Испан биі (3-4 жас)

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ИСПАН БИІ

Испан биі (3-4 жас)

(Музыкалық мөлшері 4/4)

Бидің негізгі қимылдары:

І. Негізгі қимыл музыканың бір тактісіне орындалады. «Бір» - алға қарай оң аяқпен шағын қадам жасалады, «және» оң аяқтың ұшымен алға аздап сырғи секіріп, сол аяқтың тізесін бүгіп, алға биігірек көтереді. «Екі - және» - қимыл енді сол аяқтанбастап орындалады. «Үш - және», «төрт - және» - оң аяқтан бастап алға қарай топылдата үш қадам басып, соңында оң аяқтың ұшымен сәл сырғанай секіреді. Екінші тактіде барлық қимыл толығымен сол аяқтан бастап орындалады.

ІІ. Бір қадам алға басып, сәл сырғанай секіріп, ары қарай екі қадам жасалады. «Бір» - алға қарай оң аяқпен шағын қадам жасап, «және» - сол аяқтың тізесін бүгіп, жоғары көтеріп, оң аяқтың ұшымен алға сырғанай секіреді. «Екі - және» -алға қарай сол аяқтан бастап екі қадам жасалады.«Үш - және», «төрт - және» - барлық қимыл енді сол аяқтан бастап орындалады.

ІІІ. Бір тактіге екі рет алға қарай топылдата үш қадам басылады. Содан кейін сол аяқтан бастап тағы да топылдата үш қадам басады. Сөйтіп, бір тактіге екі рет топылдата үш қадам жасау керек.

ІҮ. Оң аяқпен, содан соң сол аяқпен, бірінен кейін бірі қадам жасап сырғанай секіреді.Билеушілердің жұптасып тұрған кездегі қол ұстасу түрлері: 1. Биді орындаушылар беттерін қимыл жасап жүретін (оң) жаққа қарай беріп, қыз оң жақта, ұл - сол жақта , қолдарын алдарына айқастырып ұстасып тұрулары керек. 2. Орындаушылар қатар тұрып, беттерін би орындалатын жаққа қарай бұрып, ұстасқан оң қолдарын қыздардың басының тұсында жоғары көтеріп, сол қолдарын сол жақ шетке созып тұрады. Ұлдар қыздардан сәл кейінірек тұруы керек. 3. Қыздар беттерін шеңбердің ортасына қарай бұрып, белдерінен сәл жоғарырақ қол ұстасып тұрады. Бидің құрылысы Әр бөлшек сайын музыка қайталанып отырады. Орындаушылар (қыздар, ұлдар) 8 жұппен тұрады. Олардың төрт жұппен тұрғандары бөлменің алдыңғы оң жақ бұрышында, келесі төрт жұбы бөлменің алдыңғы оң жақ бұрышында, келесі төот жұбы бөлменің артқы сол жақ бұрышында, бірінің артынан бірі беттерін бөлменің қарама қарсы бұрышына қарай бұрылып тұрады. Қолдарын бірінші қол ұстасу қалпымен алдарында айқастырып ұстасады.

І бөлшек

6 такт. Бишілер бірінші қимылды 6 рет орындай отырып алға қарай, сағат тілінің жүру бағытына қарсы шеңбер құра жүріп, бөлменің екі шетіне келіп, ортаға қарай бұрылып сап құрып тоқтайды.

ІІ бөлшек

4 такт. Бишілер жұптасып сап құрған қалпымен алға қарай жүріп, бірінің арасынан бірі өтіп, орындарын ауыстырады.

2 такт. Бірінші қимылды тағы екі рет орындау арқылы сол жақтарымен бұрылып, сол жақтағылар бірінің артынан бірі бөлменің алдыңғы жағына, оң жақтағылар арт жағына қарап тұрады.

ІІІ бөлшек

6 такт. Барлықтары сағат тілінің жүру бағытымен шеңбер арқылы бірінші қимылмен жүріп, бөлменің екінші жартысына жартылай шеңбер құрып, беттерін ортаға қарай беріп тоқтайды.

ІҮ бөлшек Қыздардың жеке биі:

2 такт. Қыздар екінші қимылды орындай отырып, бөлменің ортасына қарай жүріп, шеңбер құрып тұрады.

4 такт. Қыздар аяқтарын үш рет топылдатып үш қадам басып, сағат тілінің бағытына қарсы қол ұстасып, беттерін , ортаға бұрып шеңбермен жүріп отырады.(Үшінші қол ұстасу түрі, 3 - қимыл).

Ү бөлшек

2 такт. Қыздар екінші қимылды орындау арқылы,әрқайсысы өз орнындарында сол жақ иығына қарай бір рет айналып, беттерін шеңбердің сыртына қарай бұрып тоқтайды.

2 такт. Олар екінші қимылды орындай отырып, бір орында тұрып, бір рет айналып шығады. Ұлдар мен қыздар билеп жүріп,оң аяқтарымен тізерлей отырып, қолдарымен шапалақ соғып отырады. Соңында орнынан тұрады.

ҮІ бөлшек

Ұлдардың жеке биі:

2 такт. Ұлдар, бірінші жүрісті екі рет орындау арқылы алаңның ортасына жетіп, шеңбер құрып қолдарымен белін ұстап тұрады.

2 такт. Ұлдар, төртінші қимылды орындай отырып, шеңбер жасай, сағат тілінің бағытымен жүреді.

2 такт. Ұлдар екінші қимылды орындау арқылы сол жағымен әр қайсысы өз орнында тұрып, бір айналып шығады.

ҮІІ бөлшек

2 такт. Ұлдар бірінші жүрісті орындау арқылы жоғарыда жарты шеңберде отырған қыздарға барады.

2 такт. Ұлдар қыздардың алдында тұрып, оңға қарай, солға қарай екі рет екінші жүрісті орындайды.

2 такт. Ұлдар екі рет бірінші жүрісті орындау арқылы, қыздардың оң жағынан бастап айналыпшығады да, бастапқыдай жұп болып, беттерін сағат тілінің бағытына қарсы жаққа бұрып шеңбер құрып тұрады. Ұлдардың биі кезінде қыздар оң тізесімен тізерлеп, қолдарын шапалақтап соғып отырады. Соңында орындарынан тұрып, ұлдарға қолдарын беріп (қол ұстасудың екінші түрі) жұптасып тұрады.

ҮІІІ бөлшек

2 такт. Бишілер жұптасып тұрған қалпымен бірінші жүрісті екі рет орындап, шеңбермен сағат тілінің бағытына қарсы жүреді.

4 такт. Бірінші жүріспен бөлменің алдыңғы оң жақ бұрышының тұсына келген жұптың артынан бірінші қимылды орындау арқылы бірінің соңынан бірі тізбектеліп, бөлменің алдыңғы жағындағы сол жақ бұрышы арқылы сахнадан шығып кетеді.



© 2010-2022