Дені саудың - жаны сау

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cынып сағаты

Дені саудың - жаны сау.

Сабақтың мақсаты:

Отбасы - әр адамның шағын отаны. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, сөзжұмбақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікір алмасу, әңгіме.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.

Психологиялық дайындық жүргізу.

Сөзжұмбақ.

  1. Жүрген жерiн жалмайды,Тастан басқа қалмайды.

  2. Мемлекеттік рәміздің бірі.

  3. Еңбек құралы.

  4. Ең жақын адам.

  5. Уақыт өлшемі.

  6. Ырыс алды - ....


О

Т

Т

у

Б

а

л

т

а

А

н

а

С

а

ғ

а

т

Ы

н

т

ы

м

а

қ


Сөз жұмбақты шешкенде, қою қара әріппен жазылған тор көзішінде, кішкене қоғамды білдіретін сөз шығады.

Кіріспе сөз

Мұғалім:

Балалар, сөзжұмбағымыз шешілгендей бүгін отбасы туралы тақырыпты қозғамақшымыз.

Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы » тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, туған-туыстармен қарым-қатынасы туралы сөз етпекпіз.

Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып түр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, ынтымақтастығы бар.

Негізгі бөлім

Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады.Сондықтан 2 топқа бөлініп отырайық.
1-топ «Алтын ұя»
2-топ «Берекелі отбасы»
Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарымыз дайын болса сайысымызды бастайық.
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
І бөлім. «Таныстыру»
Әр топ өздерін таныстырады.

ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» викториналық сұрақтар. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.

1. Балдан тәтті не? ( бала)

2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы? (ата)

4. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)

5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)

6. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)

7. ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? ( 2002ж 8-тамыз)

8. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)

9. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

10.18жасқа толмаған адам ( бала)

11. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

12. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

ІІІ бөлім. «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.

  1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

  2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл өлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?

  3. Сенің сабақ лгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?

  4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?

  5. Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?

  6. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?

ІV бөлім. «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.

  1. Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ..................

  2. Ананың көңілі балада, ..........................

  3. Ата-ананың қадірін - ................................

  4. атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)

  5. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

  6. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

  7. ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

  8. Ананың сүті - бал, ................................( баланың тілі - бал)

  9. Туған үйдің түтіні жылы, ..............................( туған ананың күтімі жылы)

  10. Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)

  11. ............ - ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

  12. Әке - асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)

VІ бөлім Пікір талас

Тақырыбы: Қазіргі таңда жастарымыздың батысқа еліктеуі дұрыс па?

І топ: дұрыс емес

ІІ топ: дұрыс

Қорытынды:

Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік. Ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты міндетіміз.

Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың да болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болу отбасына берілген тәрбие байланысты болмақ.


© 2010-2022