, Зырян мен Риддерде көп кездеседі. Полиметалға алтын, күміс, мыс және тағы басқа полиметалдар жатады. Қорғасын Жоңғар Алатауындағы Текеліде және Мырғалысайда кездеседі. Қазақстан жерінде фтордың 90% -ы Мұғалжар жерінде кездеседі. Оның 40% пайызы басқа елге шығарылады.

Қазіргі уақытта минералды шикізаттың көп түрлерін өндіріп, өндейтін ірі кәсіпорындар бар, оларға: Соколов-Сарыбай темір кені өнеркәсібі, Лисаковск кен байыту комбинаты, Теміртаудағы металлургия зауыты жатады. Қазақстанның қара металлургия өнеркәсіптері ТМД-да алдыңғы қатарда және осы саланың дүниежүзілік даму деңгейіне сәйкес келеді. Көмір өндірісінің ең ірі кен орындары Жезқазған мен Екібастұзда орналасқан. Жезқазғанда шахталық жолмен, ал Екібастұзда ашық жолмен алынады. Алтын Шығыс Қазақстанда Кенді Алтай және Жоңғар Алатауында кездеседі.

І саяхатшы биолог:

Бүгінгі Менделеевтің периодтық жүйесіне саяхат жасап жатқандарыңызды көріп, өзіміз де осы саяхатқа дайындалып келген едік. Жаңа өздеріңіз атап өткен кейбір элементтердің биологиялық маңызы жайындағы мағлұматтарыңызға қоса, кейбір айтпаған элементтердің сырын ашайық. Мына суретке назар аударсаңыздар, жер қыртысында кездесетін көптеген элементтер адам ағзасында да кездеседі. Әрине, химиялық элементтердің жер қойнауындағы мөлшері адам ағзасына қарағанда көп. Себебі, жер қыртысы сол элементтердің отаны. Мысалы, кальций - жер қыртысында 3,25% болса, ал адам ағзасында 2%, натрий 2,4% болса, ағзада 0,09 % бар, тағы сол сияқты элементтердің жер қыртысы мен адам ағзасындағы мөлшерін мына суреттен көре аласыздар.

ІІ саяхатшы биолог:

Әріптесім жаңа айтып кеткендей, адам ағзасындағы химиялық элементтер 3 топқа бөлінеді - микро-, макро-, және ультрамикроэлементтер. Олар ферменттер, гормондар және дәрумендер құрамында кездеседі. (кесте)

Химияның ғажайып сырларын ақындарымыз жырлайды.

  • Ғажайып нәрсе химия

Тұңғиық сыры әр алуан

Жоғалып бір зат зым-зия

Жаңалап бірі жаралған.



  • Қызық думан - өміріміз ғаламат

Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ

Қыруар істің қайсысында болса да

Құдыретті химия жүр аралап.



  • Химия - ырыс бұлағы

Шалқыған байлық, мол дәулет

Аялап күтіп тұр алда

Болашағымыз - нұр дәулет.

Сабақты қорытындылау:

Химия - ел ырысы, ғасыр үні

Ғылымға қазіргі зор басын иді

Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған

Ашылған табиғаттың жасырыны - дегендей біздің периодтық жүйеміздегі элементтерге тіл біткендей, олармен сырластық.

«Химиктер қатарына қабылдау»

(8 сынып оқушыларына арналған үш көріністі іс - шара)


Мақсаты : Оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып, санасында химияның басқа да салалармен байланыстылығы туралы білімін қалыптастыру

Бірінші көрініс

1-оқушы (ұл).Бүгін сіздерді химия әлеміне қызықты саяхат күтіп тұр.

2-оқушы (қыз). Біз саяхатымызды химия кабинетінен бастаймыз.

1-оқушы. Сенде айтады екенсің.

2-оқушы. Иә, сен қарашы дұрыстап, мынау Менделеевтің периодтық кестесі, ал мынау ерігіштік кестесі. Бақылау жұмысындағы тапсырмаларды осыларға қарап орындауға болады.

1-оқушы. Ол, үшін бұл кестелерді оқып үйренуіміз керек. Элементтердің латын тіліндегі мағынасын білуіміз керек.

2-оқушы. Қорықпа бірдеңе етіп жолын табамыз. Таба алмасақ басқа оқушылар көмектеседі.

1-оқушы. Ал мынау қандай кітап (оқиды); «Ұлым менің философиялық сыныпты ал». Сандырақ. (қолын сілтейді).

2-оқушы. Бұл сен ойлағандай сандырақ емес. XIV ғасырдағы Джордж Риплидің «философиялық тас» пен «көмір эликсерін» алудың әдісі.

1-оқушы. Егер уақыт машинасына отырып, 5-6ғ.кейін шегініп, ертеде оқушылардың формулалар мен теңдеулерді оңай есептеу үшін қандай әдістер қолданғанын қарасақ қайтеді.

2-оқушы. Тек екеуміз саяхатқа шыға алмаймыз. Оқушылардың бізбен баруын өтінеиік.

1-оқушы. Бізбен бірге саяхатқа барамын деушілер бірге жүрсін.

2-оқушы. Енді танысып қоялық (өздерін таныстырады)

1-оқушы.Әзір болсаңдар, кеттік!.

Екінші көрініс.

Екі оқушы , қолдарында кітап бар. Бұлар оқымысты достар.

2-оқушы (қыз). Қызық,біз қайда келдік! Мүмкін білім қоймасы болар.

1-оқушы. Сендер кімсіңдер?

1-оқымысты. Біз оқымысты достармыз. Түрлі кітаптарды оқығанды жақсы көреміз, сізге көптеген қызық оқиғаларды айтып бере аламыз. Бәріненде сұрақ қойғанды жақсы көреміз.

2-оқымысты. Мен қонақтарға алдымен «химия» сөзінің пайда болу тарихын айтып берейін. Бұл туралы бірнеше болжамдар айтылады.Алғаш химия ғылымы Мысыр елінде дамығандықтан, «химия» сөзі «кеме»,яғни қара жер деген сөзден шығуы мүмкін. Немесе «хюма» - металдар құймасы деген , сондай-ақ «ким» -алтын сөзінен де шығуы мүмкін.

1-оқушы.Алтынның қатысы қандай?

2-оқымысты. Ертеде қару-жарақтың барлығы алтыннан жасалған. Алтын-адамдар өңдеген алғашқы металл. Бұдан кейін күмісті өңдеген,сосын темірді өңдеген.

