Презентация на тему: Линза. Формулы тонкой линзы. Оптические приборы

Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Линзалар. Жұқа линзаның формуласы. Оптикалық аспаптар.

Өткізу күні: 19 қараша 2015 жыл.

Мектеп: Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі.

Мұғалім: Оразбаева Гульмира Едилбаевна, физика пәні мұғалімі.

Сынып: 11 «Ә».

Пән: физика.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Оптикалық аспаптармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау.

Сабақтың көрнекіліктері : «Activstudio», «ActivInspire», «Activote» программалары.

Сабақтың құрылымы:

  1. Сабақты ұйымдастыру - 5мин

  2. Өтілген тақырыпты пысықтау- 2 мин

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 23 мин

  4. Жаңа тақырып бойынша тест алу - 12 мин

  5. Қорытынды- 2 мин

  6. Үйге тапсырма - 1 мин

Сабақты ұйымдастыру. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» (Әуен 05:00).

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!



  1. Өтілген тақырыпты пысықтау. 2мин

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 25 мин

Күн оның энергиясын кімдер, қайда және қанша алып жатқанына алаңдамайды, ол жай ғана жарық және жылу береді. Күн сәулесінен от алу үшін, бізге тұтандырғыш шыны" - линза керек. (видео 00:45) Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша линзамен танысамыз.

Линза дегеніміз - екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене. Линзаның 2 түрі бар, олар жинағыш (Видео 01:22) және шашыратқыш. Жинағыш линза өзі арқылы өткен жарықты бір нүктеге жинайды . Шашыратқыш линза өзі арқылы өткен жарықты шашыратады Линза беттерінің түріне қарай дөңес (екіжақты дөңес, жазық дөңес, ойыс-дөңес) және ойыс (екіжақты ойыс,

БАС ФОКУСТАРЫПрезентация на тему: Линза. Формулы тонкой линзы. Оптические приборыжазық ойыс, дөңес ойыс) болып бөлінеді. Линзадан алынған кескіндердің түрлері тура немесе төңкерілген, шын немесе жалған, үлкейтілген немесе кішірейтілген болуы мүмкін. (Видео 01:06, 00:40)

ЖПрезентация на тему: Линза. Формулы тонкой линзы. Оптические приборыПрезентация на тему: Линза. Формулы тонкой линзы. Оптические приборыұқа линзаның формуласы немесе

Линзаның оптикалық күші деп бас фокус ара қашықтығына кері

Презентация на тему: Линза. Формулы тонкой линзы. Оптические приборы

шаманы айтады. .

Линзаның оптикалық күші диоптриямен өлшенеді: 1дптр=1м-1.

КПрезентация на тему: Линза. Формулы тонкой линзы. Оптические приборыескін өлшемінің һ (биіктік) нәрсе өлшеміне Н (биіктікке) қатынасын

сызықтық ұлғайту Г деп атайды:
Линзаларда кескіндерді тұрғызу. Линзалардағы кескіндерді тұрғызу үшін негізгі үш сәулені пайдаланады

  1. Бас оптикалық оське параллель сәулелер линзадан сынғаннан кейін оның фокусы арқылы өтеді.

  2. Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәуле сынбайды

  3. Линзаның бас фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель кетеді.

Оптикалық аспаптар:

Проекциялық аспаптар дегеніміз - экранда нәрсенің шын, үлкейтілген кескінін беретін оптикалық аспаптар.

Фотоаппарат дегеніміз - линзалар жүйесінің көмегімен жарық сезгіш қабыршақта сақталатын нәрсенің кескіні алынатын, оптикалық қондырға болып табылады. (Видео 01:32)

Көз - "тірі" оптикалық аспап, ол адамға да жан-жануарларға да қоршаған әлемді танып білуге мүмкіндік береді. (Видео «Слепой,который затронул сердца миллионов людей».01:50)

Көзілдірік дегеніміз -көздегі ақауларды (алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік) түзету үшін қолданылатын оптикалық аспап.

Лупа дегеніміз - ұсақ денелерді көруге арналған ең қарапайым аспап қысқа фокусты линза.

Микроскоп дегеніміз- өте ұсақ денелерді көру үшін қолданылатын оптикалық аспап.

