9-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен тереңдету бағдарламасы

Архивте 9-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен тереңдету бағдарламасы мен күнтізбелік жоспары ұсынылған.Бағдарламада түсінік хаты, оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар, күтілетін нәтиже, пайдаланылған әдебиеттер берілген. Ұйымдастыру формасы, пәнаралық кіріктіру сияқты қосымша жұмыстар ұсынылған.
Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Мүткенов ОМ




Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы орта

білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған

қазақ тілінен тереңдетілген

бағдарламасы мен күнтізбелік жоспары




















Құрастырған:қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Жусупбекова К.А.

І. Түсінік хат.


Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 03.04.2013 жылғы №115 бұйрығымен бекітілген оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасына

(Астана, 2013) негізделіп жасалды. Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытуға арналған «Жеті жарғы» баспасынан шыққан бағдарламаға сүйене отырып жасалды.

Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат - жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.

Әрбір мемлекеттің өсіп - өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәскеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.

ХХІ ғасыр - ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни, дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.

Тереңдетілген 9-сыныптың қазақ тіліне арналған бұл бағдарлама қазақ тілі пәнінің қызметі мен мақсат-міндеттерімен бірге жүзеге асыруға бағытталған.

Бағдарламаны жасау барысында мына мәселелерге ерекше көңіл бөлінді: тереңдетілген сынып болғандықтан негізгі мақсат - лингвостилистикалық талдау жасауға үйрету, оқушыларды ойлау еңбегіне дағдыландыру, ізденіске жетелеу, жазбаша көркем тілін дамыту, олардың қабілет, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.«Стиль түрлерін» өткенде әр стиль түрлерінің жеке ерекшелігі түсіндіріледі. Ресми іс - қағаздар стилін өткенде тіл мәселелерінің реформасын жүзеге асыру үшін ресми іс жүргізуді сауатты жазу мақсаты көзделді. Ақын - жазушылардың тіліне лингвостилистикалық талдау секілді іздендіру, зерттеу жұмыстарына арнайы сағаттар бөлінді.

Әрбір тараудан соң практикалық жұмыс сағаты берілді.

Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  1. Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы.

  2. Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау.

  3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

ІІ. Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы


І. Кіріспе. Қазақ тілінің қоғамдық мәні(5 сағат)

Қазақ тілінің ұлтаралық қарым- қатынастағы рөлі (2 сағат)*

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі, қолданылатын орындары, қазақ тілінің түп - тамыры және қазақ тілінің ұлтаралық қарым- қатынастағы тіл екендігі.

ІІ. Стилистика және тіл мәдениеті (38 сағат)

Қазақ тілі - көп стильді тіл (1 сағат)

Стиль туралы ұғым. Стиль түрлері. Ауызекі сөйлеу стилі, оның ерекшеліктері, қолданылу формалары (2 сағат)

Ауызша түрдегі ресми қарым - қатынастағы тілдік қолданыстар: амандасу, сәлемдесу түрлері, қоштасу, құттықтау, өтіну, танысу, көңіл айту(3 сағат)*

Көркем әдебиет стилі(2 сағат)

Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктері, қолданылу формалары.

Көркем шығарма тіліне лингвистикалық және стилистикалық талдау жасау, Абай өлеңдері, ақын - жазушылардың стиліне лингвостилистикалық талдау, көріктеуіш құралдарын орынды қолдану, сөз сазы, дауыс ырғағы, әуез(5 сағат)*

Ресми іс - қағаздар стилі (Кеңсе стилі) (2 сағат)

Ресми іс - қағаздар стилінің ерекшеліктері, қолданылу формалары, сипаты, түрлері.

Жеке адам өміріне қатысты іс - қағаздары: өмірбаян, түйіндеме, жеке іс парағы, арыз, өтініш, мінездеме, кепілдеме, жеделхат.

Басқару, үкім шығаруға қатысты іс - қағаздары: заң, үкім, жарғы, ереже, хабарлама, бұйрық, нұсқау, ресми хаттар, хаттама, жарнама.

Азаматтық қарым - қатынастарды реттейтін іс - қағаздары: қолхат, сенімхат, кепілхат, өтінім, келісімшарт, шарт, еңбек келісімі,

тапсырыс (6 сағат)*

Публицистикалық стиль(2 сағат)

Публицистикалық стильдің ерекшеліктері, қолданылу формалары.