1-оқымысты.Мен сіздерге бір мета туралы айтайын. Ертеде бұл металды «аспан тасы» деп атаған. Бұдан жасалған өнімдер алтыннан да қымбат саналады. Мысыр пирамидаларында бұл жұмсақ металдан жасалған әсемдік бұйымдар табылған. Мен қандай метал түрінде айтып тұрмын? (жауабы темір)

2-оқымысты. Ал мен бір күрделі зат туралы айтқым келеді. Бұл затты ертеде өмір мен өлім туғызушы зат деп есептеген . Мұның алдында адамдар басын иіп құлшылық еткен. Құдіреттің, Байлықтың және биліктің мөлшері болып есептелген. Суда пайда болады да , суда өледі. Бұл қандай зат? (жауабы ас тұзы)

1-оқымысты. Біз қызықты кітаптарды әр түрлі тілдерде оқимыз. Сіздерге химия тілінде қызықты сұрақтар қояйық, ал сіздер өз тілдеріңізбен жауап беріңіздер.

Оқымысты-Жылтырдың бәрі (Аu) емес.

Оқушы-(Жылтырдың бәрі алтын емес)

Оқымысты-кальций карбонатындай езіліп жылады.

Оқушы-(Бор сияқты езіліп жылады)

Оқымысты-Феррум мінезді.

Оқушы - (мінезі темірдей)

Оқымысты-Аз сөз -аурум, көп сөз -аргентум.

Оқушы-(Аз сөз алтын,көп сөз күміс)

Оқымысты -Көп H2O ағып кетті.

Оқушы-(көп су ағып кетті).

Сахнаға иығында қабы бар саяхатшы шығады.

Саяхатшы.Сәлеметсіздерме балалар! Жол болсын!

2-оқушы. Біз химия әлеміне саяхат жасап жүрміз

Саяхатшы. Иә мен білемін, бұл өте ғажайып ел, бірақ адасып кетпеу үшін бұл елде географиялық атауларды білу керек.Қане сұрап көрейін.

  • Қандай элементтер елдің атымен аталады? Жауабы: германий,франций,полоний, рутений,геллий.

  • Қандай элементтердің буындарынан өзендердң аттарын оқуға болады? Жауабы:радон-Дон,нилсьборий-Нил,индий-Инд,полони-По.

  • Қай элементтер еуропадағы қалаларының атымен аталады? Жауабы:гафний-Копенгаген, гольми-Стокгольм,лютенцы-Париж.

  • Қай элементтің аты аралдың атымен байланысты? Жауабы:мыс,купрум-Кипр.

Саяхатшы. Менің барлық сұрақтарыма мідірмей жауап бергендеріңіз үшін сіздерге химиялық элементтер кестесін беремін.Жолдарыңыз болсын!

Үшінші көрініс

Үстінде ақ халаты бар, алхимик жұмыс істеп жатыр.

1-оқушы. Міне,қызық! тағы бір жерге тап болдық!

2-оқушы. Кешіріңіз сіз не істеп жатырсыз?

Алхимик. Жанбайтын орамалмен от жағып жатырмын. Ал сіздер бұл жерде не істеп жүрсіздер?

1-оқушы. Біз саяхатта жүрміз. Химия әлеміментанысқымыз келеді.

Менделеев. Сіздер дәл келдіңіздер. Мұнда түрлі қызықтарды көріп өз біліміңізді де көрсете аласыз.

  • Ал оқушылар, маған мына құрал-жабдықтардың не үшін керек екендігін атыңыздаршы.

Оқушылар үстелдегі құралдардың аттарын атап, қайда және не үшін қолданылатынын айтады.

Біліміңізді көрсету үшін сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Физикалық дене неден тұрады? (Заттан)

2. Физикалық қасиеті тұрақты заттар? (Таза заттар)

3. Химиялық құбылыс (Реакция)

4. Құрамы мен қасиеті заттың өзімен бірдей болып келетін заттың ең ұсақ бөлшегі? (Молекула)

5.Атомдардың белгілі бір түрі? (Химиялық элемент)

6. Заттар және олардың бір заттан басқа жаңа затқа айналу қасиеті туралы ғылым? (Химия)

7.Өте ұсақ бөлінбейтін бөлшек? (Атом)

8.Атомдардың белгілі бір түрінен тұратын заттар? (Жай заттар)

9.Жаңа зат пайда болмайтын , тек заттың агрегаттық күйі өзгеретін құбылыс? (Физикалық)

10.Заттың құрамын,химиялық таңбалардың және шартты бегілердің көмегімен жазу? (Химиялық формула)

Менделеев. Өте жақсы! Сіздердің химия еліне бірнеше жыл саяхат жасауға мүмкіндіктеріңіз бар.Болашақта көптеген жаңа және қызықты нәрселермен танысасыздар.

Химиктер қатарына қабылдау үшін сідер ант берулеріңіз керек.

«Біз, 8-сынып оқушылары, химия сабағында тәртіпті болуға ,қауіпсіздік ережесін бұзбауға , үнемі үй тапсырмасын орындап жүруге , барлық сұрақтарға жауап беруге ант етеміз!»

Құпия агентінің шытырмандары

Сабақтың типі: 8-сыныптың химия курсы бойынша білімді жалпылау және жүйелеу

Мақсаты: 8-сыныптың химия курсы бойынша жалпылау

Міндеті:

  1. Білімділік: курстың негізгі тақырыптары бойынша қайталау және бекіту, алған білім дәрежесін тексеру

  2. Дамытушылық: пәнге деген қызығушылығын дамыту, эрудициясын, ойлау қабілетін, анализ жасауға, қорытынды жасап анық жеткізе білуге үйрету

  3. Тәрбиелілік: жеке тұлға ретінде қалыптастыру, топпен бірге жұмыс жасауға үйрету. Байқағыштыққа, топ арасында жұмыс істеген кезде сыпайылылыққа және өзгенің жауабын тыңдауға үйрету.

Көрнекі құралдар мен материалдар: Ұран жазылған сөз, үлестірмелер, номірленген алфавит, тапсырмалар, жауап парағы, телеграмма, құпия агенттері үшін код номері мен аттары бар куәлік.

Ұран: "Жеңу үшін- білім керек, істей білу керек, ойлай білу керек."

