- Преподавателю
- Другое
- В2 базалық деңгей бойынша қазақ тілін оқытуға арналған жұмыс бағдарламасы 34 сағат
В2 базалық деңгей бойынша қазақ тілін оқытуға арналған жұмыс бағдарламасы 34 сағат
Раздел | Другое |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Бегайдарова Г.С. |
Дата | 16.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
БЕКІТЕМІН
_____________________
_____________________
В2 базалық деңгей бойынша қазақ тілін оқытуға арналған жұмыс бағдарламасы
34 сағат
2015 - 2016 о.ж.
КІРІСПЕ
Қазақ тілін меңгерудің әр түрлі деңгейлерін сипаттау мен дифференциациялау, сондай-ақ осы деңгейлерді оқытатын сәйкес лингвометодикалық моделін құру - қазақ тілін өзгетілділерге оқытудың қазіргі теориясы мен практикасындағы өзекті мәселелердің бірі. Бір тілді меңгеру дегеніміз - ғылыми әдебиетте осы тілде әр түрлі коммуникативтік әрекетінің қатысым салаларында (тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери, ғылыми-кәсіби салада) тілдік құзыреттілігі мен сөйлеу қабілетінің қалыптасу дәрежесі. Қазіргі лингводидактикада тілді меңгерудің бірнеше деңгейлерін бөліп көрсетеді. Қазақстандық топтастыруда бес деңгей қабылданған: қарапайым деңгей - А1, базалық деңгей - А2, орта деңгей - В1, ортадан жоғары деңгей - В2, жоғары деңгей - С1.
ТҮСІНІКХАТ
Осы бағдарлама қазақ тілін оқыту үшін ұсынылады.
Бағдарлама міндеті:
- қазақ тілін оқытудың мазмұнын біріздендіру, жүйелеу;
- тілді оқытуды функционалдық аспектіге негіздеу.
Бағдарлама негізінде мына мәселелер бар:
- қазақ тілі курсын көп деңгейлі және үздіксіз білім беру аясында ұйымдастыру;
- қазақ тілін оқытуды тіл үйренушінің коммуникативтік, когнитивтік, ақпараттық, әлеуметтік-мәдени, кәсіби, жалпы мәдени құзыреттерін кешенді дамытуға бағыттау.
Аталған бағдарлама коммуникативтік бағытты, мәдени, интеграциялық, педагогикалық, әдістемелік ұстанымдарды ескере отырып, құрылған.
Коммуникативтік бағыт ұстанымы проблемалық тақырыптарды және шығармашылық жаттығуларды, лингвистикалық тапсырмаларды меңгере алуы, қатысымның шынайы жағдаяттарын пайдалана алуы, коммуникация үдерісінде бірден жауап беру біліктілігінің қалыптасуы, әр түрлі жағдаятта шынайы қатысымға психологиялық дайындығының қалыптасуы.
Мәдени ұстаным мен педагогтік ұстаным - курстың тақырыптық аясын тілдік, сөйлеу, елтанымдық материалдарды мұқият таңдаудан, сондай-ақ тіл үйренушінің талабына сәйкес тапсырмалар түрі мен формаларын типтендіру.
Интеграциялық ұстаным - бір мезгілде коммуникативтік, кәсібилік, академиялық, әлеуметтік біліктілігінің дамуы.
Тіл үйренушінің дербестік ұстанымы - курстың құрылымы туралы ақпараттың ашықтығы, тапсырманы орындау талаптары, бақылау мазмұны, жазбаша және ауызша жұмыстың түрлерін бағалау өлшемдері, сондай-ақ жүйені қосымша білім алу үшін пайдалану мүмкіндігі. Аудиториялық, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру - оқу еңбегінің нәтижесіне тіл үйренушінің жеке жауапкершілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Оқу дербестігі деңгейін көтеруде бақылаудың балдық-рейтингтік жүйесінің маңызды рөлі бар.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
Мақсаты: тіл үйренушіні қазақ тілін оқытудың үш деңгейлік жүйесінің ішкі сатыларымен төменнен жоғарыға қарай көтере отырып, әлеуметтік коммуникативтік міндеттерді әр түрлі тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызмет қатысымында коммуникативтік құзыреттілікті қажетті деңгейде меңгеру.
Міндеттері:
- тіл үйренушінің өз бетінше білім алу қабілетін дамыту;
- танымдық, зерттеу біліктілігін қалыптастыру;
- ақпараттық мәдениетін дамыту;
- ой-өрісін кеңейту және жалпы мәдениетін көтеру.
ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Оқу материалын меңгеру үшін әр деңгейге 34 оқу сағаты ұсынылады. Оқу қатысымының тақырыптары барлық деңгейлер үшін бірдей, бұл білім кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз етеді.
