Тест тапсырма. !шк! энергия

Тест тапсырма."!шк! энергия"
Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физикадан тестік тапсырмалар

8-сынып.

№1-тест. Ішкі энергия. Өзгерту тәсілдері

  1. Дененің ішкі энергиясы нолге тең болуы мүмкін бе?

А) иә, егер дене қозғалмай тұрса

В) жоқ, себебі денені құрайтын молекулалар ешқашан тоқтамайды

С) иә, молекулалар қозғалысын және өзара әрекеттесуін тоқтатса

  1. Мына келтірілген жағдайлардың қайсысында ішкі энергия өзгермейді?

А) суды шелекпен алып келе жатыр

В) суды шелектен шәйнекке құйып жатыр

С) шәйнектегі суды енді отқа қойып қыздырады

Д) шәйнектегі суды енді қайнатуға дейін апарады

  1. Бірдей температурадағы 10 л су мен 1 л судың ішкі энергияларының шамасын салыстыр

А) 10 л судыкі көп В) 1 л судыкі көп С) екеуіндікі бірдей

  1. Дененің температурасы көтерілсе, оның ішкі энергиясы

А) азаяды В) артады С) өзгермейді

  1. Кофемолкадан шыққан кофе ұнтағы жылы болады. Оның ішкі энергиясы ненің есебінен артты?

А) ток көзіне қосып, жылу берудің есебінен В) Кофемолканың қозғалтқышының жұмысы есебінен С) Жылу берудің де, жұмыс істеу есебінен де

  1. Газ кенеттен қатты сығылса, оның ішкі энергиясы қалай өзгереді?

А) күрт артады В) баяу артады С) күрт кемиді Д) баяу кемиді

  1. Неліктен металл кружкамен шәй ішкенде ерін күйеді, ал шәй температуралары бірдей болса да фарфор кружкадан күймейді? Себебі

А) металдың жылуөткізгіштігі жақсы В) металдың жылуөткізгіштігі нашар

С) фарфордың жылуөткізгіштігі жақсы Д) фарфордың жылуөткізгіштігі нашар

  1. Неліктен температурасы 200С бөлмеде біз өзімізді температурасы 250С суда болғаннан гөрі жылырақ сезінеміз?

А) ішкі энергия өзгерісі аз болғандықтан В) ауаның жылу өткізгіштігі нашар, судікі жақсы болғандықтан С) ауаның жылу өткізгіштігі жақсы, судікі нашар болғандықтан

  1. Мына заттардың қайсысының жылу өткізгіштігі ең жоғары?

А) картон В) кірпіш С) темір Д) су

  1. Шөлмектегі лимонадты қыстыгүні қай жағдайда тезірек суытуға болады?

А) далаға шығарып қойып В) қарды үңгіп, салып

С) ұсақталған мұздың ішіне салып Д) терезенің алдына қойып

  1. Неге жазда ауаның температурасы тал түсте емес, түс ауа жоғары болады?

А) күн сәулесінен қызған денелер қоршаған ортаға энергияларын береді

В) түс ауа күн энергиясы көбірек келе бастайды

С) ауаның жылу өткізгіштігі нашар болғандықтан энергия кеш беріледі

  1. Қандай температурада металл да, ағашта та ұстағанда бірдей сияқты көрінеді?

А) бірдей температурада В) қыздырғанда С) ұстаған қолдың температурасында Д) адам температурасынан жоғары температураларда

  1. Мына заттардың қайсысының жылу өткізгіштігі ең нашар?

А) пластик В) кірпіш С) темір Д) су

  1. Неліктен шөлде күндіз температура өте жоғары көтеріледі, ал түнде қатты төмендейді? Себебі -

А) құмның жылу сиымдылығы аз В) құмның сиымдылығы көп С) құмның

© 2010-2022