Ашық сабақ по казахском языке на тему Дауысты, дауыссыз дыбыстар

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарынан өткенді қайталау

Білімділік мақсаты: Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты: Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, салыстыру, тест, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, слайдтар

Сабақтың жүру барысы І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;

ә) оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
166 - жаттығудың орындалуын тексеру
«Келер шаққа мен де арман, сенім артамын» ой - толғау жазу

Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені етістіктің шақтарынан өткенді қайталап тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз. Біліміңді байқап көр
1. Етістіктің шақтары дегеніміз не?
2. Шақтың қандай түрлері бар?
3. Осы шақ дегеніміз не?
4. Нақ осы шақ қалай жасалады?
5. Қалып етістіктерінің ерекшелігі неде?
6. Ауыспалы өткен шақпен ауыспалы келер шақтың ұқсастығы мен айырмашылықтары қандай?
7. Келер шақ деген не?
8. Келер шақтың қандай түрі бар?
9. Келер шақ қалай жасалады?
10. Өткен шақтың қандай түрлері бар?

Әр топ «Осы шақ», «Өткен шақ», «Келер шақ» тақырыптарында жоба қорғайды.
Тапсырма Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауынан үзінділер беріп, етістік шақтарын табу.
1 - топқа осы шақтағы етістігі бар сөйлемдер

Біз бүгін тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз. Қазақстан 21 - ғасырдың басында тәуелсіз, әрі өзіне сенімді болып отыр. Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз. Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Адамзат үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз.

2 - топқа өткен шақтағы етістігі бар сөйлемдер

Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық. Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін. Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан рәсімдедік. Елдің жаңа елордасы - Астананы салдық. Халықаралық қауымдастық қазақстанды ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. «Қазақстан - 2030» стратегиясы біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын.

3 - топқа келер шақтағы сөйлемдер

Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты - өлшем болды, әрі солай бола бермек. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде болашақта жетеміз.

Берілген етістіктерді жекеше. көпше жіктеу
Алып келді
Келе жатыр
Оқытты
Күледі
Жылайды
Тыңдайсың

Оқулықпен жұмыс 169 - жаттығу
1 - топ мәтінді оқиды
2 - топ мазмұнын баяндайды
3 - топ 5 етістікті тауып, талдайды

Дәптермен жұмыс 168 - жаттығу Етістіктерді теріп жазып, талдау
Елбасы жолдауындағы үш тұғырлы тіл саясатымен байланыстырып, слайдтағы Астана суреттеріне сай келетін етістіктерді орыс, ағылшын тілдерінде айту

Венн диаграммасы
1 - топ Осы шақ пен келер шақты
2 - топ Келер шақ пен өткен шақты
3 - топ Ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ, ауыспалы өткен шақты салыстыру

Бекіту Интерактивті тақтамен етістіктің шақтарын қайталауға арналған тест жұмысын орындау

Ой - толғаныс Қазақстан: бүгін, кеше, ертең

Үйге тапсырма Етістіктің шақтарын қайталау
Ой - толғауды толықтыру
Бағалау







І. Ұйымдастыру бөлімі. Етістіктің райларын қайталау сабағын өтеміз. Оқушыларды 4 топқа бөліп, топтарға райлардың атын беру.
Топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмыстарын тексеріп, уақытылы бағалап отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Менің арманым» тақырыбында шығарма жұмыстарын тексеру. Етістіктің райларының қамтылуын қадағалау.
ІІІ. Актуалдау кезеңі
«Келісу - келіспеу» стратегиясы
1. Рай «беталыс, бағыт, жөн» деген сөздерге синонимдес / келісемін
2. Ашық рай етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты / келісемін
3. Бұйрық рай үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндалуы. / келіспеймін
4. Бұйрық райдың ІІ жақта анайы түрінің жалғауы болмайды. / келісемін
5. Етістіктің бұйрық рай түріне кейде - шы, - ші жұрнағы жалғанып та жұмсала береді. / келісемін
6. Барсын, көрсін, айтсын сөздері шартты райда тұр. / келіспеймін
7. Қалау рай іс - әрекеттің болу - болмауын білдіреді. / келіспеймін
8. Шартты рай жұрнағы - са, - се жалғанған етістік әрқашан қимылдың, іс - әрекеттің болу шартын білдіре бермейді. / келісемін
9. Қалау райда іс иесінің, іс - әрекетті қалауын, ынтасын, ниетін білдіреді. / келісемін
10. Бар, кел, барайық, келейік сөздер қалау райда тұр. / келіспеймін