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастырушылық бөлім

  2. Топты таныстыру

  3. Дайындық бөлімі

  4. Тапқырлыққа тапсырма

  5. Шапшаңдық пен ептілікке тапсырма

  6. Шифрдың жеткізілу уақытын анықтау

  7. Телефон номерін анықтау

  8. Парольді анықтау

  9. Шифрды шешіп көр

  10. Қорытындылау

Сабақ барысы

Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, оларға реттік санмен нөмір тағайындалады. 001,002,003 және т.б. (топтың бөліну санына қарай.) Әр топ өзінің жетекшісін таңдайды. Сабақты бағалап қорыту үшін сарапшы таңдалып, бағалау парағы беріледі. Бағалауға жоғары сынып оқушысын немесе ата-анадан шақыртып қоюға болады.

Мұғалім: Балалар, сіз бәріңізде теледидардан детективті фильм көруді ұнатасыңдар. Сіздерге жақсы таныс тыңшы батырларды атаңдаршы ? / Джеймс Бонд, Шерлок Холмс, Ниро Вульд, Эркюль Пуаро және т.б / Ал сіздер өздерің тыңшы болғыларын келе ме, олай болса бір сабаққа тыңшы болып көрейікші ? Менің ойымша болады. Бүгін біздер құпия агенті боламыз, яғни құпия ұйымның қиын да шырмалаң тізбектің аралық звеносы болып, құнды ақпаратты алып, және оны жіберуіміз керек. Алдымен сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық. Мына карточкада бір жазу бар. Осыған мұқият қарап, үш сөзден тұратын тақырыбын тауап оқыңыздар.

Карточка: ҚҰШЫАПИЯ ГЕНТЫРТІМАНДАНІҢ РЫ

Өте дұрыс, бұл сабағымыздың тақырыбы: Құпия агентінің шытырмандары.

Олай болса шытырман басталады. Құпия агенті болу үшін сіздер оқыту курсынан өтіп, түрлі сәйкес сұрақтарға жауап берулеріңіз керек. Сіздер құпия агенті бола аласыздар ма екен, қазір тексереміз.

Кез келген құпия агенті болу үшін, сіздер өз жұмыстарыңызды жақсы орындауда қандай қасиет керек деп ойлайсыңыздар? (Оқушы жауаптары батырлық, ептілік, ақылдылық тапқырлық, шыдамдылық, шапшаңдық және т.б.) Әрине өте дұрыс, енді мен сіздердің тапқырлықтарыңызды тексергім келеді. Бірінші байқауды бастаймыз.

1-тур: Тапқырлыққа тапсырма.

2 топ химиялық сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай алады. Егер де топ дұрыс жауап бере алмаса, онда қарсы топ жауап беріп, 1 ұпай табуына болады.

  1. Шынының балқуы қандай құбылысқа жатады ?

  2. Атом молекулалық ілімді жасаған ғалым ?

  3. Атом құрамындағы бейтарап бөлшек ?

  4. Скандинавия аралының құрметіне аталған элемент ?

  5. Сүттің ашуы қандай құбылыс ?

  6. Қандай су дем шығарудан лайланады ?

  7. Қай элемент жетіспеуінен тіс ауруына ұшыратады ?

  8. Құрамында кіретін заттың бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспа қандай қоспа деп аталады ?

  9. Бір ғана химиялық элемент бірнеше жай зат түзе алатын құбылыс ?

  10. Қышқылдар мен сілтілерде өзінің түсін өзгертетін заттар ?

Балалар, сіздер бірінші байқаудан жақсы өттіңдер. Менің ойымша құпия агенті тапқыр болып қана қоймай, тез және епті болу керек. Олай болса, екінші байқауды бастайық

2-тур: Шапшаңдық пен ептілікке тапсырма.

НNO3

NaCІ

MgO

KOH

CO2

H2S

Li3PO4

Fe

CuOH2 - топқа үлестірме карточка беріледі. Карточкада тордың ішінде заттар формуласы жазылған, екінші бөлігінде заттар атауы берілген. Заттарды аталуымен дұрыс қойған топқа 2 ұпай (әр карточкаға бір-бірден) тез жауапқа 1 ұпай қосылады.

1-алаң

№ 1 алаңдағы карточкалар: қышқыл, тұз, негіздік оксид, сілті, қышқылдық оксид, қышқыл, тұз, металл, негіз.

2-алаң


Күкіртті қышқыл

Мыс (ІІ) оксиді

Темір (ІІ) хлориді

Натрий гидроскиді

сутек

Күкірт (VІ) оксиді

Кальций нитраты

Тұз қышқылы

Мырыш гидроксиді

№ 2 алаңдағы карточкалар: H2SO4, CuO, FeCІ2, NaOH, H2, SO3, Ca(NO3)2, HCІ, Zn(OH)2

Балалар, сіздер тапсырмаларды өте жақсы орындап шықтыңыздар. Құпия агентінің деңгейіне жеттіңіздер, құттықтап сіздерге өте жақсы деген белгісін табыстаймын. Ішінен өздеріңіздің жеке код пен жасырын аттарыңыз берілген. Құпия құжаттардың тізімінде осымен өтесіңдер. Енді бұл сіздердің аттарыңыз, оқып естеріңізге сақтап алыңыздар.

Енді ісімізге кірісейік. Мен айтқандай сіздер құпия агентсіздер, яғни құпия жазудың кілтін (шифр) алып, оны әрі қарай жеткізулеріңіз қажет. Егер де сіздер жолдағы кедергілерден өте алмасаңыздар, онда құнды құпия ақпаратты жоғалтып аласыздар. Ол үшін бәрін істей білу керек. Құпия кілтін керек уақыты мен керек жеріне жеткізулеріңіз керек. Сіздер әзірсіздер ме? Сәттілік тілеймін. Онда кеттік.

Алдымен міндетті түрде шифрдың жеткізілу уақытын анықтап алуымыз қажет. Сіздерге мынадай интернет арқылы хабар түсті. Тапсырманы шешу арқылы уақытын табуымыз керек. Олай болса, 3-тур шифрдың жеткізілу уақытын анықтау.

3 тур: Шифрдың жеткізілу уақытын анықтау.

2 топқа карточка беріледі. Сол жағында теңдеу берілген. Оқушылар теңдеуді анықтап, коэффициенттерін қойып, теңестіру керек. Алынған суммасы шифрдың жеткізу уақытын көрсетеді. Дұрыс жауапқа 2 ұпай және бірінші тапқан топқа 1 ұпай қосылады. (3-5 тур үшін)

CaCO3 =

Ba(OH)2 + H2SO4 =

Li + O2 =

Zn + HCI=

Дұрыс жауабы: 20 сағат.

