Ашық шара Бірлігіміз жарасқан!

1.Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, сақтап келе салт-дәстүрлерінен хабардар ету. Халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. 2.Оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу, оқушылардың      жаңа қырларын ашу 3.Оқушылардың сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру   Көрнекілігі:Достық тақырыбына арналған нақыл сөздер, ә...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН!

Шараның мақсаты:

1.Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, сақтап келе салт-дәстүрлерінен хабардар ету. Халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.

2.Оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу, оқушылардың

жаңа қырларын ашу

3.Оқушылардың сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру

Көрнекілігі:

Достық тақырыбына арналған нақыл сөздер, әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері. қабырға газеттері, шарлар, слайд.

Түрі: сайыс

- Сәлеметсіздер ме, оқытушылар мен студенттер! Бүгінгі «Бірлігіміз жарасқан!» атты өзге ұлт өкілдері арасында өткелі отырған сайысқа қош келдіңіздер!

- Ағайын туған бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

- Қазақстан - көп ұлтты мемлекет, онда тұратын өзге ұлт өкілдері өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кеңпейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетіп, осыншалық тату-тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырған, мұндай көп ұлттан құрылған мемлекет әлемде жоқтың қасында деп айтсақ қателеспейміз.

- Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би «Біз қазақ -достықты жақтаған елміз, дәм -тұзды ақтаған елміз» деген. Біздің елімізде 130 -дан астам ұлттар тұрады: қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрік және тағы да басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз.

- Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

- Мемлекет тұтастығы мен ел бірлігі тілден бастау алады. Демек, мемлекеттік тіл - тәуелсіздіктің нық тірегі болса керек. Әр халықтың, әр елдің өз тарихы, ең бастысы тілі бар. Қазақ тілі тек бір халықтың ғана, қазақтың ғана емес, қазақстандықтардың ортақ мемлекеттік тілі. Тіл - ұлттың төлқұжаты, бет-бейнесі.

- Қазақстан Республикасында тұратын барлық азамат үшін, қазақстандық үшін бірдей тіл ортақ, ел ортақ, заң ортақ

- Қай жағынан айтсақ та, бүгінгі біз өмір сүрген заманның ағымы басқа, халқымыз жаппай сауатты. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Тәуелсіз көп ұлтты халықтың бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы болып, дер кезінде республикадағы ұлттардың

ассамблеясының жұмысын жандандырып, олардың тілін, әдет- ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап, яғни мемлекетімізде істелініп жатқан ерлікті істердің барлығы

Н. Назарбаев есімімен байланысты. Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп, үндесіп тұр.

- Міне, бүгінгі халықтар достығы бағытында жүргізгелі отырған «Бірлігіміз жарасқан!» атты сайысымызда оқушылардың Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттардың тарихын, олардың салт-дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін қаншалықты білетіндіктерін байқау, Отанын, елін сүюге, халқын және басқа да ұлт халықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.

- Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Таубаев Қайыржан Бағытұлы- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2.Жақыпова Қырымжан Үмбетрзақызы-қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі

3.Құрманғалиева Баян Берікқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

4. Каримова Бақытханым Мақсотқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

- Бүгінгі сайысымызға қазақ, орыс, өзбек, неміс, корей, татар ағайындарымыздың өкілдері келіп отыр және олар төрт түрлі сайыс бойынша бақ сынасады. Яғни, сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:

1. «Сәлем - сөздің анасы» - топ мүшелерін таныстыру және сол ұлттың Қазақстанға келу тарихы туралы айту.

2. Әр ұлттың салт-дәстүрі туралы ақпарат беру және үзінді көрсету

3. Сол ұлттың әдебиетіне байланысты слайд жұмысын қорғау

4. «Қазақстан қандай мемлекет?» атты танымдық сұрақтарға жауап беру

- Енді сайысымызды бастайық:

- «Сәлем сөздің анасы, білгені жөн әр қазақтың баласы» дегендей, қай халық болмасын, қай ел болмасын бір-біріне жылы мейірбандық, кеңпейілділік танытып, амандық-саулық сұрасып, өзінің аман екендігін білдіруі - сәлемдесуінде. Олай болса, сайысымыздың алғашқы кезеңі таныстыру.