IV. Жаңа сабақ.
Дамыту кезеңі.
1. 162 - жаттығудың етістіктерді теріп жазып, ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғанын айту, сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.(Ашық рай, ауыспалы өткен шақ).
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын. (Бұйрық рай, ІІ жақ, анайы түрі)
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болса игі еді. (Қалау рай).
Сөйлемдерді шартты райға айналдыруға келмегендіктен (шартты рай» тобына төмендегідей сөйлемдер беріледі:
«Жылаған шешемен бірге жыласа, жігіттің жігіт болғаны қайсы, өйтсе, кісі уәдеден шыға ала ма? Жылаған шешемен бірге жылап, жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласынының жылағанын көрген соң, үйде қалған ананың көзінен жас кете ме, көкірегінен сағыныш қасіреті кете ме?».

2. 163 - жаттығу. а) Қалау рай, ашық рай, бұйрық райлы сөйлемді теріп жазуға әр топтан тақтаға бір - бір оқушы шығады. Мәтінде шартты рай болмағандықтан ол топқа басқа сөйлемдер беріледі. «Түстік өмірің болса, кештік мал жина», «Не ексең, соны орасың».
3. 164 - жаттығу.(ауызша орындалады) «Бақыт» тақырыбында жазылған мәтінді оқып рай түрлерін ажырату.
Шығармашылық жұмыс: «Бақыт деген не өзі» ой толғау жазу
4. «Ашық рай» тобына
Талапты жанмен...
Қызға қырық үйден тыю...
Досы көп...
Елдің атын...
Айтпас жерде сөзіңді...
Өнерлі жан өрге...

Сөйлемді қалау райлы етістік болатындай аяқтап жазу
«Шартты рай» тобына:
Ер жігіт айтпайды Айтса, қайтпайды.
Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең, жалқаулық басынады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Тіл тас жарады,
Та жармаса, бас жарады.
Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып, ашық райға айналдыр.
«Бұйрық рай» тобына:
«Арлы - ожданды бол!
Намысыңды жастан сақта!
Халқыңды алалама!
Жақыныңды жаралама!

«Құдай жарылқасын, бай қылсын,
Төрт түлігін сай қылсын!»
«Малды теппе, Ақты төкпе».
«Есікті қатты қақпа, қатты серпіп жаппа».
«Кетпес дәулет берсін, Кең пейіл берсін».
Сөйлемдерден бұйрық райлы етістіктерді тауып, қалау райға айналдыру.
«Қалау рай» тобына:
«Дұғай сәлем бергейсің,
Ағам Есет беренге.
Бекет қайда дегенге,
Бекет кетті дегейсің
Шықпайтұғын тереңге».

Гүлі сұлу орманды
Сусатпағым келеді.
Жүзі жылы жандарды
Құшақтағым келеді.

Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұлын
Өзі билеп тұрса игі.
Мәтіндерден қалау райлы етістіктерді тауып, шарты райға айналдыру.

Ү. Білімді бекіту. «Бетпе - бет студиясы» Әр топтан бір - бір оқушыдан тұрып, келесі топқа сұрақ қояды. Сұраққа басқа оқушылар жауап бере алады.