Өте жақсы. Енді біздер шифрдың жеткізілу уақытын білеміз, енді оны қайда және қалай жеткіземіз. Кәне, енді қарайықшы сыбыр сөз қандай жерге жасырылған. Мұқият айналамызға қараңдаршы. Сіздер нағыз тыңшыны таптыңыздар. Бұл хат. Бұл хатты тезірек ашып жолдауды оқиық, мүмкін бұл жолдауда әрі қарайғы әрекетіміз жазылған болар.

«Құрметті агент ! Шифрды әрі қарай жеткізу сіздерге міндетті түрде телефон номерін анықтау қажет. Өте мұқият болыңыздар, әйтпесе байланыс үзіліп, құнды ақпарат жоғалуы мүмкін. Сәттілік тілеймін!»

Кәне балалар, тырысып көрейік ? Олай болса 4-турды бастаймыз.

4- тур: Шифрды жеткізу үшін телефон номерін анықтау.

2 топқа химиялық формула жазылған карточка беріледі. Оқушылар заттардағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтап, асты сызылған элементтердің тотығу дәрежесін жазып алу.

(Na, H2SO4,AL2O3) KMnO4, CuO, LiNO3, Zn, MnCL2, CO2, H2Cr2O7

Дұрыс жауабы: (063) 7250246

Балалар, сіздер қателеспепсіздер. Сіздер жақсы агент екенсіңдер. Қиын тапсырманы оңай шештіңіздер. Енді біздер шифрдың жеткізілу уақытын, телефон номерін білдік. Бірақ қоңырау соққан кезде парольсіз сізбен ешкім сөйлеспейді. Енді келесі қадам-парольді табу. Сіздер телефон номерін анықтап жатқан кезде маған тағы мынадай тапсырма келді. Тапсырманы орындасақ парольді білуге болады екен. Олай болса 5-турды бастайық.

5- тур: Парольді анықтау

2 топқа химиялық элементтер жазылған карточка беріледі. Оқушылар протон санын анықтап, санды номерленген алфавитке ауыстыру қажет.

N, Ne, O, Al, Cl, Cr Li,Ca, Ar, N.

Дұрыс жауабы мен паролі: Джеймс Бонд

Өте жақсы, бұл тапсырманы да орындап шықтыңыздар. Енді біздер құпия тапсырманы орындау үшін не керегін бәрін білеміз. Кез келген құпия агенті шифрды беріп және алып қана қоймайды, ол оны оқи да білу керек. Ол үшін қазір біз сіздермен әзірлік жүргіземіз. Менің бір таныс құпия агентімнен (атын айтпай-ақ қояйын) бірнеше шифрларды алдырдым. Яғни сіздер шешуге тырысып көріңдер. Дайынсыңдар ма ? 6-турды бастаймыз.

6- тур Құпия кілтін шешіп көр.

Дұрыс жауапқа 1ұпай.

  1. Иісі күшті, сары түсті

Активтігі керемет

Ондай ылаң қылған

Болмаған еш элемент. (Фтор)

  1. Күміс түсті металл өзі

Ақ бор, әктас, мәрмәр еді

Жер металы десек те

Сан құрылыстың өзегі. (Кальций)

  1. Жануарда да адамда да болатын

Талай снаряд, бомбаларды жаратын.

Полиграфияда да сенім артып,

Жапырақта хлорофилді түзетін. (Магний)

  1. Тағады оны төсіне

Алтыннан басқа алдына

Салмақты та сабырлы

Теңеу айтып оған да. (Күміс)

  1. Иісі, дәмі де жоқ ұсталмайды,

Ол болмаса тіршілік өмірде жоқ.

Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шоқ. (Оттегі)

  1. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.

Көрсететін суықты, жылуды анық

Қандай зат құрал жасар соны құйып (Сынап)

  1. Өзі сұйық, иісі де жағымсыз,

Ғалымдар да сондықтан

Сасық деген ат беріп,

Қолданады дәріге. (Бром)

Ал, балалар, бұл тапсырманы да орындап шықтыңыздар. Мен сіздерді құттықтаймын. Мен әзірлеген қиын шырмалаң жолдардан өтіп шығуларыңызбен! Құпия агенті болу үшін сіздер зор құрметпен сыннан өттіңіздер. Мүмкін өмірлеріңізге қажетке жарап қалар. Ал, бүгін сабақта жақсы белсенділікпен қатысқан оқушыларға рахмет айтамын. Біздің қызықты шытырман қорытындылау үшін енді сарапшыларға сөз берейік.

Сабақты қорытындылау. Топты марапаттау. 1-орын алған топқа «өте жақсы» деген, қалғаны «жақсы» деген баға алады. Сонымен қатар топтарға мақтау қағазы мен сыйлықтар беріледі.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық сайыс

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты 10- сыныптар арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Ақыл -тон, аңдығанға тозбайтұғын,

Білім -кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, -

деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:

10 а сыныбы - «Протон» тобы

10 ә сыныбы - «Нейтрон» тобы

10 б сыныбы - «Электрон» тобы

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

1.______________________________________________

2.______________________________________________

3.______________________________________________

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:

Жүргізуші:

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

1 кезең «Ойлы болсаң, озып көр»

2 кезең «Мықты болсаң,тауып көр»

3 кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»

4 кезең «Зерек болсаң, шешіп көр»

5 кезең «Химик -сараман»

Тапқыр,білгір,дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Химия пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды-

деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.

1 кезең «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде әрбір топқа 5 мәтін оқылады. Сайыскерлер оқылған мәтінге «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.

«Протон» тобы

1.Бейорганикалық қосылыстар 4 кластан тұрады. (Иә)

2.Органикалық заттар көміртек элементінің туындыларынан тұрады. (Иә)

3. Периодтық кестеде 8 перид бар (Жоқ)

4. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы Ле-Шателье принципіне сүйенеді. (Иә)

5. Ортақэлектрон жұбы арқылы түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады. (Жоқ)

«Нейтрон» тобы

1.Элементтің реттік нөмірі оның нейтрон санына тең (Жоқ)

2.Металдар мен құймаларда иондық байланыс болады. (Жоқ)

3. Реакцияның жылдамдығына температураның әсерін Вант -Гофф ережесімен анықтауға болады. (Иә)

4.Периодтық кестеде 10 қатар бар. (Иә)

«Электрон» тобы

1.Периодтық кестедегі әрбір топ үлкен және кіші топшадан тұрады. (Жоқ)

2. Натрий және калий гидроксидтері суда еритін негіз (Иә)

3. Элементтер сыртқы белгілеріне қасиеттеріне қарап металдар мен бейметалдар болып бөлінеді. (Иә)

4. Реакция жылдамдығын тездететін заттарды ингибиторлар деп атайды. (Жоқ)

5. Электртерістігінде үлкен айырмашылық бар элементтердің атомдары арасында түзілетін байланыс ковалентті байланыс деп аталады. (Жоқ)

Жүргізуші:

1-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Жүргізуші:

«Мықты болсаң, тауып көр» кезеңінде 3 тақырып және ұпай сандары беріледі. Әрбір топ тақырып таңдап, өздеріне ұпай қояды. Берілген сұраққа дұрыс жауап берсе, қойылған ұпайды алады, ал дұрыс жауап берілмесе сол ұпай жинаған ұпайынан шегеріледі. Сонымен қатар топтар жауап бермесе де болады, онда толығымен сақталады. Алғашқы болып ____________________ топ таңдайды.