- Алғашқы сөз кезегін қазақ халқының өкілдеріне береміз. (Орыс халқы, татар халқы, өзбек халқы, корей халқы, неміс халқы)

- Енді әділ- қазылар алқасынан бірінші кезеңнің бағасын беруін сұраймыз.(Әр ұлтты кезекпен атап шығады)

- Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай бізде де,

Бар дәстүр мен салтымыз,- деп, ақын Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры, салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Ұлт бар жерде ата - бабадан жалғасып келе жатқан бұл асыл құндылықтар ешқашанда ұмытылмайды, соған орай, сайысымыздың келесі түрі әр ұлттың салт-дәстүрі туралы айту және көрініс көрсету.

- Алғашқы сөз кезегін қазақ халқының өкілдеріне береміз.(Орыс халқы, татар халқы, өзбек халқы, корей халқы, неміс халқы)

- Енді әділ- қазылар алқасынан екінші кезеңнің бағасын беруін сұраймыз.(Әр ұлтты кезекпен атап шығады)

- Бүгінде Қазақстанда тұратын әрбір ұлттың өзіндік бай әдебиеті, мәдениеті бар және оларды дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Бірақ олардың бәрі де бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді.

Келесі кезекте өз ұлтының әдебиетіне байланысты жасалған слайдтық жұмыстарын қорғап, бір поэзиялық шығарманы жатқа оқу.

- Алғашқы сөз кезегін қазақ халқының өкілдеріне береміз.

(Орыс халқы, татар халқы, өзбек халқы, корей халқы, неміс халқы)

- Енді әділ қазылар алқасынан үшінші кезеңнің бағасын беруін сұраймыз.(Әр ұлтты кезекпен атап шығады)

- Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білім менен аспанға жол салынар.

Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік,- деп, ұлт өкілдерінің Қазақстан туралы білімдерін байқау мақсатында «Қазақстан қандай мемлекет?» деген айдармен танымдық сұрақтарына жауап беру үшін сайысымыздың төртінші кезеңін бастаймыз. Ол үшін әр топтан бір оқушыдан шығып, алдарыңыздағы киіз үйлерден/ұяшықтардан қалағаныңызды таңдаңыз.Алғашқы сөз кезегін қазақ халқының өкілдеріне береміз. (Орыс халқы, татар халқы, өзбек халқы, корей халқы, неміс халқы)

Сұрақтары:

1.Қ. Р-ның Мемлекеттік Елтаңбасы туралы айтыңыз.

2. Қ. Р-ның Мемлекеттік Туы туралы айтыңыз.

3.Қ. Р-ның Мемлекеттік Әнұраны туралы айтыңыз.

4.Қазақстанның астаналары туралы не білесіз?

5.Отан, туған жер, тіл туралы мақал-мәтелдер айтыңыз.

6.Қазақстанда қанша облыс бар және олар қандай аймақтарда орналасқан?

7.Қ. Р-ның Ата Заңы қашан қабылданды?

8.Қ. Р-нда қанша этнос өкілі тұрады?

9. Тіл туралы мақал-мәтелдер айтыңыз.

10. Қ. Р-ның жер көлемі қандай және қандай мемлекеттермен шектеседі?

11. Мына суреттер туралы не білесіз?

- Осымен сайыс кезеңдері аяқталды, енді сайыс қорытындысын шығару үшін сөз кезегін әділ- қазылар алқасына береміз.

**********

- Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің - Қазақстан Отаным.
Алға өрле, үшінші мың жылдықпен
Тек достықпен,өзге де ел-халықпен!

- Қанша ұлт болсын,
Қанша салт болсын,
Ынтымағы жарасқан
Мәдениетті ел болсын!

- Осымен, «Тілдер мерекесі» айлығы аясында 2аРШИ мен 1аКШР топтарының қатысуымен Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері арасында өткен «Бірлігіміз жарасқан!» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлығыңызға да ауызбіршілік, аспанымыз ашық болып, көк байрағымыз желбіреп, бір- бірімізге үлкен құрметпен қарап, тыныштықта бақытты өмір кеше берейік! Жасасын, Қазақ Елі! Жасасын Қазақстан! Алға, Қазақстан!

ӘН: «Жаса, Қазақстан!»








© 2010-2022