VI. Сабақты қорытындылау: «Соңғы сөзді мен айтам...» Топ басшылары өз топтарының аты туралы түйген ойларын айтады.
VII. Үйге тапсырма: Етістіктерді үш жақта және рай тұлғаларында түрлендіріп, мақал - мәтел, өсиет сөздердің негізінде «Атаның баласы ғана емес, адамның баласы болсам...» деген тақырыпта шығарма жазу.
VIII. Бағалау. Топ басшыларының бағалау парағын ескеріп бағалау

Сыныбы: 7-сынып

Cабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау

Сабақтың мақсаты: 1) оқуылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту,тұжырымдау,теориялық білімін практикамен ұштастыру; 2) ойлау,қабылдау қабілеттерін жетілдіру,шығармашылық қабілеттерін дамыту; 3) орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке,аналарды қадірлеуге,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс,шығармашылық жұмыстар,деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекілігі: семантикалық карталар,оқулық,схемалар,топ аттары,мақалдар жазылған таблицалар,перфокарталар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,орыс тілі.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау.

- Балалар,біз сіздермен етістіктің райларын қайталаймыз.Сендердің білімдеріңді тексеремін.Бірнеше тапсырма түрін орындайсыңдар.Сабақты бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық.Ол үшін мына мақалдардың мәнін ашып алайық.

1.Отан үшін отқа түс, күймейсің.

2.Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар.

Бірінші мақал Отан туралы,екіншісі тұлпар туралы екен.Ендеше топтың аттары - «Отан» және «Тұлпар».

Сайысымызды бастаймыз.

ІІІ.Ең алдымен «Біліміңді байқап көр» сайысы (теориялық білімін тексеру).

1.Етістіктің райлары дегеніміз не?

2.Етістіктің райлары мен шақтарының арасында қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?

3.Етістік райларының қандай түрлері бар?

4.Ашық рай нені білдіреді,қалай жасалады?

5.Бұйрық рай дегеніміз не,қалай жасалады?

6.Шартты рай дегеніміз не,қалай жасалады?

7.Қалау рай дегеніміз не?

8.Қалау райдың қандай жасалу жолдары бар?

IV.Оқулықпен жұмыс (тақтада және дәптерде орындау).

Тақтаға әр топтан оқушыларды кезек-кезек шығарып,етістіктердің шағын анықтату.

Болатын - ашық рай,ауыспалы өткен шақ.

Көрінеді - ашық рай,ауыспалы өткен шақ.

V.Мәнерлеп оқу. «Поэзия минуты».

Фариза Оңғарсынованың ана тақырыбындағы өлеңін (179-жаттығу) оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Өлең кім туралы?Авторы кім?

Ақынның басқа қандай өлеңдерін білеміз?

Өлеңнен бұйрық рай,қалау рай,ашық райда тұрған етістіктерді табыңыздар.

Ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын талдаңыздар.

Бұйрық рай: тыңда.

Қалау рай:салғың келеді,айтқың келеді.

Ашық рай: еккен,түлеткен,күл еткен,тұрған,сарқылмайтын (бұрынғы өткен шақ).

VI.Салыстыру. «Венн диаграммасы»

Қалау рай мен ашық райды салыстыру

-ғы, -гі, -қы, -кі+кел үш жақтың бірінде

-са, -се+игі еді етістік райлары қолданылады,

-ғай, -гей, -қай, -кей сөйлеушінің

шындыққа қатысын білдіреді

Бұйрық рай мен шартты райды салыстыру

Іс-әрекеттің орындалуын қимылдың,іс-әрекеттің

талап ету мағынасын етістік райлары болу-болмау мүмкіндігінің

білдіреді,көбінесе ІІ жақ шартын білдіреді, -са, -се

жұрнақтары арқылы жасалады

VII. Әр райға қатысты мақал-мәтел,нақыл сөздер жарысы.

Адамды түсіне қарап таныма,ісіне қарап таны.