№1 тапсырма

Элемент Теңдеу Заңдар

10 20 30

Жүргізуші:

Химиялық элемент -атомдарының белгілі бір түрі. Оның негізгі сипаттамалары -ядро заряды. Ядро заряды реттік нөміріне тең.

Сұрақ: Периодтық жүйеде қанша металл,қанша бейметалл бар?

(22бей металл,87 металл)

Жүргізуші: Химиялық теңдеу -химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу. Жүргізілген химиялық тәжірибені химиялық теңдеу арқылы көрсетуге болады.

Сұрақ : Алмасу және орынбасу раекциясына анықтама бер. (2 күрделі зат әрекеттесіп, жаңа 2 күрделі зат түзілсе алмасу, 1 күрделі зат 1 жай зат әрекеттесіп,жаңа жай, жаңа күрделі зат түзілсе орынбасу деп аталады)

Жүргізуші: Стехеометрия өлшеймін деген мағына береді. Стехеометриялық заңдарға зат массасының сақталу заңы, құрамында тұрақтылық заңы, еселік қатынас заңы, Авогадро заңы,эквиваленттер,көлемдік қатынас заңы жатады.

Сұрақ: Зат массасының сақталу заңын кім ашты және мағынасы қандай?

Жауабы: (М.В.Ломоносов,химиялық әрекеттесуге түскен заттар мен реакциядан кейінгі заттардың массасы тең болады)

№2 тапсырма

Атом Байланыс Жылдамдық

20 10 40

Жүргізуші: Атом -заттың бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.Атомдар біріге келе молекуланы түзеді. Атомдар мен молекуланы зерттеген М.В.Ломоносов.

Сұрақ: Атом қандай бөлшектерден тұрады және қайсысы зарядсыз?

(атом ядро мен электроннан тұрады. Ядро протон мен нейтроннан тұрады. Нейтрон зарядсыз)

Жүргізуші: Заттар белгілі бір байланыс түзеді. Химияда байланыстың 4 түрі бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Сұрақ: Донорлы -акцепторлы механизм қай байланысқа жатады және мәні қандай? (ковалентті байланыс, дайын жұп электрон бергені -донор, бос ұяшық бергені -акцептор)

Жүргізуші: Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрациясының өзгеруі. Химиялық реакция жылдамдығын көрсететін химияның бөлімін кинетика деп атайды.

Сұрақ: Лимиттеуші саты дегеніміз не? Және химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды атайды? (реакцияның жүру жылдамдығын анықтайтын саты лимилеттеуші саты деп аталады. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар әрекеттесуші заттардың табиғаты,концентрация,температура)

№3 тапсырма

Химия Периодтық жүйе Химиялық формула

20 10 30

Жүргізуші:

Химия -заттарды олардың қасиеттерін,соның ішінде олардың өзара айналуларын зерттейді. Ғылым ретінде ХІХ-ХХ ғасырларда қалыптасып, өзінің басты ұғымдарын ұсынып, заңдарын ашты.

Сұрақ: Химия ғалымдарының докторы,профессор,КазКСРҒА-ның академигі Қазақстан КСР-нің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері М.Ч.Усанович қандай теорияны ұсынды?

Жауабы: Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы.

Жүргізуші: Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев табиғи жіктеу арқылы химиялық элементтердің периодтық жүйесін 1869 жылы жасады.

Сұрақ: Негізгі топша элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейінде орналасқан электрон санын териодтық кестеде не көрсетеді? Энергетикалық деңгейдің санын қалай табамыз.

Жауабы: (топ нөмірі,энергетикалық деңгей период нөміріне тең)

Жүргізуші: Химиялық формулалар -заттың құрамын,химиялық элемент таңбалары және индекстері көмегімен шартты түрде бейнелеу.

Сұрақ: Зат мөлшерінің қандай формулалары бар және өлшем бірлігін ата.

Жүргізуші: 2-ші кезеңнің қорытындысын шешу үшін әділ-қазылар алқасы сөз кезегін сіздерде.

Жүргізуші: 1-ші,2-ші кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз топ ойыннан шығып,көрермен ортасынан орын алады.

Жүргізуші: «Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңінде әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Алғашқы болып ұпайы аз топ таңдайды. Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек.Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі. Ендеше ұпай аз топ әріпті таңдай қойыңыздар.

«С» әрпі

1.Химиялық эелемент(сутегі,скандий)

2.Күрделі зат (су,сіркеқышқылы)

3.Металл (сынап)

4.Қышқыл (сірке қышқылы)

5.Әмбебап еріткіш( су)

6.Сілті (суда еритін негіз)

7.І валентті элемент (сутек)

8.Физикалық құбылыс (судың қатуы)

9.Натрий гидроксиді (сілті)

10.Судың агрегаттық күйі (сұйық)

«К» әрпі

1.Жай зат (күкірт)

2. Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІҮ) оксиді.

3.Тұз (карбонаттар,калий хлориді)

4.Бейметалл (көміртек,күкірт)

5.Сілтілік металл (калий)

6.Екі валентті элемент (кальций)

7.Химиялық құбылыс (көмірдің жануы)

8.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)

9.Лакмус сілтіде (көгереді)

10.Химиялық байланыс (ковалентті)

«М» әрпі

1.Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)

2. ІІ валентті элемент (магний)

3.Физикалық құбылыс (мұздың еруі)

4.Атомдар нені құрайды (молекула)

5.Темір қандай затқа тартылады (магнитке)

6.Шалшық газы(метан)

7. Калий перманганаты (марганцовка)

8.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)

9.Индикатор (метилоранж)

10.Темір (металл)

Жүргізуші: 3-ші кезеңнің қорытындысын анықтау үшін әділ-қазыларға сөз кезегін береміз.

