Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы. Элементар электр заряды

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы. Элементар электр заряды.Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы. Элементар электр заряды.Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы. Элементар электр заряды.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға электр өрісі тарауы бойынша мағлұмат бере отырып, денелердің электрленуі, атом құрылысы және Кулон заңы турасында түсінік беру.

Дамытушылық: Ой-өрісін, белсенділік пен қабілеттілігін, танымдық қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік:Эксперименттік тапсырмаларды орындату арқылы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - иллюстративті ,ББҮ, сұрақ - жауап, Сабақтың көрнекілігі: , эбонит, шыны таяқшалар, электроскоп, жібек, тері материалдар, слайдтар, интерактивті тақта, электрондық оқулық, үлестірме карточкалар, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Пәнаралық байланыс: химия,математика

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Ой қозғау.

Білеміз

Білгіміз келеді?

Үйренгеніміз

Электр заряды

«Янтарь» сөзі

Бір аттас және әр аттас зарядтар туралы

Электр зарядынын сақталу заңы туралы

Электроскоп туралы

Электр өткізгіштер туралы

Электр тогын өткізбейтіндер туралы

Атом құрылысын

Элементер заряд туралы

Оң және теріс ион туралы

Нүктелік заряд туралы

Ш.Кулон туралы

Кулон заңы туралы

Электр тұрақтысы туралы

Диэлектрлік өтімділік туралы

Жаңа сабақ түсіндіріледі

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Француз ғалымы Ш.Кулон 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ашқаннан кейін, ХVІІІ ғасырдың соңына қарай , электр құбылыстарын сандық жағынан зерттеу басталды. «Нүктелік заряд» ұғымы «материялық ұғымы» тәрізді ыңғайлы абстракциялау болып табылады.

Өлшемдері өзара әрекеттесетін денелердің арақашықтығынан бірнеше есе кіші болатын денеде орналасқан зарядты нүктелік заряд деп атайды.

F ~ q∙q

F ~ (q∙q ) / r 2

F ~ 1 / r 2

Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және оның арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.

F = k∙(q∙q ) / r 2

к = 9∙109 Н∙м2/ Кл2 - пропорционалдық коэффициент

ε0 = 8.85∙10-12Кл2/Н∙м2 - электр тұрақтысы

F = 1 / 4π ε0∙(q∙q) / r 2 н/е F = 1 / 4π ε0∙(q∙q) / ε∙r 2

ε- диэлектрлік өтімділік.

1 кулон - вакуумде 1м арақашықтықта орналасқан шамасы жағынан өзіне тең нүктелік зарядқа 9∙109 Н күшпен әрекет ететін нүктелік заряд.

ІV. Бекіту ( сыныпты екі топқа бөлу)

1 - тапсырма: І топ:

  1. Қандай зарядты «нүктелік» деп атайды? Осы ұғымды «материялық нүкте» ұғымымен салыстырыңдар

  2. 1 кулон дегеніміз не?

  3. диэлектрлік өтімділік дегеніміз не?

ІІ топ:

  1. кулонның иірілмелі таразымен жүргізілген тәжірибесінің мәні неде?

  2. кулон заңын тұжырымдаңдар және осы заңды анықтайтын формуланы жазыңдар?

  3. электр тұрақтысы деген не?

2 - тапсырма: І топ:

  1. екі нүктелік зарядталған денелердің арақашықтығын 2 есе арттырғанда, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 2 есе кеміткенде ше? ( 4 есе кемиді; 4 есе артады)

  2. ара қашықтығы 2 см, ал зарядтары 2∙10-9 Кл және 4∙10-8 Кл болатын бірдей екі кішкене шар вакуумде қандай күшпен әрекеттеседі? (F= 2∙10-9 ∙4∙10-8∙9∙109 / 4∙10-4 = 1,8∙10-3 Н)

  3. Бір - бірінен 5см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 0,4мН күшпен әрекеттеседі. Әр зарядтың шамасы қандай? (q2 = 0.4∙10-3 × 25∙10-4/ 9∙109 = 1,1∙10-16= 100∙10-18 Кл 2; q= 10∙10-9 Кл.)

  4. Есептер жинағынан: 1мкКл және 10нКл екізаряд 9мН күшпен біріне - бірі қандай қашықтан «әсер етеді? (r2 = 9*109*10-6*10*10-9/9*10-3= 100*10-4 м2. r=10*10-2м= 10см)

ІІ топ:

  1. екі нүктелік зарядталған денелердің біреуінің зарядын 3 есе арттырғанда , олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 3 есе кеміткенде ше? (3 есе артады, 3 есе кемиді)

  2. 2*10-8 см қашықтықта орналасқан екі электрон бірін - бірі қандай күшпен тебеді? (F= 9*109 * 1.6*10-19 *1.6*10-19/ 4*10-20 = 6*10-9 H)

  3. Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары сәйкесінше 20 Кл және 30 Кл. Бұлттардың орташа арақашықтығы 30 км болса, онда олар бір - бірімен қандай күшпен әрекеттеседі? ( F= 9*109 * 20*30 / 30*103 * 30*103= 6*103 H)

  4. Есептер жинағынан : Бірінен - бірі 3 см қашықтықта тұрған әрқайсысы 10 нКл екі заряд өзара қандай күшпен әсерлеседі?

( F= 9*109 * 10*10-9 * 10*10-9/ 9*10-4= 100 * 10-5= 1*10-3= 1 мН )

Деңгейлік тапсырмалар:

V. Үйге тапсырма:

§ 31 оқуға. Есептер жинағынан № 391,392.

VІ. Бағалау

VІІ. Қорытынды

(стратегиямды аяқтап, қорытындылау)


© 2010-2022