Не ексең,соны орарсың.

Мезгілі жетсе,мұз ерір.

Көп іздеген адам көмбенің үстінен шығар.

Бай болсаң,халқыңа пайдаң тисе игі еді,

Батыр болсаң,жауыңа найзаң тисе игі еді.

VIII. Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей.Ойлан,тап. «Сәйкестік тесті»

Ойнады Тұйық етістік

Бара жатыр есімше

Сұраған өткен шақ

2-деңгей «Кім жылдам?» Семантикалық карталарды толтыру.

Етістік

Ашық рай

Қалау рай

Бұйрық рай

Шартты рай

Оқы



Жаз



Тыңда



Бар



Секір



Күре



Тоқта



Сұра



Айт



3-деңгей.Шығармашылық жұмыс.

а) Сөйлем мүшесін талдау.

Шәкәрім Стамбулда болған еді.Үйдің төңірегі қобырап жатыр.Жақсы жаныңа жолдас болар.Екеуінің әңгімеі аяқталмай қалды.

ә) Мақалдардағы етістік райларын анықта.

1.Отан үшін отқа түс,күймейсің.

2.Мың жүйрік арасында бір тұлпар шығады алға.

Түс - бұйрық рай, ІІ жақ,жекеше,қалыпты.

Шығады - ашық рай,ауыспалы осы шақ,ІІІ жақ.

Е

м

е

н

А

т

а

Б

і

л

е

з

і

к

С

ә

у

к

е

л

е

Т

а

р

и

х

І

л

и

я

с

К

і

л

т

4-деңгей. «Тез тап». а) Сөзжұмбақ шешу.





1.Ағааш түрі

2.Әкеңнің әкесі

3.Ұлттық әшекей бұйым

4.Қалыңдықтың бас киімі

5.Пәннің аты

6.Көрнекті ақын

7.Есікті ашатын құрал.

ә) Семантикалық картаны толтыру.Өздік жұмыс.

Мысалдар

Нақ осы шақ

Ауыспалы

келер шақ

Болжалды

келер шақ

Мақсатты келер шақ

Ауыспалы келер шақ

Бұрынғы өткен шақ

Жедел өткен шақ

Ауыспалы өткен шақ

1

Мен

барғанмын



+

Сабақты бекіту. «Топтастыру»

- Бүгінгі сабақта нені қайталадық? Етістік райларының неше түрі бар?









Оқушылардың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: 180-жаттығу. «Бақыт» тақырыбына ойтолғау жазып келу.