Қазақ публицистикасындағы Б.Бұлқышевтың рөлі. Публицистикалық стиль жанрлары, түрлері: репортаж, сұқбат, мақала, пікір, очерк, фельетон, эссе, комментарий, болжау

( 7 сағат)*

Ғылыми стиль (2 сағат)

Ғылыми стильдің ерекшеліктері, қолданылу формалары.

Ғылыми стильдің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшелігі (6 сағат)*

ІІІ. Тіл мәдениеті және пунктуация(50 сағат)

Тыныс белгілердің стиль түрлерінде атқаратын рөлі. Тыныс белгілері, қолданылу негіздері мен орындары. Пунктуацияның негізгі үш принципі(3 сағат)

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері(10 сағат)

Нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте, қойылатын орындары(4 сағат)*

Сөйлем соңына қабаттаса қойылатын тыныс белгілері(1 сағат)

Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері(20 сағат)

Нүктелі үтір, сызықша, қойылатын орындары, қос нүкте, жақша, тырнақша,қойылатын орындары.

Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері (9 сағат)*

Тіл мәдениеті (3 сағат)

ІV.Бақылау жұмыстары (7 сағат)

Қайталау (2 сағат)



ІV. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

- Өз ойын анық, дұрыс және көркем етіп ауызша, жазбаша жеткізе алу;

- Стиль түрлерін ажырата алу;

- Өмірдегі өзекті мәселелерге мазмұнды тақырыптар төңірегінде тыныс белгілерін пайдалана отырып, диалог құрастырып, ауызша және жазбаша сауатты жеткізе отырып, уақыт талабына сай белсенді жұмыс жасай алу;

- Тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің қадір-қасиетін өз пайымынша меңгере алу;

- Автор сөзі, цитата, төл сөз, төлеу сөз, диалог сөздерді шығармалардан таба білу, талдай алу, олардың өзара айырмашылықтарын өмірлік қажеттілік пен құндылық ретінде пайдалана алу;

- Стиль мен тыныс белгілері бойынша алған білім, білік, дағды, машықтарын тәжірибеде кеңінен қолдана алу.

Күтілетін нәтиже

- Оқушылар іс қағаздарды күнделікті өмірінде қолдануы қажеттілігін сезінеді.

- Әр түрлі іс қағаздарының-хат, өтініш, сенім хат ,қолхат т.б. жазылу, толтыру үлгілерін біліп, ауызша және жазбаша сөйлеу, дұрыс айту дағдыларын меңгереді.

- Бағдарламада берілген теориялық түсініктерге өзі пайым жасай алу деңгейіне жетеді.

- Тіл ғылымы саласынан терең білімі бар жан-жақты жетілген, еңбекке икемді, барлық іс- әрекетте белсенділік көрсете алатын саналы тұлға тәрбиелеп шығару.

- Тілдің әлеуметтік мәнін, қоғамдығы коммуникативтік қызметін байқайтын, тіл мәдениетін арттыруға, шығармашылық ізденісі, іскерлік дағдысы қалыптасқан тіл, сөз өнері қатысатын мамандықтарды игеруге қабілетті, өмірге икемді адамды қалыптастыру.



Тереңдетілген бағдарламадағы қолданылатын жұмыс түрлері:

Өздік жұмыс,шығармашылық жұмыс, жеке нысана жұмыс, топпен жұмыс, іздендіру жұмыстары.

Ұйымдастыру формасы:

лекция, семинар, конференция, дебат, практикум сабақ, кіріктірілген сабақ, саяхат сабақ, «ашық ойлар» сабағы.


Пәнаралық кіріктіру: Тарих, Қазақ әдебиеті, Баспасөз(газет, журналдар), Қазақ тілі (сөз мәдениеті)








Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қасымбек А.А. Қазақ тілі. «Арман - ПВ» баспасы, 2009.

  2. Қасымбек А.А., Сәбитова З.Б. Қазақ тіліне әдістемелік нұсқау.

«Арман - ПВ» баспасы, 2009.

  1. Р.Сыздықова, Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш, Алматы, 1974.

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, № 4, 2005,84 - бет,С. Қоянбекова,

№ 7, 2005, 36 - бет, С. Қоянбекова, № 4, 2006, 103 - бет, Г.Қайнетова.

  1. Б.Бұлқышевтің публицистика саласындағы еңбектері.

  2. Абай өлеңдері, І том, Алматы, Жазушы, 1968.









© 2010-2022