Жүргізуші: Есепте бар массада,

Шығады ол сасса да

Жауабын сен табасың,

Қарамайсың басқаға.

Формуланы табуға,

Үлесші дұрыс тануға.

Талабыңды көрсетші

Ойың бар ма тануға деп сайысымыздың «Зерек болсаң, шешіп көр» кезеңін бастаймыз. Мұнда 9 ұяшық беріледі. Әрбір ұяшықта есептер жасырылған. Ұпайы көп топ ұяшықты таңдайды. Егер топ есептің жауабын дұрыс таппаса, келесі топтың есептің жауабын айтуға мүмкіндігі бар. Дұрыс жауап үшін 20 ұпай беріледі. Есепті шығаруға 1 минут уақыт беріледі.

1

4

3

2

9

8

7

6

5


1 ұяшық: массасы 8 г газ (қ.ж.) 5,6 л көлем алады. Газдың молярлық массасын тап (Ж.32)

2 ұяшық: 3,5 моль көміртегі (ІҮ) оксидінің массасын тап (Ж:154 г)

3 ұяшық: 75 г азот (ІІ) оксидінің алатын көлемін есепте (Ж.56 л)

4 ұяшық: 1,5 л (қ.ж.) көмірқышқыл газында болатын молекула санын тап (Ж. 9,03 ∙10 23)

5 ұяшық: Масссасы 128 г күкірттің зат мөлшерін тап (Ж: 4 моль)

6 ұяшық: С+О2 + СО2 + 402 кДж теңдеуі еріткенде түзілген ерітіндідегі еріген заттың үлесін тап. (Ж.20%)

8 ұяшық: 6,2 кг фосфор жанғанда неше грамм фосфор (Ү) оксиді түзіледі?(14,2 г)

9 ұяшық: Құрамында 15 % қосапыс бар 2 г әктасты азот қышқылымен әрекеттестіргенде қанша көлем (қ.ж.) газ бөлінеді? (Ж.0,0672л)

Жүргізуші: Сонымен сөз кезегі әділ-қазы алқалары сіздерде.

Жүргізуші: Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз,

Ол болмаса келіспейді, жетіспейді күйіміз.

Ішсек дәрі,тірі ағзада құбылыс

Бәрі, бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға деп сайысымыздың соңғы кезеңі «Химик -сараманға» кезек береміз. Мұнда әрбір топқа химиялық реактивтер беріледі. Осы реактивтерді пайдаланып, тиісті реакцияларды жасап, теңдеулерін жазу керек. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.

І топқа: Натрий гидроксиді, мыс (ІІ) хлориді, күкірт қышқылы

ІІ топқа: Калий карбонаты, тұз қышқылы, барий хлориді

І топ: 2NaOH+CuCІ2→ Cu (OH)2↓+2NaCІ

2NaOH+H2SO4→Na2SO4+2H2O

ІІ топ:K2CO3+2HCІ→2RCІ+H2O+CO2

BaCІ2+K2CO3→2KCІ+BaCO3

Жүргізуші: Сонымен осы кезеңнің қорытындысына тоқталып, әділ-қазыларға сөз кезегін берсек.

Жүргізуші: Заман қанша қиын -қыстау болса да,

Игі істер болып жатыр қаншама.

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар танылған,

Жүлдегерді танытпасақ бола ма?

Жүргізуші: Сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз.

Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» сайысы өз мәресіне жетті. Сайыскер топ 10-сыныптар арасында өткізілетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысына жолдама алды.

Алда әлі де биік -биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

Қош сау болыңыздар!

«Интелллектуалды олимпиада » білім сайысы

1 жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2 жүргізуші: 9 және 10 сынып аралығындағы «Интелллектуалды олимпиада» білім сайысына қош келдіңіздер!

1 жүргізуші: Ойын шаттарымен таныс болыңыздар

1- тур: 2 топ өздерін таныстыру әр топқа 20 ұпайдан беріледі

2- тур: берілген 10 сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.

3- тур: 6 ұяшықтың біреуін таңдап берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі.

4- тур: Әр топ өздері ставка қойып жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі.

2 жүргізуші: Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек.

1 жүргізуші: Бірінші турға кезек берсек, екі топ өздерін таныстырып өтсе.

2 жүргізуші: 2 тур. «иә» және «жоқ»

1 жүргізуші: 1-ші топқа.

  1. Мүсәтір спирті аммиактың судағы ерітіндісі ма? «Иә»

  2. Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? «Жоқ»

  3. Судан екі есе жеңіл металл Калий ма? «Жоқ»

  4. Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма? «Иа»

  5. Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па? «Жоқ»

  6. Топ бойынша жоғардан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма? «Жоқ»

  7. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиетті аллотропия деп атала ма? «Иа»

  8. Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфрамнан жасай ма? «Иа»

  9. Натрий тұздары жалынды сары түске бояй алама? «Иа»

  10. Сілтілік металдарға темір жата ма? «Жоқ»

2 жүргізуші:

  1. Электролиттік диссоциация терориясын ашқан ғалым Аррениус па? «Иә»

  2. Кремний қышқылдарының тұздары карбонаттар деп аталама? «Жоқ»

  3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл иод па? «Иә»

  4. Азот молекуласы полюссіз коваленті байланыс түзе ма? «Иә»

  5. Заттар және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым Физика ғылымы ма? «Жоқ»

  6. Химия ғылымың тарихында ұлы алтын заң ашқан Менделеев па? «Иә»

  7. Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы Ломоносов па? «Иә»

  8. Ең қиын балқитын металл алтын ба? «Жоқ»

  9. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш па? «Иә»

  10. Темекі құрамына кіретін улы зат никотин ба? «Иә»

1 жүргізуші: Ойын ойнату.

2 жүргізуші: Ойлай болса ІІІ турымызға кезек берсек. Әр бір дұрыс жауапқа 30 ұпайдан берілетінін естеріңізге сала кетейін. 9 сынып оқушылары алдарыңызда алты ұяшық тур соның ішінен біреуін таңдаңыздар:

1-ші ұяшық:

Дәрігерлер беретін анттың авторы?

(Гиппократ)

2-ші ұяшық:

Қан қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент?

(Калий)

3-ші ұяшық:

Жүйкені жайландыратын дәрі - дәрмек құрамына кіретін элемент?

(Бром)

4-ші ұяшық:

«Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик - ғалымы.

(Д.И. Менделеев)

5-ші ұяшық:

Теңіз орамжапырағы - ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент

(Йод)

6-ші ұяшық:

Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі?

