Презентация по казахскому языку Тіл дамыту

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

В 3-«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылым

Мектептегі тәжірибелік жұмыс кезінде орындaуғa aрнaлғaн топтық тaныстырылым бойыншa рефлексиялық есеп.

Менің курқа келудегі басты мақсатым ұстаздық етіп, білім беріп отырған оқушыларымның бойына жаңа әдіс-тәсіл мен ақпаратттық мәдениетті дамыту болды.Мен осы бірінші бетпе-бет кезеңінде сыңдарлы оқу тәсілінің жеті модулін және әдіс-тәсілдерін меңгере келе өзімнің ойым жүзеге аса бастағандығынбайқадым. Бірінші бетпе-бет кезеңінен кейін теория мен тәжиребемен ұшташтырып, мектептегі тәжірибе кезеңіне келдім. Мектеп тәжірибесіндегі алғашқы күні өзім жұмыс атқаратын № 113 Әл -Фараби атындағы жалпы орта мектебіне келдім.

Мен бірінші бетбе-бет кезеңін бітіріп келгеннен кейін үйреніп жатқан бағдарламаның жеті модулі аясында тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарларын жасауға кірісер алдында мектеп әкімшілігі және тәжірибелі әріптестеріммен кеңес өткізіп,сұхбат жүргіздім.Оқудағы алған білім және оны тәжірибе кезеңінде қалай еңгізу , сабақ барысында қандай өзгерістер жүзеге асыру туралы әріптестермен ой салыстық Мектеп ұжымы мен әрәптестеріммен кездесу барысында, оқудағы әсерімді ,білгенімді көңілге түйген ойларымды, әріптестеріммен бөлісуді жоспарладым.

Презентация по казахскому языку Тіл дамытуМектеп директоры және директор орынбасарлар тарапынан осы бағдарлама бойынша оқып келген төмендегідей сұрақтар қойды:

Оқуға барып келгеннен кейін қандай өздеріңнен қандай көзқарастар өзгергенін байқадыңдар?

Алдарыңа қандай мақсаттар қойып келдіңдер және осы мақсаттарды әрі қалай қарай жалғастырасындар?

Қандай модульдерді пайдалану тиімді және қандай модульдер арқылы мектеп оқу тәжірибесіне қандай өзгерістер енгізуге болады?

Тізбектелген жоспарлар құрастырған кезде қандай модульдер пайдаланасың?

Сен таңдаған модулді неліктен таңдадың? Мұғалім шығармашылықпен айналысу арқасында педагогикалық шеберлікке қол жеткізеді. «Педагогикалық шеберлік өз кәсібін жақсы көріп, таңдаған және баланы сүйетін әрбір мұғалімнің қолынан келетін тәрбиелеумен оқытуды жоғары дәрежеде үнемі жетілдіріп отыру өнері» деген анықтама педагогикалық энциклопедияда берілген. Яғни мұғалім бойында Шульман атап көрсеткен «Мұғалімнің үш көмекшісі» болған жағдайдағана құзырлы мұғалім сапалы оқытуға қол жеткізе алады. Алдымен мұғалім өз көрастарын өзгерту керектігін айттым, осы көзқарастар арқылы оқушылардың көзқарастарында өзгертуге болатынын айтып өттім.

Мақсаттарым нақты, жоспарға сәйкес,сындарлы оқытуға баулу,ерекшеленген ,өлшетін,орындалуға қолжетімді, белгілі бір уақыт аралығымен шектелген болады. Жоспар және тәжірибелер блум таксаномиясына негізделген болса типті жақсы болатынын айтып өттім.

Мен оқушылырға өз бетінше өздігінен оқуларына бағыт-бағдар беріп отыру керектігін, оқушылардың үнін тыңдай алуымыз, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыруымыз керектігін айтып өттім.Осы жауаптарыммен бірге өз қөзқарастарым өзгергенін көрсетуге әрекет жасадым.Әріптестеріме тізбектелген сабақ жоспарымда сыни тұрғысынан ойлау және оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер модульдеріне баса назар аударғанымды айтып,осы модульдер арқылы оқушылар өз білімдерін өздері еркін түрде жетілдіру арқылы білім алады деп түсіндірдім. Тағыда оқытудағы бағалау модулінде критериалды бағалау бойынша оқушы өзі игеріп жатқан білімінің қай деңгейге жеткенін өзі қадағалап ,біліп отырады.Әріптестерім менің айтқан пікірлеріммен кілісе отырып,әрқашанда өз қолдауларын аямайтынын айтып өтті. Презентация по казахскому языку Тіл дамытуТалқылау барысында дәстүрлі сабақтардағы жаттығулар және ғаламтор желісіндегі сайттар арқылы материалдар арқылы үйренуімді айттым.Әріптестерім міна айтқан модульдерден тыс басқа модульдерді пайдаланып қоса алуымыз туралы ортада ой толғанылды.

Әріптестерім менің айтқан пікірлеріммен келісе, отырып әрқашанда өз қолдауларын аямайтындарын айттып өтті.Бірақ кейбір әріптестеріміз әсіресе, физика , математика , химия пән мұғалімдері біздің іс-әрекеттерімізбен 50 пайыз келісе алмауы туралы хабарлады .Себебі әдәс-тәсілдерге көбірек назар аударған кезде білім сапасы төмендеп кетуі мүмкіндігін айтты. Ортада тартысу , пікірталастық талқылынды. Алдымен біреу-біреуден әдіс-тәсіл енгізу ,жайлап оқушылар бойына сіңдіру арқылы білім сапасын түсіріп алмасқа болатынын айтып өттім.






Сіз кіммен кеңестіңіз?

Сіз қандай мәселелер жөнінде кеңестіңіз?

Сіздің жоспарыңызға бұл кеңестер қалай әсер етті?

Мектеп әкімшілігі

Мұғалім көзқарастары туралы қандай пікірлер қалыптасқаны туралы сөйлестік.

Әріптестердің кеңестері ескі қалған көзқарастарды өзгеруіне әсер етті

Шет тілі әдістеме бірлестік жетекшісі И. Нишанбаева

Тізбектелген сабақтар барысында жасалатын тапсырмалар бланкі: Орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспар . Ынтымақтастық атмосферасын құру

Инклюзивті оқытуды қамту мақсатында тапсырмалар деңгейлеп, түрлі әдіс-тәсілдерден пайдаланып, жоспар құру қамтылды.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды омж және қмж-ға ендіру жолдары айқындалды,ойын үлгілері жоспарланды.

Осы бағдарламаның басқа тыңдаушылары Ғ,Абдурахметов

Сабақтың негізгі құрылымы мен қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқытудың формалары, ойындар, бағалау критерийлері

  1. Сабақтың құрылымыне әр сабақтың тақырыбы мен мақсатына сай ұйымдастырылды

  2. Оқытудың формаларының және әдіс-тәсілдердің тиімділігін бақылау және салыстырылды

7- "Д" сынып жетекшісі, Игамбердиева Гулмира

Жекелеген оқушыларға мінездеме беру мен бақылау

Таңдалған үш оқушы жөніндегі сынып жетекшісінің пікірі мен мінездемесі алынды, олардың өмірлік көзқарастары және отбасы жағдайлары, тәрбиесі жайлы ақпараттармен толықтырылды



© 2010-2022