Сценарий мероприятия Жігіт сұлтаны

Кімдер жүйрік, кім білгіш білейікші,Өлкесін сүйер азамат деп жүрейікші.Әділ-қазыларға тек әділдікті,Ал сайыскерлерге сәттілікті тілейікші – дей келе кезекті таныстыруға берейікОртаға Мұхтарды шақырайықӘділ қазы алқасының бағасыАрдақты шақырайықӘділ қазы алқасының бағасыНұрбекті шақырайықӘділқазы алқасының бағаларыТемірланды шақырайықӘділ қазы алқасының бағасыҚазбекті шақырайықӘділ қазы алқасының бағасыСайлауды шақырайықӘділ қазы алқасының бағасыБірінші сайысымыз осымен аяқталды. Кезекті әнге бер...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және сайыскрлер!

Барлықтарыңызды Жыл басы -Наурыз мекрексімен шын жүректен құттықтаймын!

«Наурыз» мерекесіне орай өткізіліп отырған «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.

Айналайын, ағайын мерекеге келдіңіз,

Ықылас қып, ниет қып көппен бірге еніңіз\

Қазақ деген халықтың құдіретін тануға

Ұрпағыңның жасаған ұлы тойын көріңіз-дегендей сайысымыздың шартымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:


  1. «Мен қазақтың ұлымын» таныстыру сайысы

  2. «Білімдар» сұрақ-жауап

  3. «Өнерлінің өрісі кең» өз өнерін көрсету

  4. «Сегіз қырлы, бір сырлы» өз білімдерін көрету

  5. Үй тапсырмасы (тамашадан көрініс)

Ал, енді құрметті көрермендер мерекелік кешімізді бастамай тұрып оны бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін. Олар:

1.МДТІЖМ Баденова Анара Балтабекқызы

2. АӘД пәнінің мұғалімі Оспанов Нурлан Нұрымжанович

3.Тарих пәнінің мұғалімі Базарбаев Дулат Кусаинович

Бүгінгі сайықа түсетін сайыскерлерімізді сіздерге таныстырып өтейін:

  1. Никатов Мұхтар 8 а сынып оқушысы

  2. Темірхан Ардақ 8 ә сынып оқушысы

  3. Кайкенов Нұрбек 7 а сынып оқушысы

  4. Шаяхмет Темірлан 6а сынып оқушысы

  5. Совет Қазбек 5а сынып оқушысы

  6. Бейсембай Сайлау 5ә сынып оқушысы

Кімдер жүйрік, кім білгіш білейікші,

Өлкесін сүйер азамат деп жүрейікші.

Әділ-қазыларға тек әділдікті,

Ал сайыскерлерге сәттілікті тілейікші - дей келе кезекті таныстыруға берейік

Ортаға Мұхтарды шақырайық

Әділ қазы алқасының бағасы

Ардақты шақырайық

Әділ қазы алқасының бағасы

Нұрбекті шақырайық

Әділқазы алқасының бағалары

Темірланды шақырайық

Әділ қазы алқасының бағасы

Қазбекті шақырайық

Әділ қазы алқасының бағасы

Сайлауды шақырайық

Әділ қазы алқасының бағасы

Бірінші сайысымыз осымен аяқталды. Кезекті әнге берейік Аяулым мен Алтынайдың орындауында «Балдаурен» әнін қабыл алыңыздар.

Ал, қырандар, сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер алдыда талай сын бар.

Айт қарсыластар қымсынбай кеп,

Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар-дегендей, қазір мен сіздерге қазақтың 3 санына байланысты сұрақтар жазылған қағаздарды таратамын, ойлануға 3 минут уақыт беріледі.

№1.

  1. Үш жұртты ата (ағайын жұр. Нағашы жұрт, қайын жұрт)

  2. Үш байлықты ата (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

  3. Үш биді ата (Төле би, Қаз дауысты Қазбек би)

№2.

  1. Үш дананы ата (Абай, Шоқан, Ыбырай)

  2. Үш қуатты ата (ақыл, жүрек, тіл)

  3. Үш арсызды ата (ұйқы, күлкі, тамақ)

№3.

  1. Үш ғайыпты ата (ажал, қонақ, несібе)

  2. Үш даусызды ата (мінез, кәрілік, ажал)

  3. Үш қадірлі (ырыс, бақ, дәулет)

№4.

  1. Үш қадірсізді ата (жастық шақ, денсаулық, жақсы жар)

  2. Үш жамандықты ата (нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған жұртты бұзу)

  3. Үш жақынды ата (жантәтті, бала тәтті, жар тәтті)

№5.

  1. Үш қуанышты ата (алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)

  2. Үш биікті ата (билік, дәулет, даналық)

  3. Үш асылды ата (көз, тілі, көңіл)

№6.

  1. Үш кедейлікті ата (кежірлік, еріншектік, ұйқы)

  2. Үш көзді ата (Су анасы-бұлақ, жол анасы -тұяқ, сөз анасы-құлақ)

  3. Үш артықты ата (Адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық)

Сұрақтарға жауаптар дайын болса онда ортаға

Мұхтарды шақырайық

Ардақты шақырайық

Нұрбекті шақырайық

Темірланды шақырайық

Қазбекті шақырайық

Сайлауды шақырайық

Әділ қазы алқасына сөз берейік

Мұхтардың бағасы

(әрі қарай сайыскерлеріміздің бағалары қойылады.)

Ендігі кезек «Өнерлінің өрісі кең» сайысына келіп жетті . Сайыскерлеріміз дайын болғанша әнге кезек берейік Рыскелды Мұратбекқызы мен Айымның орындауында «Ауылым» әнін қабыл алыңыздар.

Құлақтан кіріп , бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй- деп ақын жырлағандай сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз

Мұхтарды шақырайық

Ардақты шақырайық

Нұрбекті шақырамыз

Темірланды шақырайық

Қазбекті шақырайық

Сайлауды шақырайық

Әділ қазы алқасына сөз берейік

Төртінші сайысымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» тапсырмаларды орындауға келіп те үлгердік. Мен әрқайсыларыңызға бір тапсырма беремін соны ойланып орындауларың керек.

Мұхтар саған тапсырма қазақтың салт-дәстүрді айтып шық

Ардақ қазақ халқының тыймдары туралы не білесің?

Нұрбек ұлттық ойындардың қандай түрлерін білесің?

Темірлан тақырыпқа байланысты бірнеше жұмбақтарды мына отырған көрермендерге жасыр

Қазбек тақырыпқа байланысты мақалдарды айт

Сайлау ырымдар туралы не білесің?

Сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

Мұхтардың бағалары

Ардақтың бағалары

Нұрбектің бағалары

Темірланның бағалары

Қазбектің бағалары

Сайлаудың бағалары

Кезекті әнге берейік. «Бақытты балалық» әнімен Айсананы шақырайық.

Соңғы сайысымыз тамашадан көрініс. Әр сайыскерлерге көмекке сыныптастары көмектесе алады.

Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз

Мұхтар, Ардақ, Нұрбек, Темірлан, Қазбек, Сайлау

Әділқазы алқасы дайын болғанша Айымның орындауындағы

«Дос туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар.

Әділқазы алқасы дайын болса, сөз өздеріңізде. Осымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы ________________________«Жігіт сұлтаны» номинациясымен марапатталады.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды. Ұйып тыңдағандарыңызға рахмет!

Сау болыңыздар.


© 2010-2022