В2 базалық деңгей
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№
Тақырыбы
Грамматика
Сағат саны
Мерзімі
1
Менің күнім:
Қайырлы күн! Қайырлы кеш!
Қайырлы таң!
Атау,
Ілік септігі
1
10.09.2015
2
Менің елім - Қазақстан
Барыс септік
1
17.09.2015
3
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Жатыс септік
1
01.10.2015
4
Мемлекеттік тіл
Табыс септік
1
08.10.2015
5
Қазақ - қонақжай халық.
Шығыс септік
1
15.10.2015
6
Қазақстандағы мереке -мейрамдар.
Көмектес септік
1
22.10.2015
7
Денсаулық - зор байлық
Жалпы, жалқы есімдер.
1
29.10.2015
8
Өмір сүру салты.
Жіктік жалғау
1
05.11.2015
9
Сіз қайда тұрасыз?
Көмекші есімдер
1
12.11.2015
10
Әлемнің алып қалалары. Астана қаласы.
Антоним
1
19.11.2015
11
Жыл мезгілі. (айлар, апта күндері)
Зат есім
1
26.11.2015
12
Ауа райы
Туынды сын есім.
1
03.12.2015
13
Уақыт
Сан есім
1
10.12.2015
14
Дүкенде. Азық - түлік дүкенінде.
Зат есім
1
18.12.2015
15
Демалыс күні. Мәдени демалыс.
Мезгіл үстеу
1
24.12.2015
16
Саяхат. Паркте (саябақта)
Болжалды келер шақ.
1
14.01.2016
17
Мейрамханада
Табыс септік
1
21.01.2016
18
Қонақүйде
Қайда? сұрауы
1
28.01.2016
19
Іссапарда
Етістіктің шақтары
1
04.02.2016
20
Адамның дене мүшелері.
(көп жүрген адам көп жасайды екен.)
Тәуелдік жалғау
1
11.02.2016
21
Адамның мінез - құлқы. Досымның мінезі. (бейнесі)
Салыстырмалы шырай
1
18.02.2016
22
Тамақ (таңғы, кешкі ас)
Көптік жалғау
1
25.02.2016
23
Мамандықтың бәрі жақсы
Зат есім тудырушы жұр.
1
03.03.2016
24
Менің кеңсем. Менің жұмыс орным.
Болымсыз етістіктер
1
10.03.2016
25
Тілдердің үш тұғырлығы
Үстеу
1
17.03.2016
26
Кітапханада.
Көмекші есімдер
1
24.03.2016
27
Поштада
Сан есімнің түрлері
1
31.03.2016
28
Табысқа жетер сегіз жол
Етістік
1
07.04.2016
29
Әлемде талай қызық бар......
Сын есімнің шырайлары
1
14.04.2016
30
Ең, ең, ең.........
Бастауыш
1
21.04.2016
31
Ұлы тұлғалар.
Синоним
1
28.04.2016
32
Құжат түрлері: мінездеме,
құттықтау хат.
Омоним сөздер
1
05.05.2016
33
Көлік. Оның түрлері.
Көмектес септік
1
12.05.2016
34
Қорытынды сабақ
Өткенді қайталау
1
19.05.2016
Пайдалынылған әдебиеттер
1. Қазақ тілін оқытудың талаптарын анықтайтын ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған ТИПТІК БАҒДАРЛАМА
2. А1 - қарапайым деңгей. Тіл-құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы / авторлар: М.Мамаева, М.Жолшаева, М.Жылқыбаева, С.Иманқұлова, Н.Егізбаева, Р.Наралиева, Л.Тұрабаева, Г.Текесбаева, Б.Күзембаева, С.Нарынбекова, А.Байғұтова, Ж.Құлмағанбетова - Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. - 250 бет.
3. Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы / құрастырушылар: З.Күзекова, Т.Аяпова, Ф.Оразбаева, М.Мамаева, - Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. - 30 бет.
4. Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен / оқулық / Қазақ тілі А1 / қарапайым деңгей, Астана 2012
5. А2 - базалық деңгей. Тіл-құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы / авторлар: М.Мамаева, М.Жолшаева, М.Жылқыбаева, С.Иманқұлова, Н.Егізбаева, Р.Наралиева, Л.Тұрабаева, Г.Текесбаева, Б.Күзембаева, С.Нарынбекова, А.Байғұтова, Ж.Құлмағанбетова - Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. - 270 бет.
6. Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы / құрастырушылар: З.Күзекова, Т.Аяпова, Ф.Оразбаева, М.Мамаева, - Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. - 54 бет.
7. Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен / оқулық / Қазақ тілі А2 / базалық деңгей, Астана 2012
8. Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен / Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы (көмекші құрал) Астана 2012