Сыныптан тыс сабақ Мемлекеттік рәміздерді білесің бе? (викторина)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс жұмыс

Викторина «Қазақстан Республикасының рәміздерін білесің бе?»

Мақсаты:

1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан-жақты таныстыру.

2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту. Ойлау, сөйлеу және құрмалас сөйлем құрастыру қабілеттерін дамыту.

3. Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Көрнекілік құрал-жабдықтар: Қазақстан Республикасының рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран суретттері, презентация.

Мұғалім сөзі: «Мемлекеттік рәміздер -еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Әрбір мемлекеттің мемлекет екендігін білдіретін өздерінің Әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз қазір тұрып ән тыңдайық.Ол-Республикамыздың Әнұраны,Әнұранды салтанатты жағдайларда орындайды,оны орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз.(Әнұран тыңдалады.)

Оқушылар «Жұлдыздар» және «Алғырлар» болып екі топқа бөлінеді. Викторина сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл ?

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі

2. Қазақстан қандай мемлекет ?

Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемлекет

3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім ?

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев

4. Қазақстан қашан тәуелсіз болып жарияланды ?

Қазақстан 1991 жылы 1желтоқсанда тәуелсіз болып жарияланды

5.Қазақстанның бас қаласы және астасын атаңдар.

Қазақстанның бас қаласы және астанасы - Астана

6.Қазақстан жері неге бай ?

Қазақстан жері пайдалы кендерге бай

7.Бүгінгі күні Қазақстан қандай ел ?

Бүгінгі күні Қазақстан білімді, дербес, жоғары мәдениетті, дамыған ел

8. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады ?

Қазақстан Республикасының рәміздеріне Ту, Елтаңба, Әнұран жатады

9.Қазақстан Республикасының рәміздері қашан бекітілді ?

ҚР-ң мемлекеттік рәміздері 1992жылы 4 маусымда бекітілді

10.Мемлекетік Тудың авторы кім ?

Мемлекеттік Тудың авторы суретші Шәкен Ниязбеков

11.Мемлекеттік Туда нелер бейнеленген ?

Мемлекеттік Туда қыран, күн, өрнек бейнеленген

12.Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер ?

Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары Шота-Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков

13.Мемлекеттік Елтаңбада нелер бейнеленген ?

Мемлекеттік Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ, жұлдыз, «Қазақстан» жазуы бейнеленген

14 .Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазған кімдер ?

Әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

15 .Мемлекеттік Әнұранның әнін жазған кім?

Мемлекеттік Әнұранның әнін жазған композитор Шәмші Қалдаяқов

Сұрақтар біткен соң, ұпай саналады, жеңген топ оқушылары мадақталады.

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Осымен бүгінгі «Қазақстан Республикасының рәміздерін білесің бе?» атты викторина аяқталды, қош сау болыңыздар!



© 2010-2022