- Преподавателю
- Другое
- Тренинг Мінез - адам көрсеткіші
Тренинг Мінез - адам көрсеткіші
Раздел | Другое |
Класс | 7 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Мамбетова Н.Д. |
Дата | 25.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
«Мінез - адам көрсеткіші» тренингі
Мақсаты: Оқушылардың өзіндік бейнелері туралы психологиялық мінездеме беруді
негізге алады.
Нұсқау: Оқушылар слайд арқылы көрсетілетін бейнелерден біреуін ойша таңдайды. Негізгі 6 бейне көрсетіледі. Таңдалған бейне бойынша оларға психологиялық мағлұмат беріледі. Бұл мағлұмат олардың жеке тұлғалық мінездік ерекшеліктерін, болашағына деген сенімділігін нығайтуды қамтамасыз етеді.
I.Тренинг ережесі
-
Өзін еркін ұстау
-
Сөзді бөлмеу
-
Берілген тапсырманы орындау
-
Бірігіп жұмыс жасау
-
Күлімсіреу
ІІ. Сабақтың барысы:
Бүкіл әлемге, жер бетіне бар жылуын, шуағын, шапағатын, мейірімін төгіп тұратын, «Күн». Олай болса:
Бірінші топ -«Шуақ»
Екінші топ - «Жылу»
Үшінші топ -«Жарық»
ІІІ.«Ой шақыру»: «Шуақ», Шұғыла, Жылу, Жарық, Сәуле» сөздерінің мағынасын қалай түсінесіздер?(Әр топ ойларын білдіреді).
1. «Амандасу» жаттығуы
1) Иықпен /оң, сол/
2) Мұрынмен
3) Тіземен /оң, сол/
4) Шынтақпен /оң, сол/
5) Құшақтасамыз
2.«Өзіңді тереңірек тани біл»
Оқушылар фигура суреттерін таңдайды. Таңдаған фигураларына байланысты оқушылар мінез - құлықтарын анйқтайды.
Шеңбер - Өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісе алады. Көпшіл,ынталы, достары мен таныстары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.
Зигзаг - Шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүреді, ойын - сауыққа құмар, шығармашыл, болашаққа талпынысы жоғары, білімге ынталы адам.
Шеңбер - Өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісе алады. Көпшіл,ынталы, достары мен таныстары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.
Зигзаг - Шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүреді, ойын - сауыққа құмар, шығармашыл, болашаққа талпынысы жоғары, білімге ынталы адам.
Тік төртбұрыш - Жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш, батыл, көңіл - күйі өзгермелі, өзін көпшілікке көрсете бермейтін адам.
"Жарнама ролигі" ойыны
1 топ - жиһаз жарнамалайды
2 топ - жемістерді жарнамалайды
3 топ - киімді жарнамалайды
Мен кіммін, қандаймын тренингі.
Мақсаты: өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару.
-
10 аса сөз жазуға болады. 3 минут беріледі.
-
Мен Әселмін.
-
Мен әдемі, сұлу қызбын.
-
Мен қазақпын...
-
Мен ........т.с.с.
"Жылы тілек" жаттығуы
Оқушылар тілектерін жүрек суретіне алдын ала таратылған жүрекшелермен жансыз жүректі тілек жабыстыру арқылы жанды жүрекке айналдырады.