Ана деген кім 4класс

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана деген кім?

Адам (а.с.) жер бітіне түсіп, Хаууа анамызбен алғаш отбасын құрды. Абыл мен Қабыл атты ұлдары дүние есігін ашты. Ол күннен осы күндерге дейін осылайша жалғасып келді. Бұл өмір де аналарсыз еш болмайтыны айдан анық бір жәйт. Қаншама ұлт, ел, мемлекет келген болса, оның барлығының аналары мен қамқоршы болған әкелері болды. Олардың қаншамасы ел қалаулысы болған ер азаматтар мен ел абыройы болған қыз балалары еді.

Ананың тағы бір қасиеті ол - жамандық тілемеуі. Перзенттері нендей жамандық, надандық және қылмыс жасаса да оған еш кінә тақтырмайды. Оларды еш жазғырмай аса сабыр мен шыдам арқылы тағылым беруге ентіге әрекет етуі ерекше көзге ілігеді.

Ана өзі жемесе де перзенттеріне ішіп жегізуді өзіне бір парыз деп білетін жан. Бұл тек қана адам баласы үшін емес жалпы жан-жануардың өз баласына мейірімі аса жоғары болатыны баршамызға аян. Мысал үшін: сүтқоректілерден сиыр жануары. 1995-ші жылдары Арыс ауданында сиырларды жалғыз басына қамыс пен шөпті алқаптардың арасына жібере салатын едік. Өйткені ол жанкар өз баласын (бұзау) ешбір аңға алдырмайтын еді. Тарихтың өзі бізге баласы үшін отқа, суға түскен қаншама аналарды бізге жеткізеді.

Осы айтқандарымыздың барлығының басында мейірім мен кешірімшіл болу келеді. Бір ана мұндай мейірім танытып жатса, адамзатты жаратқан Жаббар иеміздің құлдарына деген мейірімінің қандай екендігі айдай анық ақиқат. Ендеше анамыз бізді тоғыз ай құрмағында тасыды, ішкізді-жегізді және ел қатары азаматтар етіп ержеткізіп, бой жеткізгеннен кейін оларды қалайша жолдарға, қарттар үйіне т.б. жерлерге тасталып жатса онда бізде бір қателіктің болғаны хақ!!! Қане біз аналарымыздың аяқтарының астынан жәннәтті іздеуші үммет едік...!!!





© 2010-2022