Сыныптан тыс Тіл-халық жанын танудың кілті

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




«Қант зауыты орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

мемлекеттік мекемесі.




«Тіл - халық жанын танудың кілті»









«Тіл-халық жанын танудың кілті»

1-Жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,

Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

2- Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер, өнер сүйер оқушылар мен ұстаздар!

Бүгінгі мектеп оқушылары арасында өткелі отырған «Тіл-халық жанын танудың кілті» атты орыс жастар арасындағы байқауға қош келдіңіздер!

1-Жүргізуші:

Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт - дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата - бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс - салтын, үлгі - өнегесін жүзеге асыруымыз қажет.

Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы - тіл, ол ұлттың тарихи көрініс белгісі. Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық.Ендеше бүгінгі байқау қазақ тіліне арналмақ.

2-Жүргізуші: Байқаудың шарттары:

Байқаудың І кезең шарттары төмендегі номинация бойынша өтеді:

Бірінші номинация:

  • Қатысушылар сауалнама толтырып, қазақ тілі пәні бойынша лексикалық-грамматикалық тест тапсырмаларын (30 сұрақ) орындайды.

Екінші номинация:

  • Жазба және ауызша тапсырмалардан тұрады.

А) ауызша тапсырма: үміткерлер жұп-жұбымен берілген тақырып бойынша диалог құрады. Берілетін уақыт-3 минут.

Ә) жеке жазбаша тапсырманы орындау (сөйлем құрау, талдау).

Үшінші номинация:

Қазақ әдебиеті классиктерінің өмірбаяндарын қысқаша баяндау және прозалық немесе поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу (билеттік жүйе 3-5 минуттан кем болмауы тиіс).

Байқаудың ІІ кезең шаттары төмендегі номинация бойынша өтеді:

Бірінші номинация: «Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл» таныстыру (электронды,көрнекі және басқа нұсқаларды пайдалануға болады.Берілген уақыт3-5 минут).

Екінші номинация: шығармашылық тапсырма «шабыт жұлдызы» : қатысушы үміткер халық аспаптарында ойнау, ұлттық ән,би, көркем сөз оқу т.б. арқылы қазақтың ұлттық мәдениетін көрсетеді (үй тапсырмасы). Берілген уақыт 5-7 минут.

Үшінші номинация: «Тіл - мәдениеті мұраларына жол» әдебиеттанушылық тест (20 сұрақ).Тапсырманы орындауға 30 минут беріледі.

Төртінші номинация: қазақ әдебиеті классиктерінің және қазіріг заман жазушылардың туындыларынан үзінділерді мазмұндау, мәтіннен лингвистикалық-стилтстикалық талдау (билеттік жүйе).Берілген уақыт 10 минут.

Құрметті Яссауи оқуына қатысушы түлектер, барлығыңызға сәттілік тілейміз. Үстелдегі нөмірді суырып реттеріңізді анықтап аламыз.

2- Жүргізуші: Бүгінгі байқауға әділдік жүргізетін сарапшы әділ-қазыларды таныстырып өтейін.

…...................................

…......................................

1-Жүргізуші:

Ендеше, байқаудың бірінші бөлімін бастайық. Олай болса бірінші болып ортаға.........................................................................

2-Жүргізуші:

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!

Туған тілім - анам тілі - өз тілім!

Туған тілім - дана тілім - өз тілім!

Туған тілім - далам тілі - өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, менде бірге өшемін

Екінші кезеңді бастасақ. Ендеше ортаға бірінші үміткерімізді шақырсақ.

Міне екінші кезеңімізде аяқталды..

1-Жүргізуші: «Кезекті мың бұралған биші қыздарға берсек.Ортада 5 «б» сынып оқушыларын шақырсақ. Байқау өз мәресіне жақындады, әділ-қазылар әділ шешімін шығарғанша 5 минутқа үзіліс жариялаймыз.

1- Жүргізуші: Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

2- Жүргізуші: Халық бар жерде - тіл бар. Тіл бар жерде - өнер бар. Өнер бар жерде - жан - күйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.Бүгінгі «Тіл-халық жанын танудың кілті» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

© 2010-2022