Ашық сабақ 6 сынып, Биосфера

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 6

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Биосфера туралы ұғым

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Оқушылардың тіршілік қабығы, биосферашекаралары туралы білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу,ойлау ,есте сақтау қабілеттерін қалыптастырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Тәрбиелілік:Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға,ұтымды пайдалануға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта ,үлестірмелі

қағаздар, суреттер.

Пәнаралық байланыс: Экология,Биология

Сабақтың барысы : I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақ

IV. Бекіту

V Қорытынды

I. Ұйымдастыру

1.Амандасу

2.Түгендеу,белгілеу

3.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Атмосфера тарауына қорытынды.

  1. Сұрақ - жауап

1.Жердің ауа қабығы қалай деп аталады?

2.Ауаның газ құрамына қандай газдар кіреді?

3.Атмосфераның төменгі қабаты

4.Атмосфералық қысым дегеніміз не?

5.Бұлт дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

6.Жел дегеніміз не оның қандай түрлерін білесіңдер?

7.Ауа райы дегеніміз не және оның қандай элементтері бар?

2)«Шешуші сөздер» берілген. Көмекші сөздерін табу керек. «Бұл не?» ойыны.

1) Оттегі,азот, көмірқышқыл газы(әр түрлі газдардың қосындысы)

Ауа

2) Бұрылыс, өзгеріс.(Атмосфераның төменгі қабаты)

Тропосфера

3) Ауа, су буы,пайыз.(1метр квадрат ауадағы су буының мөлшерінің граммен есептелуі)

Абсолют ылғалдылық

4) Жер бетінің әр шаршы см-не 1кг 33 г салмақ,(ауаның жер бетіне түсіретін салмағы)

Атмосфералық қысым

5) Теңіз жағалауында соғатын жел.(Бағытын тәулік ішінде екі рет өзгертеді)

Бриз.

6) Құрылық пен теңіз арасында соғатын жел.(жыл ішінде ауысып тұрақты соғатын жел)

Муссон.

3)Географиялық есептер.

1- ші қатар:

Бір тәулік ішіндегі температура

+5, -3, +6, +4.

Тәуліктің орташа температурасын тап

Шешуі:

5 + 6 + 4 - 3 = 12

12 : 4 = 3

Жауабы: тәуліктің орташа температурысы: +3 градусқа тең

2-ші қатар:

Жылдық орташа температураны табыңдар:

Айлар

Қ

A

Н

С

М

М

Ш

Т

Қ

Қ

Қ

Ж

ЖО

t0С

t°C

-24

-20

-8

10

13

18

24

21

12

-8

-6

-13

Шешуі:

(-24-20-8+10+13+18+24+21+12-8-6-13): 12 = 19°С

Жауабы: жылдық орташа температура 19°С

3-ші қатар:

Тәуліктік орташа температураны табыңдар:

Сағат 10.00. -(+12° С),сағат 13.00.-(+17 °С),сағат 19.00.-(+15 °С)

Шешуі:

TOt 0С=(120С+170С+15°С ):3=14,5°С

Жауабы: тәуліктік орташа температура 14,5°С

3)Берілген жел өрнегінің неше күн және қандай бағытта желдің соққаның анықтау

Ашық сабақ 6 сынып, Биосфера

III.Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы: Биосфературалы ұғым

Сабақтың мақсаты: Биосфера ұғымымен, оның шекаралары және құрамымен таңысамыз.

  1. Биосфера дегеніміз не?

  2. Тірі ағзалар қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Биоценоз дегеніміз не?

Оқушыларды биосфера ұғымымен таныстыру:

Жердің тіршілік қабығы - БИОСФЕРА

Биосфера (грекше био - тіршілік, сфера шар)

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан - 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Ашық сабақ 6 сынып, БиосфераАшық сабақ 6 сынып, Биосфера

Биосфераның таралу аймақтарымен таңыстыру

Ашық сабақ 6 сынып, Биосфера

  • Биоценоз - тірі организмдердің жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің,бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайын айтамыз.

  • Биоценоз деген атауды немістің ғалымы Карл Мебиус 1877 жылы Солтүстік теңіз устрицларын зеріттегенде ең бірінші болып ғылымға енгізген еді.

ІҮ. Сабақты бекіту тапсырмалары

  1. Тапсырма:

Биосфераның құрамына нелер кіреді? (сызба - нұсқаны толтыру)

2-тапсырма:

Географиялық диктант (көп нүктенің орнына тиісті жауапты жазу)

  1. Тірі ағзалар мекендеп, өзгерткен жер қабығы........деп аталады

  2. Тірі ағзалардың басты ерекшелігі ..............................

  3. Тірі ағзалардың екінші тамаша қасиеті .........................

  4. Әр түрлі жағдайда тіршілік етуге икемделуінің арқасында тірі ағзалар ...... , ............. және ................. таралған.

  5. ............, ............ және ..................... тірі ағзаларға жатады.

  6. Жер бетінің табиғат жағдайлары біртектіалқабын мекендейтін ................, ...................... және ................ бірлестігін ............деп атайды.

3-тапсырма:

Берілген әріптерден өсімдіктер мен жануарлар атын құрастыру жарысы.

К, М, С, А, Т, Ж, Я, О, Н, П, Д, Й, І, Ы, Ғ, Л, Р, И, Е, Қ, Ц, З, Ш, У, Б, Ә.

Ү. Бекіту сұрақтары

Биосфера деген не?

Тірі ағзалар қандай түрлерге бөлінеді?

Биоценоз деген не?

Тірі ағзалардың қандай ерекшеліктері бар?

Тірі ағзалардың түрлері?

ҮІ.Үй тапсырмасын беру

§ 49 оқу, мазмұны

ҮІІ. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

© 2010-2022