Сабақ жоспары: Көктем келді

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көктем келді! Сынып 3 күні ________

Сабақтың мақсаты:

-жаңа сөздермен сөйлем құру, сұрақты дұрыс қою және жауап беру,

таза, ұқыпты жаза білу.

-туған елін, жерін сүйюге, табиғатты қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, топшамалар, көктем бейнеленген түрлі түсті суреттер.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, әдебиет.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың қазақ тіліге деген қызығушылығын арттыра отырып осы тілде сауатты сөйлеу және жазу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

- сәлемдесу

- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Оларды ата.

2.Бір жылда қанша ай бар?
Оларды ата.

3.Қыс мезгілінің айларын ата.

4.Көктем мезгілінің айларын ата.

5.Жаз мезгілінің айларын ата.

6.Бір айда канша апта бар?

7.Апта күндерін ата.

ІІІ Жаңа сабақ

А) Жаңа сөздермен жұмыс
жаңбыр жауады - идет дождь
қар ериді - тает снег
жылы жел соғады - дует теплый ветер
найзағай жарқылдайды - сверкает молния
құстар ұшып келеді - прилетают птицы
күн жылы болады - день становится теплым

Ә) Толықтырып оқы. Дәптеріңе жаз

жаңбыр _____________
_______________ ериді
жылы _________соғады
________жарқылдайды
құстар _____________

күн __________ болады

Тірек сөздер: жауады, ұшып келеді, қар, жылы, жел, найзағай.

Б) 3-тапсырма. Сұрақ қойып үйрен.

Көктемде жаңбыр жауа ма?

Көктемде жел соға ма?

Көктемде найзағай жарқылдайды ма?

Көктемде қар ери ме?

Көктемде құстар ұшып келе ме?

Көктемде жапырақтар сарғая ма?

Көктемде көкөністер пісе ме?

Көктемде су қата ма?

В)5-тапсырма. Тыңда. Оқы.

Көктемде

Қар ериді, жаңбыр жауады,

Найзағай жарқылдап, жел соғады.

Гүлдер шығып, құстар келіп,

Көктемде бәрі мәз болады.

Ә.Шапағат

Г) 6-тапсырма. Сәйкестендіріп жаз.

жаңбыр жарқылдайды

жел шығады

қар соғады

найзағай ұшып келеді

гүлдер жауады

құстар ериді

ІҮ. Бекіту

Үй тапсырмасы:
1.Жаңа сөздерді жаттау.
2.Тақпақты жаттау.

Релаксация:

Сабақты қорытындылау:


© 2010-2022