Сабақ жоспары Кіші допты лақтыру (150 гр) әдісі

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Кіші допты лақтыру (150 гр) әдісі

Қыздар тобына өткен сабағымның мақсаты доп лақтыру әдіс-тәсілдерін үйрету ,ептілікке,икемділікке,жинақтылыққа баули отырып көпшілдікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеуге болды.

Сабақтың өтетін орны: Спорт алаңы

Керекті құрал-жабдық:Кіші доп,ысқырық.

Сабақ барысы

Дайындық бөлімі

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу

2.Кезекші баяндау

3.Сәлемдесу

4.Сабақтың тақырыбын хабарлау

5.Сапта орындалатын жаттығулар(оңға,солға айналамыз)

Әдістемелік нұсұау

- 1 қатарға

-Спорт киіміне көңіл бөлу

- Бұйрықтың дұрыс орындалуына назар аудару

Жүру жаттығулары

А)Аяқтың ұшымен

Б)Өкшемен

В)Жартылай отырып жүру

Г)Аяқтың ішкі мен сыртқы қырымен жүру.

Әдістемелік нұсқау:

-Екі қолды жоғары.

-Екі қолды белде.

-Екі қол алда.

-Қол белде.

Жүгіру жаттығулары:

А) Бір қалыпты жеңіл жүгіру;

Б)Оң және сол жанымен жүгіру;

В)Екі аяқты алдыға және артқа сермеп жүгіру;

Г)Тізені көтеріп жүгіру;

Д)Аттап жүгіру;

Е)Жылдам жүгіру.

Әдістемелік нұсқау:

-Қолды қайшылау.

-Қол белде.

-Тізені алақанға тигізу.

-Секіріп жүгіру.

Демалу,тынысты қалыпқа келтіру жаттығуларын орындау.

Әдістемелік нұсқау:

-Мұрынмен терең дем алып,ауызбен шығару.

ЖДЖ - ын және арнайы жаттығуларын орындау.

Әдістемелік нұсқау:

-Қол,иық,буын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Негізгі бөлім

Кіші допты лақтыру әдістері

А) Орында тұрып оң,сол қырымен лақтыру.

Б)Жүгіріп келіп лақтыру жаттығуларын орындау.

Әр оқушыға жаттығуды жеке- жеке орындату.

Эстафеталық ойын - оқушыларды екі топқа бөліп жарыстыру.

Әдістемелік нұсқау:

-Мұғалімнің көрсетуі арқылы жасалатын жаттығу.

-Қолды түзу ұстап бастан асыра лақтыру.

-Түзу лақтыру.

-Межелі жерге дейін жүгіріп барып қайту.

Қорытынды бөлім

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Белсене қатысқан оқушыларды атап өту,бағалау.

Үйге тапсырма:доппен жаттығу орындау.



© 2010-2022