Баскетбол добын әріптеске беру әдістері

Раздел Физкультура
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:















Дене шынықтыру сабағы

Халық қаһарманы Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектеп

Сабақ жоспары

11 «А» Сыныбы Мұғалім Омарбаев А.А.

Сабақтың тақырыбы: Баскетбол добын әріптеске беру әдістері.

Сабақ өтетін орын: Спорт зал. 15.10.2015 ж.

Керекті құралдар: Баскетбол доптары, кедергіге арналған арнайы құрал жабдықтар.

Сабақтың міндеттері: 1. Жаттығу техникасын үйрету.

2. Баскетбол ойыны арқылы оқушылардың

денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Р/с

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

1.













2.

Кіріспе бөлімі

Сапқа тұру, амандасу, түгендеу,сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Орнында орындалатын жаттығулар,оңға және солға, шұғыл бұрылу. Залды айналып жүру, жүгіру қозғалыста жасалатын жаттығулар. Оң және сол қырымен жүгіру, екі өкшеге, тізеге алақанды тигізіп жүгіру. Залдың екі бұрышына жылдамдыққа жүгіру. Бір аяқпен секіру. Залды айналып жүгіру, жүру. Орнында орындалатын жаттығулар . Бастапқы жағдай. Екі қол белде мойынды шеңбер жасап айналдыру, басты оңға және солға бұру, алдыға еңкею, артқа шалқайту. Б.Ж. Оң қол жоғары сол қол белде екі қолды артқа сермеу. Б.Ж. Екі қол кеудеде кеудені кере артқа сермеу. Б.Ж. Екі қолды аяқтың ұшына тигізу, екі аяқ алшақ ыйықтың көлемінде. Б.Ж.Белді айналдыру,екі аяқ алшақ ыйықтың көлемінде. Б.Ж.Аяқты оңға және солға созып бұлшық еттерін керіп созу.



Негізгі бөлім.

Оқушыларға баскетбол ойыны кезіндегі қауіпсіздік ережесін, баскетбол ойыны ережесін естеріне салып айта кету.Оқушыларды топ-топқа бөліп алма кезек баскетбол добын бір қолмен алып жүру, кедергілерді айналып өту арқылы әдістерді қайталау. Оқушыларға баскетбол добын әртүрлі әдіспен әріптеске беру тәсілдерін көрсету.Кеудеден қос қолмен беру, қарсыластың қолтығының асты арқылы беру, алыстан бір қолмен лақтырып беру, арқа арқылы айналдырып беру т.б. әдістерді оқушылар жұпқа және топқа бөлініп орындайды. Оқушыларды топ-топқа бөліп үйренген әдісті жетілдіру мақсатында баскетбол ойынын ойнау.

10-12 мин.





4-8 рет.





4-8 рет.



28-30 мин.

Формаға көңіл бөлу. Дұрыс жасауын қадағалау. Ара қашықтықты сақтау. Ыйықты айналдыру алдыға және артқа. Залдың екінші бұрышына дейін артқа қарай жүгіргенде қауіпсіздік ережесін сақтау. Тыныс алу жүйесін қалпына келтіргенде өкшені көтеріп кеудені кере кең дем алу және демді шығару. Оқушыларды үш қатарға тұрғызу керек. Жаттығу жасағанда шынтақты бүкпей жасау керек. 1-2 оңға 3-4 солға еңкею. Гимнастикалық орындыққа екі қолды тіреп кеудені көтеру, денені түзу ұстауын қадағалау.

Жалпы дене жаттығулары бұлшық еттерді қыздырумен қатар, денсаулыққа беретін пайдасы өте зор.

Баскетбол добын бір қолмен алма кезек алып жүру әдісін орындаған кезде, допты екі қолмен жерге ұрып ойнаған үлкен қателік болып есептеледі. Баскетбол добын қос қолмен ұстап алып жүгіру ереже бұзу болып саналады. Ойын барысында қауіпсіздікке қатаң көңіл бөлу керек, ойын баскетбол ойынының ережесіне сай өтуі шарт.

Қортынды бөлім.

Сапқа тұрғызу. Сабақтың қортындысын айту, жатығу техникасын жақсы меңгерген оқушыларды атап өту және ойын кезінде жіберген қателіктерін айту. Үйге тапсырма беру.



3 мин.




Үйде жіберген қателіктерін саралап, қолайлы жағдай болса жаттығу техникасын қайталау. Көлденең аспаға тартылу және бір аяқпен кезек-кезек отырып тұру.





















© 2010-2022