ақырып: Етістік райларынан өткенді қайталау
Жалпы мақсаты: Оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту, тұжырымдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың ойлау, қабылдау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Орындалатын тапсырмалар арқылы отансүйгіштікке, аналарды қадірлеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Ресурстары: Оқулық, интерактивті тақта
Әдіс - тәсілдері: Тәсілі: жекелей, жұптық, топпен Әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, іздендіру, талдау, түсіндірмелі
Оқыту нәтижелері: • Ереже, қағидаларды еске түсіреді;
• Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;
• Өз бетінше талдау жұмыстарын жүргізуге дағдыланады;
• Өз ойларын қағаз бетіне түсіруге үйренеді;
• Өлеңге, поэзияға деген қызығушылықтары артады.
Түйінді идеялар: Етістіктің райлары, ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай, жасалу жолдары, жіктелуі
Дереккөздер: Оқулық, қосымша мәліметтер.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Бағалау Модульдар
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.
«Есім - акроним» әдісі арқылы сыныпқа жылылық аудитория - сын қалыптастыру Өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын сын есімдер келтіреді. Топқа бөлінеді - «Команда таңдау». Топ аттары: Ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай
Үй тапсырмасы: Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, білім, білік дағдыларын анықтап кері байланысқа шығады. «Біліміңді байқап көр» әр топ өз атына сәйкес постер дайындап, қорғайды. 159 - жаттығу Оқушылар бірін - бірі тексереді
Жаңа тақырып: Қызығушылығын ояту
Сабақтың мақсатын оқушылар - мен бірлесе отырып құрады. «Етістіктің рай категориясы деген не?», «Неше түрі бар?» сұрақтарына жауаптарын білдіреді Мұғалімнің мадақтауы Сыни тұрғыдан ойлау
Мағынаны ажырату
Әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар үлестіреді
«Кітап - досың, ақылшың»
«Поэзия минуты»
Өлең жолдарын оқып, тапсырмасын орындау
Семантикалық карта толтыру Оқулықтағы 162 - жаттығуды тақтада орындайды.
1 - топ -«Ана» туралы өлеңді мәнерлеп оқып, 2 - топ - авторы Ф. Оңғарсынова жайлы деректер оқиды, 3 - топ - ән айтады. 4 - топ - ана тақырыбында қысқаша ой толғайды. Топ болып таратпа материалдағы тапсырманы орындайды. Жекелеме оқушылар семантикалық картаны толтырады. Топ басшыларының бағалауы Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сергіту сәтін өткізу «Ортақ портрет» ойыны бойынша сергіп, демалады.
Ой толғаныс
Сабақ барысында жүйелеген білімдерін қорытындылау үшін «Бақытты болу деген не?» тақырыбына ойтолғау жазу Бір - екі баланың жұмысын оқытып, етістіктің рай түрлеріне талдау жасату. Мұғалімнің мадақтауы Сыни тұрғыдан ойлау
Бекіту: «Мақалбай атайдың сұрақ - тары» Торкөзді таңдап сұраққа мақалмен жауап беріп, рай түрін ажырату
Топ басшысының бағалауы
Бағалау: Оқушылардың үй тапсырмасына жауаптарын, топ басшыларының бағалауын және шығармашылық жұмыстарға қатысуы негізінде бағалау