(Активтелген көмір)

1 жүргізуші: Әнге кезек берейік.

2 жүргізуші: Мынадай тамаша әннен кейін, ойынымызды жалғастырайық.

4- тур: Осы турдың шартын естеріңізге сала кетейін. Әр топ өздері ставка қойып жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі.

IV-тур. Ставка қою.

1 жүргізуші: Бұл заттың 0,9% - дың ертіндісі физиологиялық ерітіндісі деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл затты химиялық атауы қандай?

(Натрий хлориді)

2 жүргізуші: Сүйекті қаптайтын элемент

(Кальций)

1 жүргізуші: Натрий гидро карбонатының тұрмыстық атауы?

(Ас содасы)

2 жүргізуші: Қан қысымын өлшейтін аспап.

(Тонометр)

1 жүргізуші: Элементтің атын тауып қазақша, орысша, латынша аттарын атаңыз.

Өзі ауыр металға жатады. Балалар осы металл құйған сақамен атады.

(қорғасын-свинец - плюмбум)

2 жүргізуші: Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл.

(Тұз қышқылы)

1 жүргізуші: Жер бетінде химиялық таза темір барма, бар болса ол қайдан шыққан?

(метеорит темірі)

2 жүргізуші: Әр заттың жылы, салқын, ыстық қалпын не дейді?

(Температура)

1 жүргізуші: Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым?

(Экология)

Интеллектуалдық олимпиаданы әділқазы мүшелері қорытындылап, жеңімпаздар марапатталады.

Периодтық жүйе элементтерімен танысу

Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақта Д.И.Менделеетің химиялық элементтерінің периодтық жүйесіндегі элементтерімен танысамыз. Сабақта белсенділік көрсетіңдер, сәттілік тілеймін.

«Периодтық жүйеге арнау» өлеңі оқылады:

Элементтерді жүйелекге әркімдер - ақ еңбек еткен,

Ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен.

Заманында бар элементті топқа бөліп,

Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен

Ол заңмен жеті период орналасқан

Тігінен сегіз топқа арна ашқан

Толтырып сол арнаның бос орынын

Бұл күнде бар элемент 100-ден асқан

Жүрмейсің мұны біліп қате басып

Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып

Бар элемент таңбасы осында тұр

Сап құрап массаға сай қатарласып

Әрбір топ өз алдында бір - бір дастан

Ғылымның дамуына үлес қосқан

Алпыс үш элементтің сырын біліп

Кейбірін Менделеев болжап ашқан

Период басталады металдардан

Инертті 6 газбен аяқталған

Жетінші период та бітпец келген

Бұл күнде аяқтауға таяп қалған

Период заңыменен құрған қатар

Біріншіден бейметалдық топқа жатар

Кішіге, үлкенге де, бітпегенге

Период осы заңын қайталатар

Әрбір топ басы жеңіл элементтен

Массасы артқан сайын төмен кеткен

Төмендеп тұрғандары жоғарыдан

Металдық қасиетін басып өткен

Кестеден түрлі түстер көрінеді

Бәрі де деңгейге сай өріледі

Заң ортақ, период ортақ, топ та ұқсас

Заңдылық зарядтармен бөлінеді

Данышпан жолмен жүріп алдындағы

Белгілі сан ғылымның ашылғаны

Ілімнің білу үшін сырын жетік

Үйрен сен валенттілік формуланы

І. Химиялық элементтер айтысы:

Жүргізуші:

Химиктердің ауылында

Арнаулы бір кеште

Химияның тойы болды

Алтын ойын басқарыпты

Элементтер қауымында

Менделеев кестесінде

Ән, күй, айтыс, ойын болды

Қызық айтыс басталыпты.

Платина:

Өзгелердің бәрінен

Айтысқа шық, қорғасын - ау

Нағыыз жылтыр қатты затпын

Артық сөзбен қызба бірақ

Орным бірақ кеш қойылып

Алдыма сен орнапсың - ау

Сол көңілімен қатты батты

Шаршап біттім қызғанып - ақ

Қорғасын:

Қорғасынға тіл тигізген

Жауына да бас игізген

Іші тарлар қайдан шықты?

Бола қоймас мендей мықты

Өжеттенген қахарманмын

Айтысуға құқылымын

Тоғызыншы қатарданмын

Абырой жоқ егесуден

Алға қой деп қасармаймын

Жөні емес бұл құтылудың

Платина, мұның болмас

Артық атақ сұрағаның

Платина:

Сүйрік тілді элемент көп

Сүйінетін кіл отына

Жеңіл ойлық мен емес, тек

Жеңілмейді платина

Темір:

Әй, платина, қорғасындар

Босқа айтысып әуреленбе

Орнықтыңдар, нық

Өкініш бар, бірақ менде

Титан қалай бұрын шықты?

Сырыңды айт, енді сен де

Айтысайық болсаң мықты

Титан:

Темір неге жарқылдадың

Титтей артық жерің бар ма?

Кешірмейді парқым әлі

Кем болмаймын елім барда

Күміс:

Қайда күміс сыңғырларым

Қалай мұнша артта тұрмын

Орным неге құлдырады

Тек жетінші «сортта» тұрмын

Еркіндетіп сутекті әбден

Ең алдыға қойыпты ғой

Қоспаймыз оны содан

Сірә ғалым айыпты ғой

Сутегі:

Сутегімін, судың арғы тегімін

Суда нашар металда жақсы еримін

Түссіз, иіссіз, дәмсіз газбен ежелден

Серігімін оттегі атты серінің

Жалыныммен металдарды кеседі

Кавендиштің көргенімен ашылдым

Адам суды өмір нәрі деседі

Жүйеде де бірінші мен тұрамын

Сыңарыммен бірге әр кез тұрағым

Массам да бір, тек бірінші келемін

Мен боламын сылдыраған бұлағың

Он төрт есе жеңілмін мен ауадан

Он алты пайыз жер бетіне парағым

Тіршіліктің тынысы суда боламын

Ішіп жүрген уақытында қалаған.

Магний:

Мен магний - күміс түсті металмын

Көп жағдайда магнезия аталдым

Жапырақта хлорофилді түзішу

Тіршіліктің көзі болып кете алдым

Жануарда, адамда да бармын мен

Талай снаряд, бомбаларды жардым мен

Қайткенде де болашағым зор менің

Полиграфияда да артты маған зор сенім

Тіршіліктің тірегімін көзімін

Дұрыс болар есте сақтап сенгенің

Күміс:

Мақтанасың сен ғана жер бетінде

Ғажайып бор металдай келбетінде

Түсің, түрің, қадірің, қасиетің

Келер ме екен менімен теңдесуге?!