Телескоп дегеніміз- аспан денелерін (планеталарды, жұлдыздарды, кометаларды) бақылауға арналған оптикалық аспап.

Спектрлік аппараттар дегеніміз- сәуле шығару көздерінің спектрлерін зерттеуге арналған құрылғылыр.

4. Жаңа тақырып бойынша тест алу (Аctivote ). 8 сұрақ (1сұраққа 1,5 минут беріледі)

1) Суреттегі фотоаппапраттың көмегімен алынған кескін:

Презентация на тему: Линза. Формулы тонкой линзы. Оптические приборы

А) Жалған, кішірейтілген, төңкерілген.

В) Шын, үлкейтілген, төңкерілген.

С) Шын, кішірейтілген, тура.

Д) Шын, кішірейтілген, төңкерілген.

Е) Жалған, кішірейтілген, тура.

2) Фокус аралығы 20 см жинағыш линзаның оптикалық күшінің абсолют мәні неге тең болады?

А) 0,2 дптр

В) 20 дптр

С) 5 дптр

Д) 0,05 дптр

Е) 2 дптр

3) Жұқа линзаның формуласы

А) Презентация на тему: Линза. Формулы тонкой линзы. Оптические приборы Д) Презентация на тему: Линза. Формулы тонкой линзы. Оптические приборы

В) Презентация на тему: Линза. Формулы тонкой линзы. Оптические приборы Е) Презентация на тему: Линза. Формулы тонкой линзы. Оптические приборы

С) Презентация на тему: Линза. Формулы тонкой линзы. Оптические приборы

4) Жинағыш линзаның көмегімен жарық шығаратын нүктенің кескінін алған. Егер d=0,5 м; f=2 м болса, онда линзаның фокус аралығы.

А) 0,4 м

В) 1 м

С) 2,5 м

Д) 0,5 м

Е) 1,5 м

5) Линзаның оптикалық центрі арқылы түскен сәуле

А) сынғаннан кейін бас фокус арқылы өтеді

В) сынғаннан кейін линзаның жарық түсетін жағындағы фокусында қиылысады.

С) сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель кетеді.

Д) сынбай өтіп кетеді

Е) сынғаннан кейін линзаның фокусында қиылысады.

6) Көздің оптикалық жүйесінің көмегімен алыс тұрған нәрсенің кескіні торламаның арғы жағында пайда болады. Көздің дефектісін және көзілдірікке қажетті линзаны анықтаңыз

А) жақыннан көргіштік, жинағыш линза

В) алыстан көргіштік, жинағыш линза

С) жақыннан көргіштік, шашыратқыш линза

Д) алыстан көргіштік, шашыратқыш линза

Е) дұрыс жауап жоқ

7) Линза арқылы экранда электр шамының нақты кескіні алынған. Линзаның төменгі бөлігін жапқанда кескіннің өзгерісі

А) кескіннің жартысы пайда болады

В) кескін мүлдем жоғалады

С) кескін сәл өзгереді

Д) кескін төңкеріледі

Е) кескін орнында қалады, бірақ жарықтылығы азаяды

8) Шашыратқыш линза беретін кескін қандай?

А) Тек нақты кескін

В) Денеге дейінгі қашықтыққа байланысты нақты не жалған кескін

С) Тек жалған кескін

Д) Қоршаған ортаға байланысты нақты не жалған.

Е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ

Презентация на тему: Линза. Формулы тонкой линзы. Оптические приборы

Көз гимнастикасы:
1-жаттығу. Жоғары-төмен, оңға-солға қарау; көзді алдымен бір жаққа, содан кейін екінші жакқа айналдыру

2-жаттығу. Көзді қатты жұмып, содан кейін ашу (бірнеше рет қайталау).

3-жатгығу. Біресе мұрынға жақындата, біресе алыстата отырып, саусактын ұшына қарау.


Қорытынды. Бүгінгі сабақ барысында түсіндік

Адам - сананың линзасы.

Біздің санамыз " тұтандырғыш шыны" , яғни линза болып табылады.

Сана-линзасын сындырыңдар, сонда от пайда болмайды!

Көз - жанның айнасы


5. Үйге тапсырма 4.11, 4.12. Өз бетінше шығаруға аралған есептер.

© 2010-2022