Рефлексия:
Үйге тапсырма: 3 - деңгей тапсырмасын аяқтау
164 - жаттығу








1. Етісітктің райларының қанша түрі барын табыңыз. Д) 4.
2. Бұйыра, талап, тілек етіле айтылу мағынасын білдіретін рай түрін табыңыз. В) Бұйрық.
3. Қалу райлы сөзді табыңыз. А) Менің қалаға барғым келеді.
4. Баяндауышы етістіктің бұйрық райынан борлып тұрған сөйлемді табыңыз. Д) Сендер оларға көмектесіңдер.
5. Баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болып тұрған сөйлемді табыңыз. А) Сіздер көрші ауылға барыңыз.
6. Баяндауышы етістіктің қалау райынан болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. В) Оқушылардың бәрі де жақсы оқығысы келеді.
7. Қалау райы етістікті табыңыз. Е) Оқығым келеді.
8. Райдың қанша түрі бар екенін табыңыз. Е) 4.
9. Шартты райлы етістікті табыңыз. С) Болмаса.
10. Қалау райлы етістікті табыңыз. А) Барса игі еді.
11. Етістіктің ашық рай түрінде тұрған сөз, табыңыз. Е) Кездескен болатын.
12. Етістіктің бұйрық райы түрінде тұрған сөзді табыңыз. Д) Колхозға барыңдар.
13. Етістіктің шартты рай түрінде тұрған сөзді табыңыз. А) Емделсе.
14. Етістіктің шартты рай түрінде тұрған сөзді табыңыз. А) Айтса сенді.
15. Етістіктің қалау рай түрінде келуін табыңыз. А) Құшақтағым келеді.
16. Етістіктің қалау рай түрінде тұрған табыңыз. Е) Тезірек келгейсің.
17. Баяндауышы етістіктің қалау райынан болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. В) Күн ашылса игі еді.
18. Бұйрық райлы етістікті табыңыз. В) Бар.
19. Бұйрық райлы етістікті табыңыз. В) Бұзайық.
20. Қалау рай етістікті табыңыз. Е) Қалғым келеді.
21. Қалау рай етістікті табыңыз. А) Әкелгейсің.
22. Шартты райлы етістікті табыңыз. А) Ұсынсаңыз.
23. Шартты райлы етістікті табыңыз. В) Жүрсек.
24. Шартты райлы етістікті табыңыз. А) Көнсе.
25. Баяндауышы етістіктің қалу райынан болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. Е) Айтқаны қолынан келсе игі еді.
26. Шартты райлы етістікті табыңыз. С) Ұсынсам, айтса, білсеңіз.
27. Бұйрық райлы етістікті табыңыз. Д) Оқы,
28. Етістіктің бұйрық рай түрінде тұрған сөзді табыңыз. В)
29. Шартты райлы етістікті табыңыз. В) Айтсаң.
30. Ашық райдың анықтамасын белгілеңіз. Д) Қимылдың шындық өмірге қатысты баяндауын білдіреді.
31. Қалау райы тіркесті ажыратыңыз. С) Санағысы келеді.
32. Бұйрық райлы етістікті табыңыз. Д) Келіңдер, келсін.
33. Қалау райлы етістікті табыңыз. Е) Келгім келеді.
34. Шартты райлы етістікті табыңыз. Д) Мен келсем, сен жоқсың.
35. Шартты райлы етістікті табыңыз. В) Жазса.
36. Қалау райлы етістікті табыңыз. А) Барса екен.
37. Етістіктің бұйрық рай түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз. В) айтқанды орында.
38. Шартты райлы сөзді табыңыз. С) Грамматикалық заңдылықты дұрыс түсінсең, қате жазуға емессің.
39. Баяндауышы етістіктің қалау райынан болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. Е) Қазір балалардың бәрі де бизнеспен болғысы келеді.















