10 сынып. Физика. Кулон заңы-электростатиканың негізгі заңы

Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Кулон заңы-элетростатиканың негізгі заңы.

10 сынып

Сабақтың мақсаты:

  • Тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру. Тың мәліметтер беру арқылы білімді қалыптастыру.

  • Еріктілікті дамыту, белсенділігін, қабілетін қызығушылығын дамыту шараларын ұйымдастыру.Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Модульдер: оқытудағы жаңа әдіс -тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық, бағалау
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі материалдар,видеотапсырма, өзін-өзі бағалау парағы.

Құралдар: интерактивті тақта,2 ноутбук.

Әдіс тәсілдер: топпен жұмыс,ыстық орындық,серпілген сауал.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру.Оқушыларды 2 топқа «Заряд», «Кулон» бөліп отырғызу.

Барлық оқушыға «бағалау парағын» тарату.

Дұрыс жауап-1 ұпай

Толық емес-0,5 ұпай

Жауап жоқ болса-0

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

А) Әр топқа үй тапсырмасы бойынша тапсырма беріледі. Топ мүшелері кеңесіп жауап беруі тиіс. Уақыт: 5-6 минут.

(Жеке оқушыларға тапсырма беріледі)

Жеке оқушымен жұмыс.

2 оқушыға карточкамен тапсырма(есеп) беру.

№1 аттас зарядталған екі дене бір-біріне жақындағанда, олардың бірін-бірі тебу күші қандай жағдайда нөлге жақындайды?

№2

Зарядтарының шамасы бірдей екі кішкентай шарды олардың ара қашықтығын өзгертпей,бір шар зарядының жартысын екіншісіне берсе,олардың арасындағы кулондық тартылыс күші қаншаға азаяды?

Тапсырма талданып болған соң . Уақыт-3 минут.

Б) Әр топ видеокөрініспен берілген құбылысты түсіндіріп береді.

«Электрлену.wtv» және «Әртүрлі зарядталған дене.avi»

В) Үй тапсырмасын Эл зар машинасымен жасалған тәжірибемен бекіту.

ІII. Жаңа сабақты өздігінен игеру. Әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ.8.2 1-тақырыпша

2-топ. 2-тақырыпша

Әр топ өз беттерінше берілген тапсырманы игеріп,негізгісін анықтап ортаға салады.Постер құрып Топ алдында қорғайды.

Әр топқа талдау мен қорғауға -10 минут уақыт беріледі.

IVТақырыпты бекіту.

А) «Серпілген сауал» топтармен

Б) Оқулықпен жұмыс.

Электронды оқулықпен жұмыс. Видео «Кулон заңы»

Кулон заңы: вакуумдағы қозғалмайтын екі нүктелік зарядтың өөзара әрекеттесу күші зарядтар модулінің көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың ара қашықтарының квадратына кері пропорционал. Бұл күш осы зарядтарды қосатын түзу бойымен бағытталады.

10 сынып.Физика.Кулон заңы-электростатиканың негізгі заңы.

к=9·109Н·м2/Кл2

10 сынып.Физика.Кулон заңы-электростатиканың негізгі заңы.

ε0=8,85·10-12Кл2/Н·м2

10 сынып.Физика.Кулон заңы-электростатиканың негізгі заңы.

Кулон-бірлік уақыт ішінде өткізгіштің бірлік көлденең қимасының ауланы арқылы

1 А ток күшіне тең ток жүрген кезде өтетін заряд.

1Кл=1А·с

ε - ортаның салыстармалы диэлектрлік өтімділігі

ε =Ғ0/Ғ=const

Ортаның диэлектрлік өтімділігі бұл затттың элеткрлік қасиетін және зарядтардың берілген ортадағы өзара әрекеттесу күші вакуумдағы өзара әрекеттесу күшінен неше есе аз болатынын көрсететін физикалық шама.

Суперпозиция қасиеті:

Ғ=Ғ123+...Ғn

Есептер шығару.

№316 Е.Ж.

Зарядтары 0,5 мкКл және -0,1мкКл болатын бірдей екі кішкене шар ауада бір-бірінен бір қашықтықта орналасқан.Шарларды бір біріне түйістіріп,содан кейін r=10 см қашықтыққа ажыратады.Шарлардың өзара әрекеттесу күшін анықтаңдар.

15-жаттығу (4)

Шамасы және таңбасы жағынан бірдей екі нүктелік заряд вакуумде бір бірінен 3 м қашықтықта орналасқан және 0,4 Н күшпен тебіледі.Әр зарядтың шамасын анықтаңдар.

15-жаттығу (1)

Бір кулон зарядтың шамасы туралы түсінік болуы үшін вакуумде бір-бірінен 1м қашықтықта орналасқан шамасы 1Кл болатын екі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күшін есепте. Суда дәл сондай қашықтықта әрекеттесу күші қандай?

V. Қорытындылау. Сабақтағы көңіл-күйлерін білдіру.

VІ. Бағалау парақтары арқылы оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§8.1.8.2. 15 -жаттығу. №2, №3.



Үй жұмысы.


1. Бір-бірінен 0,5м қашықтықта орналасқан зарядталған екі шар керосин ішінде бір-бірінен 0,34 ·1010 сынып.Физика.Кулон заңы-электростатиканың негізгі заңы.Н күшпен тебіледі.Шарлардың жалпы заряды1010 сынып.Физика.Кулон заңы-электростатиканың негізгі заңы.Кл. Әрбір шардың заряды...

2. Бір-бірінен 1010 сынып.Физика.Кулон заңы-электростатиканың негізгі заңы.см қашықтықта орналасқан екі протон арасындағы өзара әсерлесу

күші неге тең? 10 сынып.Физика.Кулон заңы-электростатиканың негізгі заңы.Кл.


© 2010-2022