Презентация 8 - Наурыз халықаралық әйел-қыздар мерекесі

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

''Көктем аруы'' атты қыз сыны сайысы.

Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу. "Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), "Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

2-жүргізуші. Бүгінгі "Көктем аруы" атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

"Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

2-жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

1-жүргізуші. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал,сайысқа

Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.

2-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

1-жүргізуші. Альфия қыз өнерлі

Бойға өнер жиған қыз.

Салтанат қыз білімді

Меңгерген бар ілімді

Сандуғаш қыз елгезек

Алады тез тіліңді.

Ақша бетті Далила

Ұқсайды хор қызына

Несібелі үлбіреп

Қос жанары мөлдіреп

Гауһардай қыз шығады

Бұрымдары желбіреп.

2-жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.

1-жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 5 турдан тұрады.

1. Өзін- өзі таныстыру.

2. Сұрақ-жауап.

3. Өнер.

4. Ас мәзірін даярлау.

5.Шығармашылық қолөнер сайысы

2-жүргізуші. Кел, достар, бастайық,,

Бастайық той кешін.

Қызықтан еш адам,

Қалмасын құр қалып.

1-жүргізуші. Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.

Көңілге түй сен мұны,

Әр бүлдіршін -ел гүлі.

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі.

2-жүргізуші. Екінші сайыс-қыз сұлу көрінеді білімімен.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

1-жүргізуші. Әдет-ғұрып, салт -дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық..

(Сұрақтарға жауап)

2-жүргізуші. Үшінші сайыс-өнерліге өріс кең.

Өнерсізден қашып жүр,

Өнермен үлгі шашып жүр.

Өнерді көп білетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шала болар.

(Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)

1-жүргізуші.

Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да "құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.

Ендеше, төртінші сайысымыз-ас мәзірін дайындау.

2-жүргізуші. Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-

Шығармашылық қолөнер сайысы.

1-жүргізуші.Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

2-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)

Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.

1-жүргізуші. Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда.

2-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт -береке , бірлік әкелсін.


© 2010-2022