1. Қай етіс түрі іс - қимылдың өздігінен орындалған білдіреді.
A) Ортақ
B) Өздік
C) Өзгелік
D) Ырықсыз
E) Ешбірі
2. Өзгелік етістіктің жұрнағын табыңыз.
A) -Ын,-ін,-н.
B) -Ыл,-іл,-л.
C) -Ыс,-іс,-с.
D) -Дыр,-гіз,-т.
E) -Ған,-ген,-кен.
3. Іс-әрекеттің қимыл иесіне тікелей қатыстылығын анықтайтын етіс түрі қайсы.
A) Ырықсыз етіс
B) Өзгелік етіс
C) Ешбірі
D) Ортақ етіс
E) Өздік етіс
4. Өзгелік етісті табыңыз
A) Айтып, қалған
B) Жинас, сөйлесті
C) Жаздыр, үйрет
D) Таран, мақтан
E) Оқыр, болар
5. Ортақ етісті табыныз
A) Жастар ойласты
B) Тас қаланды
C) Әкесінен қаймықты
D) Тектілігін танытты
E) Ойланбаған кісіде ақыл болмас
6. Өздік етісті табыңыз.
A) Еден жуылды
B) Досымен сырласты
C) Сурет ілінді
D) Тастан сарай салғызды
E) Асыл өзі киінді
7. Көсемше жұрнақтарын табыңыз.
A) -Ған,-ген,-қан,-кен
B) -А,-ып,-ғалы,-й
C) -Атын,-етін,-р
D) -Е,-іп,-ар,-ер
E) -С,-атын,-гелі,-п
8. Қай қосымша жіктелмейді
A) -Атын
B) -Ғалы
C) -Ған
D) -Ар
E) -Мақ
9. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.
A) Аяқта, ұқ
B) Бұзар, шабар
C) Егер, ендеше
D) Көргенің, айтарым
E) Жазым, басылым
10. Ырықсыз етісті табыңыз
A) Жуынды
B) Сөйленді
C) Қырынды
D) Жылынды
E) Киілді
11. Бірыңғай етіс жұрнақтарын табыңыз.
A) -Ар, -ып,-ыр
B) -Т,-с,-л
C) -А,-е,-й
D) -Ғыз,-ған,ғалы
E) -Р,-с,-п
12. Ортақ етістен жасалған есім сөзді табыңыз.
A) Ол онымен қатты тартысты
B) Мен ол айтысты көрген жоқпын
C) Оның жағы қарысты
D) Мен оған көмектестім
E) Ол асығыс жетіп келді
13. Бұрынғы өткен шақта түрған сөзді көрсетіңіз.
A) Танысқан екен
B) Танысты
C) Танып тұрмын
D) Таниды
E) Танитынмын
14. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.
A) Сырласатын
B) Демалып жатыр
C) Пісірді
D) Ызаландырмақ
E) Оқыса игі еді
15. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.
A) Естіген
B) Бара жатыр
C) Келмекші
D) Ұғыпты
E) Қарарман
16. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
A) Сөйледі
B) Сөйлеген
C) Сөйлер
D) Сөйлейді
E) Сөйлеп отыр
17. Етістіктің жедел өткен шағын көрсетіңіз.
A) Жеткізер
B) Жеткізкен
C) Жеткізетін
D) Жеткізеді
E) Жеткізді
18. Күрделі нақ осы шақ тұлғасындағы етістікті табыңыз.
A) Бір ақыл бар
B) Кетіп қалмақшы емес
C) Құс ұшады
D) Ол қайтып кетті
E) Біз оқып отырған жоқпыз
19. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Жүдеп қалыпты
B) Еңбек етсем
C) Айтқысы келген
D) Тынығыңыз
E) Амандасайын
20. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
A) Айтқаным
B) Есіме алғым келді
C) Келіссе игі еді
D) Бара салайық
E) Тентіретті
21. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Толқыса
B) Алса игі еді
C) Оқығым келеді
D) Айтсаңшы
E) Көрген
22. Бұйрық райдың 3-ші жағын табыңыз.
A) Табыңдар
B) Түсініңіздер
C) Үйренгісі келеді
D) Жетсін
E) Ұнатты
23. Шартты райлы етістікті табыңыз.
A) Белінді бекем буғайсың
B) Содан кейін мені бір сына
C) Өзің білесің, біз момақан шаруамыз
D) Тенді шештірме, үйге де әбігер болма
E) Бір көрсем, арманым болмас еді
24. Етістіктің ашық рай түрінде түрған сөзді табыңыз.
A) Өнер шашпақ
B) Көрсет
C) Оқытсаңыздар
D) Қорықпасаң кел
E) Барсаңызшы
25. Бұрынғы өткен шақтың жұрнағын табыңыз.
A) -атын
B) -п
C) -ғалы
D) -ған
E) -а





