Сабырлысың күмістей

Салмақты деп мақтайды

Мен тұрғанда аппақ боп

Қарап саған жатпайды

Жарыста, топта озғанда

Тағады мені төсіне

Алтыннан басқа алдыма

Түсетінің жоқ шығар

Мақтанбайын несіне

Алтын:

Мақтана бер, мақтана бер, күмісім

Алтын ағаң қоштағанда інісін

Кетпе бірақ ұмытып сен жарқыным

Ардақтымын жасыңа да, кәріңе

Дүниенің менмін көркі әрі де

Толықсыған толған айдай жарықпын

Өлшемімін барлық баға нарықтың

Бар базардың әлемге ортақ тілі - мен

Даңқ болып омырауға да ілінем

Алюминий:

Болмаса да айтарлықтай салмағым

Мен көбіңнен ардақтымын, алдамын

Ұшақ болып аспанға ұшып, қалықтап

Жердің жүзін, көк аспанды шарладым

Дюралюминий дейтін менің қоспамды

Әспеттейді химияның достары

Осыларға төсек, үстел, ыдыспен

Бағандардың бұйдаларын қос тағы

Қағазда мен қант - шайды сәндеген

Тоққа балқып келіп тұрған ән де мен

Кальций:

Кальций деген күміс түсті металмын

Өмір бойы кереңіне жете алдым

Менмін - ақ бор, әктас, мәрмәр ғанамын

Тіршілікке қажет металл аталдым

Қыртысында жердің мен де кездесем

Артық болмас «жер металы мен десем»

Ғарыштағы ракетада ұшақтан

Қолтаңбамды табасың сен іздесең

Жануардың бақалшағы, қаңқасы

Жер бетінің минералды әр тасы

Сан құрылыстың сәулеті, негізі

Қаланады менен ғана ойланшы

Темір:

Мақтанбаймын, қараңдаршы, халайық

Айналаға көз жүгіртіп қарайық

Болат жолды бөгей алмас еш бір күш

Кәне, менің қасиетімді санайық

Жаратсам тыңнан топырақ көтеріп

Тырмалаймын, тұқым шашып неше пұт

Ғарышқа да алып ұшып адамды

Жерді айналдым артыма от із қалдырып

ІІ. Білімді мыңды жығады. Викториналық сұрақтар:

1.Д.И.Менделеев неше жасында оқуға барды? (5 жасынан гимназияға оқуға түскен)

2.Д.И.Менделеевті алғаш ғылымға қызықтырған ұстазы кім? (орыс химиясының атасы А.А.Вознесенский)

3.Д.И.Менделеев өзінің магистрлік десертациясын қашан және қанша жасында қорғады? (1856 жылы 22 жас)

4.Д.И.Менделеев өзінің докторлық дисертациясын қашан және қанша жаста, қандай тақырыпта қорғады? (32 жасында 1865 жылы спирттің сумен қосылысы)

5.Нешінші элемент Д.И.Менделеев атымен аталады, кім ашты? (№101 Менделеевий, 1956 жылы Американ ғалымдары)

6.Д.И.Менделеев атымен аталатын қандай жер, су, мекемелерді білесіздер? (химиялық элемент, Курил аралында жанартау, Солтүстік Мұзды мұхитта Менделеев жоталары, метеорологиялық ғылыми зерттеу институты және бүкіл әлем оқушылары оқып жатқан периодтық заң)

ІІІ. Бой жазу

Екі оқушы шығып әр қадам аттаған сайын металл мен бейметалл элементтерінің аттарын атау керек.

IV. Ойлан тап ойыны.

Саған ғасыр жете алмаған байтақ арман

Інжуі ғылымның шайқап алған

Шертеді элементтер қасиетін

Период заңы болып қайталанған.

Вордингвордстарды шешу

1.Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақ, екінші буыны сан есім, өзі химиялық элемент, ойланыңызшы сонша бұл қай элемент? (неон)

2.Бірінші бөлігі тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын белгі немесе кездеменің өлшемі, ал - өзі химиялық элемент. Ойлаңызшы, бұл қай элемент? (селен)

3.Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент? (азот)

4.Жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепірді. «А» деген элемент, бірақ ол біреудің отын үрлемесе, өзі еш уақытта жанып көрген емес. Бұл қай элемент? (оттек)

V. Сықақ өлең

Алтындай менің ардақтым

Қорғасындай салмақтым

Көптен көрмей өзіңді

Электрондай зар қақтым

Өзің менің оттегім

Өмірім сенсіз жоқ менің

Мінезің мыстай майысып

Сынаптай сырғып кетпегін

Шаштарың қара көмірдей

Мүсінің құйған темірдей

Күмістей менің аппағым

Өзіңнен асыл таппадым

VI. Химиялық жұмбақтар.

Жүрмейсің мұңы құсап қате басып

Атомдар жұмбақтарын жатыр ашып

Таңбасы бар элемент осында тұр

Сап тұрып салмағымен қатарласып

1.Салмағың бар өлшесем

Көрінбейсің көзге сен (ауа)

2.Ауаны шарлап кезеді

Таза күйде пайдасыз

Білгіш болсаң айта ғой

Қосылысы - өмір өзегі (азот)

3.Табылса бұрын там-тұмнан

Қазір көп әрбәр өлкеде

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде (алюминий)

4.Алтын менен күмісті кім білейді

Қолда барда қуанып кім күлмейді

Химиктерге жақпайтын не сыры бар

Әрқашан «жаман металл» құрғыр дейді (активсіз металл)

5.Қымбат деп айтатындай емес алтын

Сонда да тапты игілік одан халқым

Апарып Айға елімнің туын тікті

Жемісін ақыл-ойдың елдің салтын (темір)

6.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық

Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп

Көрсететін суықты, жылуды анық

Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (сынап)

«Периодтық заңдылықтың болаашағы бұзылуды емес, тотығып, дами түсуді, күтеді» - дейді Д.И.Менделеев. «Периодтық заң болашақта күйремейді, тек үстемеленіп дами түседі» деген Д.И.Менделеевтің данышпандық сөзі расқа айналды.

Оқушыларға терең білім парасат тәрбие беру бүгінгі күннің талабы. Осы мақсатта оқушылардың пәнге ынтасы мен қызығуына және белсенділігін арттыру үшін оқытудың әр түрлі әдіс - тәсілдерін қолданып отырудың маңызы зор.


© 2010-2022