7 «А» сынып

1. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Денсаулық жақсы болу үшін ... керек.

А. дәрігер В. үй

С. таза ауа Д.сабақ оқу

2. Осы шақ неше түрге бөлінеді?

А. 2 В. 3

С. 4 Д.57.

3. Өзгелік етісті белгілеңіз.

А. жаздыр В. жазыс

С. Жазар Д. жазбақ

4. Берілген сөйлемді аяқтаңдар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі -

А. ағылшын тілі В. орыс тілі

С. қытай тілі Д.қазақ тілі

5. Ауыспалы осы шақта тұрған қатарды табыңдар.

А. Біз ауылға жиі баратын едік В. Біз күнде сабаққа барамыз.

С. Біз сабаққа келе жатырмыз. Д. Ертең ауылға баратын едік

6. Осы шақта тұрған етістікті табыңыз.

А. ойлап отыр В. ойлайды

С. ойлады Д. ойладыңыз

7. Келер шақта тұрған етістікті табыңыз.

А. сұрады В. оқисың

С. Туған Д. ойлап тұр

8. Келер шақта тұрған етістікті табыңыз.

А. оқыды В. ойлады

С. Сұрайды Д. жатыр

9. Өткен шақта тұрған етістікті белгілеңіз.

А. айтады В. жазды

С. тұрмыз Д. жүрдік

10. Ортақ етісті табыңыз,

А. айтқыз В. сөйлес

С. хабарла Д. биле

11. Ырықсыз етісті табыңыз.

А. жуды В. жуыс

С. жуғыз Д. жуылды

12. Қазақ тілінде рай категориясы нешеге бөлінеді?

А. 6 В. 5

С. 4 Д. 3

13. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

А. -а, -е В. -лар, -лер

С. - са, -се Д. - ын, -ін

14. Қалау рай қалай жасалады?

А. жалғау арқылы

В. -ғы,-гі,-қы,-кі жұрнақтары жалғану арқылы

С. -са, -се жұрнақтары жалғану арқылы.

Д. -ма, -ме жұрнақтары жалғану арқылы.

15. Қалау райда тұрған етістікті табыңыз.

А. әкелгім келеді В. әкелді

С. Әкелсін Д. әкелмессің




























7 «А» сынып

1. Берілген сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңдар:

Мен дәріханадан дәрі ....

А. іштім В. жедім

С. Алдым Д. көрдім

2. Берілген мақалда сан есім қандай септікте тұр? «Білімді бірді жығады».

А. атау септігі В. ілік септігі

С. барыс септігі Д. табыс септігі

3. Тұйық етістікті табыңдар.

А. барады В. келе жатыр

С. жүру Д. оқып отыр

4. Өткен шақта тұрған етістікті белгілеңіз.

А. көреді В. келесің

С. Айтшы Д. тұрдық

5. Өткен шақта тұрған етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А. Бүгін жиналыс өтті. В. Бүгін жиналыс өтпек.

С. Бүгін жиналыс өтіп жатыр. Д. Бүгін жиналыс өтеді.

6. Өткен шақта тұрған етістігі бар сөйлемді табыңыз.

А. Театрда қойылым болады В. Театрда қойылым болды.

С. Театрда қойылым болып жатыр. Д. Театрда қойылым болмайды.

7. Етістігі осы шақта тұрған сөйлемді табыңыз.

А. Асқар ауылда демалып жатыр. В. Асқар ауылда демалады.

С. Асқар ауылда демалды. Д. Асқар ауылда демалмақшы.

8. Етістігі осы шақта тұрған сөйлемді табыңыз.

А. Марат Мәскеуден келді. В. Марат Мәскеуден келген жоқ.

С. Марат Мәскеуден келе жатыр. Д. Марат Мәскеуден келеді.

9. Етістің түрлерін табыңыз

А. негізгі, туынды, көмекші В. өздік, ырықсыз, ортақ, өзгелік

С. салт, болымды, болымсыз Д. өздік, ырықсыз, өзгелік

10. Өздік етістің жұрнақтарын анықтаңыз.

А. -са, -се, та, -те В. -да, -де

С. - нан, -нен, -тан, -тен Д. -н, -ын, -ін

11. Ырықсыз етістің жұрнақтарын анықтаңыз.

А. -л, -ыл, -іл, -н, -ын, -ін В. -т, -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз

С. -ын, -ін, -н Д. -а, -е, -й

12. Ашық райда тұрған етістікті белгілеңіз.

А. көрсем В. көремін

С. көргім келеді Д. көрсін

13. Ашық райда тұрған етістікті белгілеңіз.

А. оқимын В. оқыса

С. оқығым келеді Д. оқысын

14. Шартты райда тұрған етістікті белгілеңіз.

А. барма В. барды

С. Барса Д. барады

15. Ілік септікте тұрған тұйық етістікті көрсетіңіз.

А. келуге В. келгеннің

С. келудің Д. келуден


© 2010-2022